Пәнге кіріспе. Психология пәні, міндеттері және әдістері Лекция жоспары



бет2/10
Дата15.06.2023
өлшемі153,48 Kb.
#178809
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Ï?íãå ê³ð³ñïå. Ïñèõîëîãèÿ ï?í³, ì³íäåòòåð³ æ?íå ?ä³ñòåð³ Ëåêöèÿ
Тіл тарихы Есерқан Данияр, икт тесты с ответами
Психикалық үрдістер – бұл объективтік шындықты субъективтік бейнелеудің әртүрлі формасы. Психикалық үрдістерді сонымен қатар психикалық функциялар деп атайды. Психикалық үрдістердің көмегімен қоршаған ортаны тану іске асады, білім мен дағдыны, оқыту мен іс-әрекетті меңгереді. Төмендегідей психикалық үрдістердің негізгі түрлері қарастырылады: түйсіктер, қабылдау, ес, елес, қиял, ойлау, сезім және эмоция, ерік.
Психикалық қасиеттер – бұл адамдардың бір-бірінен айырмашылығын білдіретін жеке тұлғаның дара психологиялық ерекшеліктері. Психикалық қасиеттерге темперамент, мінез, қабілеттілік жатады.
Психикалық жағдайлар (қалып) психикалық іс-әрекеттің уақытша дамуын сипаттайды. Оқыту мен іс-әрекеттің жемісті орындалуына ерекше ықпал ететін адамның ішкі дүниесінің негізгі саласы болып табылады. Мәселен, белсенділік немесе енжарлық, шаршау, стресс т.б. психикалық жағдайлар. Барлық психикалық құбылыстар бір-бірімен өзара байланысты.
Жанды зерттеу, түсіндіру психология пәнінің қалыптасуының алғашқы кезеңі болып табылады. Демек, алғаш рет психология жан туралы ғылым ретінде қарастырылады. Психиканың мәні туралы ғылыми көзқарастың қалыптасуы мен дамуы әр уақытта философияның негізгі мәселесі – материя мен сананың, материалдық және рухани бастаманың арақатынасын шешумен тығыз байланысты.

2. Психология ғылымы дамуының негізгі кезеңдері.
19-ғасырдың 2-ші жартысынан бері қарай ғалымдар психикалық қыбылыстарды (түйсік, қабылдау, ес, елес т.б.) эксперимент жүзінде әр-түрлі құрал-жабдықтың кӛмегімен зерттей бастады.Осы кезден бастап психология өз алдына дербес отау тігіп, тәжірибелік ғылым ретінде дами бастады. Психиканы зерттеу және түсіндіру психология пәнінің қалыптасуының алғашқы кезеңі болады. Сонымен психология алғашқыда Жан туралы ғылым ретінде анықталды. Әр тарихи дәуірлерде ғалымдар ғалымдар бұл сөз мағынасын сан қилы түсіндірді.

Осы мәселені шешудің төңірегінде екі бір-біріне қарама-қарсы философиялық бағыттар пайда болады: идеалистік және материалистік. Идеалистік философияны жақтаушылар психиканың материяға тәуелсіз, өз бетімен өмір сүретін бірінші алғашқы құбылыс деп қарастыру. Психиканы материяның туындысы бойынша психиканы екінші құбылыс, материядан туады деп қарастырады. Идеалистік философияның өкілдері материямен байланыссыз ерекше діни бастаманың өмір өмір сүретіндігін мойындайды, олар психикалық іс-әрекетті материалдық және өлмейтін жанның көрінісі ретінде қарастырады тек ғана біздің түйсіктеріміз бен елестетулеріміз немесе кейбір белгісіз «абсолюттік» рухтың, «әлемдік ерік-қайраттың», «идеялардың» байқалуы деп түсіндіреді.


Психикалық құбылыстар бізді қоршап тұрған сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының мидағы әр түрлі бейнелері болып табылады. Олар (түйсік, елес, ой, сезім, тілек, қабілет, қызығу, мінез, әдет т.б.) көпшілігімізге өз тәжірибемізден жақсы мәлім, тілімізде жиі кездесетін ұғымдар. Бір қарағанда бұлардың мәнін әрқайсымыз тез ажырататын да, білетін де сияқтымыз. Бірақ психикалық құбылыстардың мәнін ғылыми тұрғыдан түсіну арқылы ғана жан–жақты ажыратуға болады. Осы мәселені ғылыми жолмен баяндауды, олардың өзіндік заңдылықтарын айқындауды сөз болып отырған психология ғылымы қарастырады. Психология ерте замандардан келе жатқан білім салаларының бірі. Оның дүниеге тұңғыш келген жері ежелгі Греция. «Психология» термині гректің екі сөзінен тұрады: оның біріншісі — «псюхе» (жан), екіншісі — «логос» (сөз, ілім). Сөйтіп, бұл сөз «жан туралы ілім» деген ұғымды білдіреді.
Психология ғылымының даму тарихы 2 кезеңге бөлінеді. Оның біріншісі 2500 жылға созылған, ежелгі гректің ғалымы Аристотель есімімен байланысты. 2500 жылға созылған осы кезеңде психология басқа ғылымдармен (философия, медицина, әдебиеттану, жаратылыстану т.б.) аралас дамыды. Оның 2-ші тарихы 1879 жылдан басталады. Осы жылы неміс ғалымы В.Вундт Лейпцигте тұңғыш лаборатория ұйымдастырып, дербес эксперименттік ғылым болуына себепкер болды,

Психология ғылымының даму тарихы бірнеше кезеңдерге бөлінеді:
1. Психология жан туралы ғылым.
2. Психология сана туралы ғылым.
3. Психология жүріс-тұрыс туралы ғылым
4. Психология психика туралы ғылым.
1-ші кезең. ( б.з.дейінгі 5ғ. ).Психология жан туралы ғылым ретінде. Жан туралы ғылыми түсінік ежелгі гректердің әмбебап ғалымы Аристотель (б.з.д. 384-322) есімімен байланысты. Екі жарым мың жылға созылған осынау кезеңде психология басқа ғылымдармен (философия, медицина, әдебиет, жаратылыстану, т.б.) аралас, астарласа дамып келді. XIX- ғасырдың екінші жартысынан былай қарай ғалымдар жан құбылыстарын (түйсік, ес, ойлау, қиял т.б.) эксперимент жүзінде әртүрлі құрал-жабдық аспаптардың көмегімен зерттей бастады. Осы кезден бастап, психология өз алдына дербес отау тігіп, тәжірбиелік ғылым ретінде дамыды. Психология ғылымының тарихы да біріне-бірі қарама-қарсы (материализм, идеализм) жоғарыда аталған екі бағыттың үздіксіз ой-пікір тартысына толы. Мысалы, ертедегі грек ойшыларының бірі Демокрит (б.э.д. 460-370) сол кездің өзінде-ақ жанды (психика) оттың атомдарындай қозғалмалы қасиет деп түсіндірді. Ол жанның мәңгі еместігін, оның өсіп, өшіп отыратындығын айтып, материалистік тұжырым жасады. Сол заманның екінші бір ойшылы, идеалист Платон (б.э.д. 427-347) керісінше “жан- мәңгі өлмейді, өшпейді”,- деп тұжырымдады. Психикалық әрекетті осылайша екі түрлі көзқарас тұрғысынан түсіну, қоғам дамуының кейінгі кезеңдерінде, әсіресе, орта ғасырлар заманынан бермен қарай кең өріс ала бастады. Шығыстың ұлы ойшылы Әбу Насыр әл-Фараби (870-950) дүние- материядан құралады, ол жойылмайды, бір түрден екінші түрге көшіп, өзгере береді, жан денеден бұрын өмір сүрмейді, бір денеден екінші бір денеге барып орналаса да алмайды деп материалистік тұрғыдан дұрыс пайымдаса, батыс ойшылы Фома Аквинский (1225-1274ж.ж.) жанның мәңгі өлмейтіндігі, оның денеден бөлек өмір сүретіндігі жайлы пікірлерді ары қарай дамытып, осы көзқарастың кең өріс алуына мүмкіндік берді.
2-ші кезең. Психология сана туралы ғылым ретінде. ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырлардағы философтар психиканы түсінудің методологиялллық алғы шарттарының негізін қалады,оның психологияның өз алдына білімнің жеке саласы ретінде қалыптасуына ықпалы тиімді. Р.Декарт (1596-16650 ) жануарлар мен адам психикасына әр түрлі қаруды белгілейді.оның теориясы бойынша ,жануарлардың жаны жоқ олардың мінез-құлқы,сыртқы әсерге рефлекс болып табылады.
Д.Локк (1632-1704) сенсуализмнің –ақыл-ой жүйесінде сезім мүшелері арқылы өтпейтін еш нәрсе жоқ дейтінді уағыздайтын философиялық бағыттың аса көрнекті өкілдерінің бірі.Ғалым психикалық іс-әрекет механизмін ассоциациялардан ,яғни жеке түсініктер мен идеялар арасындағы байланыстардан көреді.Д.Локк сананы өзімен-өзі тұйықтап,сана туралы ілімде іс жұзінде декарттық тұрғыда қалып қойды.
3-ші кезең. Психология іс-әрекет туралы ғылым ретінде.
1913жылы американ психологы Д.Уотсонның психологияны мінез-құлық жөніндегі ғылым деп қарастырған кітабы жарық көрді .Зерттеуші интроспекция әдісін субъективті деп жоққа шығарды :оның нәтижесінде алынған деректерді Уотсон тек бақылаушының өзі үшін ғана нақтылы нәрсе деп есептеді. Бихевиоризм сана жөніндегі декарттық –локктік концепцияның дәрменсіз екенін атап көрсетті.Бихевиористердің пікірі бойынша психология сананы ,оның мазмұны мен қызметін зерттеуден бас тартуға тиіс.Ғылым тек объективті түрде байқауға болатын және әр кім үшін белгілі,яғни мінез –құлықты зерттеуі қажет.Зерттеу п.әні өзгерді /сананың орнына мінез-құлық алынды/,сөйтіп жаңа ғылыми тіл пайда болды . “Сана” ,“түйсік” “қабылдау ”, “ерік ”деген және басқа терминдер ғылыми мазмұны жоқ сөздер ретінде жоққа шығарылды. “Стимул” (сыртқы орта қоздырғышы ) “реакция ” (организмнің қозуға қайтаратын жауабы)және стимул мен реакция арасындағы “байланыс”( ассоциация, коннексия )негізгі психологиялық ұғымдарға айналды. Сондықтан да бихевиоризмді көбінесе стимул-реактивті теория немесе С-Р ассоциационизмі деп атайды.Психологиялық зерттеулердің мақсаты –ортаға бейімделуге бағытталған мінез-құлықтың принциптерін зерттеу.
4-ші кезең. Психология ғылым ретінде психиканың фактілерін, заңдылықтарын және механизмдерін зерттейді.
Сыртқы әсердің адамның ішкі ерекшеліктері арқылы өңін өзгертуі көптеген жағдайларға оның жас мөлшеріне,білім деңгейіне,белгілі бір сыртқы әсерге бұрыннан қалыптасқан қарым-қатынасына ,белсенділік деңгейіне және,ең бастысы,қалыптасқан дүниетанымына тәуелді.Сонымен психиканың мазмүны реалды,бізге тәуелсіз және өмір сүретін заттардың, құбылыстардың, оқиғалардың ақиқат бейнесі (яғни, объективті дүниенің бейнесі ) болып табылады. Бірақ бұл бейнелер әр адамда оның өткен өмір тәжірибесіне, мүддесіне, сезіміне, дүниетанымына тағы басқаларға байланысты өзіндік өзгешелікпен пайда болады. Сондықтан да бейнелеу субъективті. Осылардың бәрі психика дегеніміз - объективті дүниені субъективті бейнелендіру деуге әбден болады.
Психикалық бейнелеудің дұрыстығын мойындаудың принциптік маңызы зор. Себебі нақты осы қасиет ақиқатты танып-білуді,оның объективті заңдылықтарын анықтауды және одан кейінгі жерде оларды адамның теориялық және практикалық қызметінде қолдауды мүмкін етеді.
Психика-қоғамдық –тарихи практикамен тексеріліп, құпталған дүниенің шынайы да дұрыс бейнеленуі.
Психологияның негізгі міндеті адамның психикалық іс-әрекетінің заңдылықтарын зерттеу болып табылады.
Психологияның заңдылықтары көрсеткендей, адам миында объективтік дүниені қалай бейнелеуге, адам қоршаған ортадағы объективтік дүниені қалай танып білуге болады? Психологиялық заңдылықтар, психикалық іс-әркет қалай дамиды, жеке тұлғаның психикалық қасиеттері қалай қалыптасады, міне, осыларды ашып көрсетеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет