Пәні: Психология Тақырыбы: Психологияда зерттеу әдістерінің түрлері, мүмкіндіктері. Сабақтың мақсаттары



бет2/2
Дата22.10.2019
өлшемі128.09 Kb.
түріСабақ
1   2
Психологияның басқа ғылымдар сияқты өз әдістері бар. Ғылыми  зерттеулердің   әдістері  – практикалық ұсыныстарды шығару және  ғылыми теория құру үшін керекті мәліметтер алынатын тәсілдер мен құралдар. Әрбір ғылымның дамуы көбнесе пайдаланылатын  әдістердің  жетілгендігіне және олардың қаншалықты сенімді екендігіне байланысты. Мұның барлығы психологияға  да  қатысты.

Психология зерттейтін құбылыстардың күрделілігі мен көптүрлілігі ғылыми танымға қиындығы соншалықты,  психологиялық  ғылымның жетістіктері тек осы  әдістерге  байланысты болған. Психология жеке ғылым ретінде тек ХІХ ғ ортасында бөлінді, сондықтан ол философия, математика, физика, физиология, медицина, биология және тарих сияқты ңескің ғылымдардың әдістеріне сүйенеді. Сонымен қатар психология информатика және кибернетика секілді жас ғылымдардың әдістерін пайдаланады.

Кез келген дербес ғылымның өзіне ғана тән  әдістері  бар екенін атау керек. Ондай  әдістер  психологияда да бар. Олардың  барлығы екі негізгі топқа бөлінеді: субъективті және объективті



  1. Бақылау әдісі

Бақылау  әдісі   психологиядағы ескі және бір қарағанда өте қарапайым  әдіс  секілді. Ол әдеттегі өмір сүру жағдайындағы адамның қызметіне бақылаушы кіріспей,  жүргізілетін жоспарлы бақылауға негізделеді.  Бұған психологияда бақыланатын құбылыстарды  толық және дәл сипаттау, сонымен бірге оларды  психологиялық  тұрғыдан түсіндіру жатады. Міне  психологиялық  бақылаудың басты мақсаты осы: ол деректерге сүйене отырып, олардың  психологиялық  мазмұнын ашу.

Бақылау – ол барлық адамдардың пайдаланатын  әдісі . Ал қарапайым адамдардың бақылауы мен ғылыми бақылаудың айырмашылығы өте көп.  Ғылыми бақылау жүйелілігімен сипатталып, объективті шындықты алу үшін белгілі бір жоспарға негізделе отырып, жүргізіледі. Яғни,  ғылыми бақылау жүргізілгенде арнайы білім және  сапаны  психологиялық  көріну объективтілі ашылатын арнайы дайындықты талап етеді.

Бақылау әр түрлі  нұсқаларда жүре алады. Мысалы, кеңінен қолданылатын  әдіс  қосылған бақылау. бұл әдіс психологтың өзінің қатысуымен жүргізіледі.  Егер  зерттеушінің қатысуынан, оның жағдайды қабылдауы мен түсінуінен нәтиже бұзылатын болса, онда болып жатқан жағдайларды объективті  түсіну үшін шеттен бақылаған жөн.  Қосылған бақылау мазмұнына қарай  басқа әдіске — өз-өзін бақылауға өте ұқсас.

Бақылау. Бақылау кезінде зерттеуші баланын мінез-кұлқын табиғи жағдайда белгілі бір мақсат көздей отырып кадағалайды және көріп байқағандарын көзден таса қылмай есепке ала­ды. Бақылаудың табысты болуы оның мақсатының қаншалықты дұрыс тұжырымдалғандығына байланысты. Егер зерттеуші бақылау басталмас бұрын бала мінез-құлқынын қай жағына көбірек көңіл аударуы керек екенін анықтап алмаса, онда әсері бытыраңқы, тұрақсыз болады. Бала жақтағы бөлмеден бұл әйнек айна сияқты болып  көрінеді де, бақылаушы жақтан терезеге үқсайды. Жасырын бақылау үшін телевизиялық қондырғылар да  пайдаланылады.

Бақылау процесінде зерттеуші бала мінез-құлқындагы сыртқы белгілерді ғана оның әр түрлі заттармен іс-әрекетін, сөйлеген   сөздерін, мәнерлі   қимылдарын   т. б. қадағалай алады. Бірақ психологты сыртқы көріністер ғана емес, сонын астарында жасырынған психикалық процестер, сапалар, көңіл күйлер де қызықтырады.   Өйткені белгілі   бір   көріністердін, өзі түрлі ішкі жай-күйде   білдіруі   мүмкін   ғой.   Мысалы, қандай да бір-жағдайда бір бала қалжыңға күлуі, ал екінші бала жолдасына еліктеп қана күлуі мүмкін. Бақылаулар жүргізгендегі ең қиын нәрсе б;ала мінез-құлқындағы ерекшеліктерді   елеп   қана қоймай, он ыдұрыс түсіндіру болып табылады.

Жақсы бақылаушылар бақылаулар материалы мен оны түсіндіруін арасын қатақ шектейді. Өйткені түсіндіру қате бо­лып қалуы да мүмкін. Ол үшін бақылау парақ қағаз екі бөлімге бөлініп жазылады. Сол жақ бөліміне баланын. сыртқы белгілерін жазады да, он. жағына оны өзінше түсіндіреді.

Жаппай және ішінара бақылаулар болады. Жаппай бақылаулар  ұзақ уақыт бойы жүргізіледі де, бала мінез-құлқының көп жағын  қамтиды. Ол бір немесе бірнеше балаға қатарынан жүргізледі. Әрине баланың әр қимылын, әр сөзін қалт жібермей есепке алып отыру мүмкін емес. Жаппай бақылаулар әрқашан азды-көпті іріктеліп жасалады: бақылаушыға манызды көңіл аударарлық болып есептелгендер, баланың жаңа сапасы мен мүмкіндігін көрсететіндер ғана жазылып отырылады.

Фактыларды алғаш рет жинақтау үшін бақылау әдісі өте тиімді. Бірақ ол уақыт пен күшті көп жұмсауды қажет етеді. Баланың психикалық өмірінін оны қызықтыратын фактылары қатаң өзінен-өзі пайда болғанынша зерттеушінің күтуіне тура желеді. Оның үстінде (ең маңыздысы да осы) бала өмірі мен тәрбиесіндегі күрделі жағдайлар кейбір мінез-құлықтың себебін ашуға мүмкіндік бермейді. Көптеген зерттеушілер біз бакы­лау жүргізе отырып, өзіміз білетіндерімізді ғана көретінімізді, ал белгісіз нәрселердің әлі де назардан   тыс   қалатынын байқаған.



Бақылау әдісі мынадай этаптардан тұрады:

  1. Бақылау пәні, заты анықталады және объект таңдалынады. (топ немесе жеке адам)

  2. Бақылау тәсілі таңдалынады.

  3. Бақылау жоспары жасалынады.

  4. Бақылаудың нәтижесін өңдеу жолы таңдалады.

  5. Зерттеу нәтижесі жарияланады.

Бақылау әдісінің негізгі ерекшеліктері

  • Бақылаушы объектпен бақылаушының тікелей байланысы, яғни зерттеуші сыналушыға әсер ете алмайды;

  • бақылаудың бір жақтылығы (эмоционалды түр беруі керек), яғни, субъективтілігі;

  • байта бақылаудың қиындығы, яғни ол жағдайды байта тудыра алмау;

Бақылау әдісі белгіленген ережелерді сақтауға, сондай-ақ қойылған талаптар мен міндеттерді орындауға үйрету мақсатымен, оқушылардың іс-әрекетіне, мінез – құлқына байқау жүргізу.

Байқау әдісінің 3 түрі бар:

  • Мәнді және қызық деп тапқан психологиялық фактілерді анда-санда баяндап отыру әдісінің мұндай жолын кездейсоқ байқау деп аталады.

  • Нысанаға алынған оъектінің қимыл-қозғалыстарын жүйелі түрде үздіксіз байқау деп аталады.

  • Байқауға алынған объектіге белгілі бір мерзімде назар аударып отыру таңдамалы байқау әдісі деп аталады.

  1. Эксперименттік  әдіс

Эксперименталды психологияның негізін неміс ғалымы В. Вундт (1832-1920) қалаған. В. Вундт 1879 жылы Лейпциг қаласында психикалық құбылыстарды эксперимент әдістері арқылы зерттейтін физиологиялық лаборатория ашты.

Эксперименттің барысында арнаулы құралдар мен аппараттардың көмегімен психикалық үрдістер өзгерістерінің уақытын дәл көрсетуге болады, мәселен, жауап беру (реакция)оқуеңбек, дағдылардың қалыптасу жылдамдығы.

Психологиялық зерттеулерде негізінен екі түрлі эксперимент қолданылады. Олар зертханалық (лабораториялық) және табиғи деп аталады. Зертханалық эксперимент арнайы ұйымдастырылып, құралдар мен аспаптарды қолдану арқылы жүргізіледі. Зертханалық эксперимент адамның психикалық ерекшеліктерінің физиологиялық тетігін зерттеуде ерекше. Бұл әдіс жекелеген таным үрдістері мен психикалық қалыпты тиімді зерттеу үшін қолданылады, ең алдымен, түйсіктер, қабылдау, ес, зейін зерттеледі. Мәселен, қабылдаудың жылдамдығы, зейіннің көлемі, ес ассоциациясының ерекшелігі қарапайым немесе электрондық тахистас көп сияқты құралдар көмегі пайдаланылады.

Ғылыми білімнің саралануы мен дамуында тәжірибелік әдіс жетекші рөл алатындығы дәлелденді. ХІХ ғасырдың екінші жартысында психология өз алдына жеке ғылым ретінде философиядан бөлініп шығуы оның эксперименттік ғылым болуынан туындаған үрдіс еді. 



Лабораториялық эксперименттің нәтижелілігі мына төмендегі жағдайлардан пайда болады.

  • Байқалатын объект жөнінде экспериментатордың күн ілгері болжамы (гипотеза) болуы тиіс.

  • Тәжірибені күн ілгері белгіленген жоспар бойынша арнаулы методикаға (әдістеме) сай, сондай-ақ тәжірибені өткізу үшін жағдайын (тиісті құжаттар) дайындау.

  • Зерттеуші зерттейтін құбылысты өзі табады және оған белсенді әрекет жасайды.

  • Эксперимент жүргізуші кейде зерттеліп жатқан құбылыстарды коррекциялау;

  • Эксперименттің нәтижесін қайтадан қарастыруға мүмкіндік туғызу.

  • Эксперимент нәтижелері сандық және сапалық өңдеуге, математикалық есептеулерге ерекше мән беру т.б. Табиғи эксперименттің зертханалық эксперименттен өзгешелігі адамның күнделікті іс-әрекетінің мазмұны сақталады, зерттелетін құбылысты міндетті түрде іске асыруға жағдайлар жасалады. Сонымен қатар табиғи экспериментте байқау әдісінің және эксперименттің жағымды сапалары араласып келеді: біріншінің табиғилығы, екіншісінің белсенділігі. Байқау мен эксперименттің аралық түрі болып есептелетін эксперимент табиғи эксперимент әдісі болып табылады. Табиғи эксперименттің негізін салған орыс ғалымы – А.Ф.Лазурский (1910). Оның негізгі мақсаты – зерттеудің эксперименттік сипатын болмыстық жағдайлармен ұштастыру.

Әртүрлі жас кезеңдерінде шәкірттердің танымдық мүмкіншіліктерін зерттеуде, жеке тұлғаны қалыптастырудың нақты жолдарын анықтауда рөлі.

Анализ және синтез (грек. analysis - ыдырау және synthesis бірігу) — жалпы мәнінде алғанда бүтіннің құрамдас бөліктерге ыдырауы және бөлшектердің бүтінге ұдайы бірігу процестері. Анализ және синтез таным процесінде маңызды рөл атқарады және оның барлық сатыларында жүзеге асырылады. Ойлау операцияларында анализ және синтез абстрактілік ұғымдардың көмегімен жүзеге асырылатын және бірқатар ойлау операцияларымен: абстракциямен қорытындылаумен және т.б. тығыз байланысты ойлаудың логикалық тәсілдері ретінде көрінеді. Логикалық анализ дегеніміз зерттелетін объектіні ойша құрамдас бөліктерге бөлшектеу жөне ол жаңа білімдерді алу әдісі болып табылады. Дамушы процеске анализ жасау ондағы әртүрлі кезеңдер мен қарама-қайшы тенденцияларды және т.б. бөліп көрсетуге мүмкіндік береді. Аналитикалық қызмет процесінде ой күрделіліктен қарапайымға, кездейсоқтықтан кажетгілікке, алуан түрліліктен ұқсастыққа және бірлікке карай қозғалады. Анализдің мақсаты — күрделі бүтіннің элементтері түріндегі бөлшектерді тану

Дедукция (лат. deductio — бөліп шығару) - сенімді сипатқа ие логика заңдары негізінде бір немесе бірнеше басқа тұжырымдамалардан (шарттар) бір тұжырымды (салдар) дәлелдеп, шығару.

Дедукция — білімнің көбіне жалпыдан жекеге қарай көшуі, салдардың алғышарттардан шығарылуы; ғылыми танымда дедукция индукциямен ажырағысыз байланысты.

Аналогия (гр. analogіaсәйкестік, ұқсастық) – әр түрлі объектілердегі кейбір қасиеттердің ұқсастығы.


  1. Өз бетімен жұмыс

  1. Тапсырма

1. Психологияның негізгі әдістері:

A) бақылау және эксперимент

B) тесттер және сұхбат

C) бақылау және әңгіме

D) әңгіме және сауалнама

E) тест


2.Психологиялық-педагогикалық зерттеулердегі анықталған деректерді тіркеу мен шектеулердің таным әдісі қалай аталады?

A) эксперимент

B) бақылау

C) тұрақтаушы эксперимент

D) квазиэксперимент

E) қалыптасушы эксперимент

3. Бақылаудың бір түрі ретінде жасырын бақылаудың ерекшелігі

A) бақылаушы позициясы

B) тұрақтылығы

C) бірізділігі

D) бақылаушы белсенділігі

E) реттілігі

4. Зерттеу нәтижелерінің неғұрлым жоғары дәлдігін қай зерттеу қамтамасыз етеді?

A) эксперименттік әдіс

B) лонгитюдті әдіс

C) контент-талдау

D) бақылау

E) іс-әрекет нәтижесін талдау әдісі

5. Психикалық дамуды зерттейтін биогенетикалық бағытқа сәйкес келетін эксперимент

A) табиғи эксперимент

B) лабораториялық эксперимент

C) квазиэксперимент

D) қалыптастырушы

E) тұрақтаушы

6. Қалыптастырушы эксперимент синонимі

A) квазиэкспримент

B) бақылаушы эксперимент

C) табиғи эксперимент

D) проективті эксперимент

E) генетикалық моделдік эксперимент

7. Психодиагностикада жаңа тесттердін бірі саналады:

A) компьютерлік тесттер

B) психожастық тесттер

C) қабілеттілік тесттер

D) жетістік тесттер

E) тұлғалық тесттер

8. Адамдар тобын  ұзақ уақыт  қайталай  зерттеу  әдісі:

A) лонгитюд

B) бақылау

C) сұхбат

D) салыстыру

E) анкеталау

9. Психология ғылымы ... зерттейді. Ойды  аяқтаңыз:

A) психикалық  процестердің  мәні  мен  заңдылықтарын

B) адамның  мінез-қылқын

C) сезім ерекшеліктерін

D) сана  ерекшеліктері

E) адамның  қоршаған  шындыққа  қатынасын

10. Мақсатқа бағытталған бағдарлама және жоспармен жүйелі жүргізілетін зерттеу түрі:

A) эксперимент

B) әңгіме

C) бақылау

D) тест

E) социометрия



11. Табиғи экспериментті алғаш психология ғылымына енгізген:

A) А.Ф.Лазурский

B) П.Ф.Лесгафт

C) Б.М.Теплов

D) И.Кант

E) В.Д.Небылицын

12. Психологияны дербес ғылыми пән ретінде қабылдау ... байланысты болды:

A)арнайы ғылыми эксперименталды зерттеу орталықтарының ашылуымен

B) интроспекция әдісінің дамуымен

C) бақылау әдісінің дамуымен

D) Аристотельдің «жан туралы» трактатының шығуымен

E) тесттердің шығуымен

13. Психологияда тұңғыш эксперименталды лаборатория қай жылы ашылды:

A) 1879 ж.

B) 1890 ж.

C) 1910 ж.

D) 1880 ж.

E) 1950 ж.

14. Әлемде алғашқы эксперименталды психологиялық лабораторияның негізін салған:

A) В.Вундт

B) Ф.Гальтон

C) В.Штерн

D) С.Фишер

E) А.Бине

15. Ұжымда немесе топта өзара қарым-қатынасты зерттеуге мүмкіндік беретін психологияның әдісі:

A) социометрия

B) тест

C) әңгімелесу



D) сұхбат

E) анкеталау




2. тапсырма Социометрия әдісі

Жауап беру бланкісі

Аты-жөні: ______________________________________________________

Тобыңыз:_______________________________________________

Төмендегі сұрақтардың әрқайсысына топта бірге оқитын групаластарыңыздың үшеуінің атын ғана жазыңыз.

1. Педагогикалық колледжді бітіргеннен соң кіммен достық қарым-қатынаста болғыңыз келеді?

А)
Б)


В)
2.Туған күніңізге кімді шақырғыңыз келеді?

А)
Б)


В)
3. Түрлі кештерге кіммен барғыңыз келеді?

А)
Б)


В)

Қолы:

Психологияның зерттеу әдістері?




Психологияның қосымша зерттеу әдістері?




Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет