Пән: Хатшылық іс Күні



Дата06.09.2022
өлшемі19,49 Kb.
#148811
түріСабақ
Байланысты:
27.09.2021 Хатшылық іс
04.09.20Қылмыстық құқықҚайталау сабағы, 07.09.2020 Менеджмент негіздері, база данных, С задачи, 24.02.22.Мультипротокольдік бағдарламалар, Big Data Деректер қорының негізгі ұғымдары

Пән: Хатшылық іс
Күні: 27.09.2021 ж.
Тақырыбы: Қағидаларға байланысты құжаттарды топтастыру
Оқытушы: Асылғазина Ақерке Мұратқызы
e-mail: erke_m93@mail.ru
Сабақ мақсаты: Айналадағы болып жатырған процестерге мән беріп, терең түсініп қарауға, әр нәрсенің мағынасын, негізін түсінуге тырысуға тәрбиелеу. Оқушыларды ұқыптылыққа, жинақылыққа тәрбиелеп, пәнге деген қызығушылықтарын артыру.

Сабақ түрі: Пікірлесіп-түсіндіру сабағы


Сабақ әдісі: Түсіндірмелі баяндау, әңгіме түрінде.
Сабақ типі: Жаңа білім меңгерту сабағы.
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі
Жаңа сабақ түсіндіру
Жаңа сабақты бекітуге тапсырмалар беру.
Үйге тапсырма
Сабақты қорытындылау
Қағидаларға байланысты құжаттарды топтастыру
Іс қағаздарының түрлері өте көп, олардың негізгі түрлерінің мақсаты мен мазмұнына, жасалған орнына, жасалу сатысына, қызметіне, формасына т.б ерекшеліктеріне қарап топтастыруға болады. Ұйымдар мен мекемелердің іс жүргізу барысында негізгі орын алатын құжаттарды жалпы мақсатына қарай үлкен екі топқа бөлуге болады.
Бірінші – бұл әкімшілік сұрақтары мен жалпы сұрақтар бойынша құжаттар. Яғни ұйым әкімшілігі мен оның өндірістік іс-әрекеттері бойынша жалпы сұрақтар барысында туындайтын құжаттар. Бұл құжаттар ұйымның барлық құрлымдық бөлімше қызметкерлері құрастыра алады.
Екінші – ол басқару функциялары бойынша құжаттар.
Бұл құжаттар қаржы, бухгалтерлік, жоспарлау бөлімі және т.б. функциональды бөлімшелер қызметкерлері құрастырады.
Құжаттарды жалпы және жеке белгілері бойынша кластарға бөлуге болады. Құжаттар төмендегі белгілер бойынша класталады.
Құжаттарды топтастыру – оларды ұқсастықтары мен айырмашылықтары бойынша бөлу болып табылады.
1.Белгілеу тәсіліне қарай:
* жазба
* графикалық
* акустикалық
2. Мазмұнына қарай:
* ұйымдық - өкімдік,
* қаржы – есеп,
*жабдықтау - өткізу
3. Атауына қарай көптеген жанрларға бөлінеді:
* өтініш
* бұйрық
* хаттама
4. Түріне қарай :
*типтік,
* үлгілік,
*жекелік ,
*қалыпты,
*жалпыға бірдей
5. Толтыру орнына:
* ішкі және
* сыртқы
6. Орындалу мерзімі бойынша:
жедел және жедел емес
7. Шығу тегіне қарай
қызметтік және ресми – жекелік
8. Жариялылық дәрежесіне қарай
* қарапайым,
* күнделікті қызметте қолдану
*құпия
9. Заңдылық күшіне қарай
шын және жалған
10. Жасалу сатысына қарай:
* түпнұсқа,
*көшірме. Ал көшірме өзі үшке бөлінеді: отпуск, выписка, дубликат
11. Сақталу мерзіміне қарай:
*тұрақты
*Уақытша 10 жылға дейін,
*уақытша 10жылдан астам
12.Қызметтік ерекшелігіне қарай
*құжат толтырудың бірыңғай жүйесі
*негізгі ережелер
Тапсырма:

  1. Топтастыру туралы ұғым

  2. Мазмұны, даярлау, мақсаты мен шығару орнына қарай, заңдылық күшіне қарай құжаттарды топтастыруды атаңыз


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет