Пән: Радиобайланыс және телевидение


GPS қабылдағыштар GPS антенналар



бет5/16
Дата16.10.2023
өлшемі2,68 Mb.
#185894
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
курстық жұмыс Фархат-1
қаржы құқығы Байкенжин, тест оптика, Тезисы лекции, Емтихан сұрақтары
2 GPS қабылдағыштар GPS антенналар


2.1 GPS қабылдағыштар

Жүйе 1200 немесе жүйе 500 ссерияларының Leica сияқты қазіргі заманғы,әмбебап,екі жиілікті қабылдауштары (3- сурет) базалық станция ретінде пайдалануға едәуір қолайлы болып табылады.Себебі олар өлшеу деректерінің барлық типін (L1,L2кодтық,фазалық) жинайды, барлық талап етілетін типтердің одан шығатын деректерін генерациялайды және кез келген міндетті шешеді.


Бір уақытта әртүрлі пайдаланушылардың талаптарын қызметпен қамтамасыз ету үшін.қабылдауыштың деректерді үнемі бергені және RTK және DGPS деректерін жалпы қолданылатын яғни көпшілік пайдаланатын барлық форматта шығарғаны жақсы.
Деректерді екі әртүрлі жиілікте екі әртүрлі файлға үнемі тіркеу кейбір мәселелерді шешу үшін қажет болуы мүмкін.
Базалық станция ретінде пайдаланылатын қабылдауыштардың сәйкес порттары;
- базалық станцияның бағдарламалық жасауы жұмыс істейтін басқаратын компьютермен қосылу үшін;
- егер қажет болса,басты компьютерге өңделмеген деректерді беру үшін
- коммуникациялық құрылғыларды қосу және RTK әрі DGPS деректерін беру үшін;
- басты және резервтегі (қордағы) қуат көзін қосу үшін болуы керек.
Бір жиілікті қабылдауыштардың функциялық жағынан шектеулері бар және қазіргі кездің талабына сай көп мақсатты базалық станция ретінде пайдалануға келмейді.



3- сурет.GPS қабылдағыштары

Алайда, олар навигациялық қабылдауыштар үшін және ГАЖ-ақпараттарды жинайтын тез әрекет ететін қабылдауыштар үшін дифференциялық түзетулер деректерін (DGPS) жай ғана тарататын станциялар үшін қолдануы мүмкін.


Бір жиілікті қабылдауыштарды үлкен емес,қысқа базистік желі шегінде нысан моноторингісі мақсаты үшін пайдалануға болады, бірақ бұл жағдайда да екі жиілікті қабылдауыштарды қолданған жөн.


2.1 GPS антенналар

Егер базалық станциялар мемлекеттік бірінші реттік геодезиялық желінің бөлігі болып табылса, Дорн-Марголин элементтері бар ерекше типті антенналар (choke-ring антенна) міндетті түрде пайдалану керек.


Дүниежүзілік,халықаралық IGS қызметін қалыптастыратын кез келген базалық станциялар,әдетте,осындай антенналарды пайдалануды талап етеді.Олар фазалық орталығының жоғары тұрақтылығымен,көпсәулеліктің шамалы деңгейге дейін төмендегіден ерекшеленеді де, алынатын деректердің мүмкін болатын едәуір жоғары сапасына кепілдік береді(4-сурет).
Жеке базалық станциялар үшін және негізінен құрылыс пен топография мақсаты үшін, нақты уақытта жұмыс істейтін,жылжымалы қабылдауыштарды деректердің жақсы сапасын қамтамасыз етуі көптеген қосымшалар үшін жеткілікті,сондай ақ ол choke-ring антеннаға қарағанда едәуір арзан.



4-сурет. Базалық станцияға арналған GPS антеналары:
локальды(уақытша) базалық станция;Тұрақты жеке базалық станция;тұрақты базалық станция желісі




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет