Пән: Жалпы хирургия Кафедра: Жалпы хирургия Тақырыбы



бет9/14
Дата17.06.2020
өлшемі33,07 Kb.
#73749
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
хир мереке

Хирургиялық құралдар - операция жасағанда және жараны таңу кезінде, сонымен қатар диагностикалық зерттеулер жүргізу барысында жасалатын хирургиялық іс-әрекеттерде пайдаланылатын құралдар жиынтығы.

Хирургиялық құралдар екі түрге бөлінеді:

  • жалпы хирургиялық құралдар;

  • арнаулы мамандандырылған құралдар:

  • акушер-гинекологиялық

  • нейрохирургиялық

  • оториноларингологиялық

  • офтальмологиялық,

  • травматологиялық

  • ортопедиялық

  • урологиялық

Хирургиялық құралдарға жеке бір бөлшектен бастап, механикалық, электірлі және пневматикалық тәсілмен жүретін құралдар жатады(бірнеше мыңдаған атаулы хирургиялық құралдар).

Медициналық құралдарды стерилизация жасау. Залалсыздандыру

Хирургиялық құралдарды залалсыздандыру термиялық, химиялық және радиациялық тәсілмен жүргізіледі. Емдеу-профилактикалық мекемелерде залалсыздандыруды негізінен булайтын немесе ауамен тазартатын аспапты қолданып термиялық тәсілімен жүргізеді.



  • Құрлдарды залалсыздандыру және температурасы мен уақыты:

  • бумен - металдан жасаған құралдарды - 132°С-та 20 минут;

  • бумен - резеңкесі, ақсөлі (каучук) бар құралдарды - 120°С-та 45 минут;

  • құрғақ ыстық ауамен - 180-160°С-та жасалынған материалына байланысты 60-150 минут.

  • Жараға тимеген құралдарды дистилденген судың өзімен немесе натрий бикарбонаты қосылған қосапсымен 30 және 15 минут дезинфекциялайды.

  • Ыстыққа төзімсіз және термиялық өңдеуден кейін қасиеті өзгеріске ұшырайтын құралдарды химиялық тәсілмен (6 проценттік сутек тотығы ерітіндісінде) залалсыздандырады.

  • Залалсыздандыру алдында әр құралдың дұрыстығы тексерілуі қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет