Пәні: Қазақ тілі Тақырыбы: Дауыссыз дыбыстардың түрлері Мақсаты



Дата08.09.2017
өлшемі0,51 Mb.
Қант зауыты орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар мемлекеттік мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі Смайлханова Ғ.Ү.

Пәні: Қазақ тілі

Тақырыбы: Дауыссыз дыбыстардың түрлері

Мақсаты: 1) Білімділігі: Оқушыларға дауыссыз дыбыстардың түрлері туралы түсінік беру. Сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру.

2. Дамытушылығы: Оқушылардың тіл байлығын, өз беттерінше жұмыс жүргізуін, сөздік қорларын, сөйлеу мәнерін дамыту.

3. Тәрбиелігі: Оқушыларға экологиялық тәрбие беру, табиғатқа қамқорлыққа, еңбекке, ептілікке тәрбиелеу.

Көрнекілік: Табиғат көрінісі бейнеленген мазмұнды сурет, суреттер, кестелер, дидактикалық, үлестірмелі тапсырмалар.

Әдісі: сұрақ-жауап, өзіндік жұмыс.

Түрі: Жаңа сабақ.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың сабаққа дайындығын қадағалау.

ІІ. Өткенді пысықтау. Өткен сабақ «я» және «ю» әріптерінің жазылуы бойынша сұрақтар қою, ережелерді қайталау.

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: Дауыссыз дыбыстардың түрлері туралы білу.

ІІ. Жаңа сабақ. Сызба бойынша жұмыс.

Оқушылардың дыбыстар бойынша білетіндерін қайталап еске түсіру.

Дыбыс деген не? Әріп деген не? Дыбыстар нешеге бөлінеді? Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді?

- Балалар, қазір сендер мына бір ертегіні тыңдап көріңдерші.

Ертеде әріптердің барлығы бірге өмір сүріпті. Олардың барлығы бір түсті болыпты. Олар тату- тәтті өмір сүріпті. Бір күні қатты дауыл соғады. Желдің қатты соққаны соншалық әріптердің барлығы жан- жаққа шашырап ұшыпты. Бірнеше әріптер күнге қонып, күйіп қып- қызыл болып кетіпті. Бұлар қандай дыбыстар? (Дауысты дыбыстар)

Ал, енді біреулері бұлтқа қонып үнді болып қалыпты. Енді біреулері ағашқа қонып ұяң болып қалыпты. Ал кейбіреулері ағаштың діңіне қонып қатаң болып қалыпты. Олар күні бойы жылап, қайғырыпты. Бұларды төбелерінен көріп тұрған дауысты дыбыстар бір шешімге келіп бұларды біріктіру керек депті. Сөйтіп олар сендерге хат жолдапты.

Хат.

Құрметті, балалар! Сендерден күнделікті сабаққа тиянақты дайындалып, кітапты жақсы оқып, дәптерлеріңе көркем, сауатты жазып жүрсеңдер екен- деп, өтінеміз. Ал, қазір ол дыбыстарды аттарымен атап шақырса, олар өз мекендеріне оралады.



(«Алфавит» плакат бойынша түсіндіріп өту. )

Дауыссыз дыбыстардың түрлері:

Қатаң дауыссыздар: к, қ, п, с, т, ф, х, һ, ц, ч, ш, щ

Ұяң дауыссыздар: б, в, г, ғ, д, ж, з

Үнді дауыссыздар: л, м, н, ң, р, й, (у)

- Балалар, біздер әріптерді біріктірдік, енді оларды қалай атаймыз? (Дауыссыз дыбыстар)

-Олай болса балалар, дәптерімізді ашып, бүгінгі күннің ретін жазайық.

ІІІ. Көркем жазу минуты

Ана әке бала ата апа әпке сіңлі аға қарындас

ІV. Оқулықпен жұмыс.

121-жаттығуда берілген өлеңді мәнерлеп оқып, көшіріп жаз. Қарамен жазылған сөздерден дауыссыз дыбыстарды тап.




Арыстандай айбатты,

Жолбарыстай қайратты,

Қырандай күшті қанатты

Мен жастарға сенемін. (Мағжан Жұмабаев)

Ребусты шеш. Шешуіндегі сөзді қатыстырып сөйлем құра. Шешуі: Қолшатыр

Менде әдемі қолшатыр бар. Далада жаңбыр жауып тұрғанда қолшатыр ұстаймын.

Әр оқушыға өзінің құраған сөйлемін оқыту.

V. Сергіту жаттығуы.

Бойды бекем тік ұста,

Еркін тұрып тыныста.

Оң қолыңды оң жаққа

Сол қолыңды сол жаққа,

Жайғын енді тұрмағын.

Шеңбер жасап бұлғағын.

VІ. Суретпен жұмыс. Суреттегі сөздерге дыбыстық талдау жаса.

Доп, шар, алма.

Үлгі: д- дауыссыз, ұяң



о- дауысты, жуан

п- дауыссыз, қатаң

VІІ. Өзіндік жұмыс. 1-тапсырма. Балалар, кімнің аты ұяң, қатаң, үнді дауыссыздан басталып айтылады?

Балалардың жауабы: Дарина, Дамир, Бақытбек, Бақтыбек, Бағжан, Гауһар- ұяң дауыссыздан басталып айтылады.

Мирас, Мадияр, Назерке, Расул- үнді дауыссыздан басталып айтылады.

Саян, Сана, Сабина- қатаң дауыссыздан басталып айтылады.



2-тапсырма. «Қарлығаш» сөзіндегі дауыссыз дыбыс әріптерінен басталып жазылатын жаңа сөздер тауып жаз. (Қар, қарға, қара, лақ, ғарыш)

VІІІ. Қорыту. Өткен сабақ бойынша сұрақтар қойып, сабақты қорыту.

- Қандай дыбыстар туралы білдік?



- Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?

ІХ. Оқушылардың білімдерін бағалау. Сабақ бойы жақсы жауап беріп, белсенділік танытып отырған оқушылардың білімдерін бағалау.

Х. Үйге тапсырма. 122- жаттығу. Дыбыстар туралы білу.
Каталог: uploads -> doc -> 0620
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0620 -> Ә. Рудаки. «Өмір маған ақыл айтты» Қысқа мерзімді жоспар Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 8 тақырып ә. Рудаки. «Өмір маған ақыл айтты»


Достарыңызбен бөлісу:


©www.engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу