Пән:Қазақ тілінің тарихи грамматикасы және түркітануға кіріспе Мамандық



бет7/7
Дата04.02.2022
өлшемі42,89 Kb.
#130662
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
kazak tili tarihi grammatikas sillabus
1 аза стан республикасы білім ж не ылым министрлігі, turkitanugai kirispe darister
Сабақтар жоспары

Апта

мазмұны

Оқыту әдістері

Оқыту нәтижелері

Бағалау құралдары













1 модуль. Қазақ тілінің тарихи фонетикасы және тарихи лексикология













1

Тарихи грамматика -тіл тарихының дербес саласы.
1.Қазақ тілінің тарихиграмматикасыпәнінің мақсаты, өзге пәндермен байланысы, айырмашылығы
2.Қазақ тілінің тарихиграмматикасыпәнінің зерттеу көздері
3.Қазақ тілінің тарихиграмматикасыпәнінің әдіс-тәсілдері

Семинар-cұқбат
Көкейтесті-мазмұнды презентация



A. Қазақ тілінің дыбыс құрамын біледі және түсінеді.
B. білімді кәсіби деңгейде қолдана алады.
C. қазақ тілінің фонетикасы жайында дәлелдер жасап шығарады және өз мысалдарын әзірлей алады.
D. фонетика саласында маңызды деректер жинақтайды және оларды түсіндіреді
E. жеке және топтық тапсырмаларды орындайды, жазу үшін қажет материалдарды өздігінен зерделей білу шеберлігі мен қабілетке ие болады

Тапсырма,
ой картасы,
бақылау жұмысы,













2


Қазак тілінің халық тілі, ұлт тілі болып калыптасуының тарихи кезеңдері

Семинар-cұқбат
Көкейтесті-мазмұнды презентация

Тапсырма,
ой картасы,
бақылау жұмысы,
жоба,













3

1. Алтай дәуірі (б.з.д. III ғ.)


2. Ғұн дәуірі (б.з.д. III ғ. - б.з.І ғ.)
3. Көне түркі дәуірі (1-Х ғ.аралығы)
4. Орта түркі дәуірі (Х-ХІғ. аралығы)
5. Жаңа түркі дәуір (ХІ-ХХ г. аралығы)
6. Ең жаңа түркі дәуірі (XX ғ. басынан бүгінге дейін)

Ой картасы
Іскери ойындар



Тапсырма,
ой картасы,
бақылау жұмысы,













4

Тарихи лексикология
1.Тарихи лексикологияның зерттеу нысаны, мақсаты
2.Көне түркі тіліндегі сөздік қор мен сөздік құрам
3. Кірме сөздер қабатының тарихи сипаты

Ой картасы
Іскери ойындар





















5

Тарихи фонетика. Дыбыстар жүйесінің тарихы
1.Тарихи фонетиканың зерттеу нысаны, мақсаты
2. Дыбыстар жүйесінің мәнді бөлігі - фонема.
3.Көне түркі тіліндегі дауысты, дауыссыз дыбыстар

Ой картасы
Іскери ойындар





















6

Түркі сингармонизмінің, фонетикалық заңдылыктардың, буын мен екпіннің тарихи ерекшеліктері
1.Сингармонизмнің қалыптасуы
2.Түркі (қазақ) тілінің дамуындағы фонетикалық заңдылықтар
3.Түркі буыны, екпіні

Ой картасы
Іскери ойындар
Семинар-cұқбат
Көкейтесті-мазмұнды презентация



















7

Сөз мағынасының өзгерістері
1.Сөз мағынасының өзгеру себептері: ішкі және сыртқы себептері
2.Сөз мағынасының жіктелуіне дыбыстық өзгерістердің әсері
3.Сөзмағынасының өзгеру заңдылықтары (көпмағыналылық, синонимдік, антонимдік, омонимдік құбылыстар)
4. Тұрақты сөз тіркестерінің қалыптасуы

Ой картасы
СТО стратегиялары
Кейс-стадия
Семинар-cұқбат
Көкейтесті-мазмұнды презентация



















2 модуль . Қазақ тілінің тарихи сөзжасамы және морфологиясы













8

Тарихи морфология. Сөз түбірінің, қосымшалардың дамуы
1.Тілдің морфологиялық құрылымының даму ерекшеліктері
2.Сөз түбірінің дамуы
3.Қосымшалар арғы негізі жайлы көзқарастар

Семинар-cұқбат
Көкейтесті-мазмұнды презентация

A. қазақ тілінің лексикасы ерекшеліктері жайлы тұсау кесу (презентация) арқылы негізгі тенденциялар біледі және түсінеді.
B. білімді кәсіби деңгейде қолдана алады.
C. қазақ тілінің лексикасы жайында дәлелдер жасап шығарады және өз мысалдарын әзірлей алады.
D. лексика саласында маңызды деректер жинақтайды және оларды түсіндіреді
E. жеке және топтық тапсырмаларды орындайды, жазу үшін қажет материалдарды өздігінен зерделей білу шеберлігі мен қабілетке ие болады

Тапсырма,
ой картасы,
бақылау жұмысы,
жоба













9

Сөз таптарынын қалыптасуы. Зат есім тарихы
1. Сөздердің сөз таптарына бөлу тарихынан

Ой картасы
Іскери ойындар



Тапсырма,
ой картасы,
бақылау жұмысы,
жоба,
реферат













10

2. Зат есімнің қалыптасуы жайлы
3. Септеу категориясының дамуы
4.Зат есімнің көптік тәуелдік категорияларының қалыптасуы

Ой картасы
Іскери ойындар
СТО стратегиялары Кейс-стадия



Тапсырма,
ой картасы,
бақылау жұмысы,
жоба,
реферат













11

Сан есім
1. Сан есімдердің зерттелуі
2. Жеке сан есімдердің калыптасуы
3.Көне түркі тілдеріндегі санау жүйесі мен ерекшелігі

Ой картасы
Іскери ойындар
СТО стратегиялары Көкейтесті-мазмұнды презентация
Кейс-стадия
Семинар-сұқбат



















12

Есімдік
1. Зерттелу тарихы. Қалыптасу, даму жолы
2. Есімдіктердін түрлері, генезисі
3.Көне түркі тілдеріндегі есімдік жүйесі мен ерекшелігі

СТО стратегиялары Кейс-стадия
Семинар-cұқбат
Көкейтесті-мазмұнды презентация



















13

Етістіктің дербес грамматикалық топ ретінде жіктелу тарихы
1. Қимыл есім тұлғаларының даму жүйесі
2. Есімше мен көсемше тарихы
3.Орхон-Енисей жазбаларындағы болымды-болымсыздық мағынаның көрінісі
4.Етістіктің грамматикалық және функциялык категориялары (рай, шақ, салт, сабақты етістіктер, етіс)

Ой картасы
Іскери ойындар
СТО стратегиялары





















3 модуль. Қазақ тілінің тарихи синтаксисі




Зерттеу әдісі, дамыту әдісі




«Өрмекшінің торы» тізбесі

14

Тарихи синтаксис. Сөз тіркестерінің, жай сөйлемнің дамуы
1.Түркітанудағы және қазақ тіл біліміндегі тарихи синтаксистің зерттелуі
2. Сөз тіркесі, ондағы өзгерістер
3. Жай сөйлемнің дамуы

Ой картасы
Іскери ойындар
Семинар-cұқбат
Көкейтесті-мазмұнды презентация

A. қазақ тілінің сөзжасам ерекшеліктері жайлы тұсау кесу (презентация) арқылы негізгі тенденциялар біледі және түсінеді.
B. білімді кәсіби деңгейде қолдана алады.
C. қазақ тілінің сөзжасамы жайында дәлелдер жасап шығарады және өз мысалдарын әзірлей алады.
D. сөзжасам саласында маңызды деректер жинақтайды және оларды түсіндіреді
E. жеке және топтық тапсырмаларды орындайды, жазу үшін қажет материалдарды өздігінен зерделей білу шеберлігі мен қабілетке ие болады

Тапсырма,
ой картасы,
бақылау жұмысы,
жоба,
реферат













15

Құрмалас сөйлемнің грамматикалык және семантикалық сипаты
1.Көне түркі жазба мұралары тіліндегіқұрмалас сөйлемнің көрінісі
2. Құрмалас сөйлемнің түрлері, дамуы
3.Құрмалас сөйлемнің дамуындағы жазба әдеби тілдің рөлі

Ой картасы
Іскери ойындар
СТО стратегиялары Кейс-стадия
Семинар-cұқбат
Көкейтесті-мазмұнды презентация

Тапсырма,
ой картасы,
бақылау жұмысы,
жоба,
реферат















Әріптік балам

балл

Жұмыс түрлері / Бағалау критерийлері

Ауызша сұрақ-жауап

Эссе

Шағын топтық жұмыс

Презентация

Жазбаша жұмыс

Тест

A

95-100

Білім алушы тақырыпты теориялық тұрғыдан негізгі және қосымша әдебиеттер арқылы игеріп өзіндік тұжырым , өз бетінше практикалық тұрғыда шығармашылық талдау жасап қорытынды шығара алғанда, тақырыпқа қатысты арнайы лексикалық минимум бірліктерді толық біліп ажырата алған жағдайда.

Тақырыпқа қатыс
ты түсініктерді анық және толық қарастыра алады. Бөлідерді талапқа сай құра алады. Әр бөлімге қатыс
ты негізгі түсінік
терді орнымен қолдана алады. Ой жүйелілігі мен нақтылығын сақтай алады.
Орфографиялық және пунктуа
циялық талап
тарға, стилисти
калық нормалар
ға сәйкестігі. Тақырыпқа қатысты сыни талдау жасай білу.

Топта белсенді жұмыс жасап, өзінің жүйелі, саналы, нақты дәйектемелерімен, материалға қатысты негізгі және қосымша ақпаратпен жұмыс жасап, ғылыми тұжырым жасай алса, сөйлеу мәнері еркін болса қойылады.

Презентация тақырыпқа сай, 7 слайд, 5 дереккөзді пайдалынып, негізгі және қосымша әдебиеттер мазмұнына сүйене отырып орындалса, өз бетінше практи калық тұрғыда шығармашылық талдау жасап қорытынды шығара алғанда және қойылған сұрақтарға толық жауап берген жағдайда.

Ұсынылған жаттығуларды дер кезінде толығымен теориялық тұрғыдан негізгі және қосымша әдебиеттер мазмұнына сүйене отырып орындап, өз бетінше практикалық тұрғыда шығармашылық талдау жасап қорытынды шығара алғанда

Дұрыс орындалған 30 тест тапсырмасының пайыз саны есепке алынады: 30-29 тест сұрағына жауап берсе



A-

90-94

Білім лушытақырыпты теориялық тұрғыдан негізгі және қосымша әдебиеттер арқылы игеріп, өз бетінше практикалық тұрғыда талдау жасап қорытынды шығара алғанда, тақырыпқа қатысты арнайы лексикалық минимум бірліктерді толық біліп алған жағдайда.

Тақырыпқа сай түсініктерді орынды қолдана алады. Тақырып
ты ашу, мәселені шешу жолдарын жан-жақты ойлас
тырып, ұстаны
мын дәлелді қорғай алады.
Дәлелдерді нанымды бере алады. Сөздік қоры мен көркем
дегіш құралдар
ды қолдана алу. Салыстырып, ой жинақтап, сыни сараптама жасай білу.

Топта белсенді жұмыс жасап, өзінің жүйелі, саналы, нақты дәйектемелерімен, материалға қатысты ақпаратпен жұмыс жасап, ғылыми тұжырым жасай алса, сөйлеу мәнері еркін болса қойылады.

Презентация тақырыпқа сай, 7 слайд, 5 дереккөз көле
мінде теория
лық тұрғыдан негізгі және қосымша әде
биеттер маз
мұнына сүйене отырып орын
далса, өз бетінше прак
тикалық тұрғы
да талдау жасап, сұрақ
тарға толық жауап бергенде

Ұсынылған жаттығуларды дер кезінде толығымен теориялық тұрғыдан негізгі және қосымша әдебиеттер мазмұнына сүйене отырып орындап, өз бетінше практи
калық тұрғыда талдау жасай алғанда

28-27 тест сұрағына жауап берсе



B+

85-89

Білім алушы тақырыпты теориялық тұрғыдан игеріп, өз бетінше практикалық тұрғыда талдау жасап түсіне алғанда, тақырыпқа қатысты арнайы лексикалық минимум бірліктердің 4/3 бөлігін біліп ажырата алғанда.

Ойын нақты жет
кізе біледі. Мәсе
леге байланысты өзіндік пікірін, көзқарасын, аргументтерді сауатты жеткізе алады. Тезис аргументтерінің дәлдігі қадағала
нады.Лексикалық, грамматикалық нормаларды сақтай алады. Сыни пікірін нақты тұжырым
дай біледі.

Топ жұмысына белсенді қатысып, ақпаратты молынан игергенін көрсетсе, күрделі қателіктерге жол бермесе, ойын жүйелі жеткізсе.

Тақырыпқа сай, 7 слайд, 5 дереккөз, негізгі әдебиет
тер мазмұнына сүйене отырып орындалса, практикалық талдау жасап, қойылған сұрақтарға біршама толық жауап берген де.

Ұсынылған жаттығуларды дер кезінде толығымен орындап, өз бетінше практикалық тұрғыда талдау жасай алғанда

26-25 тест сұрағына жауап берсе.



B

80-84

Білім алушы тақырыпты теориялық тұрғыда түсініп, практикалық тұрғыда талдау жасау барысында бірер қателік жіберіп өзі түзете алғанда, тақырыпқа қатысты арнайы лексикалық минимум бірліктердің 4/3 бөлігін біліп ажырата алған

Тезисті тақырыпқа сәйкес бере алады. Әр бөлімде логикалық реттілік пен бірізділікті сақтай біледі. Әр түрлі көзқарасты салыстырып, өзіндік ой тұжырымын ұсына алады. Сөз санының дәлдігі, сөз бен ойдың қайталанбауын қадағалайды. Өзіндік көзқарасы мен пікірін негіздей біледі.

Топ жұмысына белсенді қатысып, 3,4 әдебиет көлеміндегі ақпаратпен шектелсе, бірлі екілі қателіктерге жол берсе, ойын жүйелі, стилистикалық қателіктерсіз жеткізсе.

Презентация тақырыпқа және қойылған талапқа сай жасалса, орындау кезінде бірер қателік жіберіп өзі түзете алғанда және тақырыпқа қатысты арнайы лексикалық минимум бірліктердің 4/3 бөлігін біліп ажырата алған жағдайда.

Білім алушы тақырып бойынша ұсынылған жаттығуларды теориялық тұрғыдан негізгі әдебиеттер мазмұнына сүйене отырып өз бетінше практикалық тұрғыда орындау кезінде бірер қателік жіберіп өзі түзете алғанда

24-23 тест сұрағына жауап берсе.



B-

75-79

Білім алушы тақырыпты теориялық тұрғыда түсініп, практикалық тұрғыда талдау жасау барысында бірер қателік жіберіп аудиторияның көмегімен түзете алғанда



Жалпы мазмұндау формасының тақырыпқа сәйкестігі бар. Эссені қорытынды лау тұжырымы мен ой түйінін талапқа сай қорытындылай алады. Тақырыпқа сәйкес жазу стилін (баяндау, дәлелдеу, сипаттау, өзіндік ой толғау ерекшеліктерін) ұтымды таңдай біледі.

Топ жұмысына белсенді қатысып, игерген ақпаратты негізінде ғана ойын жеткізсе, өзіндік пікірін қоса алмаса, күрделі қателіктерге жол берсе, стилистикалық қателіктерсіз жеткізсе.

Презентация тақырыпқа және қойылған талапқа сай жасалса, өз бетінше практикалық тұрғыда орындау кезінде бірер стилистикалық қателік жіберіп, оны аудиторияның көмегімен түзете алған жағдайда.

Ұсынылған жаттығуларды теориялық тұрғыдан негізгі әдебиеттер мазмұнына сүйене отырып өз бетінше практикалық тұрғыда орындау кезінде бірер қателік жіберіп, тақырыпқа қатысты арнайы минимумды ажырата алғанда

22-21 тест сұрағына жауап берсе.



C+

70-74

Білім алушы тақырыпты теориялық тұрғыда біршама түсініп, практика лық тұрғыда талдау жасау барысында стилистикалық қателіктер жіберіп аудиторияның көмегімен түзете алған жағдайда.

Тақырыптан шамалы ауытқулар бар. Сөйлемнің лексикалық және грамматикалық құрылымы әртүрлі. Жұмыс стилі бірлігімен және жеткілікті мәнерлігімен ерекшеленбейді.

Топ жұмысына енжар қатысып, айтарлықтай қателіктерге жол берсе, өз ойын жеткізуде қиналып, сөздерін бір жүйеге сала алмаса қойылады.

Презентация тақырыпқа және қойылған талапқа сай жасалса, практикалық тұрғыда орындау кезінде бірер стилистикалық, орфографиялық қателіктер жіберіп, оны оқытушының көмегімен түзетсе

Ұсынылған жаттығуларды теориялық тұрғыдан негізгі әдебиеттер мазмұнына сүйене отырып өз бетінше практикалық тұрғыда орындау кезінде теориялық қателік жіберіп, тақырыпқа қатысты лексикалық минимумды ажырата алған жағдайда.

19-18 тест сұрағына жауап берсе.



C

65-69

Білім алушы тақырып материалдарын теориялық тұрғыда біршама түсініп, теориялық, практикалық тұрғыда талдау жасау барысында стилистикалық қателіктер жіберіп аудиторияның көмегімен түзете алғанда

Жұмыста елеулі ауытқуларға жол берілген. Баяндау реттілігі жүйесіз.

Топ жұмысына енжар қатысып, айтарлықтай қателіктерге жол берсе, өз ойын жеткізуде қиналса

Презентация тақырыпқа және қойылған талапқа сай жасалса, практикалық тұрғыда орындау кезінде біршама стилистикалық, орфографиялық қателік жіберіп, оны оқытушының көмегімен түзете алғанда

Ұсынылған жаттығуларды теориялық тұрғыдан негізгі әдебиеттер мазмұнына сүйене отырып өз бетінше практикалық тұрғыда орындау кезінде теориялық, стилистикалық бірер қателік жіберіп алған жағдайда.

17-16 тест сұрағына жауап берсе.



C-

60-64

Білім алушы тақырып материалдарын теориялық тұрғыда біршама түсініп, практикалық тұрғыда талдау жасау барысында стилистикалық, теориялық қателіктер жіберіп оқытушының көмегімен түзете алғанда

Сөздік және біртектес синтаксистік құрылымдар дұрыс құрылмаған. Жұмыстың мазмұны тақырыпқа сәйкес келеді.

Топ жұмысына енжар қатысып, айтарлықтай қателіктерге жол берсе, өз ойын оқытушының бағдарлаушы сұрақтары арқылы ғана айта алса.

Презентация тақырыпқа және қойылған талапқа сай жасалса, практикалық тұрғыда орындау кезінде біршама теориялық, стилистикалық, орфографиялық қателік жіберіп, оны оқытушының көмегімен түзетсе,

Жаттығуларды дер кезінде, толығымен, күрделі қатесіз орындаса, өз бетінше талдау жасап, терминдердің құрамын, жасалуын түсіндіре алмаса қойылады.

15-14 тест сұрағына жауап берсе



D+

55-59

Білім алушы тақырып материалдарын теориялық тұрғыда біршама түсініп, теориялық, практикалық тұрғыда талдау жасау барысында стилистикалық, теориялық қателіктер жіберіп оқытушының көмегімен түзете алғанда

Жұмыстың барлық бөліктерінде ой реттілігі бұзылған, олардың арасында байланыс жоқ, жұмыс жоспарға сәйкес келмейді.

Топ жұмысына енжар қатысып, айтарлықтай қателіктерге жол берсе, өз ойын жүйесіз жеткізсе.

Презентация тақырыпқа сай жасалса, пайдаланылған дереккөз көлемі межеден аз, біршама теориялық, стилистикалық, орфографиялық қателік жіберіп, оны оқытушының көмегімен түзетсе,

Жаттығуларды дер кезінде, айтарлықтай қатесіз орындаса, өз бетінше талдау жасауда қиналып, оқытушының көмегіне жүгінсе қойылады.

14-13 тест сұрағына жауап берсе.



D

50-54

Білім алушы тақырып материалдары туралы теориялық тұрғыдан қате түсініктері болып, теориялық,практикалық тұрғыда талдау жасау барысында стилистикалық қателіктер жіберіп оқытушының көмегімен түзете алғанда

Сөздік қоры аз, жұмыс қысқа бір типті сөйлемдермен жазылған, олардың арасында байланыс жоқ.

Топ жұмысына енжар қатысып, көп қателіктерге жол берсе

Презентация 7 слайдтан кем, пайдаланылған дереккөз көлемі межеден аз, тақырыпқа сай жасалмаса біршама теориялық, стилисти калық, орфография лық, пунктуациялық қателік жіберіп, оны оқытушының көмегімен түзетсе



Білім алушы тақырып бойынша ұсынылған жаттығуларды өз бетінше практикалық тұрғыда орындау кезінде теориялық, стилистикалық, орфографиялық біршама қателіктер жіберіп оқытушының көмегіне жүгінсе

13-12 тест сұрағына жауап берсе



25-49

Білім алушы тақырыпты теориялық тұрғыдан меңгермей, практикалық тұрғыда талдау жасай алмаса, негізгі және қосымша әдебиет материалын білмесе

Жұмыс жоспарға сәйкес келмейді, грамматикалық, орфографиялық және пунктуациялық қателердің 1/8 бөлігі жіберілген.

Топ жұмысына мүлдем қатыспаса, сұраққа жауап беру барысында күрделі қателіктерге жол берсе, негізгі ұғымдар мен терминдерді меңгермесе

Білім алушы ұсынған презентация тақырыпқа сай емес, белгіленген мерзім сақталмаса, 7 слайдтан кем, пайдаланылған дереккөз көлемі межеден аз болса

Жаттығуды уақытында орындамаса, күрделі қателіктерге жол берсе, терминдерді талдай алмаса, жұмыс нәтижелерін талқылауға қатыспаса қойылады.



12-11 тест сұрағына жауап берсе.
.

F

0-24

Студент материалды толық түсінбейді

Жұмыс тақырыпқа сәйкес келмейді.

Білім алушы ешқандай тапсырманы орындамаған жағдайда

Слайдтарды рәсімдеуде жүйе жоқ. Мазмұнында логикалық байланыс жоқ, .



Студент бірде-бір тапсырманы орындамаған.

10 тест сұрағына жауап берсе





Әріптік балама

Бақылау түрі/ Бағалау критерийлері

балл

(кешенді ауызша, жазбаша емтихан)

A

95-100

- оқу материалын игеріп, толық жауап береді. Терминдік аппаратты сауатты жəне мағынасына сай қолданады. Мəліметтерді теориялық тұрғыдан дəлелдеп, шығармашылық талдау жасай алады. Теориялық білімін практикада жан-жақты (креативті) қолдана алады.

A-

90-94

- оқу материалын түсініп, толық жауап береді. Терминологиялық аппаратты қолдана отырып, материалдың мазмұнын жүйелі түсіндіреді. Мəліметтерді теориялық тұрғыдан дəлелдей алады. Теориялық білімін практикада дұрыс қолдана алады.

B+

85-89

-жауап толық. Терминологиялық аппаратты қолдана отырып, материалдың мазмұнын сенімсіз (бірақ дұрыс) түсіндіреді. Жауап барысында аздап қате жібереді, бірақ оны өзі түзетеді. Мəліметтерді теориялық тұрғыдан дəлелдеп, талдау жасай алады. Теориялық білімін практикада стандартты қолдана алады.

B

80-84

-жауап толық. Терминологиялық аппаратты қолдана отырып, материал мазмұнын түсіндіруде бірнеше қате жібереді, бірақ оқытушының сауал қоюы арқылы оларды түзетеді. Мəліметтерді теориялық тұрғыдан дəлелдеп, талдау жасай алады. Теориялық білімін практикада қолдана алады.

B-

75-79

-жауап дұрыс, бірақ жеткілікті толық емес. Терминологиялық аппаратты дұрыс қолданады, материалдың мазмұнын ашып айтуда қыйналады. Жауап бергенде маңызды емес қателіктер жібереді, бірақ оны оқытушының көмегімен түзетеді. Теориялық білімін практикада жеткілікті дәрежеде қолдана алады.

C+

70-74

-жауап толық емес, маңызсыз қателіктері бар, оны студент оқытушының көмегімен түзете алады. Одан əрі оқуда қажетті білімі бар. Терминологиялық аппаратты стандартты үрде пайдаланады, бірақ нақты үлгідегі білімін көрсете алмайды. Теориялық білімін практикада орташа дәрежеде қолдана алады.

C

65-69

-жауабы толық емес, маңызды емес жəне маңызды бірер қателіктері бар, оны студент оқытушының көмегімен түзетеді. Пəндік терминологиялық аппаратты қолдану дағдылары бар, аса қиын механизмдерді анықтауда қиындықтарға тап болады. Теориялық білімін практикада біршама қолдана алады.

C-

60-64

-жауабы толық емес, маңызды емес жəне маңызды екі-үш қателік жіберген, оларды оқытушының көмегімен түзете алады. Пəндік терминологиялық аппаратты пайдалануда қателіктер жібереді. Теориялық білімін практикада қолдану деңгейі қанағаттанарлық.

D+

55-59

-жауап толық емес, нақтылықтар аз. Маңызды жəне маңызды емес қателіктер жібереді. Терминдерді пайдаланады, пəн бойынша негізгі түсініктер мен терминдерге анықтама бере алмайды. Теориялық білімін практикада қолдану деңгейі біршама қанағаттанарлық.

D

50-54

- көптеген қателіктері бар жауап. Маңызды қателіктер: терминологияны дұрыс пайдалана алмайды, түсініктер мен терминдерге анықтаманы бере алмайды, негізгі заңдар, ережелердің орналасуын білмейді, түрлерге бөле алмайды. Теориялық білімін практикада қолдану іскерлігі нашар.



25-49

-студенттің жауаптан немесе жауап беруден бас тартуы, студент оқу бағдарламасы бойынша білімінің толықтай жоқтығын көрсетеді. Бірде бір тапсырманы жұмыс дұрыс орындай алмайды.

F

0-24

Пәннің базалық сұрақтары бойынша жауаптар алынбаған.

Әдебиет:

  1. Салқынбай А. Тарихи сөзжасам. –А., 2018.

  2. Сағындықұлы Б. Қазақ тілінің тарихы. –А., 2018.

  3. Момынова Б. Қазақ әдеби тілінің тарихы. –А., 2018.

  4. Тектіғұл Ж. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы. –А., 2012. Электрондық қор. https://www.twirpx.com/file/2315415/

  5. Сейсенбай Т. Қазақ тілінің тарихи грамматиксынан тест тапсырмалары. Қостанай, ҚМПИ, 2005. Электрондық қор. https://www.twirpx.com/file/3045965/

  6. Түймебаев Ж, Сағидолда Г. Алтаистиканың тарихи-лингвистикалық негізі (Фонетика. Морфология.) Алматы: «Қазығұрт», 2017ж.

  7. Күдеринова К. Түркі тілдерінің әліпбиі мен емле тарихы. Алматы, «Қазақ тілі», 2016ж.

  8. Сагидолда Г. Поэтикалық фразеологизмдердің этномәдени мазмұны. -Алматы, 2003

  9. Салкынбай А.Б. Тіл және мәдениет. -Алматы, Қазақ университеті, 2001.

  10. Аманжолов С. Вопросы диалектологии и истории казахского языка.- Алматы, Ғылым, 1997.

  11. Ағманов Е. Қазақ тілінің тарихи синтаксисі. -Алматы, Рауан, 1991.

  12. Қазақ тілі тарихи лексикологиясының мәселелері. -Алматы, Ғылым, 1988.

  13. Қашқари М. Түбі бір түркі тілі. -Алматы, Ғылым, 1993.

  14. Қордабаев Т. Қазақ тілі білімінің мәселелері. -Алматы, 1991

  15. Қордабаев Т. Түркология және тіл білімі. -Алматы, 1998

  16. Молгаждаров Қ.К. Шылау сөз табының қалыптасу тарихы. -Көкшетау, Келешек 2030, 2002

  17. Мұсабаев Ғ. Қазақ тілі мен грамматикасы тарихынан. -Алматы, Ғылым, 1986.

  18. Наджип Э.И. Исследования по истории тюркских языков ХІ-ХІҮ в. -М., Наука, 1989.

  19. Оразов М. Етістік. -Алматы, 2003

  20. Орхонские надписи. Кюль-тегин. Бильге-каган. -Семей, МКА, 2001.

  21. Салқынбай А.Б. Тарихи сөзжасам. Семантикалық аспект. -Алматы, Қазақ университеті, 1999.

  22. Томанов М. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы. -Алматы, Ғылым, 1988.

  23. Томанов М. Тіл тарихытуралызерттеулер. -Алматы, Ғылым, 2002.

Қосымша:

  1. Абакан Е.М. Тілдің мәдени философиясы. -Алматы, Айкос, 2000.

  2. Айдаров Ғ. Күлтегін. -Алматы, Ғылым, 1997.

  3. Аманжолов А. С. Түркі филологиясы және жазутарихы. -Алматы, Санат, 1996.

  4. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. -Алматы, Рауан, 1993, 2003.

  5. Баскаков Н.А. Введение в изучение тюркских языков. -Москва, Наука, 1996.

  6. Дмитриев Н.К. Строй тюркских языков. -М., Наука, 1962.

  7. Жубанов К. Исследования по казахскому языку. -Алматы, Наука, 1966, 2000.

  8. Ескі түркі жазба ескерткіштері туралы зерттеулер. -Алматы, Ғылым, 1983.

  9. Ибатов Ә. Сөздің морфологиялық құрылымы. -Алматы, Ғылым, 1994.

  10. Кажыбеков Е.З. Глагольно-именная корреляция гомогенных корней в тюркских языках. -Алматы, Наука, 1986.

  11. Кеңесбаев I., Мұсабаев Г. Қазіргі қазақ тілі. Лексика, фонетика. -Алматы, Наука, 1988.

  12. Қайдаров Ә.Т. Структура односложных корней и основ в казахском языке. -Алматы,Наука, 1986.

  13. Қайдаров Ә., Оразов М. Түркологияға кіріспе. -Алматы, Наука, 1986.

  14. Қайдаров Ә. Қазақ тілінің өзекті мәселелері. -Алматы, 2001.

  15. Құрышжанов Ә. Ескі түркі жазба ескерткіштері. -Алматы, Қайнар, 2001.

  16. Манкеева Ж. Реконструкция первичных корней глагольных основ в казахском языке. -Алматы, АКД, 1991.

  17. Оразов М. Қазіргі қазақ тілінің семантикасы. -Алматы, Ғылым, 1988.

  18. Өмірәлиев Қ. Ата тарих айғақтары. -Алматы, 2001.

  19. Сағидолда Г. Түркі (қазақ) және монгол тілдерінің тарихи-мәдени байланыстарының топонимияда бейнеленуі. -Алматы, Ғылым, 2000.

  20. Сағындықов Б. Қазақ тілі лексикасы дамуының этимологиялық негіздері. -Алматы, Ғылым, 1994.

  21. Сыздыкрва Р. Сөздер сөйлейді. -Алматы, Ғылым, 1994.

  22. Сыздықова Р. Язык "Жами-ат тауарих" Жалайыри. -Алматы, Ғылым, 1994.

  23. Тіл тарихы және сөз табиғаты. -Алматы, Ғылым, 1997.

  24. Ыскаков А. Қазіргі қазақ тілі. Морфология. -Алматы, Ғылым, 1993.

Оқу пәнінің және академиялық этиканың саясаты:
Сабаққа қатысу:

  • студенттер аудиториялық сабаққа қатысуға әрі кешікпеуге міндетті;

  • екі рет сабаққа кешіксе, бір босатқан сабақ болып есептеледі,

тапсырылуы - сабақтан тыс уақытта.
Сабақтағы тәртіп ережелері:

  • студенттер сабаққа күнделікті дайындықпен келу керек;

  • ОБСӨЖ, СӨЖ материалдарын уақытында орындауға міндетті.

Көтермелеу және талап ету:

  • силлабус тапсырмаларын міндетті түрде көрсетілген мерзімде тапсыру қажет;

  • ағымдық бақылауда төмен балл жинаған студенттер емтиханға жіберілмейді;

  • тапсырмаларды орындаудың соңғы мерзімі - 15 апта.

.


Әзірлеуші ___________________ Молғаждаров Қ.К.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет