Пәні бойынша оқыту бағдарламасын (Syllabus) бекіту парағы


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі



бет2/2
Дата07.07.2018
өлшемі268 Kb.
#48238
1   2

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

Гуманитарлы-педагогикалық факультет
Психология және педагогика кафедрасы
5В050300 Психология мамандығының сырттай нысанындағы

студенттеріне арналған

Зоопсихология

ПӘНІ БОЙЫНША ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ

(Syllabus)

Павлодар


Кегль 14, буквы строчные, кроме первой прописной


Пәні бойынша оқыту бағдарламасын (Syllabus) бекіту парағы




Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/35









БЕКІТЕМІН

ГП деканы

_____ Ж.Т.Сарбалаев

20__ж. «___»________


Құрастырушы:____ м.ғ.к., профессор Булекбаева С.Е.


Психология және педагогика кафедрасы
5В050300 мамандығының сырттай нысанындағы студенттеріне арналған

Зоопсихология



пәні бойынша оқыту бағдарламасы (Syllabus)

Бағдарлама «___» _________20 __ж. бекітілген жұмыс оқу бағдарламасының негізінде әзірленген.


20 _ж. « »____________ кафедра отырысында ұсынылған №_____ хаттама.
Кафедра меңгерушісі ______________ Бурдина Е.И. 20 ж. «____» ________

Гуманитарлы-педагогикалық факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен


құпталған_____________________ 20 _ж. «_____»____________№____ хаттама

ОӘК төрағасы ________________Жуманкулова Е.Н. 20 ж. «_____»_________



1 Оқытушылар туралы мәліметтер және байланысу ақпараттары
Булекбаева Слухия Елеуовна

К.м.н., доцент, психология және педагогика кафедрасының профессоры



Психология және педагогика кафедрасы А корпусында 149 аудиторияда орналасқан. Байланысу телефоны 67 36 85 (1139 )
2 Пән туралы мәліметтер

Эволюция және онтогенез барысындағы жануарлар психикасының даму заңдылықтарын білу салыстырмалы жоспарда адам психикасының негіздерін терең түсінуге мүмкіндік береді. Олар әсіресе жас ерекшелік және педагогикалық психологияны, жалпы психология мен психогенетиканы түсіну үшін өте қажет.
3 Пәннің еңбек сыйымдылығы

Семестр

Кредиттар саны

Аудиториялық сабақ түрлері бойынша қарым-қатынас сағаттарының саны

Студенттің өздік жұмысының сағат саны

Бақылау нысаны

барлы-ғы

Дәріс

практи-ка

Зертха-налық

студия-лық

жеке

барлығы

СРСП







6

6



















РБ

1

3

12

6

6










117

18

РБ, емтихан

Бар-лығы

3

18

12

6










117

18

РБ, емтихан



4 Пәннің мақсаты және тапсырмасы - бұл пәнді оқытудың мақсаты - жануарлар жүріс-тұрысында көрінетін олардың психикасының онто- және филогенезде даму заңдылықтары туралы негізгі түсініктерді қалыптастыру. Зоопсихологияны өз бетінше және неғұрлым терең оқуға қызығу туғызу.

Пәннің міндеті - жануарлар жүріс-тұрысының психикалық аспектісі туралы негізгі түсініктерді баяндау;

- адам мен жануарлардың психикалық процестерінің пайда болуындағы ортақтықты көрсету, жануарлар деңгейінде психикалық бейнелеу көріністерін өз бетінше оқуға қызығу туғызу.

- жануарлар психикасы дамуының олардың өмір сүру ортасына тәуелділігін түсінудің маңыздылығын ашып көрсету, бұл жағдайдың тұлға қалыптасуы процесіне ортаның әсерін зерттеудегі маңызын түсіндіру.


5 Білімге, икемділікке және машықтарға қойылатын талаптар. Осы пәнді меңгеру нәтижесінде студенттерде:

  • зоопсихологияның дамуындағы негізгі бағыттар;

  • жануарлар онтогенезіндегі психикалық үдерістердің қалыптасуы жөнінде түсінік болу;

– эволюция үдерісінде психиканың пайда болу және дамуын;

– адамның сөйлеуінің және адам санасының пайда болуының биологиялық алғы шарттарын білу;

– психиканың онто-және филогенезде дамуының алғашқы және негізгі факторларының салыстырмалы талдауын жүргізуге;



  • антропогенез және адам санасының пайда болу мәселелерін талдауға икемді болу;

– зоопсихология әдістерін практикада қолдана білу машықтарын иемдену қажет.

6 Пререквизиттер

Осы пәнді меңгеру үшін төмендегі пәндерді меңгеру кезінде алынған білім, икемділік және машықтар қажет: мамандыққа кіріспе, социология, жалпы және әлеуметтік педагогика, жалпы және әлеуметтік психология.



7 Постреквизиттер

Пәнді меңгеру кезінде алынған білім, икемділік және машықтар келесі пәндерді меңгеру үшін қажет: жасқа байланысты психология, эксперименталды психология, дифференциалды психология, патопсихология.



8 Пәннің тақырыптық жоспары




р/с


Тақырыптар атауы

Сабақ түрлері бойынша қарым-қатынастық сағаттар саны




дәріс-тер

практкалық

Зертханалық

студиял

жеке

СӨЖ

1

2



















1

Жануарлар психикасы мен жүріс-тұрысы

1













7

2

Зоопсихология пәні мен әдістері

1

1










7

3
Элементарлы сенсорлық психика сатыы

1













8

4

Перцептивті психика сатысы

1













8

5

Перцептивті психиканың жоғары деңгейі

1

1










8

6

Психика дамуының интеллектуалды сатысы

1













7

7

Ойлау

1













7

8

Инстинкт




1










7

9

Инстинкті жүріс-тұрыс және қарым-қатынас

1













7

10

Үйрену




1










8

11

Жануарлар психикасы дамуының пренаталды кезеңі

1













7

12

Психиканың ерте постнаталды кезеңде дамуы

1













7

13

Ювенилді кезеңде психиканың дамуы




1










8

14

Еңбек әрекетінің пайда болуы

1













7

15

Социогенез сұрақтары




1










7

16

Адам санасының пайда болуы мәселесі

1













7

Барлығы

12

6










117


9 Пәннің қысқаша сипаттамасы

Психология мамандығы бойынша білім алатын студенттерді зоопсихология және салыстырмалы психологияның қазіргі кездегі күйімен, бұл ғылымның дамуының негізгі бағыттарымен таныстыру, психикалық үрдістердің онтогенезде қалыптасуын, эволюция үрдісіндегі психиканың пайда болу және оның адамзаттың шығу тарихындағы маңызын, адамдар арасындағы қарым-қатынастарды түсіну үшін қажеттігін студенттердің санасында қалыптастыру.



10 Курс компоненттері

Теориялық курстың мазмұны

1 тақырып. Жануарлар психикасы мен жүріс –тұрысы

Ғылыми бағыттың қалыптасуына дейінгі жануарлар психикасы туралы түсініктің дамуы. Психикалық бейнелеу көрінуінің тарихи қажетті шарты ретінде жануарлар психикасының пайда болуы. Эволюция процесіндегі жануарлар психикасы дамуының негізгі кезеңдері. А.Н.Леонтьев зерттеулеріндегі пайда болуы мен дамуы мәселесінің талдануы


2 тақырып. Зоопсихологияның зерттеу пәні және оның ғылымдар жүйесіндегі орны.
Зоопсихология және этология. Зоопсихологияның ғылым ретіндегі даму тарихы. Зоопсихологияның дамуындағы Ч.Дарвин мен В.А: Вагнер ролі. Қазіргі кезеңдегі зоопсихологияның әдістері және зоопсихологиялық білімдердің ғылым мен халық шаруашылығы үшін мәні.

3 тақырып. Элементарлы сенсорлық психика сатысы

Элементарлы сенсорлық психиканың төменгі деңгейіндегі психикалық бейнелеудің сипаттамасы. Қарапайымдардағы қозғалыс белсенділігі мен кеңістік бағдарлану. Жүріс-тұрыс икемділігі мәселесі. Бейімделу құбылысы. Элементарлы сенсорлық психиканың жоғары деңгейіндегі психикалық бейнелеу. Жүйке жүйесінің пайда болуы. Қарапайым омыртқасыздардың қозғалыс белсенділігі. Жүріс-тұрыстың жоғарғы формаларының нышандары.



4 тақырып. Перцептивті психика сатысы

Перцептивті психиканың төменгі деңгейдегі орналасқан жануарлар психикасының сипаттамалары. Жүйке жүйесінің құрылымы. Жоғарғы омыртқасыздардың қоғалыс және сенсорлық қабілеттіліктрі. Топтық жүріс-тұрыс және қарым-қатынас. Перцептивті психиканың төменгі деңгейдегі психикалық бейнелеудің жалпы сипаттамасы.



5 тақырып. Перцептивті психиканың жоғарғы деңгейі

Перцептивті психиканың жоғарғы деңгейдегі психикалық бейнелеу сипаттамасы. Жоғарғы омыртқалылардың жүйке жүйесі. Локомоция және манипуляциялау. Көру бейнелерін жалпылау және елестету. Экстраполяция құбылысы (Л.В.Крушинский). Жоғары омыртқалылырдың жүріс-тұрысы икемділігі-күрделі дағдылардың даму нәтижесі.



6 тақырып. Психика дамуының интеллектуалды сатысы

Жануарлар интелектісінің негізгі критерийлері. Биологиялық «нейтралды» объектілермен манипуляциялау-жануарлардың жоғары танымдық қабілеттіліктері дамуына негіз ретінде. Күрделі дағдылар және оларды жаңа жағдайларға ауыстыру. Жануарлар интеллектісінің биологиялық шектелінуі.



7 тақырып. Ойлау

Ладыгина-Котс эксперименттері. Жоғарғы омыртқалылар ойлауының сипаты. Адам тәрізді маймылдар ойлауының екі формасы. Жануарлардың құралдарды қолдануы критерийлері. Жануарлар арасындағы мәдени тәжірибе алмасу. Жоғарғы омыртқалы жануарлардың өзіндік сана-сезімін зерттеу эксперименттері.



8 тақырып. Инстинкт

Индивидуалды жүріс – тұрыста түрдің тәжірибесін реализациялау. Инстинкті жүріс- түрыстың ішкі сыртқы детерминанттары. Антикалық ойшылардың теологиялық бағыты және механикалық бағыт. Инстинкті жүріс-тұрыстың құрылымы. Инстинктің ізденіс және аяқтау фазалары. Кілттік тітіркендіргіштер ұғымы.



9 тақырып. Инстинкті жүріс-тұрыс және қарым-қатынас

Биологиялық өзара әрекеттестік-эволюция процесінде қарым-қатынастың пайда болуының негізі ретінде. Жануарлардағы коммуникация түрлері. Демонстративті жүріс-тұрыс және ритуаодау. «Ниет» қоғалыстарының пайда болуы және олардың ролі. «Автохтонды» және «аллохтонды» қозғалыстар.



10 тақырып. Үйрену

Үйрену процесінің жалпы сипаттамасы. Облигатты және факультативті үйрену. Жануарлардағы үйрену түрлерінің классификациясы. Бейімделу және адаптация. Жануарлардағы инсайт ерекшеліктері. Дағды, еліктеу және психикалық бейнелеудің жоғарғы формалары.



11 тақырып. Жануарлар психикасы дамуының пренаталды кезеңі

Жүріс-тұрыстың индивидуалды дамуындағы туа біткен және жүре қалыптасқан бөліктері. Жануарлар жүріс-тұрысы онтогенезінің биологиялық негізделінуі. «Эмбрионалды үйрену» және жетілу. Қозғалыс белсенділіктерінің және сенсорлық қабілеттердің дамуы. Қарым-қатынас элементерінің пренаталды дамуы.



12 тақырып. Психиканың ерте постнаталды кезеңде дамуы

Жетіліп туған және жетілмей туған омыртқалылардың жүріс-тұрысының дамуы. Жетілмей туған жануарлардың жүріс-тұрысының икемділігі (Л.А.Орбели). Ізінен еру реакциясы және жыныстық «есте жазылып қалу». Туа біткен тану. Ұрпаққа қамқорлық жасау түрлері. Ерте инстинктер және үйрену.



13 тақырып. Ювенилді кезеңде психиканың дамуы

Жануарлар психикасының дамуындағы ойын әрекеттерінің роліне байланысты негізгі концепциялар (А.Д. Слоним, К.Э. Фабри, Г.Спенсер, К.Гроос, Ф.Бойтендейк). Қарым-қатынастағы манипуляциялық ойындардың ролі. Қозғалыс белсенділігінің дамуы. Ойын белсенділігінің дамуы. Ойын белсенділігінің танымдық функциясы. Жануарлардың ойыны мен зерттеу әрекеті.



15 тақырып. Социогенез сұрақтары

Үйірлі жануарларда қоғамдық қатынастардың пайда болуы. Н.А. Тих зерттеулері. Жануарлар қауымдастығының адам қоғамдастығынан принциптік ерекшеліктері. Адам сөйлеуінің пайда болуының биологиялық алғышарттары. Қазіргі маймылдардың тілі және айқын сөйлеуден айырмашылығы. Адамның антропоидтар мен басқа жоғарғы омыртқалылармен қарым- қатынасының мүмкіндіктері мен шектеулері.



16 тақырып. Адам санасының пайда болуы мәселесі

Антропоидтар интеллектісі мен адам санасы, олардың түбірлері айырмашылықтары. Адам санасының пайда болуы мен қалыптасуындағы еңбек әрекеті мен қоғамдық-тарихи дамуының ролі. Адам онтогенезінің ерте кезеңдеріндегі психика дамуының салыстырмалы-психикалық аспектілері. Бала мен ересектің қалыптасуы үшін «есте жазылып қалудың» мәні.



Практикалық сабақтардың мазмұны және тізімі


1) 1 тақырып. Жануарлар психикасы мен жүріс –тұрысы

Жануарлардың ақыл-ойлары туралы көзқарастардың тарихи өзгерулері (Кювье, Дарвин, Роменс, Морган, Павлов). Н.Н. Ладыгина-Котс, Э.Тормен, И.С. Бериташвили, В.Келлер, Н.Майер зерттеулері. Жануарлардың пайымды іс-әрекеттерінің негізі туралы Л.В.Крушинскийдің концепциясы.

Жануарлардың пайымды әрекеттерінің барлық концепцияларының сипаттамасы.

2) 2 тақырып. Зоопсихологияның зерттеу пәні және оның ғылымдар жүйесіндегі орны.

Бихевиористердің психика туралы түсінігі. Дж. Уотсон мен Э.Торндайк теориялары. Бихевиоризмнің оң және теріс жақтары. Гештальтпсихологиясы және зоопсихология туралы түсінік. Жануарлар психикасындағы кейіптердің ролі. Гештальтпсихология заңдарымен Павлов концепцияларының арасындағы қайшылықтар. Гештальтпсихологиясының оң жақтары. Гештальтпсихологиясының зоопсихологиядағы қолданылуы.

3) 3 тақырып. Элементарлы сенсорлық психика сатысы

Жоғары дережелі жүйке жүйесі және зоопсихология туралы түсінік. И.П.Павловтың жоғары дәрежелі жүйке жүйесі туралы ілімі. Шартты рефлекс және үйрету. ЖДЖ жүйесінің зоопсихология үшін маңызы.

Жүріс-тұрыс икемділігі мәселесі. Бейімделу құбылысы. Қарапайым омыртқасыздардың қозғалыс белсенділігі. Жүріс-тұрыстың жоғарғы формаларының нышандары.

4) 4 тақырып. Перцептивті психика сатысы

Тітіркендіргіш пен сезімталдық. Сезімталдықтың дамуының объективті және субъективті аспекталары. Эволюциядағы рецеп- торлардың дамуы. Нәрселерді қабылдаудың пайда болуы және оның дамуы. Әртүрлі жануарлардың сенсомоторлық функцияларының мамандандырылуы - тіршіліктің сұранысы. Перцептивті психиканың төменгі деңгейдегі орналасқан жануарлар психикасының сипаттамалары.



5) 5 тақырып. Перцептивті психиканың жоғарғы деңгейі

Перцептивті психиканың жоғарғы деңгейдегі психикалық бейнелеу сипаттамасы. Жоғарғы омыртқалылардың жүйке жүйесі. Локомоция және манипуляциялау. Көру бейнелерін жалпылау және елестету. Экстраполяция құбылысы (Л.В.Крушинский). Жоғары омыртқалылырдың жүріс-тұрысы икемділігі - күрделі дағдылардың даму нәтижесі.



6) 6 тақырып. Психика дамуының интеллектуалды сатысы

Жануарлар интелектісінің негізгі критерийлері. Жануарлар сигналдары. Белгі туралы түсінік (Г.Лейбниц, Г.Фреге). Белгілердің күрделену кезеңдері. Белгі және маңыз. Адам тіліндегі арнайы белгілер. Биологиялық «нейтралды» объектілермен манипуляциялау-жануарлардың жоғары танымдық қабілеттіліктері дамуына негіз ретінде. Күрделі дағдылар және оларды жаңа жағдайларға ауыстыру. Жануарлар интеллектісінің биологиялық шектелінуі.



7) 7 тақырып. Ойлау

Ладыгина-Котс эксперименттері. Жоғарғы омыртқалылар ойлауының сипаты. Адам тәрізді маймылдар ойлауының екі формасы. Жануарлардың құралдарды қолдануы критерийлері. Жануарлар арасындағы мәдени тәжірибе алмасу. Жоғарғы омыртқалы жануарлардың өзіндік сана-сезімін зерттеу эксперименттері.

8) 8 тақырып. Инстинкт

Индивидуалды жүріс – тұрыста түрдің тәжірибесін реализациялау. Инстинкті жүріс- түрыстың ішкі сыртқы детерминанттары. Антикалық ойшылардың теологиялық бағыты және механикалық бағыт. Инстинкті жүріс-тұрыстың құрылымы. Инстинктің ізденіс және аяқтау фазалары. Кілттік тітіркендіргіштер ұғымы.



9) 9 тақырып. Инстинкті жүріс-тұрыс және қарым-қатынас

Инстинктивті мінез-құлық жануарлар тіршілігінің негізі. Инстинктивті мінез-құлықтың ішкі және сыртқы детерминанттары. Инстинктивті мінез-құлық және қарым-қатынас. Жануарлар мінез-құлқындағы туа біткен және жүре пайда болған ерекшеліктер. Инстинкт және үйрету мәселелері.

Биологиялық өзара әрекеттестік-эволюция процесінде қарым-қатынастың пайда болуының негізі ретінде. Жануарлардағы коммуникация түрлері.

10) 10 тақырып. Үйрену

Дағды және үйрету туралы түсінік. Үйрету түрлері: әдеттену, импритинг, инсайт, оперантты үйрету. Үйретудің бихевиоральды заңдары. Дағдылар және оны зерттеудің әдістері. Үйрену процесінің жалпы сипаттамасы. Облигатты және факультативті үйрену. Жануарлардағы үйрену түрлерінің классификациясы. Бейімделу және адаптация. Жануарлардағы инсайт ерекшеліктері. Дағды, еліктеу және психикалық бейнелеудің жоғарғы формалары.



11) 11 тақырып. Жануарлар психикасы дамуының пренаталды кезеңі

Жүріс-тұрыстың индивидуалды дамуындағы туа біткен және жүре қалыптасқан бөліктері. Жануарлар жүріс-тұрысы онтогенезінің биологиялық негізделінуі. «Эмбрионалды үйрену» және жетілу. Қозғалыс белсенділіктерінің және сенсорлық қабілеттердің дамуы. Қарым-қатынас элементерінің пренаталды дамуы.



12) 12 тақырып. Психиканың ерте постнаталды кезеңде дамуы

Жануарлардың жекелік даму кезеңіндегі туа біткен және жүре пайда болған белгілердің салыстырмалы сипаттамасы. Жануарлар онтогенезінің биологиялық тәуелділігі. Жетіліп туған және жетілмей туған омыртқалы-лардың жүріс-тұрысының дамуы. Жетілмей туған жануарлардың жүріс-тұрысының икемділігі (Л.А.Орбели). Ізінен еру реакциясы және жыныстық «есте жазылып қалу». Туа біткен тану. Ұрпаққа қамқорлық жасау түрлері. Ерте инстинктер және үйрену.



13) 13 тақырып. Ювенилді кезеңде психиканың дамуы

Жануарлар психикасының дамуындағы ойын әрекеттерінің роліне байланысты негізгі концепциялар (А.Д. Слоним, К.Э. Фабри, Г.Спенсер, К.Гроос, Ф.Бойтендейк). Қарым-қатынастағы манипуляциялық ойындардың ролі. Қозғалыс белсенділігінің дамуы. Ойын белсенділігінің дамуы. Ойын белсенділігінің танымдық функциясы. Жануарлардың ойыны мен зерттеу әрекеті.



14) 15 тақырып. Социогенез сұрақтары

Жануарлардың әлеуметтік ұйымдары (Н.Тинберген) және ұйымдастыру аспектілері. Үйірлі жануарларда қоғамдық қатынастардың пайда болуы. Н.А. Тих зерттеулері. Жануарлар үйіріндегі иерархия жүйесі. Жануарлар қауымдастығының адам қоғамдастығынан принциптік ерекшеліктері. Адам сөйлеуінің пайда болуының биологиялық алғышарттары.



15) 16 тақырып. Адам санасының пайда болуы мәселесі

Антропоидтар интеллектісі мен адам санасы, олардың түбірлі айырмашылықтары. Адам санасының пайда болуы мен қалыптасуындағы еңбек әрекеті мен қоғамдық-тарихи дамуының ролі. Адам онтогенезінің ерте кезеңдеріндегі психика дамуының салыстырмалы-психикалық аспектілері. Бала мен ересектің қалыптасуы үшін «есте жазылып қалудың» мәні.


Студенттің өздік жұмысының мазмұны



СӨЖ түрі

Есеп беру түрі

Бақылау түрі

Сағат көлемі

1

Дәріске дайындалу

Конспект

Сабаққа қатысу


12

2

Тәжірибелік сабақтарға дайындалу, үй тапсыр- маларын орындау

Жұмыс дәптері

Сабаққа қатысу


12

3

Аудиториялық сабақ -тардың мазмұнына кірмеген материалды зерделеу

Конспект


Баяндаманы қорғау

63

4

Курстық жұмысты орындау

Курстық жұмыс


Қорғау

20

6

Бақылау іс-шараларына дайындалу

Межелік және қорытынды бақылау

10

Барлығы:

117


Студенттердің өздігінен оқуына бөлінген тақырыптардың тізімі

1) Жануарлар психикасын зерттеу әдістері.

2) Ж.Б.Ломарктың эволюциялық теориясы

3) Антропоморфизм. Оның мәні, концепциясы.

4) И.П.Павловтың мінез-құлық рефлексологиялық теориясы.

5) Зоопсихологиядағы бихевиоризм.

6) Психиканың даму сатылары. Психикалық критерилер.

7) Элементарлы сенсорлы психиканың төменгі деңгейінің жалпы сипаттамасы.

8) Қарапайымдыларды үйрету және зерттеу.

9) Инстинктік мінез-құлықтың ішкі факторлары.

10) Инстинктік мінез-құлықтың сыртқы факторлары.

11) Импритинг - үйренудің ерекше түрі ретінде.

12) Пренатальды кезеңдегі мінез-құлық пен психика дамуының жалпы ерекшеліктері.

13) Ерте постнатальды кезеңдегі мінез-құлық пен психика дамуының жалпы мінездемесі.

14) Ерте постнатальды кезеңнің негізгі феномендері /тума, тану,ерте тәжірибе, импритинг/.

15) Ювенильдік кезеңдегі мінез-құлық пен психика дамуының жалпы мінездемесі.

16) Жануарлар ойынының негізгі концепциялары және оның жануарлардың мінез-құлқын зерттеудегі маңызы.

17) Манипуляциялық белсенділік және оның жануарлар психикасының дамуындағы мәні.

18) Жануарлардағы елігу. Имитациялық үйрену.

19) Жануарлар қоғамдастықтарындағы ішкі түрлі коммуникациялар

20) Адамдар мен жануарлар мінез-құлықтарының генетикалық туыстығы және сапалы айырмашылықтары.

Курстық жұмыс тақырыптары.


1. Адам санасыеың қалыптасуындағы еңбек әрекетінің ролі

2. Жануарлар интеллектісінің биологиялық шектеулері

3. Жануар жүріс-тұрысындағы инстинктивті жүріс-тұрыс пен үйренудің ара қатынасы

4. Жануарлардағы өзіндік сана-сезім

5. Адам мен жануарлардың сенсорлық қабілеттіліктерінің салыстырмалы талдамы

6. Ойын әрекетінің жануарлар психикасы дамуындағы ролі


11 Курс саясаты

Академиялық мінез-құлық саясат және оқытушы әдептанулары және студенттерді университет ішкі тәртібі ережелеріне тиісті талапқа сай болу. Оқу процесіне белсенді қатысу қажет. Жұмыстар дер кезінде өткізілмегенде (ауру оқиғасында немесе басқа орынды себептерге байланысты), жіберілген жұмыстарды оқытушымен айқын уақытқа келісіп тапсыру . Жұмыстарға кешікпеу (кешігудің объективті себебін алдын ала хабарлау). Үй тапсырмаларын талапты орындау. Дайын жазбаша материалдарды дер кезінде тапсыру. Бақылау жұмысы, тестілеулер, емтихан тапсыру кезінде көшіруге тиым салынады.

Тапсырмалар дәл және дер кезінде орындалғанда және жұмыстардың барлық түріне үзбей қатысқанда барынша көп балл жиналады.

- лекцияларға қатысу , материал конспектілеуі -2 балл ( қатысу 1 балл , конспекті барысы 1 балл );

- қатысу практикалық жұмыста және топта белсенді жұмыс -4 балл

( қатысу 2 балл, белсенді жұмыс тапсырма дұрыс орындалуы 2 балл );

- орындалу және үй тапсырма қорғанышы -6 балл.

Бірінші бақылау-10 балл құрастырады , екінші -10 балл . Емтихан тестілеу түрінде өткізіледі . 25 сұрақ алдын ала дайындалады : сұраққа дұрыс жауап -4 балл .

Дұрыс жауаптардың саны қосындыланады .

100 балл - қойылған сұрақтарға жүйелі және жеткілікті жауап береді ;

85-75 балл – материалды нақты біледі, және жетекші сұрақтарсыз жауап береді , проблемалармен әдебиеттерден танысады ;

74-50 балл - тек ең басты материалды біледі, проблемамен әдебиетте шатасады , берілген сұрақтарға жеткіліксіз жауап береді ;

49-0 балл - берілген сұрақтарға дұрыс жауап бере алмайды, проблема бойынша әдебиеттермен таныс емес.

12 Әдебиеттер тізімі

Негізгі


  1. Зорина З.А., Полетаева И.И. Зоопсихология. Элементарное мышление животных: Учебное пособие / З.А.Зорина, И.И.Полетаева. – М.: Аспект-Пресс, 2002.

  2. Мак-Фарленд Д. Поведение животных. Психология, экология и эволюция. -М.:Мир, 1988.

  3. Тинберген Н. Поведение животных. -М.: Изд-во Мир, 1978.

  4. Тих Н.А. Предыстория общества.-Л.:ЛГУ, 1970.

  5. Фабри К.Э. Основы зоопсихологии. -М.:МГУ, 1993.

  6. Шовен Р. Поведение животных. -М.: Мир, 1972.

  7. Праворотов. Зоопсихология для гуманитариев. М., 2002.

Қосымша

8. Фирсов Л.А. Поведение антропоидов в природных условиях. -М.:Наука,

9. Хайнд Р. Поведение животных. — М., 1975.

10.Шовен Р. Поведение животных. — М., 1972.

11.Немов Р.С. Психология. В 3-х томах. Кн. 1.-М., 1998.

12.Фабри К.Э. Орудийные действия животных. М., 1980.

13.Ильичев В.Д. Голоса животных. М., 1977.

14.Жукова Т.И. Часы занимательной зоологии. М., 1969.

ергман Е. Поведение собак. М.. 1986

15.Меннинг О. Поведение собак. М., 1982

16.Мантейфель Б.П. Экологические и зволюционные аспекты поведения животных.

17.Матиас Фройде. Животные строят. М., 1986



Сырттай оқу нысанының студенттеріне арналған бақылау шараларының күнтізбелік кестесінің үлгілері

СӨЖ тапсырмаларын орындау және тапсыру жөніндегі және «Зоопсихология» пәні бойынша 5В050300 –Психология мамандығы бойынша сырттай оқу нысанындағы студенттерге арналған



бақылау шараларының күнтізбелік кестесі


СӨЖ түрі

Максималды балл

Тапсырманы тапсыру мерзімі

Срок сдачи

Форма контроля

1 сабақта

барлығы

Дәріске қатысу және дайындалу

1

6

1 сабақта

кесте бойынша

қатысу

Практикалық сабақтараға қатысу және дайындалу

2

32

1 сабақта

кесте бойынша

қатысу

Материалды өздігінен меңгеру

4

30

5 сабақта

кесте бойынша

қатысу

Пән тақырыптары бойынша білімді бақылау

16 

32

2 сабақта

кесте бойынша

қатысу



















1 бөлім

 

1 қараша

тексеру

2 бөлім

 

15 желтоқсан

тексеру

 

 

100

 

 

 

Кафедра отырысында ұсынылған 20 __ж. «___»________№_____ хаттама.


Кафедра меңгерушісі __________ Бурдина Е.И. 20__ж. «___» _________
Каталог: arm -> upload -> umk
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> Методические указания по прохождению учебной практики для студентов специальности 5В020400 «Культурология»
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы
umk -> Бағдарламасының титулдық пму ұс н 18. 4/19 парағы (syllabus) Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
umk -> Бағдарламасы Нысан пму ұс н 18. 2/06 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
umk -> Программа Форма ф со пгу 18. 2/06 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет