Пән: Тақырыбы: Кәсіпкерлік Сабақтың мақсаты


Өткен тақырыпты пысықтау кезеңі. «Қар кесегі» әдісі



бет3/12
Дата08.02.2022
өлшемі0,51 Mb.
#118189
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Кәсіпкерлік- табыс көзі
БИЛЕТЫ МЕНЕДЖМЕНТ ТИПО РУС, Менеджмент вопросы ВО КАЗ, нотариат, ЛАБОРАТОРНАЯ РАБОТА 6 Поиск информации в Интернет, 1 КУРС каз.яз 21-22уг. 2 семестр с 14 февраля, практика 2-JavaScript, 1 КУРС ДОТ 21-22уг. 2 семестр, 4 4дәрістер - Циклдер, Комп жүйелердің сәулеті, 2-дәріс (1) (1), Архитектура 1 прак, Д рістер кешені Д ріс №1 Д ріс та ырыбы, 16933018, Тізім практикалық жұмыс, Зертханалық жұмыс Веб
Өткен тақырыпты пысықтау кезеңі. «Қар кесегі» әдісі:

(Әрбір топ окушылары басқа топтағы білім алушыларға бағыттап параққа сұрақ жазып лақтырады. Сұрақтармен кезек-кезек алмасады.)


  1. Жаңа сабақ. «INSERT» әдісі:

(Оқылған мәліметті түртіп алу жүйесі бойынша таным түсінігін қалыптастыру)

Тірек (жаңа) сөздер:
Новые слова:


Кәсіпкер – Предприниматель
Кәсіпкерлік – Предпринимательство
Қабілеттілік – Способность
Тәуекел – Риск
Шеберлік – Мастерство
Өндіріс – Производство
Қаржы – Финансы
Пайда - Прибыль
Жеке меншік -


Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев : «Алға қарайтын кез келді, іске кірісетін кез келді. Ерік-жігерімізді танытатын кез келді. Өмірімізді өзгертетін кез келді!» деп айтқандай қандай да кәсіп өндірістің үш факторынан тұрады. Олар: табиғи, еңбек және капитал. Оларды байланыстырушы адам.
Олай болса ақылмен қорыта алатын, тәуекелге бара алатын, адамдар басқара алатын және қойған мақсатына жете алатын адамды кәсіпкер деп атаймыз. Ал оның іс-әрекетін кәсіпкерлік деп атаймыз.
Экономикада басты рольді кәсіпкерлік атқарады. «Кәсіпкерлік» сөзінің мағынасы-орысша, ол «іске асыру», ал «бизнес -ағылшын сөзі, мағынасы –іс.
Кәсіпкерлік – экономикалық іс–әрекет, мақсаты пайда табу, табысқа ие болу.Кәсіпкерлер әр түрлі іс-әрекетпен шұғылдана алады.
Кәсіпкерліктің негізгі түрлері: өндірістік, коммерциялық, қаржылық және кеңестік.

  1. Өндірістік кәсіпкерлік – тауарлар мен қызмет көрсетулерді өндірумен шұғылданады. Мысалы, жиһаз шығарады, нанның түрлерін жасайды, шаштараздары болады.

  2. Коммерциялық кәсіпкерлік – саудамен шұғылданады, яғни өндірушіден сатып алған дайын тауарды басқа бағамен сатады. Мысалы, базарда, дүкендерде, жекелей және көтерме саудада жүзеге асады. Пайда сатып алу бағасы мен сату бағасының айырмашылығынан құралады.

  3. Қаржылық кәсіпкерлік – ақша және құнды қағаздарды сату және сатып алудан тұрады. Олардың пайдасы қаржы қорларын сату және процент алудан құралады.

  4. Консультативтік кәсіпкерлік – құқықтық, өз ісін ұйымдастыру жөнінде кеңес беру, балаларды кейбір пәндерді меңгеруіне көмек кеңесі. Сол қызметі үшін төленетін ақыдан пайда құралады.

Пайда табу – кәсіпкерліктің негізгі мақсаты. Кез-келген экономикалық іс-әрекет кәсіпкерлік бола алады. Кәсіпкерлік өз бетімен, бастамашылдықпен істеу, жауапкершілік, тәуекел, белсенді ізденіс, өзгеріске бейімділікпен сипатталады. Кәсіпкерліктің кез-келген түрі жеке меншікке негізделген. Нені өндіруді немен айналысуды және қайда, қалай сату мәселесін адамдар өздері шешеді.
Кәсіпкерлік – кез келген адам айналысуға болатын әрекет түрі. Табысты кәсіпкер болу үшін білім, іскерлік, қабілеттілік, күш – жігер, жауапкершілік, табиғи дарын болуы керек.
«Әрбір кішкене жұмыстан түпкі мақсатқа жетудің баспалдағын көре білу – адамның идеалы болуының ең жақсы көрсеткіші». (Б. М. Теплов).
Басқару саласындағы ірі маман Макс Вебер бизнесті ақыл - ойдың дәнін себуші ретінде бағалаған. Атақты ортағасырлық араб ғұламасы Ибн Халдун кәсіпкерлікті «Адамдардың өз мүмкіндігі мен адал еңбегі арқылы молшылыққа кенелу іс - әрекеті» деп бағалады.
Кәсіпкерлік – адам қызметінің ерекше саласы және ол еңбектің басқа түрлерінен оқшауланып тұрады. Бұған кезінде атақты неміс экономисі Гарвард университетінің профессоры – Йозеф Алоиз Шумпетер (1883-1950ж) мән берді. Оның айтқан мынадай сөзі бар еді: «Кәсіпкер болу – басқаның істегенін істемеу».
Бизнес – табыс әкелетін кез келген қызметтің түрі. Алкәсіпкерлік (предпринимательство) – новаторлықіс.
Нағыз кәсіпкер ол - өнертапқыш. Сондықтан да бизнеспен айналысатын адамдар ешуақытта кәсіпкер бола алмайды.
Экономикалық ғылымда «кәсіпкерлік қабілеттілік» деген ұғым бар.
Кәсіпкерлік қабілеттілік дегеніміз – адамның бизнесте жаңалықты аша білу қабілеттілігі, бірақ бизнеске қатысатындардың барлығының қолынан келе бермейді. Басқа жұрт қалғып, қыдырып, той-думан жасағанда, барлық күш қуатын барынша жұмысқа жұмсап, новаторлықпен, мақсаттылықпен, коммуникабельділікпен, яғни адамдармен тез арада байланыс жасау қабіліттілігі, олармен өзара жақсы қатынастар құра білу, бәсекелестеріне қарағанда айналасына басқаша көз қараспен қарауда оқшауланып тұрады. Бизнесмендердің ішінен мұндай қабілеттілікпен оқшауланатындар жиі кездесе қоймайды.
Демек, бизнес – бұл табыс әкелетін адамның экономикалық қызметі. Кәсіпкерлік – бұл да адамның экономикалық қызметі, бірақ бұл қызметті жаңа ізденіске бағыттайды және осы жаңалықты жүзеге асыру үшін тәуекелге бас ұрады.
Өмір сүріп отырған ортамыз көз ілестірмес жылдамдық пен өзгеруде. Осыдан жиырма жыл бұрын мамандардан басқа адамдар қолданбайтын, «кәсіпекер», «бизнес», «коммерция» деген ұғымдар қазіргі кезде күнделікті қолданатын ұғымдарға айналды.
Шынайы кәсіпкерліктің бастамасы адамдардың бәріне бар, бірақ әр адамда әрқалай дамыған. Егер музыкалық қабілет туа беріледі десе, кәсіпкерлік жүре пайда болатын формасы.
Кәсіпкерлік қызмет экономиканың шаған формасына жатады әрі ол ұжымда жүзеге асады. Кәсіпкерлік қызметті: кәсіпкер, кәсіпорын және тұтынушы жүзеге асырады.
Өз жұмысын жүргізу үшін кәсіпкерге ерте ме, кеш пе жұмысшы жалдау қажет. Осы сатыдан бастап кәсіпкер менеджер рөлін атқарады.
Кәсіпкерлік өз ынтасымен тәуекелге бел буа алатын, жеке табыс пен пайда табуға ұмтылған азаматтардың қызметтері болып табылады. Кәсіпкерлік кез келген адам айналысуға болатын әрекет түрі. Бірақ құқы бар барлық адам кәсіпкер болуы тиіс емес. Табысты кәсіпкер болу үшін білім, іскерлік, қабілеттілік, күш - жігер, жауапкершілік, табиғи дарын болуы керек.
Кәсіпкерлер әр түрлі іс - әрекетпен шұғылдана алады.
Кәсіпкер кез - келген уақытта өз бетінше шешім қабылдайтын, жаңалықтарын белсенді түрде тез іске асыратын, барынша тапқыр, тәуекелшіл, жігерлі, жауапкершілікті адам.
- Кәсіпкер қандай болу керек?
- Фирмалар қалай құрылады және қандай түрлері бар?
- Шағын және орта кәсіпкерліктің мәні мен маңыздылығы неде?
Кәсіпкер оның білімін, біліктілігін, бизнестің мәнін және ерекшеліктерін түсінуін сипаттайтын кәсіби қасиеттерге де ие болуы керек.
1. Қолайлы жағдайды тиімді пайдалана білу.
2. Уақытты пайдалана білу. «Уақыт – ақша» деген сөзді бизнесмен өз мәнінде түсінуі керек. Уақытты жоғалтқанда өз мүмкіндігің мен дәрежеңді де жоғалтасың.
3. Еркі мықты болу. Мақсат қойсаң, оған жет.
4. Өз ісіңді таба білу қабілеті. Әр адамның қабілеті мен біліктілігі әр түрлі, сондықтан қолынан не келетінін өзі анықталған маңызды.
5. Іске бағыттала білу. Соңына дейін беріле істей білу – кәсіпкердің маңызды қасиеті.
6. Құрбандыққа даяр болу. Бизнесте жетістікке жетем десең, өз уақытың мен үйреншікті тұрмыс жағдайларын, ұйқыңды жиі қиюға тура келеді.
Кәсіпкерге тән қасиеттер
1. Адалдық, яғни серіктестердің өз ара сенімділігі.
2. Жауапкершілік. Нағыз кәсіпкер өз қылығына ақшасымен, мүлкімен жауапты болады.
3. Сыйластық. Іскерлік қарым-қатынас әдебін сақтау керек.
4. Сабырлылық пен қанағатшылдық. Тиісті шекті сақтау және көре білу, өзінің ырықсыз тілектері мен ұмтылыстарын басқара білу.
5. Мінез-құлық мәдениеті. Іскерлік қарым-қатынастардың ережелерін білу, оны сақтау.


Кәсіпкерге жат қасиеттер
1. Жалқаулық
2. Жауапсыздық
3. Заңға бағынбау
4. Алдау, өтірік айту
5. Басқаның дүниесін иелену
6. Қызғаншақтық
7. Бәсекелесін жоюға ұмтылу
8. Кәсіпкерліктің әдеп ережелерін сақтамайтындар
9. Басқа адамдардың мүддесін ескермеу
Бірақ көптеген кәсіпорындардың ұжымдастыру формасы басқаша- қоғамдық, акционерлік, серіктестік. Серіктестікте әр адамның өз үлесі болады. Ал акционерлік қоғамда әр адамның әр түрлі үлестегі пакет акциясы болады. Бұл басқаруға қатысуға мүмкіншілік береді. Шешім қабылдау дауысқа салумен жүзеге асады, әрбір қатысушының дауыс саны пакет акциясының үлес санына тең.
Ашық акционерлік қоғам (ААҚ)-шығаратын акцияға ашық жазылуға, оларды еркін сатуға құқылы. ААҚ акционерлерінің санына шек қойылмайды.
Жабық акционерлік қоғам (ЖАҚ) - акцияны тек құрылтайшылар арасында бөліседі.
Серіктес шаруашылық – капитал айналымы бар коммерциялық ұйым. Оларды жауапкершілігі шектеулі серіктестікке бөледі

Қазақстан Республикасы президенті Н.Ә.Назарбаевтыңжолдауында қарастырған мәселелердің өзектілерінің бірі кәсіпкерлікті дамыту жөнінде:
«Біздің кәсіпкерлерге жаңа мүмкіндіктердің пайда болуын дұрыс бағалау, жаңа рыноктарға шығу жөніндегі тиімді стратегияларды әзірлеумен байыпты айналысу, бәсекелестік артықшылықтарды өсіре түсу маңызды. Біз тәуекелдерді өз мойнына алуға, жаңа рыноктарды игеруге, инновациялар енгізуге дайын қуатты кәсіпкерлер табын көргіміз келеді. Нақ осы кәсіпкерлер экономиканы жаңғыртудың қозғаушы күші болып табылады. Осыған байланысты Үкіметке 2010 жылдан бастап өңірлерде кәсіпкерлікті дамыту жөнінде бірыңғай бюджеттік бағдарлама енгізілуін қамтамасыз етуді тапсырамын. Оны “Бизнестің жол картасы-2020” деп атауды ұсынамын.»-делінеді.
Елімізде мыңдаған кәсіпкерлік фирмалар жұмыс істейді. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың жарлығымен шағын бизнес пен кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан қолдау, жеке көмек бар. 1992 жылы Қазақстан Республикасының Жеке кәсіпкерлік туралы Заңы шықты. Ол Заң азаматтардың Қазақстан Конституциясында белгіленген кәсіпкерлік қызметпен айналысуына, еркіндік құқығын іске асыруға, жеке кәсіпкерлік үшін мемелекеттік кепілдіктер жүйесін қалыптастыруға бағытталған.
Бизнес құрған адамдарды «кәсіпкер» деп атайды, яғни «дамуға құлшынысы бар, кәсіпте біршама тәуекелге баратынына қарамастан, оны ұйымдастырып, басқару арқылы пайда табу» үшін жұмыс істейтін адам. Кәсіпкерліктің анықтамасы бизнесті ашу мен жүргізуге негізделгенімен, бизнес ашудағы тәуекелдің молдығынан жаңа ашылған кәсіпкерліктердің жабылуына тура келеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет