Пән жетекшісі: Суранчиева З. Т орындаған: Бишер С. М алматы, 2022 ж



бет6/7
Дата02.11.2022
өлшемі1,79 Mb.
#156149
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
4тапсырма

«Мен де онда болдым

Жүргізуші қандай да бір оқиғаны айта бастайды және оған ілеспелі әрекеттер орындайды. Қалған оқушылар әңгімені қадағалай отырып, сол әрекеттерді орындайды. Мәселен, жүргізуші былай дейді: «Бір күні көшеде келе жаттым (барлық оқушылар онымен бірге қадам жасай бастайды). Мен алып ағашты көрдім, оны айналып өттім де, жоғарыға өрмелей бастадым» (барлық қатысушылар ілеспелі әрекеттерді жасайды).
Әрі қарай жүргізуші кез келген оқушыны көрсетеді, ол бұл жағдайда: «Мен де онда болдым!» деп айтуы керек. Барлығы сұрайды: «Сен онда не көрдің?». Оқушы үзіліп қалған әңгімені жалғастырады, оның барысын ойдан шығара отырып, ілеспелі қозғалыстарды жасайды. Содан соң ол келесі оқушыны көрсетеді, ол оқушы басталған әңгімені жалғастырады.

  • «Секірудегі бұрылыс»

Оқушылар сапқа тұрады, олардың арақашықтығы кемінде жарты метр болуы керек. Әрі қарай жүргізушінің шартты белгісі бойынша, барлық балалар бір уақытта көздерін жұмады және орындарында тұрып бұрылысты секіріс жасайды. Секіруде кез келген жаққа 90, 180, 270 немесе 360 градусқа бұрылуға болады. Қайда және қанша бұрылу керектігін әр бала өзі шешеді. Секіріп болған соң балалар көздерін ашады, бір-біріне қарайды және кезекті белгі бойынша, қайтадан көздерін жұмып, бұрын қонған қалыптан секіре жөнеледі.
Секіріп болғаннан кейін барлық оқушылар бетін бір жаққа бұрған күйі қонулары тиіс.
Бұл жаттығуды топ ұйымшылдығына қатысты жылдам-тест ретінде қолдануға болады. Ол үшін оны орындауға кеткен талпыныстың санын тіркеу қажет. Бұл ойын шулы болғандықтан, мұғалім уақытты және ойын өтетін орынды алдын ала ойластыруы керек.

  • «Маятник»

Барлық қатысушылар үшке бөлінеді. Екі оқушы 120–150 см қашықтықта бір-біріне бетпе-бет қарап тұрады. Үшінші оқушы олардың арасына тұрады да, өзінің барлық бұлшық еттерін босаңсытып, еркін түрде алға немесе артқа, яғни бірінші немесе екінші оқушының қолына құлай бастайды. Соңғының міндеті – өз иығына құлаған оқушыны ақырын ғана ұстап, өзінен жеңіл итеріп, қарама-қарсы жаққа құлауына ықпал етеді. Осылайша, ортадағы оқушы еркін және босаңсыған түрде бір-біріне қарама-қарсы тұрған екі оқушының арасында тербеліп тұрады. Мүмкіндігінше «маятниктің» рөлінде үштіктің әр қатысушысы болғаны дұрыс.
Егер жаттығу тыныш, адам жанына жайлы музыка әуені астында өтетін болса, оның тиімділігі арта түседі.
Тапсырма қатысушылардың өзара сенімділігін дамытуға ынталандырады. Босаңсу қабілетін дамытып, тырысып жүрген кезден арылуға көмектеседі.
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет