ПӘнді меңгеру жөніндегі әдістемелік нұСҚАУ



Дата28.01.2018
өлшемі211,21 Kb.
#34717

Әдістемелік нұсқаулардың

титулдық парағы






Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/40


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті


Гуманитарлы-педагогикалық факультеті
Психология және педагогика кафедрасы


Мамандану практикумы 3

пәнінен
ПӘНДІ МЕҢГЕРУ ЖӨНІНДЕГІ



ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
5В050300 «Психология»

Мамандығының студенттеріне арналған

Павлодар

Тәжірибелік сабақтардың тізімі мен мазмұны.
Кәсіби іс-әрекетті психологиялық зерттеу.

1 Тақырып. Кәсіпті сипаттау схемасы

Кіріспе ескерту. Сабақтың мақсаты. Кәсіби іс-әрекеттің схемасын оқып-үйрену және практикалық қолдану. Жеке тәжірибеде жақсы таныс кәсіпті таңдау. Ол жайында әңгімелесу, бақылау, өзін-өзі бақылау әдістерін қолдана отыра қосымша мағлұматтарды жинау. Схеманың тиісті бөлімдеріне сәйкес кәсіби іс-әрекеттің ерекшеліктерін сипаттау. Сабақтың қорытындысы кәсіптік іс-әрекетті сипаттау болып табылады.

Ұсынылған әдебиеттер тізімі: негізгі 1 47-52 б, 2 49-53 б, 3 41-49 б, қосымша 11 24-37 б, 12 51-58 б, 13 53-63 б;

2 Тақырып. Профессиографиядағы модулды тұрғы

Кіріспе ескерту. Сабақтың мақсаты. Профессиограмманы модулдық құрастыру әдістемесін игеру. Жабдықтау. Әртүрлі кәсіптердің психологиялық модульдері тізбесі. Жұмыс істеу тәртібі. Мамандықпен танысқаннан кейін (бақылау apқылы, әңriмелесу, құжаттарды талдау) алынған ақпартты модулдардың сипаттамасьrмен салыстыpу. Содан кейiн олардың iшiнeн сол мамандыққа сәйкес келетiнiн таңдап алу керек.

Тапсырманы орындау нәтижесi бойынша аталған модулдардан құралған қандай да бiр кәсiптiң психологнялық сипатттамасы ұсынылуы тиiс.

Ұсынылған әдебиеттер тізімі: негізгі 1 56-63 б, 2 52-61 б, 3 75-82 б, қосымша 11 63-79 б, 12 45-58 б, 13 36-43 б;



3 Тақырып. Кәсiби мәндi қасиетгердi сараптамалық бағалауы

Кіріспе ескерту. Сабақтың мақсаты. Кәсіби мәнді қасиеттерді карточкаларды дәрежелік орналастыру арқылы сараптамалық бағалауды алудың әдістемесін меңгеру. Жабдықтар. Шамамен машинкаға басылған мәтiннің сегiзден бiр бөлiгiндей қалың қағaздан жасалған карточкалар жиынтығы. Әрбiр карточкада қасиеттердiң бiрi жазылады немесе терiп басылады, оның мағынасы түсiндiрiлсе тiптен дұрыс болар едi. Жұмыс тәртiбi. Нәтижелердi өңдеу. Сабақтың хаттамасын рәсiмдеу. Психологиялық қасиеттердiң кәсiби мәндiлiri. Сараптамалық бағалаудың жиынтық қоpытындысы.

Ұсынылған әдебиеттер тізімі: негізгі 2 54-68 б, 3 85-92 б, 4 74-95 б, қосымша 12 56-62 б, 13 89-97 б, 14 74-85 б;

4 Тақырып. Оқушының кәсiби мотивациясы.

Кәсiби ic-әрекеттiң жетекшi мотивтерiн анықтауға apнaлған сауалдама және жауап беруге арнaлған парақ қaғаз. Жұмыс тәpтiбi. Зерттеу жеке-дара түрде де, сондай-ақ, топта да жүргiзiлyi мүмкiн. Нәтижелердi өңдеу.

Ұсынылған әдебиеттер тізімі: негізгі 2 81-94 б, 3 96-109 б, 4 65-81 б, қосымша 12 102-116 б, 13 89-117 б, 14 63-97 б;

5 тақырып. Оқушылардың кәсiби қалауларының аумағы.

Йовaши сауалдамасының түрлендiрiлген нусқасы және жауап беруге арнaлған парақ қaғаз. Жұмыс тәртiбi. Жауап парaғы жеке-дара немесе топта толтырылады. Нусқау. Нәтиженi өңдеу.

Ұсынылған әдебиеттер тізімі: негізгі 3 85-94 б, 4 101-118 б, 5 114-122 б, қосымша 13 165-186 б, 14 110-127 б, 15 124-137 б;

6 тақырып. Тұлғa типi мен кәсiби ic-әрекет аумағының өзара байланысы.

Дж.Холланд сауалдамасы және жауап беруге арналған парқ қaғаз. Жұмыс тәртiбi. Жауап бланкiсi жеке-дара немесе топта толтырылуы мүмкін. Нұсқау. Нәтижелердi өңдеу. Алынған мәлiметтердi талдау Дж. Холланд бойынша белгiлi бiр тұлға типiне сәйкес келетiн және белгiленген жауаптардың ең көп санын құрайтын бaғаналарды бөлiп көрсету жолымен жүзеге асады.

Ұсынылған әдебиеттер тізімі: негізгі 3 85-94 б, 4 101-118 б, 5 114-122 б, қосымша 13 165-186 б, 14 110-127 б, 15 124-137 б;
7 тақырып. Оқушының Мен-тұжырымдамасы.

Зерттеу 8-ден 30 aдaмғa дейiн болатын ересек жасөспiрiмдер тобында өткiзiлуi мүмкiн. 1-тапсырма. "Meнің қазiргi және болашақтағы әлеуметтiк рөлiм'. Нетижелердi өңдеу және түсiндiру. 2-тапсырма. "Өзiн-өзi жүзеге асырудың резервтерi". Нәтижелердi өңдеу және түсiндiру.

Ұсынылған әдебиеттер тізімі: негізгі 3 74-81 б, 4 109-134 б, 5 128-146 б, қосымша 13 232-346 б, 14 319-334 б, 15 279-312 б;

8 тақырып. Жоғары сынып оқушыларының әлеуметтiк жетілуі.

Зерттеу кешендi қолданылатын немесе бiрiнен-бiрi тәуелсiз болатын eкi әдiстемелiк тәсiлден тұрады. 1-тапсырма. "Meнің МЕН әлемiм". Нұсқау. Нәтижелердi өңдеу. 2-тапсырма. "Meнің өмiрiмнiң оқиғалары". Нұсқау. Нәтижелердi өңдеу.

Ұсынылған әдебиеттер тізімі: негізгі 3 74-81 б, 4 109-134 б, 5 128-146 б, қосымша 13 232-346 б, 14 319-334 б, 15 279-312 б;

9 тақырып. Оқушыға жеке-даралық тұрғы.

1. Оқyшыларды Айзенк, Шуберт, ММРI әдiстемесi бойынша зерттеу мәлiметтерi. 2. Әр түрлi дара тұлғалық-педaroгикалық ерекшеіктері бар оқушыларғa психологиялық-педaroгикалық әсер етудің дұрыс делінетін тәсiлдерiнiң жиынтық кecтeci. Жұмыс тәртiбi. Сабақ қорытындысы peтіндe оқyшыға оның дара тұлғалық-психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес психологиялық-педaroгикалық әсер ету тәсiлдерiн қолдану жөніндегі нұсқаушыға тұжырымдалған ұсыныстар болуы тиiс.

Ұсынылған әдебиеттер тізімі: негізгі 3 74-81 б, 4 109-134 б, 5 128-146 б, қосымша 13 232-346 б, 14 319-334 б, 15 279-312 б;

10 тақырып. Психомоториканы аппаратуралық бағалау.

Әдiстемелiк кешен уақыт пен кеңістік параметрі бойынша сенсомоторлық реттеудiц дәлдiгiн, тұрақтылығын, шапшандығы мен қарқындылығын (қозу деңгейiн) тiкелей бaғалауға мүмкіндік береді. Оның құрамында күрделiлiгi бойыншa тоғыз деңгейі бар тесттер кіреді. Бұл психомоторлық реттеудiц моторлық, сенсорлық, ойлау, көру және есту құрауыштарын саралап жiктелген бaғаларын (салыстырмалы), сондай-ақ бiрiктiрiлiп жинақталған сипаттамаларын (орташа) бaғалауға мүмкіндік бередi. Оның үстіне жеке және салыстырмалы көрсеткіштер боиынша жүйке жүйесiнiң қасиеттерiн (қозу процесiнiц күші мен орнықсыздықты (лабилдiлiктi) бaғалауға болады, сондай-ақ психомоторлық реттеудің бір қатар ерекшелiктерiн: сыртқы шектеулерге деген сезгiштiгiн, моторлығын, тапсырманы орындаудың дәлдiгi (немесе шапшацдығы) мен күш жұмсауды мейлiнше apттыpyға (немесе азайтуға) деген қимыл-қозғалыс бaғдарларының көpiнyiн бaғaлауға болады. СЧС-93 приборын сипаттау. Жұмыс режiмi. Жарыққа деген қарапaйым сенсомоторлық реакция режiмi. Көрсеткiштерді есептеу.

Ұсынылған әдебиеттер тізімі: негізгі 3 74-81 б, 4 109-134 б, 5 128-146 б, қосымша 13 232-346 б, 14 319-334 б, 15 279-312 б;

11 тақырып. Сенсомоторлық реттеу қасиеттерін функционaлдық күйдiң салыстыpалы және интегралдық көрсеткiштерi арқылы бағалау.

Шкалaға бiрдей, тец интервалдарды (кездесу жиiлiri бойынша) көшiру. Стандарттық ауытқудың шамасына сәйкес бaллға ауыстыру. Процентиль шкаласы бойъшша нормалау (мөлшерлеу). Саралап жiктелген деңгейлiк бaғалау. Бiрiгiп жинақталған экспресс-баға. Сыналушы топтарьщ күйлерiнiц өзгеруiн бағалaу. Жеке-дара бaғалау. Сенсомоторльық реттеудiц сапасы мен функционалдық күйдi салыстырмалы және бiртұтас жинақталған көрсеткiштер бойынша бaғалау. Жабдықтар. Зерттеудің мәлiметтерi (бастапқы көрсеткiштер). Жұмыс тәртiбi.

Ұсынылған әдебиеттер тізімі: негізгі 6 58-64 б, 7 87-95 б, 9 54-63 б, қосымша 17 71-82 б, 18 56-68 б, 19 69-74 б;

12 тақырып. Әлеумeттiк-психологиялық кәсiби адаптация.

Сауалнама және дешифратор. Жұмыс тәртiбi. Нұсқау. Әлеуметтiк-психологиялық бейiмделу децгейi бағаланатын маманды тацдау. Оныц мамaндығының ерекшелiгiне бaйланысты ұсынылатын сауаламaғa түзетулер енгiзiледi. Нәтижелердi өңдеу. Сыналушылардың жауаптары дешифратормен сaлыстырылады және балл бойынmа бaғаланады.

Ұсынылған әдебиеттер тізімі: негізгі 6 58-64 б, 7 87-95 б, 9 54-63 б, қосымша 17 71-82 б, 18 56-68 б, 19 69-74 б;

13 тақырып. Кәсiби дезадаптация.

Сауалдама, кiлт, дешифратор. Жұмыс тәртiбi. Эксперимент жеке-дара түрде не топта жүргiзiлyi мyмкiн. Нұсқау. Нәтижелердi өңдеу. Сыналушылардың жауабын дешифратормен сaлыстыру. Жеке бeлгiлер бойынша балл көрсеткiштерiн санау. Бейiмсiздену децгейiне бaғa беру.

Ұсынылған әдебиеттер тізімі: негізгі 6 58-64 б, 7 87-95 б, 9 54-63 б, қосымша 17 71-82 б, 18 56-68 б, 19 69-74 б;

14 тақырып. Агрессивтiлiк дезадаптацияның көpiнici peтiндe.

Басса-Дарк сауалдамасы, кiлт, жауап парағы. Жұмыс тәртiбi. Сыналушыларға нұсқауымен қоса сауалдама берiледi. Нәтижелердi өңдеу. Ең әуелi кiлтке сәйкес әрбiр шкала бойынша балдар жиынтығы (жалпы саны) есептеледi. Сауалдама бар болғаны arpессивтiлiктiң бес диагностикалық шкаласын құрайды. Ары қарай бүкiл тест бойынша балдар жиынтығы есептеледi.

Ұсынылған әдебиеттер тізімі: негізгі 6 58-64 б, 7 87-95 б, 9 54-63 б, қосымша 17 71-82 б, 18 56-68 б, 19 69-74 б;

15 тақырып. Тәуекелге психологиялық даярлық.

l-тапсырма. Тәуекелге бейiмдiлiктiц көpiнyiн aнықтау. Жабдықтар. Шуберт сауалдамасы, жауап napaғы. Жұмыс тәртiбi. Зерттеу жеке-дара түрде не топта жүгiзiлyi мүмкiн. Нәтижелердi өңдеу және түсiндiру. 2-тапсырма. Тәуекелге ұмтылудың көрінуі және мақсат пен жeтістікке жету мотивациясы децгейiн aнықтау. Жабдықтар. Т.Элерс сауалдамасы. Жауап парағы. Нәтижелердi түсiндiру және тәртiбi.

Ұсынылған әдебиеттер тізімі: негізгі 6 58-64 б, 7 87-95 б, 9 54-63 б, қосымша 17 71-82 б, 18 56-68 б, 19 69-74 б;
Студенттердің өзіндік жұмысының мазмұны
СӨЖ түрлерінің тізімі (с/б ОКБ негізінде)




Сөж түрлері

Есеп беру

Бақылау түрі

Сағат

Көлемі к/б



1

Дәріс сабақтарына дайындалу

Конспект

Сабаққа қатысу

45

2

Тәжірибелік сабақтарға дайындалу, үй тапсырмаларын орындау

Жұмыс дәптері

Сабаққа қатысу

35

3

Аудиториялық сабақтардың мазмұнына кірмеген материалдарды зерделеу

Баяндама

Баяндаманы қорғау

10

4

Бақылау іс-шараларына дайындалу

конспект

МБ 1, МБ 2, емтихан




Барлығы:

90


Студенттердің өзіндік зерделеуіне шығарылған тақырыптар
1 тақырып. Практикалық психологқа қойылатын кәсіби талаптар.

Практикалық психологтың кәсіби және тұлғалық қасиеттерінің сай келуі. Психолог өз ойын жазба мен ауызша түрде айта алу және психологиялық қорытындыны кәсіби түрде нәтижелеу.

Ұсынылған әдебиеттер тізімі: негізгі 1 47-52 б, 2 49-53 б, 3 41-49 б, қосымша 11 24-37 б, 12 51-58 б, 13 53-63 б;

2 тақырып. Оқу үрдісінде психологиялық құрылымы қалыптастыру.

Психологиялық бөлімінің құрылымы. Оқу үрдісіндегі психологиялық құрылымның негізгі міндеттері. Оқу үрдісіндегі психологиялық құрылымның даму тенденциясы.

Ұсынылған әдебиеттер тізімі: негізгі 1 56-63 б, 2 52-61 б, 3 75-82 б, қосымша 11 63-79 б, 12 45-58 б, 13 36-43 б;

3 тақырып. Балалар мен ата-аналарға кеңес беру ерекшелігі.

Кеңес берудің жоспарлау міндетіне коррекциялық жұмыстарды енгізу. Бала мен ата-анларға тікелей және қосалқы әсер ету. Ата-аналар тарсырысы және бала проблемасы. Ата-анаға және балаға әсер етудің мінездемесі.

Ұсынылған әдебиеттер тізімі: негізгі 2 54-68 б, 3 85-92 б, 4 74-95 б, қосымша 12 56-62 б, 13 89-97 б, 14 74-85 б;

4 тақырып. Балалар мен ата-аналарға кеңес берудің әдістері.

Ақпараттарды жинау және әсер ету тәсілі. Әңгімелесу ақпаратты жинаудың және әсер етудің негізгі әдіс ретінде. Сауалдар ақпарат жинаудың негізгі әдіс ретінде. Сауал түрлері. Генограмма әдісі. Суреттік және өзге де жобалы әдістер. Бала мен үлкен адамның біріккен әрекеттерінің әдістері. Ойындық әдістер. Эмоционалдық-тұлғалық ортаның диагностикасының әдістері.

Ұсынылған әдебиеттер тізімі: негізгі 8 254-265 б, 9 145-171 б, 10 174-182 б, қосымша 18 256-267 б, 19 174-182 б, 21 164-178 б.

5 тақырып. Оқушының мектепке психологиялық даярлығы.

Мектепке даярлық проблемасының шешу жолдарының әдістері. Балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты психодиагностикалық әдістер, олардың нәтижелілігі.



Ұсынылған әдебиеттер тізімі: негізгі 8 254-265 б, 9 145-171 б, 10 174-182 б, қосымша 18 256-267 б, 19 174-182 б, 21 164-178 б.
Әдебиеттер тізімі
Негізгі:

  1. Тынышбаева А.А., Берсебаева А.Т. Практикум по психологии. Типовая программа. Алматы., 2001

  2. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған бағдарлама. // «Егемен Қазақстан», №16 қазан, 2004.

  3. Ғаббасов С. Педагогика мен психология негіздері. Оқу құралы. – Алматы: «Таймас» баспа үйі, 2008. – 448 бет.

Сәбет Бап-Баба. Жантану негіздері. –Алматы, 2001.

  1. Жүсіпбек Аймауытұлының психологиялық көзқарастары : студенттер мен мұгалімдерге арналған көмекші құрал / Қ.Б.Жарықбаев. - Алматы : Білім, 2000. - 75 б.

  2. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік. Психология = Русско-казахский толковый словарь. Психология : сөздік / Құрас. Е.Арын. - Павлодар : С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, 2002. - 134 б.

  3. Жалпы психология : дәрісбаяндар жинағы / С. Б. Бап-Баба. - Алматы : Дарын, 2005. - 354 б.

  4. Асқаров Е.С. Ғылыми зерттеулердің негіздері : оқу құралы / Е. С. Асқаров, Е. Қ. Балапанов, Б. Ә. Қойшыбаев ; Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі. - Алматы : ЖТИ, 2005. - 182 б. - (Информациялық мәдениеттің негіздері). - ISBN 9965-9293-8-6 : 410 т.

  5. Психология. Адамзат ақыл-ойының қазынасы. 10 томдық : ғылыми басылым. Т.5. Гуманистік психология. - Алматы : "Таймас" баспа үйі, 2005.

Қосымша әдібиеттер:

  1. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі педагогика және психология: 4000-ға жуық термин : сөздік. - Алматы : Мектеп, 2002. - 254 б.

  2. Тарақов Ә.С. Аударма психологиясы және мәдениеті : оқулық / Ә. С. Тарақов. - Алматы : Қазақ университеті, 2005. - 58 б.

  3. Жұмасова К.С. Психология : оқулық / К. С. Жұмасова. - Астана : Фолиант, 2006. - 289 б. - (Кәсіптік білім).

  4. Сарсембаева Г.А. Социология және психология негіздері : сырттай оқу бөлімінін студенттері үшін бақылау жұмыстарының тақырыптары және оларды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар / Г. А. Сарсембаева ; Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі (Өскемен), Д.Серікбаев ат. ШҚМТУ. - Өскемен : ШҚМТУ, 2005. - 10 б.

  5. Бондарева Т.Г. Еңбек физиологиясы және психологиясы : 050731 "Еңбек және тіршілік қауіпсіздігі" мамандығының студенттеріне практикалық сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар / Т. Г. Бондарева, Д. К. Омарова, А. М. Рахметова. - Өскемен : ШҚМТУ, 2006.

  6. Сейталиев К. Жалпы психология [Текст] : оқу құралы / Қ. Сейталиев. - Алматы : Білім, 2007. - 359 б.

Каталог: arm -> upload -> umk
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> Методические указания по прохождению учебной практики для студентов специальности 5В020400 «Культурология»
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы
umk -> Бағдарламасының титулдық пму ұс н 18. 4/19 парағы (syllabus) Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
umk -> Бағдарламасы Нысан пму ұс н 18. 2/06 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
umk -> Программа Форма ф со пгу 18. 2/06 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет