Пәні бойынша оқыту бағдарламасы (Syllabus)



бет6/6
Дата07.02.2022
өлшемі224 Kb.
#92564
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6
8 Тақырыптық жоспар







Тақырыптардың атауы

Сабақ түрлері бойынша қарым-қатынастық сағаттар саны

Д

Т

СӨЖ

1

2

3

4

5

1

Жоғары кәсіптік білім берудің заңнамалық негіздері.

1




1,5

2

Педагог мамандығының жалпы сипаттамасы. Педагогтың кәсіби іс-әрекеті және оның тұлғасы.

1




1,5

3

Педагогикалық іс-әрекеттің құрылымы. Педагогтың кәсіби біліктілігі.

1




1,5

4

Педагог тұлғасының кәсіби қалыптасуы мен даярлығы. Студенттің оқу еңбегінің мәдениеті.

1




1,5

5

Педагогтың даярлық жүйесіндегі педагогикалық тәжірибе.

1




1,5

6

Зерттеушілік іс-әрекет педагогикалық іс-әрекетінің компоненті.

1




1,5

7

Педагогикалық шығармашылықтың психологиялық-педагогикалық негіздері.

1




1,5

8

Педагогикалық қарым-қатынас шығармашылық процесі ретінде.

1




1,5

9

Психология ғылым ретінде түсінігі.

1




1,5

10

Психологиялык ғылымның негізгі бөлімдері.

1




1,5

11

Психологиядағы ғылыми емес зерттеулер.

1




1,5

12

Ғылымға дейінгі психология. Ғылыми психологияның пайда болуы.

1




1,5

13
Психологияның мектеп және бағыт.

1




1,5

14

Білім ордасында психологтың практикалық жұмысы.

-




1,5

15

Психологтың іс-әрекеті медициналық орталығының спецификасы.

-




2

16

Психологиялық кәсіби іс-әрекеті бизнес аймағы.

-




2

17

Кәсіби біліктіліктің сапасы жеке программа ретінде реттеу.

-




2

18

Қазакстан Республикасындағы психология ғылымының дамуы. Қазіргі Қазақстан психологиясының және этнопсихология-сының дамуы.

1




1,5

19

Кәсіби ажырату және оның мәнісі тұлғаның өзін реттеуі. Психолог - маман ретінде өзін реттеуі.

1




1,5




Барлығы: 45 с.

15




30



9 Пәннің қысқаша сипаттамасы (5-8 сөйлем)
Бұл курсты оқу студенттерге төмендегідей мүмкіндік береді:

  • тәрбие мен окытудың ғылыми негіздерін, педагогиканың негізгі категорияларын, оның құрылымын, мектептегі оқу-тәрбие процесін құрудың психологиялық-педагогикалық ерекшеліктерін, қазіргі кездегі педагогика ғылымының даму тенденцияларын меңгеруге;

  • өзіндік педагогикалық көзқарасты қалыптастыруға;

  • болашақ маман араласатын шын педагогикалық іс-әрекетті одан әрі жетілдіру және өздігінен білім алу үшін негіз жасауга.

Студенттерді тәрбие мен оқытудың ғылыми негізде жасалган жүйелерімен таныстыру олардың білім беру процесінің мүмкіндіктері женінде ой-өрісін кеңейтеді, оны тұтас процесс ретінде құрудың қажеттігін көре білуді қамтамасыз етеді, тұлғаны тәрбие және оқытудың субъекті ретінде түсінуге көмектеседі.
10 Курс компоненттері
Пән тақырыптарының мазмұны
1-тақырьш. Жоғары кәсіптік білім берудің заңнамалық негіздері.
ҚР Конституциясы «ҚР білім беру туралы» Заңы. «Білім беру туралы» Заңда анықталған мұғалімдердің құқықтары мен міндеттері. ҚР жоғары кәсіптік білім беру Тұжырымдамасы. Мемлекеттік стандарттар. ҚР 2005-2010 жж. Мемлекеттік білімді дамыту бағдарламасы.
2-такырып. Педагог мамандығының жалпы сипаттамасы. Педагогтың кәсіби іс-әрекеті және оның тұлғасы.
Педагог мамандығының пайда болуы және қалыптасуы. Педагогтық азаматтық боршы. Өткен дәуірдегі көрнекті педагогтар. Педагог мамандығының ерекшеліктері. Педагог мамандығының білімділік деңгейінің диагностикасы. Педагог мамандығының гуманистік ұжымдық және шығармашылық сипаты. Педагог мамандығының болашақ дамуы.
Педагогикалық іс-әрекетінің мәні: педагогикалық іс-әрекетінің мақсаты тарихи динамикалық құбылыс ретінде. Педагогикалық қызметтің негізгі түрі білім беру және тәрбиелеу.
Педагогтың жеке тұлғасы: негізгі кәсіби маңызды қасиеттері. Педагог пен оқушылар іс-әрекетінің тиімді критерийлері.
3-тақырып. Педагогикалық іс-әрекеттің құрылымы. Педагогтың кәсіби біліктілігі.
Н.В. Кузьминаның зерттеуі бойынша педагогикалық іс-әрекетінің компоненттері. А.И.Щербаковтың зерттеуі бойынша педагогикалық процесті жүзеге асыру сатысындағы педагогикалық іс-әрекетінің компоненттері. Н.Д.Хмельдің зерттеуі бойынша педагогикалық іс-әрекетінің компонеттері (функционалдық мәні). Педагог педагогикалық іс-әрекет субъектісі ретінде: педагог позициясы, педагогтың әлеуметтік кәсіби позициясы. Л.Б.Ительсонның зерттеуі бойынша педагогтың негізгі ролдік педагогикалық позициясының сипаттамасы. Педагогикалық іс-әрекетке кәсіби даярлық. Кәсіптену педагогикалық білім беру мақсатының бейнеленуі ретінде.
«Кәсіби біліктік» ұғымы. Психологиялық-педагогикалық білімі. «Іскерлік» ұғымы. Педагогикалық іскерлік жиынтығы ретінде педагогтың педагогикалық біліктілігінің құрылымы. Педагогтың теоретикалық және практикалық (тәжірибелік) даярлығының мазмұны. Педагогтың кәсіптік біліктілігі мен педагогикалық шеберлігі.
4-тақырып. Педагог тұлғасының кәсіби қалыптасуы мен даярлығы. Студенттің оқу еңбегінің мәдениеті.
Педагогтың жалпы педагогикалық жағдайы, осы кезеңдегі кәсіби дайындыққа қойылатын талаптар. Болашақ педагогтың жалпы педагогикалық білім, іскерлік дағдының қалыптасу деңгейлері мен кезеңдері. Педагогикалық пәндер бойынша оқу процесін ұйымдастыру. Педагогикалық мамандықты таңдау себептері мен педагогикалық іс-әрекет мотивациясы. Педагогикалық білім беру жүйесіндегі педагогтың жеке басының дамуы. Студенттің оқу еңбегінің мәдениеті. Болашақ педагог – студенттің кәсіби тұрғыдағы өзін-өзі тәрбиелеу, студент педагогтың өзбетінше білім алуының негізі.
5-тақырып. Педагогтың даярлық жүйесіндегі педагогикалық тәжірибе.
Педагогикалық тәжірибе міндеттері. Педагогикалық тәжірибені ұйымдастырудың негізгі ережелері. Студенттерді педагогикалық тәжірибеге дайындау. Педагогикалық тәжірибе мазмұнының ерекшеліктері. Педагогикалық тәжірибеге басшылық жасау жүйесі. Педагогикалық тәжірибе кезіндегі іс-әрекетіне бақылау жасау түрлері мен формалары.
6-тақырып. Зерттеушілік іс-әрекет педагогикалық іс-әрекетінің компоненті.
Педагогикалық зерттеулердің жетекші принциптері. Ғылыми ісденістердің негізгі звенолары, олардың мінднттері, өзара байланысы. Педагогикалық зерттеуді құрастыру логикасының жалпы негіздері. Ғылыми еңбектердің түрлері: реферат, баяндама, хабарлама, рецензия, оқу құралдары, диссертация. Педагог тұлғасының қалыптасып дамуындағы зерттеушілік іс-әрекетінің ролі.
7-такырып. Педагогикалық шығармашылықтың психологиялық-педагогикалық негіздері.
Педагогтың шығармашылық даярлығы мен педагогикалық мұраты. Педагогикалық шығармашылықтың «алгоритмі». Шығармашылық процедура мен педагогикалық міндеттерді жүзеге асыру технологиясы. Шығармашылық ойлау. Педагогтің жеке басының студенттері тәрбиелеудегі шығармашылық рөлі.
8-тақырып. Педагогикалық қарым-қатынас шығармашылық процесі ретінде.
Педагог іс-әрекеті құрамындағы педагогикалық қарым-қатынас. Коммуникативтік міндет. Педагогикалық қатынас функциясы. Педагогикалық қарым-қатынасты жүзеге асыру кезеңдері мен түрлері. Көпшілдік педагогтың кәсіби-тұлғалық қасиеті ретінде. Кәсіби педагогикалық қарым-қатынас стильдері.
9-тақырып. Психология ғылым ретінде түсінігі.
Психология гуманитарлық ғылым тәріздес. Гуманитарлық және табиғи ғылым жүйесінде психологияның алатын орны қазіргі кезеңдегі психологиялық білім белсенділігі, турмыстың және ғылыми психологиялық білім.
10-тақырып. Психологиялық ғылымның негізгі бөлімдері.
Психология ғылымының специфика пәні. Қазіргі кезеңдердегі психологияның тапсырмасы мен әдістері. Психологиялық ғылымның негізгі бөлімдері және олардың психолог практиктердің іс-әрекетіне тигізетін әсері.
Академиялық психология: адам қоғамының іс-әрекетіндегі ерекше ғылым. Әдістік білімнің құрылымы мен функциясы. Қоғамның санадағы біліммен мифтер мәселенің туралығы және психологиялық білімінің объективтілігі. Практикалық психология: тұтастылық бейнелік психологиялық мәселесін оқуға қатынас.
11-тақырып. Психологиядағы ғылыми емес зерттеулер.
Парапсихология зерттеулердің дамуы және эзоториялық психология. «Орташа» сананың қалпы және сананың калпының өзгеруі (түс, шаршау, қатты шаршау). Медитация, экстрасенсияны қабылдау. Патопсихологиялық қалып - наркотик, голлюциоген, нейроприсант және қозу әдісі.
12-тақырып. Ғылымға дейінгі психология. Ғылыми психологияның пайда болуы.
Ғылымға дейінгі психология білімінің басы - өмірлік психология. Антикалык философиядағы идеалистік және материалистік тууы. Гераклит пен Платонның жаны туралы моральды - этикалық аспектіні окыту. Аристотельдің жан дүниесі туралы оқу. Орта ғасырдағы психологияның дамуы туралы елестету. Пайда болғаннан бастап 19 ғ. дейінгі Дуашум Р. Декарт.
Адам мінез - құлкын зерттеуде бірінші эксперименталды лабороторияның ашылуы. Психология ғылым ретінде сананың құрылымы ретінде В. Рундт, У. Джемстін психология ғылым ретінде сана функциясына функционалды көзқарасы.
13-такырып. Психологияның мектеп және бағыт.
Бихевиоризм міңез - құлык ғылымы ретінде (Дж. Уотсон, Э. Торнайтн, Б. Скиннер). Гештальтпсихология (М.Вергеймег, 13. Нелер). Психоанализ және оның психологияға маңызы. (3. Фрейд, Э. Эриксон). Гуманистік психология және оның казіргі психология ғылымында актуальды дамуы. (К. Роджерс, А. Маслоу). Отандык психологиядағы іс-әрекет көзкарастар (Л.С. Выгодский, С.Л. Рубинштейн, А.Н. Леонтьев.) Когнитивті психология және т.б психологиялык бағыттар.
14-такырып. Қазакстан Республикасындағы психология ғылымының дамуы. Қазіргі Казакстан пепхологиясының және этнопсихологиясының дамуы.
Бұрынғы түріктік әдебиеттегі психология идеясынын. тууы. Халықтық психологияда мифологиялық және фольклорлық бейнесін көрсеткен Аль- Фарабидің психологиялық ойлары. Қазакстандағы Ч. Уәлихановтың, Абай Құнанбаевтің, Ы.Алтынсариннің, Ж.Аймауытовтың психологиялық көзкарастары.
Т.Тәжібаевтың, М.Мүқановтын, Б.Алдамуратовтың М.Жарықбаевтың, Ж.Намазбаеваның, С.Жакыповтың және т.б. зерттеулердің маңызы.
15-такырып. Кәсіби ажырату және оның мәнісі тұлғаның өзін реттеуі. Психолог - маман ретінде өзін реттеуі.
Әртүрлі қызығушылықтар мен жаттығулар және де өмірлік мәнімен байланысы, олардың қорытындылау жолдары. Мамандықты таңдаудағы негізгі іс-әрекеттер (әлеуметтік-экономикалык, танымдық, жеке тұлғалық, мамандык бойынша әрекет).
Болашақтағы субъектілік мамандық бойынша жаңалықтар алу және кәсіби іс-әрекеті ретінде санау. Кәсіби психологтың іс-әрекет түрлері психолог-педагогтың негізгі профессиограммасы.


Студенттердің өзіндік жұмысының мазмұны
СӨЖ түрлерінің тізімі



СӨЖ түрі

Есеп беру
формасы

Бақылау
түрі

Сағат
көлемі

1

Дәрістерге дайындалу




Дәріске
қатысу

15

2

Үй тапсырмаларын орындау

Жұмыс дәптері,
конспект

Семинар мен
тәжірибелік
сабақтағы
жұмысы

5

3

Курстың қосымша тақырыптарын зерделеу. Әдеби көздерді талдау. Глоссарий құру.

Конспект,
глоссарий



Қорғау, есеп

4

4

Ғылыми баяндама жасауға дайындалу, реферат жазу

Реферат,
баяндама

Қорғау

4

5

Бақылау шараларына дайындалу




МБ1, МБ2,
МБ3, МБ4,
тестілеу

2




Барлығы







30



Студенттердің өздігінен оқуына бөлінген тақырыптардың тізімі
1. Мұғалім мамандығына қойылатын талаптар.
2. Менің болашақ мамандығым: тағдау себептерім.
3. Педагог тұлғасының негізгі кәсіби сапалары.
4. Педагогикалық шеберліктің компоненттері.
5. Мұғалім мамандығының даму перспективасы.
6. Педагогтың құзырлығы.
7. Педагогикалық қарым-қатынас негіздері.
8. Педагогикалық іс-әрекеттің этикасы мен эстетикасы.
9. «Психология» терминінің мәні мен пайда болуы.
10. Психология ғылымының мәнісі мен мағынасы.
11. Халықтык білім көлеміндегі психология.
12. Клиникалық психология.
13. Психология мамандыгынын таңдаудагы мотивизация.
14. Профессионалдык психологиялык іс-әрекетіндегі специфика.
15. Психологтың кәсібилігі.
16. Психоанализ және самоанализ.
17. Қазақстан Республикасындағы психология ғылымының дамуы.
18. Психолог маман ретінде өзін реттеуі.
19. Кәсіби ажырату және оның мәнісі тұлғаның өзін реттеуі.


11 Курс саясаты
Оқытушы мен студенттердің академиялық этикасының саясаты университеттің ішкі тәртібінің ережелеріне сәйкес болуы тиіс. Оқу процесіне белсенді түрде қатысу қажет. Оқу материалы бойынша сұрақтар қою, тиянақты жауаптар беру және өзіндік көзқарастарды таныту өте маңызды. Оқытушы мен курстастарды сыйлау керек. Оқытушы сөйлегенде, дауыстап әңгімелесуге болмайды, екінші ескертуден соң студент аудиториядан шығарылады. Сабақтарды орынды себепсіз босатуға тыйым салынады. Әрбір себеп анықтамамен расталуы қажет. Студент босатқан сабақтарының орнын оқытушының анықтаған уақытында толықтыруы тиіс. 10 минуттан артық кешіккен студент сабаққа жіберілмейді. Сабаққа кешігудің немесе келмеудің себептерін алдын-ала ескерткен жөн. Үй тапсырмасын және басқа жазба жұмыстарды дер кезінде тапсыру қажет. Бақылау жұмысын, тестті, емтиханды тапсыруда көшіруге жол берілмейді. Оқытушының консультациясына қатысу міндетті. Сабақ барысында ұялы телефондар сөндірілген қалыпта болуы талап етіледі. Сағыз шайнауға дөрекілік пен мәдениетсіздіктің белгісі ретінде қатаң тыйым салынады.
Оқу процесіне қатысу дегеніміз – сабаққа қатысу, пікірталаста және топ жұмысында белсенділік көрсету, топтастарының оқуына әсер ету. Сабаққа 100 пайыз қатысып, берілген тапсырмаларды уақытымен және дұрыс орындаса – ең жоғарғы 100 балл қойылады. Курсты меңгеру барысында балдар былай бөлінеді:

  • дәріске қатысу – 1 балл, конспектің бар болуы – 1 балл;

  • тәжірибелік сабаққа қатысу – 1 балл, тәжірибелік жұмысты орындау – 5 балл (оның ішінде үй тапсырмасын орындау -3 балл, сұрақтарға жауап беру, жаттығу жұмыстарын орындау, тақырып бойынша талдау жасау - 2 балл).

Ағымдық бақылау студенттердің өзіндік жұмыстарын қорғауы барысында іске асырылады. Бағалау кезінде төмендегі көрсеткіштер ескеріледі:

  • материалды толық меңгеру - 10 (екінші рейтинг кезеңінде – 13) балл;

  • сұрақтарға жауап бере алу – 4 (5) балл;

  • материалдың мазмұндалуына шығармашылық көзқарас және өз ойын айта білу – 3 балл;

  • грамматикалық және стилистикалық сауаттылық - 1 балл.

Айып балы білімді бағалаудың жүйесіне орай белгіленеді.
Мәселен, дәрісті орынды себепсіз босату үшін 2 балл шегеріледі (-2); дәрістің шала конспектіленгені үшін жарты балл кемітіледі (-0,5); тәжірибелік сабақтарда белсенділік танытпай, немқұрайды қатынасу ең кем дегенде жарты балды шегерумен (-0,5) жазаланады.
Межелік бақылау пәннің тиесілі кезеңде өтілген тақырыптары бойынша сынақ немесе коллоквиум түрінде ұйымдастырылады. Межелік бақылауда келесі критерийлер ескеріледі:
Толық дұрыс жауап 100 балмен бағаланады, оның ішінде:
100–90 балл – тиянақты, дәйекті, байланысты, толыққанды жауап; балдардың шегерілуі жауаптың мәнін және дұрыстығын бұзбайтын кемшіліктердің кездесуімен байланысты;
89-75 балл – материалды толық игергендігі, мәселе бойынша әдебиеттерді білетіндігі көрінетін және қосымша сұрақтардың қажеттігінсіз берілген жауапқа қойылады;
74-50 балл – студент тек негізгі материалды біледі, мәселе бойынша әдебиеттерді шатастырады, қойылған қосымша сұрақтарға жеткіліксіз жауаптар қайырады;
49-0 балл – студент толық және дұрыс жауап беруге қауқарсыз, қосымша сұрақтар оған көмектеспейді, мәселе бойынша әдебиеттер қарастырмаған.
Қорытынды бақылау. Курс семестр бойынша пән бойынша тестілеу түрінде өтетін емтихан тапсырумен аяқталады. Бақылау үстінде көшіріп жазуға тыйым салынады. Емтиханда студенттің әрқайсысына тесттік формадағы 50 сұрақ беріледі. Әрбір дұрыс жауап екі баллмен бағаланады. Емтиханның жалпы бағасы дұрыс жауаптардың бағаларын қосу арқылы анықталады.
Курстың ақтық бағасы бұған дейінгі жинақталған барлық балдарды ескеру арқылы қойылады.


Пән бойынша рейтингті есептеу әдісі
Пән бойынша әрбір рейтинг мына формула бойынша анықталады:
Р1,2 = АҮ*0,7+МБ*0,3,

мұндағы Р1, Р2, АҮбірінші, екінші рейтингтің, ағымды үлгерімнің балдары.
Екі рейтингтің орташа арифметикалық көрсеткіші негізінде емтиханға жіберілу рейтингі белгіленеді:
ЖР = (Р1+Р2)/2,

мұндағы ЖР – студенттің емтиханға жіберілу рейтингі.
Қорытынды рейтинг төмендегі формула арқылы анықталады:

ҚР = ЖР*0,6+ҚБ*0,4,


мұндағы ҚР – қорытынды рейтинг, ҚБ – қорытынды емтиханның балл түріндегі бағасы.

Табыс тілейміз!




12 Әдебиеттер тізімі
Негізгі:

  1. ҚР Конституциясы. –Алматы, 1992

  2. ҚР «Білім беру туралы» Заңы. //Казахстанская правда, 11 маусым 1999

  3. Білім беру саласындағы мемлекеттік саясат Тұжырымдамасы. –Алматы, 1995

  4. Н.А.Березовин Педагогикалық қатынасу мәселелері. –М., 1989

  5. Н.В.Кузьмин Мұғалім еңбегі психологиясы очерктері. –Л., 1967

  6. А.И.Мищиенко Педагог мамандығына кіріспе. -Новосибирск, 1991

  7. Педагогика. /В.А.Сластенин түзеген –М., 2000

  8. Выготский Л.С. История развития высших психических функции. Собр. Соч. Т.З.-М., 1983.

  9. Годфруа Ж. Что такое психология? В 2 т.- М.,1992.

  10. Платонова К. К. Занимательная психология.- М.,1990.

  11. Гамезо М. И., Домашенко И. А. Атлас по психологии. -М.,1996.

  12. Грановская Р. М. Элементы практической психологии.- Л., 1984.

  13. Психология познавательных процессов,- Самара, 1992.

  14. Виллюнас В. К. Психология эмоциональных явлений.-М.,1976.

  15. Лурия А. Р. Язык и сознание.-М.,1979.

  16. Трусов В. П. Современные психологические теории личности. - ЛГУ, 1990. 10.Ю.Ярошевский М. Г. Психология в 20-м столетии. -М.,1974.

11.Педагогическая и возрастная психология.- М., 1983.
12. Абрамова А. С. Практическая психология.- М.,1999.
1З.Гальперин П. Я. Введение в психологию.- М., 1996.
14.Н.Петровский А. В. Популярные беседы о психологии.- М.,1983.
15.Столяренко Л. Д. Основы психологии.- Ростов-на-Дону, 1996.
16. Психологический словарь. Под ред. Петровского А. Г. и Ярошевского М. М., 1997.
Көмекші:
17. Берн Э.Люди, которые играют в игры.- Спб.,1992.
18.Гриндер Д., Бедлер Р. Из лягушек а принцы,- Воронеж, 1993.
19.Козлов Н. Н. Как относиться к себе и людям или практическая психология на каждый день. - М, 1993.
20.Столяренко Л. Д., Корешкова Н. В. Психология личности и типология поведения.- Ростов - на-Дону, 1994.
21.Давыдов В. В. Проблемы развивающего обучения.- М.,1996.
22.Ильясов И. И. Структура процессов учения.-М.,1986.
23.Петровский А. В. Личность, деятельность, коллектив.- М.,1992.
24.Леонтьев А. Н. Проблемы развития психики.-М., 1988.
25.Овчарова Р. В. Справочная книга школьного психолога.- М.,1993.
26. Ю.Ананьев Б. Г. Человек как предмет познания.- Л., 1968.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет