ПӘндердің ОҚУ-Әдістемелік кешені



бет2/31
Дата28.06.2017
өлшемі3,01 Mb.
#20515
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31

а — әмбебап; бжеңілдетілген; в — көпбуынды; г — қармағыш; д — траверса

4.1. сурет. Монтажды блоктар мен стропты аппараттар үшін құрылымдар:


Блоктар — бұл жүктерді көтеруге арналған қарапайым механизм. Олар негізінен жүк көтергіш механизмдер құрамына кіреді. Роликтарының санына қарай бір- және көп роликты блоктар болады. (4.2 сурет). Бір роликті блоктар тек арқан немесе шынжыр бағытының өзгерісі үшін қызмет етеді. Оларды бұрыштық блоктар деп атайды.


а — бір роликты; б — шалқайғыш ілгіш; в — екі роликты; 1 — ілгіш; 2 — траверса; 3 — ролик; 4 — ушко; 5 —ушка өсі (болт); 6 — жапсырма; 7 —роликтер өсі; 8 — жапсырманың кергіш болттары 9 — ілгіш; 10 — ілгіш бұрандасы; 11 — траверсалар шипі; 12 — тартылыс ілгіш; 13 — траверсті шип; 14 — тартылыс ілгіштің өсі

4.2. сурет. Болат арқандар үшін блоктар:




а — арқан бағытын өзгертуге мүмкіндік беретін қозғалмайтын блок; б — тартылу күшін 2 есе төмендетуге мүмкіндік беретін қозғалмалы блок; в — тартылу күшінің 3 есеге көбеюін қамтамасыз ететін полиспаст; е — тартылу күшінің 4 есеге көбеюін қамтамасыз ететін полиспаст; 1 — қозғалмайтын блок; 2 — арқан; 3 – қозғалмалы блок

4.3. сурет. Блоктардың орналасу сұлбасы.


Монтаждау және такелаждау жұмыстарында жүкті 3 м биіктікке көтеру немесе түсіру үшін жүк көтергіштігі 1 тоннадан 10 тоннаға дейінгі қолмен істейтін және электрлік тальдар қолданылады. Қолмен істейтін тальдар буынтықты және шестерналы болады. Қолмен істейтін тальдардағы тарту органы ретінде пластиналы және калибрлі шынжырлар қолданылады. Тальдардың жұмыс істеу аумағын кеңейту үшін оны қозғалмалы арбашаға іліп қояды. Бұл арбаша екі немесе төрт бос дөңгелектен тұрады, оның көмегімен монорельс бойымен қозғалады.


а - буынтықты; бтісті дөңгелектермен; в — рычагты; 1 — шынжыр; 2 – жетекші жұлдызша; 3 — тальдарды ілетін ілгіш; 4 — жетектегі дөңгелек; 5 — төменгі қозғалмалы жұлдызшы; 6 — жүктіік ілгіш; 7, 9 — жетекті механизмдер; 8 — ілгіш; 10 — рычаг

4.4. сурет. Тальдар.


Жүктерді блоктың немесе полиспастың көмегімен көтеруге арналған негізгі механизм лебедка болып табылады. Жетегіне байланысты лебедкаларды қолмен істейтін және электрлі жетекті деп екіге бөледі. Құрылымына қарай қолмен істейтін жетекті лебедкалар барабанды және рычагты болады.

Ауыр бөлшектерді немесе құрылымдарды аса жоғары емес биіктікке (биіктік пен деңгей бойынша реттеу арқылы) көтеру үшін домкраттарды қолданады. Домкраттарды сыналы, бұрандалы, гидравликалық және т.б. бөледі.


3) Тальдар немесе полиспаст көмегімен жүкті көтергенде, оларды көтерілетін жүктің массасын ұстап тұруға қабілетті қажетті биіктікке құрылым арқылы іліп қояды. Жабдықты монтаждауда тальдар мен полиспастарды ғимараттың құрылыс құрылымдарына фермалар тораптарына, жабындарға т.б. іліп қояды. Көптеген жағдайда осы мақсатта монтаждау мачтасы сияқты арнайы монтаждау құрылымдарын орнатуға тура келеді. Монтаждау мачтасы – 4-5 вант көмегімен вертикалды немесе иілген (10-20°) металл тұғырдан тұратын қарапайым жүк көтеруге арналған құрылғы. Мачта (башмак) тірегі тұғырға бекітілген массивті тақтадан тұрады. Мачтаның ұшына блок немесе полиспаст, мачтаның негізіне блокты іледі. (4.5 сурет).

4) Технологиялық жабдықты жабдықтың астындағы фундаментке бекітілген машина өстерін монтаждау өстерімен сәйкестендіре отырып салыстырады және орнатады. Жабдықты фундаментке цементті қоспаны қолданбай-ақ, цементті қоспамен құйылып, фундаменттік болттармен бекітілген металл тақталар мен қаңқаларға орнатуға болады. Бұл кезде жоба арқылы белгіленген өндірілетін өнім қозғалысы траекториясы мен цех едені арасындағы деңгейді сақтау керек. Бұл үшін цех жобаларына негізгі бойлық және көлденең өстер жүргізеді де, машинаны цех ғимараты колониялардың бойлық және көлденең өстеріне бекітеді. Технологиялық жабдықты тексерген кезде машинаның базалық бөлшектерін қолданады.

Базалық бөлшектерге ірі, машинаның тіректі бөліктері (станина, тақталар, қаңқалар, тұрықтар), бұлар ең алдымен фундаментке немесе басқа негіздерге (металл құрылым және т.б.) орнатылады. Базалық бөлшектерді жобалық жағдайға сәйкес орнатады, оны орнатпас бұрын үш координатада тексереді: биіктік бойынша және жоспар арқылы екі өзара перпендикуляр өстер бойынша. Әрбір агрегатқа екі негізгі өстерді белгілейді — жалпы агрегат үшін бойлық және жетекші машина үшін көлденең өс.

Машинаны клинь көмегімен орнатады, бұл биіктік пен горизонталды жазықтық бойынша жылдам реттеуге мүмкіндік береді. Соңғы тексеріп болғаннан кейін клиньді пісіріп бекітеді (4.6, а сурет).



СІрі жабдықтардың станинасын сыналы домкраттармен башмактарға орнатады (4.6, б сурет), бұрандаларға, (4.6, в сурет), немесе астарларға (4.6, г сурет) орнатады.

Жабдықты бекіту. Жабдықты фундаментке жоғары беріктіктегі болаттан жасалған болттармен бекітеді. Болттарды бітеу және алынбалы деп бөледі. 12; 20; 24; 30; 36; 42 мм диаметрлі, болттардың ұзындығы 20-дан 40 диаметрлі болттарды қолданады. Болттардың өстерін жабдықтың негізгі өстеріне бекітді.



а б в г

4.6 сурет. Машинаны биіктік бойынша тексеруге арналған құрылғылар.


Диаметрі 4142 мм-ге дейін дайындалатын бітеу болттар жеңіл және орта машиналарды бекітуге артықшылықтары бар.

Фундаменттің алынбалы болттары ауыр жабдықтарды бекітуге қолданылады, жабдықты монтаждау процесінде арнайы қарастырылған колодцалар мен анкерлі тақталармен бекітіледі. Колодецтарды болтпен бекіткеннен кейін қақпақпен жабады. Бұл болттардың (4.7, б сурет) артықшылықтары көп.

Көп жағдайда балға тәріздес немесе қиылған басты фундамент болттары қолданылады (4.7, в сурет).

Бекітудің жаңа әдісі фундаменттік гайкаларды пайдалану болып табылады (4.7, а сурет), олар едәуір арзан, жабдықты цех ішінде еркін ауыстыруға мүмкіндік береді.

Кейбір жағдайларда машиналарды резиналы төлкелі бұрандалармен бекітеді. (4.7, б сурет). Бұл әдіс фундаментті гайкаларды жонуды қажет етпейді, ол үшін бетонды тессе болғаны.

Машина жұмыс істеп тұрған фундамент жабдықтан грунт қалыңдығына тербеліс береді. Жобаланатын фундаменттің тербелісін төмендету үшін, олардың жанында тұрған машиналарды қалыпты және ғимаратта оларды тиімді орналастыруды қарастырады. Алдын-ала грунтты бекіту мен тығыздау керек. Қажет болған жағдайда тербелісі мен амортизациясын жоғалту үшін әртүрлі құралдар қолданылады.


5 Дәріс. Санитарлы-техникалық жабдықты монтаждау кезіндегі технологиялық операциялар.

Дәріс жоспары:



  1. Санитарлы-техникалық құрылғының монтажы.

  2. Құбырөткізгіштердің монтажы.

  3. Бақылау-өлшеу мен реттегіш аспаптардың монтажы.

  4. Ауаөткізгіштердің монтажы.

1) Санитарлы-техникалық құрылғының монтажын жобада құрастырылған құрылыс өлшемдерінің ауытқуын тексеруіден бастайды, ол санитарлы гигеналық нормаларда келтірілген шамадан аспауы керек.

Жобалық техникалық құжаттарға санитарлы техникалық жабдықтардың толық кешенін құрастырудың негізгі талаптары кіреді. Бұндай жабдықтар: санитарлы аспаптар, сифондар, құбырөткізгіш арматуралар, сораптар, желдеткіштер, калориферлер, бойлерлер, бақылау-өлшеу аспаптарының жүйесі және т.б. Сондай-ақ жіберілетін ауытқулар бойынша ғимараттарға құрылыс өлшемдерін тексереді:

қабат биіктігі бойынша;

таза еден деңгейінен терезе астындағы тақтаға дейінгі қашықтық;

қабаттар арасындағы қабырға аралық беттердің сәйкес келуі, оларда құбырөткізгіш пен санитарлы-техникалық жабдықтар орналасқан.

1 м биіктікке қабырға мен қабырға аралықтың вертикалдығы;

құбырөткізгіш пен ауаөткізгіш өтуі үшін жабу тесіктерінің өстері бойынша;

санитарлы-техникалық жабдықтар астындағы фундаменттегі анкерлі болттар үшін тесіктер өстері бойынша;

санитарлы-техникалық жабдықтар астындағы фундаменттердің жоғарғы беттерін белгілеу бойынша.

Тексеруге жылу беру құбырөткізгіштерінің ашық және жабық астарлары (бірқұбырлы және екіқұбырлы жүйедегі басты құбыр, басты құбыр және магистралдар), суөткізгіш пен канализация (суөткізгіш құбырлар, канализациялы құбырлар, суөткізу магистралы және құрама канализациялық құбыр) кезінде құрылыстық құрастырма тесіктері мен борозд өлшемдері жатады.

Санитарлы-техникалық жүйелер элементтер мен құбырөткізгіштердің монтажды жағдайы құрылыстық құрастырмаларға сәйкес қондыруды ескере отырып анықтайды.

2) Әртүрлі заттар (газдар, булар, сұйықтар және т.б.) құбырөткізгіштер бойында қысыммен және қысымсыз жылжиды. Егер олар қысыммен берілсе, онда тегеурінді құбырөткізгіштер, ал егер қысымсыз берілсе тегеурінсіз (сұйықтың өздігінен ағуы) деп аталады. Тегеурінде құбырөткізгіштерді қысымға, температураға және ортаға байланысты 4 категорияға бөлінеді.

Дайындау әдісі бойынша болатты құбырлар толық тартылған (қосылылыссыз), пісірмелі (қосылыспен) болады. Толық тартылған құбырларды тот баспайтын, легірленген және ыстыққа төзімді болаттардан жасайды. Толық тартылған құбырларды өте жауапты аудандарда: жоғарғы қысымды булы магистралдарда, тоңазытқыш қондырғыларда және т.б. қолданады.

Тұтқыр және қоюланған орталар тасымалданатын құбырөткізгіштерге толқынды бұрыштық бұрылыстарды орнатады.

Құбырөткізгішті монтаждау кезінде тасымалданатын ортаға байланысты көлбеу жобасын сақтаудың үлкен мәні бар.

Құбырларды өзімен және арматурамен біріктіреді. Құбырлы қосылыстарды ажырайтын және ажырамайтын болып екіге бөледі. Ажырайтын қосылыстарға пісіру, пайкілеу және желімдеу, ал ажырамайтын қосылыстарға бұрандалы және фланецті жатады.

Бұрандада болатты құбырларды қосу үшін оның ұшына аздап (құбырлы) бұранда салады да болатты жалғастырғышқа айналдырады. Бұл қосылыстың түрі – айналдырып қосу деп аталады. Бұл құбырөткізгіштің жинауын жеңілдетеді. Винипласты құбырлар үшін кейде бұрандалы қосылысты қолданады. Бұл кезде құбырлар ұштарын жалғастырғыштармен күшейтеді.

Ең көп таралған құбырлардың фланецті қосылысы (5.1, г, сурет). Фланец – құбырдың соңына пісіріліп қосылған диск. Дискінің сыртқы торецті беті өңделген, ал диск құбырдың көлденең өсіне перпендикуляр орналасқан. Фланецті бұрғыланған тесіктер арқылы өтетін болттармен біріктіріп тартады.

Фланецтің құрылмасы құбыр материалына, құбырөткізгіштің ішкі қысымына, тасымалданатын орта температурасына және басқа да факторларға байланысты. Фланецті құбырға тек пісіріп қана қоймай, сонымен қатар бұранда түрінде бекітуге болады.

Біріктірілетін бөліктер (фасонды бөлшектер, фитингтер) құбырлардың бөлек қималарын біріктіру үшін керек. Көптеген жағдайларда олар бір немесе екі функцияны атқарады: диаметр өзгерісін немесе құбырөткізгіштің бағытын, осындай немесе одан кіші диаметрлі бір немесе екі сызықты құбырөткізгіштен оқшаулану. Біріктірілетін бөліктері құбырды жасайтын материалдардан дайындайды. Олардың ұштарын бұрандалы, фланецті қылып жасайды.

3) Тығындау арматурасы, бақылау-өлшеу және реттеу аспаптары жүйені қосу және өшіру, жүйе ретінде жалпы және жеке бөлімдердің параметрлерін бақылау және реттеу. Тығындау арматурасы, бақылау-өлшеу және реттеу аспаптарын жобада көрсетілген орында келесі шарттарды ескере отырып орнатады: қызмет көрсетуші персоналдың жұмысшы орындарын орналастыру, жұмыстың сенімділігі мен дұрыстылығын қамтамасыз ету және өндірістік этикаға байланысты рәсімдеу. Арматураны, бақылау-өлшеу аспаптарын техникалық көрсеткіштеріне байланысты орнатады.

Тығындау және реттеу арматурасы конструкциясына байланысты екі түрлі болады: фланецтік және жалғастырғыштық. Вентиль мен кері қайту клапандарын бу, су, ауа клапан астына (золотникке) түсуі үшін орнатады, кері қайту клапандары көлденең орналасуы керек.

ОБМ типтегі техникалық манометрлерді үш жүрісті кранмен, ал булы желілерде сифонды трубкамен жөндейді. Бу реттегіштерді (төмендеткіштер) құбыр диаметрі құжатқа сәйкестендіріп және қашықтығы реттегішке дейін және реттегіштен кейін 8-12 диаметрде тұрақты етіп орнатады.

Монтаждау кезінде аспаптарды (екіден артық) бөлек қалқанға орналастырады. Бір жердегі сызықта орналасқан тығынды арматура мен өлшегіш аспаптар үш бірліктен асса, оны жеке ғимаратқа орнатады.

4) Ауа өткізгіштерді монтаждау кезінде келесі тізбектелген операцияларды орындау қажет: Тіректер мен аспаларды орнату, жобада көрсетілген 2-3 тізбектен тұратын ауа өткізгіштердің тармақтарын көтеру, фланец бойынша ауа өткізгіштерді тексереді, бұл кезде фланецтарды өзара қиыстырады, ал құбырларды қамыттың көмегімен аспаларға бекітеді; жобада көрсетілген люктермен, дроссель-клапандармен және басқа да бөлшектермен орнатады.

Ауа өткізгіштерге арналаған аспаларды негізінен 10-20 мм диаметрлі(ауа өткізгіштің өлшеміне байланысты) домалақ болаттан жасайды.

Ауа өткізгіштерге арналаған тіректерді қабырға мен колонаға қамыттармен бекітеді. Ауа өткізгіштердің көлденең бөліктеріндегі аспалар немесе тіректердің арақашықтығы 3-4 м аспау керек. Тік ауа өткізгіштерді диаметріне байланысты әрбір 3-4 м сайын бір немесе екі қабатты қамытпен бекітеді.

Желдеткіштері бар сорушы және сықаушы ауа өткізгіштерді қосатын фланецтарда техникалық материалдан астар жасайды, қалған ауа өткізгіштердің қосылыстарында фланецтар арасына картон астарлар салады.

Люктер, дроссель-клапандар және басқа да бөлшектерді артынан орнатады. Оны қызмет көрсетуге ыңғайлы орындарға қояды. Ауа өткізгішті монтаждағаннан кейін фланецті жапсарды майлайды.

Жөнделген ауа өткізгіштер келесі техникалық талаптарға жауап беруі керек: барлық құбырлар мен бөлшектердің жапсарлары тегіс және түзу, ауаөткізгіштің жапсарлары жоғары бағытталуы, басты құбырдың жапсары бір сызық бойында орналасуы, ауа өткізгіштің жұмысы кезінде дірілдің аспирациясы 2 мм шегінен аспауы (жоғары діріл болған жағдайда қосымша бекіткіштер қояды), ауа өткізгіштің реттегіш құрылғылары оңай ашылып, тығыз жабылуы керек.
6 Дәріс. Электрмонтажды жұмыстар кезіндегі технологиялық операциялар.

Дәріс жоспары:



  1. Электрөткізгіштер монтажы.

  2. Электржабдықтың монтажы.

1) Электрлік жүйенің астар трассалары мен электр жабдықты орнату орны басқа технологиялық және басқа жабдықты орнату инженерлі жүйелері астар трассаларымен ұштасып жатуы керек.

Күштік және жарықтандыру жабдықтарының есептік және принципиалды сұлбалары жетілдіріледі. Қажет болған жағдайда күштік және жарықтандыру жабдықтары мен жүйелерінің тораптық және қималық сызбаларын жетілдіреді.

Электрөткізгіштік деп изоляцияланған білеу сым және резенкелі сымдар жиынтығы. Электрөткізгіштер жасалу әдісі бойынша жабық (қабырғаға, еденге және ғимараттың басқа құрастырма элементтеріне жапсырылған) және ашық (қабырға мен төбе бетіне жапсырылған) болып бөлінеді.

Ашық электрөткізгіштер стационарлы, қозғалмалы және ауыспалы, сонымен қатар сыртқы және ішкі болып бөлінеді. Соңғысы ғимараттың сыртқы қабырғасына, сонымен қатар арақашықтығы 25 м дейін болатын 3-4 тіректерде орнатылады.

Кабелді желі деп бір немесе бірнеше кабелдерден тұратын электрэнергиясын немесе жеке импулстерді беруге арналған желіні айтады.

Ашық құбырсыз өткізгіштер жабық электрөткізгіштерге қарағанда еңбек сиымдылығы аз және құны төмен. Олар резенкелі және поливинилхлоридті изоляциямен изоляцияланған және қорғалған. Изоляцияланатын тіректер үшін өткізгіш астарларын қазіргі таңда сирек пайдаланады. Себебі, олардың кемшіліктері көп.
2) Таратқыш құрылғылар мен станциялар электржабдықтар жиынынан: күштік трансформаторлардан, изоля­торлардан, ажыратқыштардан, қосқыштардан, сақтандырғыштардан, өлшеуіш трансформаторлардан, конденсаторлардан тұрады.

Таратқыш құрылғылар монтажын жобаға сәйкес бірнеше камерасы бар блоктар мен камералар жиынын жинақтаудан бастайды.

Монтажды жұмыстарын санитарлы гигеналық нормаларға сәйкестедіріп 2 сатыда орындайды.

Бірінші саты – электржабдықты бекітуге арналған құрылыс құрылмаларындағы құраушы бөліктерді орнатуға арналған дайындық жұмыстарын орындау, ішкі электрөткізгішке арналған трассаларды дайындау. Бірінші сатының монтажды жұмыстарын құрылыстық жұмыстармен бір уақытта орындайды. Бірінші сатының монтажды жұмыстары жүргізілгеннен кейін құрылыстық ұйым ғимаратта таратқыш құрылғының құрылыстық жұмыстарын бітіреді.

Екінші саты – бұл құрастырма жұмыстарды орындау: шашыратқыш қондырғысы бар бірнеше камералы блоктардан немесе жеке камералардан, байланыстарды жөндеу, ішкі электрөткізгіштер мен кабелдерден тұрады.

7 Дәріс. Жабдықты қосу және реттеу бойынша жұмысты ұйымдастыру.

Дәріс жоспары:



  1. Қалпына келтіру жұмыстарын ұйымдастыру. Іске қосу кешенінің жобалық-технологиялық құжаттамасы.

  2. Монтаждау жұмыстарының сапалы орындалуын бақылау. Объектінің өндірістік жұмыстарға дайындығы.

  3. Жабдықты қалпына келтіру және іске қосудағы ұйымдастыру-техникалық шаралар.

1) Жабдықты қалпына келтіру және іске қосу жұмыстарын технологиялық жабдықтарды дайындау, жарықтандыру және реттеуге қолдану жиынтығы (машиналар, автоматты желілер және т.б.).

Жабдықты қалпына келтіру кинематикалық шынжырларды тексеру мен реттеу, құрылмаларды орнату мен реттеу, құралдар мен басқа да қондырғылардың қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз етуі тиіс. Сонымен қатар, қалпына келтіру — бұл жабдыққа қызмет көрсетудегі технологиялық процестің бір бөлігі.

Іске қосу жұмыстарын ұйымдастыру қалпына келтіргіш мамандармен объектінің жобалық-техникалық құжаттамасын монтажды жұмыстардың басынан бастап дайындаудан басталады. Бұл монтаждау кезінде жабдықты жобалау кезінде жіберілген қателер мен дәлдіксіздікті жоюға қажет. Өндірістің қалыпты жұмыс істеуіне кедергі келтіретін ақауларды жою керек.

Іске қосу жұмыстарын ұйымдастыру қалпына келтіргіш мамандар тапсырушыға технологиялық жабдықтар, технологиялық металқұрастырма, көлік, технологиялық ақпараттар, жабдықты дайындаушы-зауыттардың паспорттары мен техникалық талаптары, санитарлы гигеналық нормалар талаптары бойынша барлық жұмыстардың сапалы және дұрыс орындалуына білікті техникалық көмек көрсетеді. Бұл кезде монтаждауға арналған фундаменттер мен басқа да металқұрастырмалардың жасалу сапасына көп көңіл бөлу қажет.

Жобалық құжаттаманы қалпына келтіру жұмыстары басталмай тұрып танысады, ал кейбір туындаған сұрақтар болса, онда объектіні барып көреді.

Іске қосу кешенінің жобалық-техникалық құжаттамасымен таныса отырып, қосуға қажет жабдықтың зауыттық паспортын тексереді. Сонымен қатар жобаланатын жабдықпен орнатылған жабдықтың өнімділігін салыстыра отырып, сынау актілерін тексереді.

2) Дайындау және негізгі монтажды жұмыстар кезінде қалпына келтіргіштер (на­ладчики) монтажды жұмыстардң сапалы түрде орындалуын қадалау үшін тапсырушыға техникалық көмек көрсетуге объектіге барады.


8 Дәріс. Жабдықтар мен механизмдерді қалпына келтіру кезіндегі технологиялық операциялар.

Дәріс жоспары:



  1. Жабдықты тексеру, ажырайтын және ажырамайтын қосылыстарды жинау.

  2. Ұштіректерді орнату. Біліктерді, жалғастырғыштарды, берілістерді тексеру.

  3. Айналатын бөлшектерді дайындау. Жабдықтарды майлау.

  4. Салт жүріспен және жүктемемен жүргізу.


9 Дәріс. Тісті берілістер.
Тістің өлшемдері және қалыптастыру әдістері.

Эксплуатация процесі кезінде тісті дөңгелектерде келесідей кемшіліктер бар: торсневтардан және жұмыстық профильден, тістердің сынуы, немесе ступицаларда беттік жағының маййысуы және тағы басқалар.

Тісті берілістің тозуын анықтау үшін оны бөлшектейді. Валдан тісті дөңгелектерді шешу қажет емес. Детальдарды жуып, құрғақ болғанға деййін сүртеді. Тістердің төзу шамасын анықтау үшін: сыртқы бакылаудан және штанген зубамермен олшейди (сур 1, а) немесе штангенциркульмен тістің қалыңдығының азаюы бастапқы шеңберден 0,15 т дейін қабылданады, ал ответственник берілістерге 0,55т, неответствпередач т- модуль жатады.

Үгітілген және сынық тістерді эксплуатация берілісі рұқсат етілмейді.

А) штанген тісөлшегішпен тістің өлшенуі;

Б) сваркілеу арқылы тістің қалпына келтіру;

В) восстановление зуба наплавкой по медным шаблонам;

Г) қондырғы арқылы тісті қалпына келтіру;

Д) шаблонды тісті профилмен бақылау.

Тістің бастапқы қалыңдығы S= П/2т;

Тістің қалдың қалыңдығы S1=S-S.

Кішкетай модульмен төзген беріліс детальдарды қалпына келтірілмейді, оларды жаңа детальдармен алмастырады. Кейбір жағдайларда үлкен диаметрлі тісті дөңгелектерді тісті дөңгелектердіқалпына келтіреді.

Қатты төзген, үгітілген және сынық тістерді, диаметрлері түзу тісті цилиндрлердің дөңгелектерін жөндейді, тіске төсем жабдықталады. Төсемді винтпен немесе пісіру арқылы жонады (сур 1. б). Сонымен қатар жуан қабатты электродтарды пайдаланып, тістерді электродоғамен капиловкамен шаблонға орналастырады. Наплавкадан кейін дөңгелекті ыстық құмда суытады. Фрезерлерді немесе тісті кескіш станоктарда өңдейді, осыдан қалған тістерді қанмен немесе модульді шаблон арқылытістің профилін бақылайды (сур 1, д) болатты тегершіктерді жоғары жілікті т-зген цементпен нығайтып қатырады.

Жоғары модульді шойынды тегершіктердің тістерін ввертиш қондырғы арқылы жөнделеді (1 сур, г). Сынған жерлердің дөңгелектерін кеседі, пайда болған бет жағындағы тістердің осьтерінен бұрғымен шеңбер жасалынады, оның ішіне болатты шпилькаларды бұрайды, тістің биіктігімен кесімді де, металға наплавляют. Жоғарыда атап өткен әдістер бойынша өңдеу жүргізіледі.

Тісті дөңгелектің эталонмен салыстырып егейді. Қалпына келтірген тістердің размерлерін штангентісөлшегішпен (сур 1, а) немесе штангентісөлшегішпен тексереді, тістердің қадамдарын және профилдерін шаблон арқылы бақыланады (1 сур, д). Тісті берілісті үйкелеп өткеннен кейін 2.....3 сағатқа жүктемесіз обкатывают, 2....3 сағат жүкпен 50 индустриалды маймен майланады. Тісті берілістің қарапайым эксплуатациясы:

Сапалы және тісті дөңгелектерін өңдеу, деталдардың берілістерін дұрыс жинауын қамтамасыз ету. Сонымен қатар валдардың осьтері паралель болуы керек, ал межосевая аралықта тістердің қалыпты ұстауын жетілдіру керек. Тісті дөңгелектер тіс осьтік шектерден жоғары болуы мүмкін, мысалы валдардың клеткаларының тербелуі 0,03 т немесе болмауы керек.

Тісті дөңгелектердің дұрыс жалғануы жанасу нүктеден анықталынады. Жанасу нүктесі тісті дөңгелектердің айналуынан алады, тістің біреуін жұқа қабатпен краска жағылады, жұмыс істегенде тіс екінші тісті дөңгелекке із қалдырады.

Шынжырлы берілістер.

Шынжырдың және шынжырлы берілістердің жұлдызшалардың төзуінің кесірі себеп ол жұлдызшалардың паралель осьтарының бұзылуы валдардағы осьтерінің шығуы шынжырлардың төзуі немесе перуі, берілістің жұмыс істеуі жоғары температурада болуы мысалы: Сопаның майданжәне тағы басқа шынжырлардың перуінің әлсіреуі тістердің бұзылауынан төзуінен болады. Сонымен қатар шынжырлардың созылып кетуі, жұлдызшалардың ұшып кетуі, берілістердің қатты шуланып, жұмыс істеу нәтижесінде шынжырлардың үзілуі. Шынжырлардың төзуі қадамдардың үлкеюінен сипатталынады және бастапқы шынжырлардың қадамдардың шамасымен білдіреді. Шынжырлардың қадамдары (сур4) 50 звеналарға тең, ұзындығы е-мен өлшенеді. Орташа қадамдардың температурасы мынандай формуламен анықталынады.

T=(e1-e)/e)*100%

Е1, немесе е -50 звеналарға тең шынжырлардың ұзындығы, мм.

Жөндеу цехіна келіп түскен машиналардың сыртына ауа үрлеп, механикалық әдіспен тазалайды немесе оларды душ арқылы жуады. Тазалаудан кейін машиналарды смазкадан босатады да, бөлшектейді.

Детальдарды және бөлшектеуге келмейтін ұзындарды жуғыш ванналарда немесе машиналарда жуады, осыдан төзудің дәрежесін анықтайды. Эксплуатацияға келетін детальдарды бөлшектеуге жіберуі, ал жөндеуді талап ететін детальдарды арнайы жөндеу цехтарына әкетеді. Жарамсыз детальдарды ауыстырады. Ұзындарды жинағаннан кейін сынайды. Жиналған машинаны обкадкыдан жай жүрісте және салмақты жүріспен тексереді.

Машинаны жинау және бөлшектеу туралы қысқаша мәлімет.

Машиналарды бөлшектеу және жинау операциялары технологиялық карталарда және схемеларда берілген.

Машиналарды бөлшектегенде группаларға бөледі, группа подгруппаларға немесе детальдарға, группаны ұзындарға, подгруппа ұзындарға, группаның құрамына кіретін ішкізаттар да бөлінеді.

Қосылып тұрған бөлшектерді сваркіленген немесе пайкіленген бөлшектерді, соққылаусыз бөлшектерді бөлшектейді. Бөлшектерді бөлшектегенде оларға таңба қойылады. Сонымен қатар праскамен немесе қышқындық таңбамен қояды. Белгілерді бөлшектердің үстіңгі жағына қояды, жинаған кезде олар бірдей оқылады.

Тәртіп бойынша оларды міндетті түрде таңбалау керек. Осы детальдар тозады, бір-біріне өңделінеді форманың үстіңгі жағы: конустық, седловатость және тағы басқа болады.

Жөндеуге түскен машиналар мен агрегаттарды жуғыш камералар және машиналар тазалайды. Тазалау жуғыш ерітіндінің ағымымен қысымын күшейтумен жүзеге асырады. Жуғыш ерітінді 60-80 градус судан және каустикалық содадан 0,5-2%, хромтикадан тұрады. Жуған машиналарда майды құйып алады. Қою майларды ваннадан және берілістен алу үшін оларды бумен қыздырады немесе ерітіндімен жояды. Детальдарды және машиналарды бөлшектегенде арнайы ерітінді 60-80 градус температурада сірке суын ерітіндіде жуады. Жуғыш ерітінді ретінде керосин, бензин, төртхлорлы көміртегі (ссц) үш хлорэтилмен, фреон-30 қолданылады.

Үлкен датальдарды ерітіндімен тазалайды, ал ұсақ детальдарды ерітінді ванналардың қақпақшалары жабық болуы керек, ваннаның астына созылу зонтығы орналастырылады. Бензин майдың қауіпсіздігін азайту үшін, оның ішіне 3% төрт хлор көміртегі қосады, жуғыш ванналар полоспен жабдықталған, ерітіндіні сынапқа құяды. Керосинді қорғасын детальдар коррозиясын тудырады, сондықтанда оны қолданып болған соң оны сүртеді және маймен жабады.

Сірке ерітіндінің негізгі қызғыш затты олар: каустикалық сода, кальцилерленген сода және үш натрии фосфат сабынды ерітіндігі эмульгатор қосады. Хромтекті детальдарды коррозиядан сақтау үшін поливаторқолданады.

Каустикалық сода алюминиді бұзады, сондықтанда оны ертінді ретінде қолданылмайды, оны алюминии детальдарды өңдеу үшін арналған. Поршендарды нагардан тазалау үшін, басқа детальдарды жуғыш ерітіндіде 2-3 сағат ұстайды.

Жуғыш заттарды өндірісте паста түрінде шығарады. Детальдарда жуғыш ерітіндіде өндегенде 0,5 % -тін пассиватор ерітіндімен шаяды, бұл операцияларды жуғыш машина камераларды орындалады. Жуғыш машиналарды (сур 5) детальдар транспортир немесе рельгашлектасында жиналады, үлкен бөлек детальдар, төр қорапқа салынған ұсақ детальдар. Жуғыш машиналарда ерітіндіні түс тұсырады және фильтрациядан өтеді. Детальдардың жуу ұзақтылығы 10-20 мин. Жуғыш детальдардыауамен кептіреді немесе шкафтың ішінде қыздырады.

Дефектоскопия.

Дефектоскопия бояуы өте жеңіл және қарапайым трекцияларды анықтауға арналған әдіс болып келеді. Керосин негізінде кішкентайпараларды және трекцияларға енеді. Сынауға салынған детальдардытазалайды да 10-15 мин ерітіндіге түсіреді бірдей мөлшерде алынған керосинді және 10-15 % трансформаторлы май ерітіндіден тұрады. Осыдан детальды суртеді, сумен жуады да суспензиямен боялады. Суспензия ішіне кіреді ақаулықтың мөлшерін анықтайды.

Ерітіндіні керосинмен араластырып индустриалды майдан жасауға болады. Детальды 15-20 мин. Ерітіндіні суға араластырып мельмен бояиды. Мельдің үсті сары түске боялады.

Магнитті дефектоскопия магнитті детальдарда пайда болады күштеуге негізделген раковиналды трекшиналарды және т.б.дефектілердіанықтау үшін арналған. Ақау болған жерлерде түзу күшті магниттер ыдырайды немесе ажарытылады. Егер магнитті детальға жұқа қабатты магнитті материалдан ұнтақтың жақсы, мысалы қорғасындыоксиматериалдан ұнтақты. Сандарды жақсы оны сілкіп жіберсе, ұнтақтың жарты бөлігі магнитті күшті сызықтықта орналасады ал ақаулы жерлерде көлшік түрде жиналады.

Түзу сызықты ұсталды ағаш аяғына электромагнит полюстері жалғанады магниттану процесі 2-3 сек. алады.



10 Дәріс. Жылжымалы және стационарлы көтеріп-тасымалдау құрылғысын монтаждау және қалпына келтіру.

Дәріс жоспары:



  1. Электрлебедка мен шынжырлы элеваторларды монтаждау және қалпына келтіру.

  2. Таспалы транспортерлер мен гидравликалық жетегі бар көтеріп-түсіру құрылғысын монтаждау және қалпына келтіру.



11 Дәріс. Ұшаны сою және бөлу жабдығын монтаждау және қалпына келтіру.
Дәріс жоспары:

  1. Автоматты бокстарды монтаждау және қалпына келтіру..

  2. І.Қ.М. терісін сыдыруға арналаған қондырғыны монтаждау және қалпына келтіру.

  3. Ұшаны аралауға арналған электрлік араны монтаждау және қалпына келтіру.


12 Дәріс. Ет кескіш, араластырғыш және престегіш жабдықты монтаждау және қалпына келтіру.
Дәріс жоспары:

  1. Өндірістік ет тартқыш пен ұсақтағыштың монтаждау және қалпына келтіру.

  2. Куттерлер мен коллоидты диірмендердің монтаждау және қалпына келтіру.


13 Дәріс. Ет өнімдерін жылулық және диффузиялық өңдеуге арналған жабдықты монтаждау және қалпына келтіру.
Дәріс жоспары:

  1. Вакуумды көлденең қазандықтарды монтаждау және қалпына келтіру.

  2. Термокамераларды монтаждау және қалпына келтіру.

  3. Автоқақтау қондырғысын монтаждау және қалпына келтіру.



14 Дәріс. Шикізатты механикалық бөлуге арналған жабдықты монтаждау және қалпына келтіру.
Дәріс жоспары:

  1. Сепараторларды монтаждау және қалпына келтіру.

  2. Центрифугаларды монтаждау және қалпына келтіру.


15 Дәріс. Жартылай фабрикаттарды дайындау және мөлшерлеу жабдықтарын монтаждау және қалпына келтіру.
Дәріс жоспары:

  1. Тұшпара автоматтарын монтаждау және қалпына келтіру.

  2. Шприцтерді монтаждау және қалпына келтіру.


2 Лабораториялық сабақтардың атауы және олардың қысқаша мазмұны.
Лабораториялық жұмыс 1. Малды бiрiншi реттiк өңдеу цехын құрастыру туралы техникалық құжаттар
1. Жұмыстың мақсаты: техникалық және методикалық құжаттар тiзiмiмен және мазмұнымен практикалық танысу, малды бiрiншi реттiк өндеу цехының коммуникациялары мен жабдықтарын құрастыруына жоспар құру.

2. Жұмыстың мазмұны: Малды бiрiншi реттiк өндеу цехын құрастыру туралы техникалық құжаттардың тiзiмiн анықтау және коммуникациялары мен жабдықтарды құрастыруды жоспары.

3. Жұмыстың орындалу тәртiбi:

1. Техникалық құжаттардың тiзiмiн тiзiмдеу, әрбiр құжаттың қысқа мазмұнын белгiлеу және қолданылатын саласын көрсету. Құрастыру цехының күнтiзбелiк жоспарларының кестесiн сызу.

2. «Жұмыстың аты» туралы графада, малды бiрiншi реттiк өңдеу цех жабдықтарының тiзiмiн жазу. Еңбек шығыны адам графасында жабдықтың әр бөлiгiн құрастыруға қажеттi адам күнiн аптамен және аймен құрастыру уақыты графасында әрбiр жабдықтың құрастыру ұзақтығын көрсету керек. Ол мынандай формуламен есптеледi:
Тм = T/z6
Мұнда Тм - аптамен есептелген құрастыру ұзақтығы;

Т - кiсi күнiмен есептелген ұзақтығы;

z - берiлген жабдықты құрастыруға бiр мезгiлде қатысқан жұмысшылардын саны.

6-бiр аптадағы жұмыс күдерiнiң саны бiр мезгiлде жұмыс iстейтiн жұмысшылар саны графасында жабдықтың әрбiр бiрлiгiн құрастыруға бiр мезгiлде қатысатын жұмысшылар санын көрсетуi керек.

Құрастыру жұмыстарын iстеу үшiн қажеттi техникалық құжаттарға кiретiндер:

1. Техникалық тапсырма

2. Техникалық жоба

3. Есептiк-түсiндiрме жазбасы

4. Смета

5. Зауытың сызулары (құрастыру )

6. Жұмысшы сызулар

7. Құрастыру сызбалары

8. Жабдықтардың техникалық құжаттары

9. Жабдықтарды пайдалану және құрастыру нұсқалары

10. Жабдықтарды жинақтау ведомосi

11. Коммуникациялы құрастыру сұлбалары

12. Фундаментпен орналасқан цехтың жоспары, кескiндерi мен терен орналасқан құдықтар, анкерлiк болттармен және тiлiктермен жабдықтарды орналастыру.

13. Принциптi электрлiк схемалары және құрастыру сұлбалары.


Техникалық тапсырма - берiлген объекттiнің экономикалық тиiмдiлiгiн және осы объектiні құрудың мүмкiндiлiгiн қарастыру. Ол жұмыс көлемiне қарай кәсiпорынның басшысымен, Минстрлік не болмаса Өкіметтің кеңесiмен бекiтiледi.

Техникалық жоба - бұл барлық конструкторлық құжаттардың жиынтығы. Оның iшiне кiретiн:

1. Басты жоба

2. Құрастыру сызбалары

3. Смета шығындары

4. Коммуникация сұлбалары

Смета шығыны - құрастыру жұмыстарын орындау үшiн енгiзiлетiн құрастыру тiзiмiн анықтайды.

Бекiтiлген техникалық жоба негiзiнде құрастырумен байланысты құрылыс конструкцияларының жұмысшы сызуларын және орында дайындалатын жабдықтардын сызбаларын құрастыру.



Құрастыру сызбаны техникалық жобаны негiзiнде құрастырады. Олар 150 масштабпен орындайды. Олар қабат сайын және түйiндiктерге бөлiнедi. Қүрастыру сызбалар материялдарына спецификациялары кiредi.

Коммуникация құрастыру сұлбаларына су, бу, май, тұздық аммияк, газ канализация құбырларын құрау үшiн және бекiтумен сақтағыш арматурасын, бақылау-өлшегiш аспаптарды орналастыру үшiн пайдаланады. Құбырлардың диаметрiн және өлшемдi-бақылау аспаптардың орындарын схемада көрсетедi.

Құрастыру жұмыстарының күнтiзбелiк жоспарлау

Құрастыру жұмыстардының күнтiзбелiк жоспарлау мақсаты-құрылыс және құрастыру жұмыстарды өткiзу графигiн келiстiру, құрастыру алаңға жабдықтардын түскен мерзiмiн есептегенде құрастыру жұмыстардың орындалу дәйектiлiгiн анықтау. Соған бола бiр неше айға ашылған күнтiзбе жоспарын құрастырады.

Ашылған күнтiзбе жоспарын құрастыру кезінде, егер жеке жабдықты құрастыру уақыты көрсетiлмесе онда жұмыстарды орындауға керектi жұмысшылар саны ең кiшi болу керек.

Коммуникация мен жабдықтардың құрастырудың жайма күнтiзбесiн жоспарлау кезінде оның орындалу мерзiмi 12-кi айдан аспауы тиiстi.

Күнтiзбе жоспарының негiзiне қарап жұмысшылар қозғалысының графигiн құрастырады, ол күн сайын iстеп жүрген жұмысшылардың санын көрсетедi.

Құрастыру процессiнде шығатын барлық өзгерiстердi есепке алуға болмайтындығын әр бiр бригадалардың күндiлiк учаскесiнiң жоспарлары күнтiзбесi жоспары мен негiзiне сәйкес зерттеудi дайындайды, оның iшiне атқарушылар туралы мәлiметтердi кiргiзедi.

Бекiтемiн Бекiтемiн

Тапсырыс берушi ___________ Мердігер ___________


________________200 ж. __________________20 ж.



Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет