Пән бойынша дәріс тезістері еңбек құқығының түсінігі, пәні, әдістері Еңбек


Әлеуметтік қамсыздандыру құқық саласындағы еңбек өтілімі мен оның түрлері және оны беру тәртібі мен бекітілуі



бет10/24
Дата28.03.2023
өлшемі62,31 Kb.
#173125
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   24
Байланысты:
дәріс Еңбек құқығы(5) 3
модель участия АОФМШИ им. Ш.Смагулова, 5- задание. 2, 5- задание.
Әлеуметтік қамсыздандыру құқық саласындағы еңбек өтілімі мен оның түрлері және оны беру тәртібі мен бекітілуі.

Қазақстан Республикасында халықты әлеуметтік қорғаудың негізгі бағыттарының бір бұл азаматтарға заңдарда көрсетілген жағдайлар пайда болған кезде мемлекет тарапынан әлеуметтік жәрдемақы тағайындау, есептеу және төлеу болып табылады. Қазіргі жағдайда әлеуметтік төлемдерді мемлекет тарапынан тиімді түрде басқару үшін жалпы мемлекеттік идентификациялықжекешелендіру жүйесін қалыптастыру қажет және осының негізінде әр азаматқа жеке идентификациялық код беру болып табылады. Осындай жүйені қалыптастыру халықаралық тәжірибеде институтционалдық көлем көрсету жүйесі деп аталынады.


Екінші бір жағдай 1998 жылы 1 қаңтарға дейін жәрдемақының кейбір түрі бұрынғы зейнетақы туралы заңға сәйкес әлеуметтік зейнетақы түрлеріне жатқызылатын болатын. Мысалы: Қазақ ССР-інің "Қазақ ССР-інде азаматтарды пенсиямен қамсыздандырк", туралы Заңның (күшін жойған) 39-бабына сәйкес әлеуметтік пенсия еңбек пенсиясын алуға правосы жоқ азаматтарнға тағайындалады: 1,2 және 3 топтағы мүгедектерге, оның ішінен бала жасынан мүгедектерге;
Еркектер – 63 жасқа, әйелдер – 58 жасқа толғанда, Қазақ ССР-інің экологиялық апат аймақтарында тұратын еркектер – 60 жасқа, әйелдер – 55 жасқа толғанда; балаларға – асыраушысынан айырылған жағдайда; 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға.
Қазіргі кезеңде осы көрсетілген бұрынғы зейнетақы туралы заңға сәйкес әлеуметтіке зейнетақы түрелірінің барлығы да әлеуметтік жәрдемақыларға түрлеріне жатады.
Сонымен, жәрдемақы дегеніміз – азаматтарға біржолғы, ай сайын немесе бір рет заңда көрсетілген жағдайлар пайда болған кезеде жоғалтқан еңбек қабілеттілігін қалпына келтіру мақсатында, күн көріс деңгейін көрсету мақсатында тағайындалатын, төленетін, есептелетін материалдық көмек түрін айтамыз.
Әлеуметтіе қамсыздандыру құқығында әлеуметтік жәрдемақының өзіне тін белгілері бар, олар мынадай:
Әлеуметтік жәрдемақы барлық жағдайларда заңда көрсетілген жағдайлар – әлеуметтік қ ауіппен тығыз байланысты болады.
Әлеуметтік жәрдемақы төлену мерзіміне тәртібіне қарай бір жолғы, ай сайын немесе бір рет болуы мүмкін және осының негізінде әлеуметтік жәрдемақының төленуі түрлерінде анықтауға болады.
Әлеуметтік жәрдемақы мақсатына қарай 2 түрге бөлінуі мүмкін;
– мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы;

  • арнаулы мемлекеттік жәрдемақы;

Өз кезегінде мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы үш түрге бөлінеді:

– жасына байланысты берілетін мелекеттік әлеуметтік жәрдемақылар.
Ал, мемлекеттік арнаулы жәрдемақы белгілі бір заңда көрсетілген тұлғаларға беріленді және әлеуметтік қорғаудың қажет ететіндерге жәрдемақылардың өзге түрлеріне қарамастан ақшалай төлем ретінде беріліп, мезгіл-мезгіл төленіп тұруы.
Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыға келесі бір өзіне тән белгісі жәрдемақыға құқығы пайда болған тұлға, өтініш жасау қандай да бір мерзімнен шектелмей жүзеге асырылуы мүмкін.
Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақысының келесі ерекшелігі, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының кейбір түрлерінің төлеу және тағайындау мерзімінде, мысалы, "Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәнге жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы", – Заңның 5-бабына сәйкес мүгедектігі бойынша жәрдемақы алуға құқығы бар тұлға, мүгедектігі белгіленген күннен бастап, бірақ оны тағайындауға өтініш берген күнге дейін әрі кеткенде 3 айдан аспайтын мерзім үшін, ал асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша, бірақ берілген күнге дейін әрі кеткенде 12 айдан аспайтын мерзім үшін тағайындалады.
Әлеуметтік қамсыздандыру құқығында жәрдемақыны анықтау үшін біз жәрдемақының өзіне тән белгілерін атап көрсеткеніміз дұрыс. Ол белгілер басқа да әлеуметтік қамсыздандыру құқығында материалдық төлемдермен тығыз байланыста болады. Олар мынадай:
1. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығындағы жәрдемақы алушы тұлғалардың (субъектілері) болуы:
2. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығындағы жәрдемақы алушы тұлғаларға жәрдемақының беру шарттары мен мақсаттары;
3. Жоғарыда атап көрсетілген және осы белгілерді жинақтай келе біз әлеуметтік қамсыздандыру құқығында жәрдемақының ең басты ерекшеліктерін атап көрсеткеніміз дұрыс деп ойлаймыз. Біздің ойымызша, жәрдемақы әлеуметтік қамсыздандыру құқығында, ең алдымен қоғамдық өмірде қиын жағдайлар пайда болған кезде тұлғаларға жоғалтқан жалақысының не табысының орнын толық көлемде болмаса да, толтыру мақсатында қолданылады. Екіншіден, әлеуметтік қамсыздандыру құқығында, жәрдемақы-әлеуметтік қауіп пайда болған кезде тұлғалар-қосымша материалдық төлем рөлін атқарады.
5 сәуір 1999 жылғы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы", – заңына сәйкес осы аталған жәрдемақыны алушы тұлғалар. Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы – әлеуметтік қорғауды қажет ететіндерге жәрдемақылардың өзге түрлеріне қарамастан берілетін ақшалай төлем.
Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы мен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының арасындағы негізгі айырмашылықтар мынадай:
1. Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы – әлеуметтік қорғауды қажет ететіндерге жәрдемақылардың және басқа да табыстардың өзге түрлеріне қарамастан төленетін ақшалай төле,м (ал мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы әлеуметтік қауіппен тығыз байланыста болады).
2. Арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны алушы тұлғалар көп жағдайларда бұрын болған әлеуметтік қауіппен тығыз байланыста болады.
17 шілде 2001 жылғы Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек" , – туралы Заңына сәйкес – осындай аталған әлдеуметтік көмек еліміздің аймақтарына сәйкес кедейлік шегінен төмен адамдарға, от-басыларына берілетін ақшалай төлем. Осыған байланысты, әлеуметтік қамсыздандыру құқығында әлеуметтік жәрдемақы мен атаулы әлеуметтік көмек арасындағы байланысты белгілер мен айырмашылықтарды көрсетуіміз тиіс. Аталған әлеуметтік жәрдемақы мен атаулы әлеуметтік көмек арасындағы бірдей белгі – бұл азаматтардың белгілі бір санаттарына берілетін ақшалай төлем, ал аталған әлеуметтік жәрдемақы мен атаулы әлеуметтік көмек арасындағы айырмашылықтар – ең алдымен әлеуметтікқауіппен байланыста болса екінші, атаулы әлеуметтік көмек кедейлік шегінен төмен адамдарға, от- басыларына мемлекет тарапынан берілетін ақшалай төлем, үшінші айырмашылығы, әлеуметтік жәрдемақы мен атаулы әлеуметтік көмектің қаржыландыру көздерінде. Әлеуметтік жәрдемақы көп жағдайлар республикалық бюджет есебінен қаржыландырылса, өз есебінде атаулы әлеуметтік көмек тек қана жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   24




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет