Пәні: Физика. Тақырыбы: Денелердің еркін түсуі. Еркін түсу



Дата16.05.2023
өлшемі0,5 Mb.
#176813
түріРеферат
Байланысты:
геогр сараптама


Атырау бизнес және құқық колледжі
РЕФЕРАТ
Пәні: География.


Тақырыбы: «Географиялық сараптама»

Орындаған: Бағалау мамандығының 1 курс студенті Амантай Венера


Тексерген: Пән мұғалімі Бертілеуова Венера


Атырау – 2023ж.
Сараптама – ғылым, техника, өнер және т.б. салаларда арнайы таным, білім мен біліктілікті талап ететін қандай да бір мәселеге зерттеу жүргізу. Сараптаманың ғылыми зерттеуден айырмашылығы сол, ол құбылыстарды емес, болып кеткен жағдайды және оның себептерін анықтау мақсатында жүргізіледі. Көбіне экономикалық, бухгалтерлік, медициналық, соттық сараптамалар жүргізіледі.
Географиялық сараптама бұл мамандардың қоршаған ортаны өзгертуге бағытталған немесе оған жанама әсер етуге қабілетті жобаларды тексеруі.
Бұл сараптама негізінде қоршаған ортаның қазіргі жағдайына кешенді баға беру және оның табиғи факторлар мен адам әрекеті нәтижесінде өзгеру жағдайлары туралы ғылыми негізделген болжам жасалады.
Географиялық сараптамалар сипатына байланысты 2 түрде жүзеге асырылады:

  1. Экологиялық-географиялық сараптама.

Өндірісті аумақтың табиғи ортасы мен табиғат ресурстарының жай-күйін сандық-сапалық бағалау және өзгерістерін сараптау.

  1. Экономикалық-географиялық сараптама.

Аудандық жоспарлау және экономикалық нысандарды жобалау негіздемесін жасау мақсаттарында аумақтық жобаларды сараптау.

Бұл сараптамалық әдістер зерттеу нысаны аса күрделі және баға берудің басқа ғылыми әдістері тиімсіз болған жағдайда жүргізіледі. Маман географтар қоршаған ортаны өзгертуге немесе оған жанама түрде әсер етуге бағытталған жобаларға кешенді баға береді.

Сараптама алгоритмі төмендегі кестеге сай жүзеге асырылады.


"Дельфи" әдісі – эксперттік болжамды жасаудың негізделген және қатаң процедураларын жасау амалдарының бірден бір түрі, бұл әдісті АҚШ корпорацияларының бірінде қызмет ететін қызметкерлер Т. Гордон мен О. Хелмер екеуі ашқан, 1964 жылы, олар бірнеше ғылымдар түрі бойынша даму перспективаларына қатысты мамандардың ортақтандырылған және статистикалық ойларының жинағын жарыққа шығарған болатын. Оны ғылым мен техниканың даму болжамдары барысында және инвестициялар мен басқа аспектілерді болжауда пайдаланады.


Бұл әдістің мақсаты: Дельфи әдісі - сарапшының тобының барлық қатысқандарының тәуелсіз пікірін талқылап барлық идеяларды біріктіріп, бір шешімге қорытындыға келеді.
"Дельфи" тәсілінің мағынасы – көптеген еңбектік жекеленген сауалнамалардың бағдарламаларын жасау. Эксперттердің жекеленген сауалнамасы анкета-сұрақ түрінде жүргізіледі. Кейіннен статистикалық қорытындылар жасалынады, топтың ұжымдық ойы қалыптасады, әр түрлі пікірлерге байланысты аргументтер анықталып ортақтандырылады. Ақпарат эксперттерге хабарланады, олар берілген бағаларды түзете алады, және де ұжымдық пікірлермен келіспегенддері болса, түсіндіруге болады. Бұл процедура 3–4 рет қайталануы мүмкін. Соның салдарынан бағалардың диапазонының азайғаны байқалады, объектінің даму перспективаларына қатысты келісілген пікір қалыптасады.



Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/qaarc/qa/20574/


География негіздері. - Алматы: Атамұра,2000

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет