Пәнінің оқытушыға арналған жұмыс бағдарламасы №басылым 2013жыл 6М 020500 «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған



бет2/4
Дата15.09.2017
өлшемі0,68 Mb.
#32912
1   2   3   4

Көне грек тіл білімі

Ғалымдардың айтуына қарағанда Греция лингвистикасы Гомердің «Илиада» мен «Одиссея» жырының тілін зерттеуден басталады. Көне заманнан сақталған бұл дастан тілінің көр жері гректердің сөйлеу тілінен мейлінше алыстап, оларға түсініксіз бола бастаған да, грек ойшылдары сонны зерттеу, айқындау істерімен шұғылданған. Бұл жағынан алғанда үнді тіл білімі мен грек тіл білімін туғызған себеп бірдей.

Әдетте, Греция лингвистикасын екі кезеңге бөліп қарастырушылық бар. Оның бірі- философиялық кезең, екіншісі – филологиялық кезең деп аталады. Бірішісі бізідң дәуірге дейінгі V-III ғасырлар аралығында. Бұл – грек лингвистикасы қалыптасуының алғашқы кезеңі. Мұны қалыптасушылар философтар болған. Олар тіл мәселелерін лингвитикалық тұрғыда емес, философия тұрғысынан сөз еткен, философияға тәуелді, соның ажырамайтын бір саласы деп есептеген және нақтылы тілдік фактілерге сүйенбей, абстрактылы болжаулар, философиялық тұжырымдар жасаумен шұғылданған. Бұл бағыт Греция тарихында эллинизм деп аталатын дәуірге дейін сақталады.

Грек ғалымдары көтерген тағы бір лингвистикалық проблема – грамматика мәселелері. Грамматиканы да алғашқыда философия, әсіресі логика ғылымына тәуелді, соның бір саласы ретінде, логикалық категориялардың көрсеткіші ретінде ғана қарады. Бұл саладағы алғашқы пікір Платон мен Аристотель еңбектерінде кездеседі. Платон тілдегі сөздерді есім, етістік деп екі топқа бөлсе, Аристотель алдыңғы екеуі үстіне жалғауыш дегенді қосып үш топқа бөледі. Аристотель – грамматика мен логика арасындағы қарым қатынасты алғаш сөз еткен ғалым.

Бұл елдегі лингвистика өз дамуның ең биігіне Греция тарихында эллинизм деп аталатын дәуірде көтерілді. Тіл білімі тарихында грамматистердің александрия мектебі деп аталатын бағытт осыдәуірде қалыптасқан. Бұл кезең Греция тілі білімі тарихында филология дәуірі деп аталады. Оның басты бір ерекшілігі – грамматикалық ілімнің , философияның , логиканың ықпалынан босанып, өз алдына дербес пән ретінде қаралуы еді. Грамматистердің александриялық мектебін қалыптастырып, грамматика ілімін дамудың жоғары сатысына көтерушілер – Аристрах, оның шәкірті Дионисий Фракийский, Аполлоний дискол болды. Александрия грамматиктері тілдің дыбыстық жүйесін зерттеумен де айналысқан. Бірақ бұл мәселеде гректер үнділер жеткен деңгейге жете алған жоқ. Лексикология саласы да назардан тыс қалды.

Бұл дәуірде филология жазба ескерткіштерді жинау, зерттеу ісімен ерекше шұғылданды. Ежелгі Грек дәуірінен келе жатқан зат пен оның атауы арасындағы қарым – қатыс жөніндегі талас бұл дәуір де болды. Бірақ бұл кездегі талас белгілі бір заңдылық деген бола мА жоқ па деген мәселе төңірегінде болды. Оны бар деушілер анологистер, жоқ деушілер аномалистер деп аталды.

Аномалистер зат пен оның атауы және грмматикалық категориялар арасында ұқсастық, заңдылық жоқ десе, анологистер тілде анологияның ролі ереукше, тілдік элементтерде анология жолымен бірыңғай, біркелкі болу тенденциясы күшті болады, тілдігенің барлығы да белгілі заңдылыққа бағынады деді. Анология мен аномалия туралы талас тілід тереңірке зерттеуге түрткі болды.

Тіл білімі тарихында елеулі мәні барлығына қарамастан Ежелгі Грек лингвистикасының әлсіз жақары да болды. Тіл мәселелері алғашқыда философия, логика ғылымдарына тәуелді, соның бір саласы ретінде қаралғандықтан, тілдік категорияларды логикалық категориялармен теңестіріп қарау, алдыңғысын соңғысының мүддесіне бағынышты ету әрекеті кейінгі заманға дейін аоылмай келді. Тілдік категорияның өзгеріп, дамып отыратын тарихи құбылыс екеніне гректер де жете мән бермеді. Оның үстіне гректер өз тілінен басқа да тілдерді тіл деп санамады. Сондықтан олардың зерттеулері бір ғана тіл фактісіне негіздіелді. Бұл - олардың лингвистикалық мәліметтердің өсуіне, жалпы тілдік теориялық терең тұжырымдар жасауларына мүмкіндік береді.



Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1. Грек тіл білімінің негізгі объектілерін ата?

2. Атау теориясы, тілдің шығуы дегеніміз не?

3. Александрия тіл мектебі, оның өкілдерін ата?

4. Философияның тууына түрткі болған себептер қандай?

5. Көне заман лингвистикасына тән ортақ сипаттар мен кемшіліктерді атаңыз?

6. Философияның тууына түрткі болған себептер қандай?

7. Көне заман лингвистикасына тән ортақ сипаттар мен кемшіліктерді атаңыз?

8.Мұнда қалыптасқан атау теориясы мен иероглифтік грамматикасын ата?

9. Қытай грамматикалық ілімінің өзіндік ерекшелігі қандай?

10. «Эрья сөздігінің » ерекшелігі?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Мұсабекова Ф.М. Лингвистикалық ілімдердің тарихын оқыту. А. 1985

2.Вандриес Ж Язык. Лингвистическое введение в историю. Изд.

3.УРСС, М. 2001.

4.Мигирин В.Н. Методология и лингвистика. -Кишинев: Штиинца

5.Амирова, Ольховиков Б. А., РождественскийЮ.В. Очерки по истории лингвистики –М., 1975.



  1. 6.Березин М. История лингвистических учении. –М., 1975.

  2. 7.Методы лингвистических исследовании. –М., 1973.

8.Мұсабекова Ф.М. Лингвистикалық ілімдердің тарихын оқыту. –А., 1985.

9.Амирова, Б.А.Ольховиков, Ю.В.Рождественский. Очерки по истории лингвистики. - М.,1975.

10.М.Березин.История лингвистических учении.М.,1975

11.Қалиев Б. Жалпы тіл білімі. Алматы,2000

12.Қордабаев Т.Р Жалпы тіл білімі А,1975 және 1981,1999ж
3 ДәрісОрта ғасыр тіл білімі

Дәріс сабағының мазмұны:

1.Әлемдік діндердің канондық тілдердің пайда болуы, олардың тіл біліміне тигізетін әсері.

2.Схоластикалық бағыттың ықпалдары.

3.Реалистік номиналистік бағыттар.

Орта ғасырдың өзіндік біл ерекшелігі – әр түрлі діндердің туып. Дүние жүзілік діндерге айналуы. Ондай діндер қатарына будда, ислам, христиан, діндерін жатқызуға болады.

Дүние жүзілік діндердің тарауымен қатар сол діндердің сүндет – парызын, шариғатын уағыздайтын жазбалар да тарады. Ол жазбалар тілі деп жарияланды. Жергілікті халықтар ол тілде жазылған аят – хадистарды мағынасын, тілін түсінбесе де жатқа біліп, құдайға құлшылық ететін дұға ретінде айтуға міндетті болды. Бұл тіл лингвистикада канондық тіл деп аталады. Сөйтіп, дін тараған аймақтардағы халықтар өз анна тілімен қатар канондық тілді де қолданды. Канондық тіл бірден – бір дұрыс тіл деп жарияланды да, әр халықтың өз анна тілі, сөйлеу тілі, теріс тіл, пендешілік тілі деп саналды. Жазба тіл, әдеби тіл деп саналатын да канондық тіл болды. Мысалы, түркі халықтары, сондай- ақ қазақ халқы үшін де канондық тіл араб тілі, исламның ең қасиетті, киелі кітабы – құранның тілі болды. Европа халықтары үшін канондық тіл – латын тілі. Олар латын тілін жазу тілі, ғылым тілі ретінде пайдаланылды. Бүкіл оқу орындарында ғылыми пән ретінде оқылатын да латын тілі грамматикасы болды. Жеке тілдер грамматикасы да латын тілі грамматикасы негізінде сөз болып, соның үлгісінде түсірілді. Сондықтан грамматика деген термин латын тілі грамматикасы деген ұғыммен тең болды. Жалпыхалықтық сөйлеу тілі есукерілмеді. Сөйлеу тілі фактілерін зерттей отырып, жасалатын теорилық тұжырымдардың орнына библейлік жорамалдар, діни нұсқаулар бұлжымайтын заң ретінде қолданылады. Сөйтіп , Орта ғасырлық Европа грамматика іліміне айтарлық ештеме қоса алмады. Солай бола тұрса да орта ғасырдағы грамматикалық ой – пікірдің бір мәнді жағы бар: ол кейінгі заманғы европалық лингвистиканың сол орта ғасыр топырағында тамырлана бастауы еді.

Канондық жазбалар мен қатар европа халықтарының біразында жазба жұмысы мен әдебиет едәуір дамыды. Тек ежелгі дәуірден сақталған жазба тілі ғана емес, сөйлеу тілі материалдарына да көңіл аудару, оған мән беру фактілері байқалады. Құдайға құлшылықты пәрмендік жүргізу мақсаты - Канондық тілде жазылған туындыларды жергілікті тілдерді зерттеу, нормалау, олардың грамматикаларын жазу талабын күн тәртібіне қояды. Сөйтіп, 8 -15 ғғ арасында ирланд, исланд, француз, испан, итальян, ағылшын, т.б. тілдердің граммаьтикалары жарық көреді.

Грамматика мәселелерімен қатар ежелгі дәуірден келе жатқан зат атауларының табиғаты жөнінідегі мәселеде ескерусіз қалмайды. Оны сөөз етушілер бұл дәуірде де екі лагерьге бөлінеді. Оның бірі – реалистер, екіншісі – номиналистер деп аталады. Реалистер заттар жөніндегі жалпы ұғым – ақиқат, ол, алғашқы, зат соңғы деген идеалистік бағытты ұстанады. Номиналистер керісінше, зат болмаса, ол туралы ұғым соңғы деген матералистік бағытты уағыздайды.



Өзін-өзі тексер сұрақтары:

1. Әлемдік діндердің канондық тілдер қалай пайда болды?,

2.олардың тіл біліміне тигізетін әсері қандай болды?

3. Схоластикалық бағыттың ықпалдары. Реалистік номиналистік бағыттар?



Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Амирова, Б А Альхова, ЮВ Рождественский. Очерки по истории лингвистики. - М 1975.



  1. 2.М. Березин. История лингвистических учении.- М 1975

  2. 3.ҚалиевҒ. Жалпы тіл білімі А 2001

4.Мұсабекова Ф.М. Лингвистикалық ілімдердің тарихын оқыту. А. 1985.

4 Дәріс Араб тіл білімі.

Дәріс сабағының мазмұны:

1. Араб тіл білімінің дамуы.

2. Араб тілі туралы алғашқы еңбектер.

3. Араб тілінің дамуына үлес қосқан ғалымдар еңбектерінің маңызы

Мұның үстіне араб тілінде диалектілер де көп еді. Жаңадан бағындырылған елдердің тілдері әр түрлі болатын. Сондықтан классикалық араб тілінің диалектілерден де, басып алынған басқа елдер тілдерінен де қорғау, оны таза сақтау қажет болды.

Бұл жағдайлар араб филологиясының дамуына әсерін тигізді. Арабтар гректер мен үнділіктердің грамматикалық жүйелерін де пайдаланды. Сонымен бірге араб тілі туралы ғылымды жасауға арабтардың тек өздері ғана емес, оларға бағынышты басқа да халықтар өкілдері қатысты. Әсіресе, араб халифатына кірген парсылар, гректер, сириялықтар, еврейлер, берберлер, түркі тағы басқа халық өкілдері тіл туралы ілімді дамытуға ат салысты.

Арабтардың тіл туралы алғашқы еңбектері Ефрат пен Тигр бойындағы Баср және Куф қалаларында шықты. Бұл екі қалада грамматикалық екі мектеп – екі бағыт пайда болды. Олар өзара бір-бірімен түрлі мәселелер жөнінде айтысқа түсіп, пікір алысып отырды. Кейіннен грамматикалық ғылым орталығы Араб халифатының сол кездегі астанасы Бағдатқа көшті.

Баср мектебінің өкілі Сибавейхи «Аль-Китаб» деген үлкен еңбек жазды. Мұнда 1000-нан астам өлең бар. Кітап мысалдары Құраннан және ерьедегі поэзиядан алынған.

Арабтардың ертедегі ойшылдардан бір өзгешелігі – олар әріп пен дыбыстың айырмасын ажырата білді, сөдің жазылуы сен айтылуындағы, яғни орфография мен орфоэпияның сай келмейтініне назар аударды. Дыбыстарды физиологиялық тұрғыдан баяндап, олардың 4 түрлі ерекшелігін атады. Сибавейхи дыбыстардың жасалуының 16 түрлі орнын көрсете келіп, оларды соған сай топтастырады: сөз таптарын етістіктер, есімдер, сан есімдер деп үшке бөлді.

Арабтар үш дауыссыз дыбыстан құралатын түбірлердің сырын айқындады. Бұл жайт – семит тілдеріне ғана тән құбылыс. Олар түбірдегі флексия мен аффикстік тәсілдің маңызын байқай білді.

Араб мамандары басқа да тілдерді, мәселен, түрік, монғол, парсы тілдерін де зерттеді. Бірақ оларда тіл фактілерін салыстыра қарастыру деген болған жоқ.

Лексикология мен лексикография саласында арабтар айтарлықтай табысқа жетті. Олар лексика материалдарын көптеп жинап, түрлі сөздіктерге топтастырды; әр пәнге байланысты сөздіктер шығарды. Арабистер араб тілі лексикасының байлығын ерекше мақтан етті. Мәселен, семсер сөзінің 500 синонимін, арыстан сөзінің 500 синонимін табады. Бұл шын мәнінде, тіл байлығының аса бір мәнді көрсеткіші.

Әлемнің екінші ұстазы атанған Әл-Фараби тіл білімнің бірқатар теориялық және практикалық мәселелері бойынша да маңызды зерттеулер жүргізген. Ұлы ғалым өзінің «Ғылымды классификация жасау» деген 5 бөлімнен тұратын еңбегінің бірінші бөлімін адамдардың бір-бірімен қатынас жасап, өзара түсінісетін құралы – тілдің заңдылықтары мен ерекшеліктерін зерттейтін ғылымға арнаған. Бұл бөлімі «Тіл туралы ғылым» деп аталады. Ол кісінің еңбегінде тіл білімінің барлық заңдылықтар мен мәселелері көрсетілді. Оның ішінде морфология саласы, яғни, сөз құрамы мен аффикстік морфемалар, орфография, пунктуация, орфоэпия мәселелері. Осылардың араб тіліндегі өзіндік ерекшеліктерін атап көрсетті.

Араб филологтары сөздік жасау ісіне де көп үлес қосты. Мәселен, Фирузабади деген кісі, бір мәліметтерге қарағанда, 60 том, енді бір деректерде 100 томдық сөздік жасапты. Сондай-ақ «Камус» (мұхит) атты сөздік те жасаған деседі. Бұл сөздіктер өкінішке орай сақталмаған.

ХІ ғасырда лексикографиялық теңдесі жоқ бір ірі еңбек пайда болды. Ол – «Диуани лұғат-ат-түрік» (Түркі сөздерінің жинағы) – орта ғасырдағы түркі халықтарының бәріне бірдей ортақ он мыңнан астам төл сөз және жеке ру-тайпаларға тән көптеген жергілікті сөздерді қамтыған, өз дәуіріндегі түркі тілдерінің белгілі бір ғылыми жүйеге түсірілген түрікше-арабша сөздігі. Бұл сөздіктің авторы ұлы филолог, ғалым Махмұд Қашқари.

Махмұд Қашқари сөздігі түркі халықтарының сан ғасырлық тарихында оның өз өкілі жазған тұңғыш ғылыми грамматика, ғажайып лексикография үлгісі болып табылады. Сонымен бірге, бұл сөздік сол ХІ ғасырдағы түркі тілдерінің салыстырмалы диалектологиясының негізі қаланған алғашқы ғылыми зерттеу екені де мәлім.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1. Араб тіл білімі қай дәуірде дамыды?

2. Араб тіл білімінің өкілдері?

3. Махмұт Қашқари сөздігінің маңызы?



Ұсынылған әдебиеттер:

1.Мұсабекова Ф.М. Лингвистикалық ілімдердің тарихын оқыту. А. 1985

2.Вандриес Ж Язык. Лингвистическое введение в историю Изд. УРСС, М. 2001

3.Теоретическое проблемы языкознание. «Наука», Москва , 1970ж

4.Мигирин В.Н. Методология и лингвистика. «Штиинца» Кишинев, 1976.

5 ДәрісҚайта өркендеу дәуірі тіл білімі

Дәріс сабағының мазмұны:

1.Қайта өркендеу дәуір тіл біліміне қысқаша шолу

2 Бұл дәуірдегі тіл білімінің проблемалары

3. Ұлттық тілді қалыптастырып дамыту. Жаңа ашылған тілдерді үйреніп зерттеу, Пор – Рояль грамматикасы

Қайта өркендеу дәуірі бүкіл қоғам өмірінің басқа да салалары сияқты лингвистика үшін де жаңа, даму дәуірі болды. Бұл дәуірдің лингвистикалық проблемасы: а) Ұлттық тілдердің қалыптасып, дамуы,ә) Бұрын ежелгі дәуірдің лингвистикалық ой – пікірін көркейтіп, қайта дамыту болды.

Жаңа жерлердің, елдердің ашылуы – Еуропа тілі білімінің дамына қолайлы жағдай туғызды. Отарлау мүддесі ол тілдерді үйрену, зерттеу, үйрену туралы сөздіктер жасау, грамматикалық мәліметтер жинау міндетін алға қойды. Азия, африка, америка халықтары тілдерінен жиналған орсан зор материалдарды бір- бірімен салыстырып қарау, сол арқылы олардың арасындағы ұқсастық, өзгешеліктерді айқындауғы алғашқы қадамдар жасалды.

Қайта өркендеу дәуірінде қолға алынғаг тағы бір мәселе –орта ғасырда жөнді мән берілмеген ежелгі грек, рим, жазба нұсқаларын тауып, жариялау, оларға филологиялық талдаулар жасау болды. Өз дәуірі үшін бұл саладағыкүрделі істер қатарында Ж Скалигердің 1540 ж шыққан «Латын тілінің негіздері туралы», Р Стефанустың 1553 ж шыққан «Грек тілі қазынасы», араб ғалымы П Алкаланың « Араб тілі грамматикасы» 1505, Рапхлиннің «Еврей тілі грамматикасы» 1506, атты еңбектерді атауға болады. Осылармен қатар 15- 16 ғ ішінде испан, корей, жапон, нидерланд, парсы, армян. Еврей, венгер, ағылшын, француз, мексикан тілдерінің грамматикалары шығарылды.

Универсалды грамматика. Бұл еңбекті француз ғалымдары – логик, философ. Профессор Антуан Арне мен грамматист, философ Колод Лансле екеуі бірігіп жазған. Бұлар өз заманында Франциядағы ғылым мен ағарту істерінің орталығы болған Пор – Рояль монастынрының ғалымдары болғандықтан және сол монастырда шыққандықтан, оны «Пор – Рояль грамматикасы » деп те, « Рационалды жалпы грамматика» деп атайды.

Пор – Рояль грамматикасы ежелгі грек, еврей латын және француз тілдері материалдары негізінде жазылған. Бірақ бұл еңбек салыстырмалы туынды емес, логикалық –типологиялық грамматика. Оның алға қойған мақсаты – барлық тілдерге ортақ рационалды негізді және олардың арасындағы өзгешеліктерді ашу. Бұл еңбектің өзіне дейінгі шыққан грамматикадан тағы бір ерекшелігі – оның тілдік материалды жан- жақт ыталдауға негізделуі. Грамматикада екі түрлі принцип негізге алынған – 1) берілген грамматикалық ережелердің жалпы тілдік болуы, екіншісі – ол ережелердің логикаға негізделуі.

Универсалды грамматика екі бөлімнен тұрады. Оның бірі –фонетика, екіншісі- грамматика. Бұл еңбек өз дәуірінде Европада зор беделге ие болды. Ол көп ұзамай бірнеше тілдіере аударылды. Көптеген ғалымдар тіл білімі даму тарихындағы ерекше құбылыс, жаңа сапалы тілі білімінің төр басы, жалпы тіл ғылымының алғашықы жаршысы деп жоғары бағалайды.

Дегенмен тілі біліміне қосқан жаңалықтарымен бірге бұл еңбектің бірсыпыра қателіктері де бар. Олардың ең негізгісі – логикалық категория мен тілдік категорияларды бір –бірінен ажыратпай, тең құбылыстар деп қарау. Грамматика авторларының пікірінше, әр тілдің өзіндік грамматикасы дегне болмайды. Грамматика жалпы тілдік, универсалды болу керек, өйткені грамматикалық категориялар логикалық категориялардың көрсеткіші, ал логикалық категориялары жеке ұлттық болмайды,жалпы адамдық болады. Тілдердің барлығы да логиккаға тәуелді, соның мүддесіне қызмет етеді. Бұл тұжырымның қаталігі : логикалық категорияларының жалыпы адамдық болатыны даусыз, бірақ тіл олай емес, ол жеке ұлттық, халықтық болады. Ойлау процесін, ой категориясын әр халық өзінше көрсетеді.

Тіл білімінің міндеті – барлық тілдерді бір ған грамматикаға тәуелді ету емес, тілдер арсындағы бірлік пен ұқсастықты айқындау.



Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1. Қайта өркендеу дәуірінің ерекшелігі?

2 Бұл дәуірдегі тіл білімінің проблемалары

3. Универсалды грамматика еңбегі туралы не айтасын?



Ұсынылған әдебиеттер

1.Амирова, Б А Альхова, ЮВ Рождественский. Очерки по истории лингвистики М 1975

2.М. Березин. История лингвистических учении М 1975

3.ҚалиевҒ Жалпы тіл білімі А 2001

4.В.И. Кодухов. Общее языкознания. М 1974.

6 Дәріс XVII-XVIII ғасыр тіл білімі

Дәріс сабағының мазмұны:

1. 17 – 18 ғ тіл біліміндегі ой пікірдің әрі қарай тереңдеп дамығаны.

Бұлардың кейбіреулері әлі де болса, латын тілі грамматикасы үлгісінен шыға алмаған, тілдік материал ретінде сөйлеу тілі фактілерінен гөрі ескі жазба тіл фактілеріне көбірек сүйенген еңбектер болса да, латын тілі грамматикасы тіл атаулының барлығына бірдей жарамды бола алмайтының, әр тілдің өзіндік ерекшеліктері, өзіндік грамматикалық құрылымы болатынын байқатқан әлде осы бағытта жүргізілетінін зерттеулерге жол ашқан, бастама алған еңбектер еді.

Нормативтік, практикалық грамматикалармен қатар, нормативтік сөздіктер де жарық көре бастады. Осындай сөздіктер қатарына 1612 жылы Италияда шығарылған «Курска Академиясының сөздігі» деп аталатын түсіндірме сөздікті.

1694 жылы Францияда жарияланған «Француз Академиясының сөздігін».

1726-1739 жылдар ішінде әзірленіп жарияланған «Россия академиясының сөздігін» т.б жатқызуға болады.

Әр түрлі халықтар тілдерінен жиналған материалдарды бір-біріне салыстыра қарау, бір тілдегі сөздерді екінші тілге аудару да осы кезеңде етек алды.



Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1. Орта ғасырда пайда болған еңбектер?

2. Осы кезде пайда болған сөздіктер?

3. Бұл еңбектердің қандай кемшіліктері бар?



Ұсынылған әдебиеттер:

1. Амирова, Б.А.Ольховиков, Ю.В.Рождествинскии. Очерки по истории лингвистикии. М, 1975

2. Н.Березин. История лингвистических учении. М, 1975

3. Звегинцев.В.А История язокознания XIX-XX веков в очерках и извелениях. Ч. І,ІІ. Учпедгиз, «Просвешение», М, 1960, 1965

4. Г.Г. Поцепов. Теория коммуникации, изд. «Ваклер», М, 2001

5. Т.Қордабаев. Жалпы тіл білімі. А,1983



7 Дәріс Салыстырмалы-тарихи тіл білімі

Дәріс сабағының мазмұны:

1. Салыстырмалы-тарихи тіл білімінің объектісі көздейтін мақсаты.

2. Тілдер туыстығына көңіл бөле алатын тілдік материалдар.

3. Салыстырмалы тарихи тіл білімі дамуының үш кезеңі.

Жаңа әдістің қалыптасуы — ежелгі заманнан басталатын лингвистикалық ой-пікір дамуының заңды, табиғи нәтижесі. XVIII ғасырдың соңғы жартысы мен XIX ғасырдың алғашқы жылдарында лингвистиканың даму қарқыны, бағыты жаңа зерттеу әдісінің қажеттігін айқын көрсетті.

Өткен ғасырдың бас кезінде әр елде салыстырмалы-тарихи әдіс негізінде жазылған бірнеше еңбек жарық көрді.

1861жылы неміс ғалымы Франц Бопптың санскрит тіліндегі етістіктердің жіктелу жүйесін грек, латын, парсы, греман тілдеріндегі етістіктердің жіктелу жүйесімен салыстыра зерттеген еңбегі шықты. Онда аталған тілдердің туыстастығы дәлелденді. Ол бұл тілдерден жинаған материалдарын, иран, славян, балтық бойы халықтары, армян тілдері фактілерімен толықтыра келіп,1883—1849 жылдар арасында «Үнді-европа тілдерінің салыстырма грамматикасын» жазды.

Ғалымдардың айтуына қарағанда,Бопптың бұл еңбегіне үнді лингвистикасының, әсіресе Панини еңбегінің әсері тиген болуы керек, Панини сияқты Бопп та, негізгі зерттеу объектісі етіп морфологияны алады да, фонети-каны соған тәуелді жағдайда қарайды, сннтаксиссаласы тіпті сөз болмайды.

Тіл білімі тарихында Бопп салыстырмалы-тарихи тіл білімінің негізін салушы деп саналады. Бопп еңбеітері шынында да, зерттеу ісіне салыстыру әдісін қолдану арқылы тілдер туыстастығын айқындауға болатындытын көрсетті.

Ол үнді-европа семьясына жататын тілдерден жиналған орасан мол фактілерді бір-біріне салыстыра зерттеу арқылы олардың туыстастығын, бастапқы күйін, шыққантөркінін ашпақ болады. Екіншіден, европа тілдері грамматикасына тән флективті құрылыстың тарихи сырын жан-жақты айқындауды көздейді. Ф. Бопп еңбектері салыстырмалы-тарихи тіл білімінің дамуына ықпалын тигізді.

Салыстырмалы-тарихи әдісті қалыптастырушылардың екіншісі Дания ғалымы Расмус Раск. Олөзінің 1818 жылы басылып шыққан «Исланд тілінің шығу тарихы жайлы» еңбегінде тілдер туыстастығын білдіретін негізгі белгілер не екендігін жан-жақты көрсетеді, Ол— тілдердің сөздік жағынан бір-біріне ұқсастығы тіл туыстастығының кепілі бола алмайды, бір тілден екінші тілге сөз ауыса береді, тіл туыстастығының белгісі — олардың грамматикалық жағынан ұқсас болуы, грамматикалық формалар бір тілден екінші тілге ауыспайды,— деп дұрыс қорытынды шығарды. Тілдер туыстастығының екінші бір кепілі — дыбыстар алмасуындағы заңдылықтар мен негізгі сөздік қордың ұқсастығы — дегенді Раск бірінші болып көрсетті. Өзінің осы тұжырымына сүйене отырып, Раск көптеген европалық тілдер фактілерін бір-біріне салыстыра зерттеді, бірақ Раск Бопп сияқты салыстырып отырған тілдердің түпкі төркінін, бастапқы күйін ашуды көздеген жоқ. Ол, негізінде, скандинавия халықтары тілдерінің европалық тілдермен туыстастығын айқындауды мақсатетті. Скандинавия филологиясының негізін салды. Ф. Бопп еңбегінде жете ескерілмеген фонетика мәселелері, дыбыс құбылыстарының заңдылықтары Раск еңбегінде едәуір кең көлемде қойылды.

Салыстырмалы-тарихи тіл білімінің тағы бір көрнекті өкілі — неміс ғалымы Якоб Гримм, Бұл ғалымның төрт томнан тұратын «Неміс грамматикасы» атты еңбегінің бірінші кітабы 1819 жылы басылады. Мұнда автор неміс тілінің қалыптасу, даму жолдарын оның құрамындағы әр түрлі диалектілерді бір-біріне салыстыру, неміс тілін герман тіліне жататын басқа тілдермен қатар қоя қарау арқылы айқындайды.

Гримм өзінің еңбектерінде тілдің, тілдік элементтердің даму тарихын зерттеуге баса көңіл бөледі. Тіл тарихын зерттеуге талпыну XVII—XVIII ғасырларда да болған, бірақ ол кезде тіл фактілері хронологиялық жолмен салыстырылмай, бір-бірінен мейлінше алшақ жатқан дәуірлерге тән фактілер қалай болса солай салыстырылсатілдік құбылыстарды түсіндіруде, көбінесе, ойдан шығарылған жорамалдарға сүйенсе, Гримм оның орнына тарихи салыстырудың баспалдақты, хронологиялық, жолын енгізіп, қалыптастырды. Сөйтіп, тілдегі өзгеріс-құбылыстардың қай-қайсысы да оның бірте-бірте дамуының табиғи нәтижесі екенін дәлелдеді. Тілдік құбылыстарды зерттейтін — тіл тарихы ғылымының лингвистика құрамында болуы қажеттілігіне көз жеткізді.

Гримм тіл тарихынын, қоғам тарихымен байланыстылығын, тілдің қоғам тарихын зерттеуде орасан зор роль атқаратынын баса айтты. Тіл дамуындағы заңдылық дегенді Гримм сөйлеудегі дыбыстардың өзгеру заңдылығы деп түсіндірді. Дыбыс құбылыстарының заңдылығын айқындауда Гримм Раск еңбегіне де сүйенді. Бұл саладағы Гримм ашқан заңдылық XIX ғасыр лингвистикасының елеулі табысы болды. Ол тілдің дыбыстық жүйесін зерт-теуге бет бұрыс жасады. Сөйтіп, тіл ғылымында фонетиканың өз алдына жеке бір сала болып қалыптасуына әсерін тигізді.

Салыстырмалы әдісті тіл білімінің зерттеу әдісіне айналдыруда славян тілдерінің маманы А. X. Востоковтың да еңбегі бар. Ол 1820 жылы жарияланған «славян тілдері жөніндегі пікірлер» дейтін кітабында славян тілі фактілерін, әсіресе олардың дыбыстық, жақтарын бір-біріне салыстыра зерттеу арқылы олардың арасындағы ұқсастық, өзгешеліктерді көрсетті.

Салыстырмалы-тарихи тіл білімінің жетістіктері марксизм классиктерінің назарына ілікті. Олар тілдің, әлеуметтік, философиялық жақтарымен қатар, тіл зерттеу ғылымында салыстыру әдісінің өте тиімді екенін жақсы білді.

Сонымен, айтылғандарды жинақтай, нақтылай, толықтыра түссек салыстырмалы-тарихи әдіс бойынша туыстас тілдер фактілері бір-бірінесалыстырыла зерттрледі. Мұндай салыстыруда екі түрлі мақсат көзделеді.Олар: салыстырылып отырған тілдер фактілері дамуының жалпы заңдылығын, олардың арасындағы туыстастықты ашу, тіл я тілдер тарихын айқындауға қажетті мәліметтер табу. Зерттеу тәсілі — фактілерді салыстыру, көздейтін мақсаты — олардың тарихын ашу болғандықтан әдіс — «Салыстырмалы-тарихи тіл білімі» немесе латын тілінен алынған термин бойынша компаративистика (салыстыру) делінеді.

Дыбыс тілі жалпы адамдық құбылыс болғандықтан, онда бір-біріне ұқсастық болмай қоймайды. Оның себептері көп. Ұқсастық бір тілдің екінші біреуіне тигізген әсерінен, тілдік тұлғалардың, әсіресе сөздердің бір тілден

екіншісіне ауысуынан болуы мүмкін. Мысалы, орыс тілінде қолданылатын колпак, алтын, баба, бак, бар, оба деген сөздер бірлі-жарым дыбыстық өзгешеліктерімен көптеген түркі, солардың ішінде қазақ тілінде де кездеседі. Бірақ соңғыларда басқа мағынада жұмсалады. Жоғарыда айтылған кездейсоқ ұқсастық дейтіндеріміз— осылар. Мұндай тіларалық омопимдер олардың туыс-тастығының көрсеткіші бола алмайды. Сондай-ақ, қазақ тіліне де орыс тілінен және орыс тілі арқылы басқа тілдерден ауысқан: база, телефон, радио, демократия, студент, кафедра тәрізді сөздер бар. Бұлар — қазір бір-бірімен ешқандай туыстық жақындықтары жоқ көптеген тілдерде кездесетін ортақ сөздер. Жоғарыда айтылған, тілдер қарым-қатынасы арқылы пайда болатын ұқсастық, бірлік дейтіндер, міне, осылар. Бұлар да тілдер туыстастығына кепіл бола алмайды. Тілдер туыстастығының төркіндестігінің негізгі кепілі — сөз туғызушы, сөз өзгертуші формалардың бірлігі, ұқсастығы және негізгі сөздік қор мен дыбыс заңдарындағы жақындық. Сондықтан тілдер туыстастығын айқындау үшін кездейсоқ ұқсастықты алмай, тілдердің фонологиялық, морфологиялық, синтаксистік жүйелеріндегі ұқсастықтарды салыстырған жөн. Тілдер туыстастығын тек осылардағы бірлік пен төркіндестік қана аша алады. Бірақ, туыстас тілдер фактілерін салыстырғанда, олардың бір-бірімен ешқандай жақындығы, бірлігі жоқ фактілерін немесе бір-бірінен ешқандай өзгешелігі жоқ фактілерін салыстыруға болмайды. Мысалы, қазақ тіліндегі сөйлем, үтір, нүкте деген сөздердің мағынасы ұйғыр тілінде жүмлә, пәш, чекит деген сөздермен беріледі. Ал енді, қазақ тіліндегі пай, ат, зиян, қызыл, қызғылт, қымыз, ақ деген сөздер башқұрт тілінде де дәл осы қазақ тіліндегідей дыбыстық құрылымда айтылады.

Салыстыру үшін алынатын материалдар, фактілер тарихи жағынан салыстырып отырған тілдерге ортақ о баста бір негізден тарағанмен, кейін өзгерістерге ұшыраған, дифференциацияланған болуы керек. Мысалы, қазақ тілінде тас, тұз, баға, болат, балта, мүйіз, табан, жақсы, жат деген сөздердің ойрот тілінде: таш, тұс, баа, болот, малта, мұұс, таман, дъат болып айтылуын, немесе қазақ тілінде қосымша д, т. дыбыстарынан басталып қосылатын: біздер, тілектестік, мендік, атты дегендердің қарақалпақ тілінде: бізлер, тілеклестік, менлік, атлы болып, л дыбысымен ауысатындығын алуға болады. Салыстыру арқылы бұл фактілердің бастапқы түрін де, қай тілде қалай және неліктен өзгеріске ұшырағандығын да табуға болады.



Салыстырмалы-тарихи методтың тіл туралы ғылымды қалыптастыруда, дамытуда ерекше мәні болғандығын, оның лингвистикалық ой-пікір дамуындағы жаңа дәуірдің басы болғандығын ешкім де бекер дей алмайды. Бірақ соған қарамастан ғылымның кейінгі замандардағы дамуы бұл әдістің бірсыпыра осал жақтарының да барлығын айқындап берді. Сондықтан да сөз болып отырған әдістің де, оны қолданушылардың да әлсіз жақтарын батыл сынға алып, зерттеудің жаңа амал-тәсілдерін іздеген ағымдар, лингвистикалық мектептер өткен ғасырдың өзінде-ақ құрылды. Олардың салыстырмалы-тарихи әдіс адресіне айтқан сындары алуан түрлі. Солардың, ішінде жоққа шығара алмайтын бірнеше қағида бар. Ең алдымен, салыстырмалы-тарихи әдісті қолда-нушылар тілдің өткенін зерттеуге, болған-болмағаны беймәлім, жорамалдан туған ата тіл (праязык) дегенді табуға баса назар аударды. Сөйтіп, тілдің қазіргі күйін, оның жүйелік, құрылымдық сипаттарын айқындауға жете мән бермеді. Екіншіден, бұл әдіс тілдің лексикасын, семантикасы мен синтаксисін зерттеуде айтарлықтай жеміс бере алмады. Үшіншіден, туыстас тілдердің өздерінің де бір-біріне жақын, ұқсас келмейтін фактілері ескерусіз қалды. Анықталып, түпкі төркіні табылды деген тілдік элементтердің көпшілігінің қай тарихи кезеңге жататынын және қай тілде солай болғанын тап басып айту мүмкін болмады. Төртіншіден, бұл әдіс бірнеше тілдер фактілеріне сүйеніп қана қорытынды жасады, тілдердің басым көпшілігі, әсіресе қандай тілдермен туыстығы белгісіз тілдер зерттеуден шет қалды. Бесіншіден, туыстас тілдер фактілерін салыстыруда ол фактілердің хронологиялық жақтарына жете мән берілмейді, көп жағдайда өзара жалғаспайтын, бір-бірінен алшақ жатқан дәуірлер фактілері салыстырылады. Алтыншыдан, тілдік фактілерді салыстырғанда, сол тілдердің, иесі болып табылатын қауым тарихына жеткілікті мән берілмеді. Тіл тарихы қоғам тарихына, материалдық мәдениет тарихына жеткілікті шамада ұштастырылмады. Ең ақырында, салыстырмалы-тарихи әдіс тіл біліміндегі бірден-бір әдіс деп есептеліп, оның аты ғылым атына айналды.

Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет