Пән: Әдебиеті оқу Тақырыбы: Сабырсыз,арсыз, еріншек. Абай Құнанбаев



Дата19.12.2016
өлшемі33,3 Kb.
#4132
Пән: Әдебиеті оқу
Тақырыбы: Сабырсыз,арсыз, еріншек. Абай Құнанбаев.
Мақсаты: Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың шығармашылығымен таныстыра отырып, өлеңнің негізгі идеясын ашуға үйрету; көркем мәтіннен жұмыс істей алу дағдысын жетілдіру, оқып түйгендері туралы ой қорытындысын айтқызып жаттықтыру; адам бойындағы жағымсыз қасиеттерден бойын аулақ ұстауға тәрбиелеу.
Түрі: аралас сабақ (жарыс).
Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену, қорытындылау.
Көрнекілігі: суреттер, кесте.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. – Балалар, бүгін біздің сабағымыз ерекше, бізге қонақтар келді, амандасайық қонақтармен.
Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады. Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.
Психологиялық дайындық:
Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстай қаламын.
Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,
Болып кетер сонда дереу жан-жағым.
Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастайық.
Қазір бізде әдебиеттік оқу сабағы, сабаққа керекті оқу құралдарын партаның шетіне қойыңдар.
ІІ.Өткен сабақты қайталау: 1. - Өткен сабақта оқыған әңгіменің аты не? Оның авторы кім? Әңгіменің басында «Үлкен той болды» деп қандай тойды айтып отыр? Әңгімедегі басты кейіпкерлер кімдер? Хамза Қаржасовтың сөзі неге ұнамады? Болыс Салмұғамбет Спандияр мен оның әкесіне не деді? Ыбырайдың неліктен қабағы түйіліп, жүзі сұп-сұр болып кетті? Болыс пен байлардың әділетсіздігін қандай әрекеттерінен байқауға болады?
ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Әңгіме неліктен «Орындалған арман» деп аталған? Спандияр Көбеев кім? Бұл әңгімеде Спандиярдың қандай арманы орындалды? Бойындағы қандай қасиеттерінің арқасында ол арманына жетті деп ойлайсыңдар?
ІҮ. Мақсат қою кезеңі: - Бүгін біз адам бойындағы жағымды, жағымсыз қылықтары бар тақырыпты әрі қарай жалғастырамыз. Ол Абай атамыз жазған «Сабырсыз, арсыз, еріншек ...» атты өлеңінен үзінді оқимыз. Сабағымыздың мақсаты: Абай атамыздың шығармашылығымен танысамыз, адам бойындағы жағымды, жағымсыз қылықтар жөнінде айтамыз. 2. Жаңа сабаққа даярлық. Тақтаға немесе интерактивті тақтаға:
- Біз 1-ші сыныптан бастап Абайдың өмірбаянымен, оның жазған өлеңдерімен таныспыз. Ендеше Бисембаев Рахат Абай атамыз туралы айтып береді.
- Абай 1845 жылы Семей өңірінде дүниеге келген. Азан шақырып қойған аты Ибрагим. Әжесі Зере сүйкімді де сүйікті немересін Абай деп еркелеткен. Осыдан кейін Ибрагим дейтін шын аты аталмай, ел арасында Абай атанып кетеді. Ұлы ақын, кішкентай кезінен анасы Ұлжан мен әжесі Зеренің ертегі, аңыз әңгімелерін тыңдап өскен. Абайдың энциклопедиясы, өлеңдер жинағы, 3 поэмасы, 45 қарасөзі бар.
Азан шақырып қойған аты Ибрагим

Анасы – Ұлжан


Әжесі – Зере
- Біз бүгін сабағымызды Абай шығармашылығына саяхат жасаудан бастаймыз. Ол үшін 4 топқа бөлінеміз.
1-інші топ – «Абайдың өлеңдері»,
2-нші топ - «Абайдың қарасөздері»
3-інші топ – «Абайдың аудармалары»
4-інші топ – «Абайдың әндері»
Әр топ басшысын сайлау, балалардың аты жазылған бағалау парағы беріледі, жауап бергендерге + (плюс) таңбасын қойып отырады.
1-інші тапсырма:
«... Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым, ойлап қой,
Бес асыл іс – көнсеңіз ...»
- Тақтадағы үзінді Абайдың қай өлеңінен алынған?
- Бұл өлеңді кімдер жатқа біледі? Өлеңді жатқа айту.
Оқулықпен жұмыс:
а) «Сабырсыз, арсыз, еріншек...» өлеңін мәнерлеп оқу
ә ) бөлімдерге бөліп оқу, мазмұнын ашып айту.
-Сабырсыз, арсыз, еріншек деген сөздерді балама сөздермен қалай айтуға болады?
-Шыдамсыз, ұятсыз, жалқау
Мазмұнын ашу: Шыдамсыздық, ұятсыздық, жалқаулық, көрінген нәрсеге қызығатын халықтың бірлігі, ынтымағы болмайды. Өздерінен өздері қызғанады, әңгімелейді, жақынын жамандайды - ол арсыздықтың белгісі дейді. Істің бәрін ойымен шешу керек, қай нәрсені болмасын ойлап істеу керек дейді. Ұрлық жасап мал көбейтемін, бай боламын деген адамның істеген ісі жақсылыққа апармайды дейді. Осы өлеңнен қандай қасиеттерден аулақ болу керек екен?
Дәптермен жұмыс: «Ғылым таппай мақтанба ...» және «Сабырсыз, арсыз, еріншек» өлеңдердегі сөздерді пайдаланып, мына кестені толтырыңдар.
Адамның мінез-құлықтары
Жағымды Жағымсыз
2-ші тапсырма
2-ші топ «Абайдың қарасөздері»
Абайдың 3-ші қарасөзін оқу
Түсінгендерін айтқызу.
«Әрбір жалқау кісі қорқақ, қайратсыз тартады; әрбір қайратсыз қорқақ, мақтаншақ келеді; әрбір мақтаншақ қорқақ, ақылсыз, надан келеді; әрбір ақылсыз надан, арсыз келеді; әрбір арсыз жалқаудан сұрамсақ, өзі тойымсыз, өнерсіз, ешкімге достығы жоқ жандар шығады...».
3-інші тапсырма
ІІІ топ – «Абайдың аудармалары». «Шегіртке мен құмырсқа» мысалынан көрініс көрсетуге әзірленіп келеді. Мысал деген не? Бұл мысалда қай кейіпкердің мінезі жағымды, ал қайсысынікі жағымсыз? Неліктен?
4-інші тапсырма
ІҮ топ – Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» әнін орындайды.
Абай атамыздың бір нақыл сөзі бар. «Адамның мінез-құлқын өзгертуге болмайды дегеннің тілін кесер едім» бұл сөзін қалай түсінесіңдер? Адамның мінез – құлқын өзгертуге бола ма? Қалай?
Сабақты бекіту: - Бүгінгі өткен өлеңімізде ақын адам бойындағы қандай жағымсыз қылықтарды сынайды?
- Осы мінез-құлықтардан не істеуіміз керек?
- Қандай мінез-құлықтарды бойымызға сіңіруіміз керек?
ҮІ.Сабақты қорыту: рефлекциялық кезеңі. 1-ші топ: «Егер мен шыдамсыз болсам...», 2-ші топ «Егер мен ұятсыз болсам...», 3-ші топ «Егер мен жалқау болсам...», 4-ші топ «Егер мен өтірікші болсам...» тақырыптарына ЭССЕ жазасыңдар.
Сабақ соңында топтағы жауап бергендердің саны, яғни плюстері саналады. Оқушылар өздерінің жауаптарына ауызша баға береді. Жарыс қорытындысы шығарылады.
ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1. «Сабырсыз, арсыз, еріншек» өлеңін жаттап келу.
ІХ Бағалау.
Каталог: uploads -> doc -> 0552
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0552 -> Сабақтың тақырыбы: г г дыбысы мен әрпі Сабақтың мақсаты
0552 -> «Келісемін» «Бекітемін» оі орынбасары: Мектеп директоры
0552 -> Әзілхан Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз» романы


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет