Пәні: Дене тәрбиесі Мамандығы: 0111000- «Негізгі орта білім» Біліктілігі



Дата25.12.2021
өлшемі74,99 Kb.
#104957
түріСабақ
Байланысты:
Дене30.10
тимбилдинг 6, Дене30.10, Дене30.10, Дене6.02, Кәс.шет8.02, Жптпр, Дене16.01, өзгергіштік, Олимпиада жинақ 1

Пәні: Дене тәрбиесі

Мамандығы: 0111000- «Негізгі орта білім»

Біліктілігі: 0111113- «Ағылшынша білімі бар математика пәні мұғалімі»

Тобы: МЛ-18

Күні: 31.10.20

Қайырлы күн, білім алушы!

Бүгінгі сабақтың тақырыбы: Дала жарысы: 2000-3000 метрге бір келіпті жүгіру



Тапсырма:



  1. Дала жарысы жүгірудің ерекшелігі

Жүрелей отыру(стартқа) аяққа түрегелу (дайындал),аяққа серіппе алып алғажүгіру (жүгір) . 1500м қашықтыққа жүгіргенде аяқты сілтей әрі кең адымдап жүгіру керек және шапшаңдықты біртіндеп арттырған дұрыс.

1500м қашықтыққа жүгірген кезде аяқты сермей ұшымен басу керек. Жүгіру кезінде алға ұмтыла жүгіріп  денені дұрыс және еркін ұстаған жөн.

 Жүгірер алдында жерге бір тізерлеп,екі қолын сөре сызығына тіреп отырады. Бір оқушыны екі қайтара жүгіртіп (арасын демалдыру керек),соның ең жақсы көрсеткіштерін жазып алу керек.

 

 Оқушыларды бағалау барысында да кішкене көтермелеп бағалаған дұрыс, оқушылардың сабаққа қызығушылығын артады.


Оқушыларды 3-4 лекке бөліп жүгіру жолдарға тұрғызу. Уақытты есептеп 2000 м жүгіруді жетілдіру.

Ұзын қашықтыққа жүгіріс жоғары сөре техник-нан басталады. Ұзын қашықтыққа жүгіру техникасынын негізгі шарты ол белгілі қашықтықты жоспарлаған жылдам-дықпен жүгіріп өту болып табылады. Жүгіру техникасын талдау үшінсөре,сөрелік екпін алу,қашықтықта жүгіру және мәреден өту техникасын анықтайды. 

Мәре және мәрелік екпін алу техникасы. 

Ұзын қашықтыққа жүгіруде жоғарғы мәре техникасы қолданылады.



Қашықтықта жүгіру техникасы. 

Ұзын қашықтыққа жүгіруде жүгірушінің адамдарынын ұзындығы 190-220см болады ал аяқ алыс жилігі 3,5-4,5адым/с. Жүгірушінін денесі вертикальді қалыпты деуге болады алдағы қарай енкейуі 4-5градус аспауы тиіс кейде 2-3 градус өзгеруі мүмкін. Алғашқы екпін алу кезінде көптеген спортшылар 60-7 0м жеткенде жүгіру екпінін жетеді сонан сон бір қалыпты қашықтықта жүгіруге кіріседі. 

Арнайы жүгіру жаттығулары :

150 м жылдам+250 метр жеңіл жүгіру+200метр жылдам+250м жай жүгіру+150м жылдам осылай 2-3 рет қайталап оқушыларды жүгіру техникасына қалыптастыру керек

2.Ұзақ қашықтықтың жүгіру техникасын сипаттап бер.

3. Шыдамдылық пен күшті қалыптастыратын жалпы дамыту жаттығуларын тізіп шық.

Дала жарысы 2000 метрге жүгіру

Тақырып бойынша оқушыларға түсіндіріп беру,

үйрету, көрсетіп беру.

«Сөре» деген бұйрық естілген кезде жүгіруші оқушы сөреге келіп дайындалып тұрады.

«Дайындал» деген бұйрық берілгенде жүгіруші оқушы дайындалып қолдарын аяқ қимылына үйлесімді етіп жанына қояды,кеуде сәл еңкейеді, ауыз арқылы тыныс алады.

«Жүгір» деген бұйрық берілгенде,алға қарай бар пәрмені мен жүгіру керек.Оқушыларды жүгіру уақтында қолдарының,аяқтарының кеудесіне үйлесімді қимылдауына назар аудару және дұрыс жүгіруін қадағалау.

Оқушылар екеу-екеуден жүгірту.

Дала жарысы-кедергілері көп, яғни, ойлы-қырлы жерлерде өткізіледі. Онда жарысқа қатысушы ағып жатқан бұлақтан секіріп, өтеді. Секіре алмаса, айналып өтудің жолын іздейді. Өрге шығады, еңіске құлдилайды,аспалы көпірден өтеді және т.б. Негізгі мақсат кездесетін кедергілерден дұрыс өте білу.

Дала жарысының ережелері мынадай:

Кростық жүгіру техникасын меңгеру үшін төмендегідей жаттығулар ұсынылады:

Өте баяу жүгіріс - көп жағдайда табанды жазу есебінен итеріле, аяқгарды тізе буынынан шамалы ғана бүгіп қысқа адыммен жүтіру.

Сирақты артқа-жоғары сілтей, өте баяу жүгіру, онда табанның көп жағдайда жазылуы есебінен итеріледі.

Сирақты алға босаңсьгга сермей баяу жүгіру.

Санды жоғары көтере (жылдам, бірақ қатты қиналмай) баяу жүгіру.


Беткейге көтерілерде аяқгың үшымен жүгіреді, кеуде ілгері еңкейеді, беткей тік болғанда кеуденің еңкеюі де көп болмақ. Аяқть! бірден толық табанымен қояды. Қолдар қозғалысқа белсеңді түрде көмеьтеседі, оларды бірден алға-жоғары қарай шығару керек. Қия (тіп-тіке) беткейде, эсіресе, тура бағыт болмағанның өзінде, айналмалы жол секілді қиын жағдайларда жүгіріске ауысуға болады




Пайдаланған әдебиеттер тізімі

А С. Тайжанов, С Қасымбекова,. Дене тәрбиесі Алматы Атамұра


E-college сайтында орналасқан ЦББР (http//manshuk.kz) электронды кітапхана қоры https://www.youtube.com/watch?v=S092F2pcPgs
ЕСКЕРТУ: Интернеттен көшіріп салмаймыз!

Сол күні жауабтарынызды салуға тырысыныздар!

А С. Тайжанов, С Қасымбекова,. Дене тәрбиесі Алматы Атамұра

E-college сайтында орналасқан ЦББР (http//manshuk.kz) электронды кітапхана қоры


https://engime.org/granata-latiru-tehnikasi.html
ЕСКЕРТУ: интернеттен көшіріп сала салуға болмайды, бірақ тақырыпқа сәйкес суреттер қоюға болады!

Сол күні жауабтарынызды салуға тырысыныздар!





Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет