Пәнінің оқу-әдістемелік кешені мамандығы 051201 Ветеринариялық медицина


Тақырып 11-12. Қасаң қабық аурулары



бет4/5
Дата26.08.2017
өлшемі0,92 Mb.
#28943
1   2   3   4   5

Тақырып 11-12. Қасаң қабық аурулары.

Мақсаты: Қасаң қабық ауруларымен сипатталатын ауруларды оқып үйрену.

Жоспар:

1 Кератит. Классификациясы және этиологиясы.



2 Беткі катаральды кератит (Keratitis superficial catarrhalis)

3 Тамырлы кератит (Keratitis rasculosa s.pannosa)

4 Беткі іріңді кератит (Keratitis superficialis purulenta)

5 Қасаң қабық инфильтраты , және терең (стромальный) асептикалық кератит

(Keratitis profunda aseptica s.stromalis)

6 Терең іріңді кератит (Keratitis puulenta profundo s.stromalis)

7 Артқы кератит (Keratitis posterior s.uvealis)

8 Қасаң қабықтың созылмалы бұлдырауы (дақ)

9. Қасаң қабық ксерозы (Kerosis corneae)

10 Кератомаляция (Keratomalatia)

11 Инвазионды конъюнктивті-кератит (телязиоз) (Thelasiosis)

12 Риккетсиозды конъюнктивті-кератит (риккетсиоз глаз) (Conjunctivo-

keratitis ricketsiosa)

13. Қасаң қабық жарақаты (VuJnera corneae)


1. Қасаң қабық ауруларының ішінде жиі кездесетіні кератит.

Классификация. Кератиттер жіті және созылмалы, асептикалық, іріңді және спецификалық, аллергиялық, нейротрофикалық, беткілік, терең және артқы болып бөлінеді. Бір көзде кератиттің бірнеше түрлері кездесетін кездер жиі болады.

Этиология. Кератит алғашқы және екінші қайтара бола болады.Алғашқы әсер ететін себептер механикалық, химиялық , физикалық (ультракүлгін сәулелер — УКС), биологиялық факторлармен байланысты. Ауру себебі бірнеше факторлар болуы мүмкін.

Кератиттің жалпы клиникасы. Жіті түрі блефароспазммен, алғашқыда жас ағумен кейін іріңді жас ағумен, ауырсынумен, көз түсінің сарғыш түске боялуымен, бұлдырланумен сипатталады.

2. Беткілік катаральды кератит (Keratitis superficial catarrhalis)

Беткілік катаральды кератит — қасаң қабық эпителиі мен көз қабықшасы зақымдалатын, аурудың ең жеңіл түрі. Конъюнктивті кератит деп те атауға болады.

Клиникалық белгілер. Қасаң қабық тез бұлдырап бірнеше сағат ішінде тез бір күннің ішінде жоғалып кетуі мүмкін.Қасаң қабық беті сұр немесе ақшыл, көгілдір түске боянады. Ауру блефароспазммен, конъюнктивиттің беткілік гиперимиясымен және жасаураумен өтеді. Көбіне кератит конъюнктивитпен бір уақытта өтеді.

Болжам. Көп жағдайда сәтті аяқталады, кей жағдайларда ұзақ уақыт бұлдыраумен өтеді.

Емі. Бектілік катаральды кератит кезінде конъюнктивальды қапшықты 3% - ды бор қышқылымен ,1% - ды этакрдин лактат ерітіндісімен, фурациллиннің 1:5 ерітіндісімен жуады. 0,25% - ды левомицитин ерітіндісін тамшы түрінде немесе 20-30% - ды натрий сульфацил ерітіндісін күніне 3-4 рет 2-3 тамшы қолданады. Сонымен қатар субьконъюнктивальды инекция әдісімен ОД-0,2мл гидрокартизон және 0,5-1мл ,0,5% ды новокаин ерітіндісін,окситетрациклинді,дитетрациклинді және көз маздары қолданылады. Емге Авроровтың әдісімен жасалған ретробульварлы новокаиндық блакада жақсы әсер тигізеді

3. Тамырлы кератит (Keratitis rasculosa s.pannosa)

Бұл кератит түрі эпителий астындағы жалғастырушы ұлпа және көп мөлшерде қан тамырларының пайда болуымен сипатталады.

Клиникалық белгілері. Эпителий пролиферацияланады және көтеріледі, ал қасаң қабықтың алдыңғы жоғарғы жағы дөңестеу болады. Тамырлардың өсу шегі әсіресе перифия арқылы көрінеді,бірақ олар көбіне ортасына дейін жетеді.Жіті кератитте көбіне жасаураумен, жарықтан қорқу және көз көруі бұзылады.

Емі. Өте қатты тітіркенуді жою үшін синтомицинді эмульсияны және новокаинді блокаданы қолданамыз.Процесстің нормализациясы үшін ұлпа терапиясын қолдану керек.

Қабақты тиісті дәрілермен залалсыздандырғаннан кейін 5%-ды новокаин ерітіндісімен циркулярлық қиынды жасалады.

4. Беткілік іріңді кератит.Бұл беткілік катаральды асқынудың нәтижесінде пайда болған эпителиальды қабаттың іріңді қабынуы.

Этилогия.Механикалық жарақаттардың ( түрлі беткілік жаралар,бөгде заттар)

нәтижесінде пайда болып,конъюнктивадан бастау алып ары қарай дамуы мүмкін.

Клиникалық белгілері.Ауырсынады, жарықтан қорқады, түсі ақшылдау сары түсті ірің бөлінеді.Аурудың ұзаққа созылуы мүйізшеге тамырлардың өсуіне әкелуі мүмкін.Беткілік іріңді кератит терең кератитке немесе мүйізше жарасына (язва) ауысуы мүмкін.

Диагноз.Клиникалық белгілер бойынша қойылады.

Емі. Беткілік іріңді кератит немесе терең кератит және мүйізше жарасы кезінде көзді антисептикалық ерітінділермен жуғаннан кейін антибиотиктер қолданамыз: канамицин,мономицин,гентомицин т.б.Сонымен қатар 1%-ды эритромицин,дибиомицин, дитетрациклин,олететрин, ГЛП неомицинмен немесе канамицинмен және көз маздары. Аурудың ауыр түрінде Авроровтың әдісімен жасалған блакада мен қатар,күніне 4-5рет 5-6 күннен кейін қайталанып қолданылатын антибиотиктер қолданылады немесе антибиотиктер ерітіндісін субконъюнктивальды 10000-25000 ЕД түрде еңгізеді,бұдан басқа антибиотиктерді қолдану арқылы емдеуді сульфаниламидтік препараттардың: 10% -ды натрий сульфапиридазин ерітіндісімен , 20-30% тамшы түрінде натрий сульфацил ерітіндісімен байланыстырады.Бір уақытта бұлшық етке С,Вр,В6,В12, Р витаминдері, тамырға 40%-ды глюкоза ерітіндісін , 40%-ды гексаметилтетраминді 10рет егу жүргізіледі.

5. Қасаң қабық инфильтраты және терең (стромальный) асептикалық кератит

(Keratitis profunda aseptica s.stromalis)

Терең кератит жануарлардың барлық түрінде жиі кездеседі. Ин­фильтрат мүйізшенін бар бөлігін немесе кішкене бөлігін алуы мүмкін.

Себептер жергілікті бола алады: бөгде денелер, жарақаттар; бірақ көбіне жалпы аурулар себепкер болып келеді —ірі қара малда қатерлі катаральды қызба, иттер обасы және көз риккетсиозы т.б.

Клиникалық белгілері.Ауру кезінде жасаурау, жарықтан қорқу, көз аймақтарында ауырсынулар байқалады. Көз қылтамырларының қабынуы және оның бұлдырлауы байқалады.Бұл процесс беткілік және терең қабаттарда бір уақытта дамуы мүмкін.Бұл жағдайда беткілік және терең кератиттердің белгілері анық көріне бастайды.

Болжам. Жеңіл жағдайларда жартылай немесе толықтай инфильтратты сору байқалады.Керісінше мерзімі өткен және дұрыс ем қабылданбаған кезде тұрақты мөлдір бұлдырлау кей кезде пайда болады.

Емі. Этиотропты ем қолданады. Және де кірпік тамыршаларының гиперемиясын кішірейту мақсатында кортикостероидтар, новокаиндік блокада, ұлпа препараттары, көз тамызғыштарын қолдануға болады.Қабынуды гиперэргикалық түрге ұластыратындықтан сары қышқылдық сынап майы мен сынап монохлоридін қолданудың қажеті жоқ.

6. Терең (стромальный) іріңді кератит (Keratitis puulenta profundo s.stromalis)

Ауру жануарлардың барлық түрінде кең таралған. Іріңді қабынуға іріңді емес форма жалғасуы мүмкін.Не исключается и вторичность болезни при ряде инфекционных процессов. Екі түрін ажыратады. диффузды (төгілген) және шектелген (абсцесс), бұл екі түрде тараумен немесе көз сүйелінің пайда болуымен аяқталады.

Клиникалық белгілері. Көлемі бидай тарысындай болатын аймақты қамтамасыз ететін мүйізшенің бұлдырлауы (сарғыштау түс), жарықтан қорқу, жасаурау, осының нәтижесінде аурушаңдық осы аурулардың басты белгілері болып табылады. 5—7 күн өткеннен кейін қабыну процесстері ақырындап кете бастайды. Абсцесс бар кезінде әр түрлі форма мен көлемдегі жаралар пайда болады.

Болжам.Егер қабылданып жатқан ем дұрыс болатын болса, болжам айтарлықтай ойдан шығады. Ал мерзімі өткен ауру болса немесе дұрыс ем қабылданбаса ауру сәтсіз аяқталады.Сонымен қатар көз алмасының бөлінуі кератоцеле, панофтальмит пайда болуы мүмкін.

Емі. Ұзақ уақыт және жиі антибиотиктер, сульфанилами­дтер, фурацилин, этакридин лактат қолданады. Ретробульбарлы новокаинды блокада жақсы нәтиже береді . Аурудың ең басында блакада, оның тез бұзылуына үлес қосады,іріңдеуді болдырмауына көмегін тигізеді.Жара 3—4 аптадан 1 —1,5аптаға дейін кішірейеді.Зақымдалған мүйізше аймағын оперативті жолмен жоюға болады.Сонымен қатар дәкелік терапияның берер нәтижесі жаман емес.

7. Артқы (увеальный) кератит (Keratitis posterior s.uvealis)

Бұл ауру десцеметтік қабықшалардың және мүйізше эндотелінің қабынуы деген атпен де танымал.Көбіне тамыршалардың қабынуынан басталатындықтан артқы деп аталады.

Кей кезде артқы кератит көздің алдыңғы камересына паразиттердің жиналуына себепкер болады.

Клиникалық белгілері.Кейбір жағдайларда кератиттерге қатысты аурушаңдық белгілерінің байқалмауы да мүмкін.Алайда көздің артқы қабаттары бұлдырланады.

Болжам. Себептеріне және ауру пайда болу сатысына байланысты келеді.

Емі. Себептерді және алдыңғы камерадан паразиттерді жояды. Атропин сульфат мазын қолданады. Қалған емдік шаралар басқа кератит түрлеріне ұқсас келеді.

8. Қасаң қабықтың созылмалы бұлдырауы (дақ).

Созылмалы бұлдырлаулар немесе мүйізше дақтары қабыну процесстерінің нәтижесі немесе ауыр металлдарының тұздары арқылы емдеу жолдарының нәтижесі.Ақ-бұл көздің сарғыштау түске боялған өзгерісі. Қылтамырлардың жиілігі және мүйізше бетінің деформациясы ақтың басты белгілері. Көздердің қабілеті толықтай нашарланады. Шектелген жартылай мөлдір бұлдырлау әдетте беткілік және терең қабаттардың асептикалық қабынуының нәтижесі болады.

Болжам Шектелген бұлдырлаулардың болжамы сақтық лейкомалардың тарылуын перифериялық аймақтардан ғана ала аламыз.

Емі. Терең қабаттағы ұсақ дақтар емделмейді, ал беткі жағындағыларды бритвамен кесіп алып тастайды.Асқынған процесс кезінде сынап мо­нохлоридін,

В. П. Филатов әдісімен, лидазаны, калий йодының майын қолданады.Аталмыш ауру кезінде мүйізшені ауыстыру ветеринарияда дамымаған.

9. Қасаң қабық ксерозы (Kerosis corneae)

Ксероз немесе ксерофтальмия мүйізшенің және конъюнктиваның құрғауымен, гипо- және авитаминозбен,күйіктермен мүйізшенің нәрленуінің бұзылуымен конъюнктиваның жас бездерінің, және жас бездерінің функцияларының тоқтауымен, сонымен қатар, қабақтың ашық кезіндегі құрғауымен сипатталады.

Клиникалық белгілері.Аурулардың бұл түрі кезінде мүйізше мен конъюнктиваның құрғауы, кедір –бұдырлық, олардың беткі қабаттарында сұр дақтардың пайда болуы, мүйізшенің сезгіштігінің төмендеуі байқалады. Ары қарай мүйізше бұлдырлап, қабыну және іріңдік қабынулар пайда болып, дамиды.

Болжам. Болжам процесстердің дамуына қарай оны жою мүмкіндіктерінің сабептеріне тәуелді.

Емі.Ксерозды тудыратын себептерді жою, мазь және эмульсиялар,балық майларын қолдану.

10. Кератомаляция (Keratomalatia)

Кератомаляция жоғарғы дәрежелі гиповитаминоздың А немесе ағзалардың интоксика­циясының нәтижесі болатын мүйізшенің жұмсаруымен және шашырауымен сипатталады.

Клиникалық белгілері.Көбіне екі көздің екеуі де зақымдалады.Қабыну реакциялар болып, мүйізше ақ түске боялып сезгіштігі төмендейді.Бұдан әрі мүйізшенің шашырауы байқалады.

Болджам. Жеңіл жағдайларда мүйізшеде тұрақты бұлдырлау қалса, қиын жағдайларда панофтальмит дамиды.

Емі. Ксероздың емі.

11. Инвазиондық конъюнктивті - кератит (телязиоз) (Thelasiosis)

Ауру қоздырғыштары. Конъюнктивальді қапта немесе жас безінің ағылу арнасында орналасатын гельминттер. Атап айтқанда; Thelasia rhodesi, Th. gulosa, Th. scrjabini.Көбіне ірі қара мал ауырады, алайда жылқыларда, шошқаларда, иттерде де кездеседі. Күні бүгінге дейін телязиоздың таралымы кең қарқын алғандарды,оның алдын алу шараларын жүргізу, аурудың таралуын қысқартты, тіпті кей жерлерде аурудың бұл түрі жойылды.

Клиникалық белгілері.Ауру жас ағудан басталады,содан кілегейленеді,уақыт өте ол іріңге айналады.Диагностика кезінде эпизоотикалық жағдайларда да назарға алынады. Конъюнктивальді қапты тазартқаннан кейін жуындылардың бетінде телязиоз табылады.Олар жіпшелер сияқты 13 мм болатындай көрінеді.Сонымен қатар,аурудың пайда болу уақыты да ескеріледі.

Телязиозды басқа осыған ұқсас қоздырғыштары бар көз ауруларымен шатастыруға болмайды.Риккетсиоз тек масалар мерзімінде ғана емес, қысқы уақытта да 2—3айлық бұзауларда да кездеседі.

Емі. Люголь, бор қышқылы, калий перманганатының ерітінділерімен немесе сумен паразиттерді конъюнктивальды қаптан тазартқавн жөн. Ең дұрысы жас бездерін йодпен залалсыздандыру.

Алдын алу шаралары. Былтырғы жайлау мерзімінде масалармен байланысты болған малдарға жаппай дегельминтизация өткізген қажет.

Дегельминтизация Люголь,ерітіндісінің көмегімен жасалады.

12 Риккетсиозды конъюнктивті-кератит (риккетсиоз глаз) (Conjunctivo-

keratitis ricketsiosa)

Риккетсиялар — цитоплазмада немесе мүйізшенің және конъюнктива жасуша эпительдерінің ядросында орналасатын жасуша ішіндегі паразиттер. Олар шар, гантель тәріздес болады.Аурудың бұл түрімен көбіне бір жасқа дейінгі ірі қара мал ауырады.Алайда қойлар да, ешкілерде, шошқаларда шалдығады.Шаңды ауа райының жиі болып тұруына байланысты,жаз айларында ауру кең таралады.Инфекция таратушылар болып мүйізше мен конъюнктива жасушаларында ұзақ уақыт бойы сақталатын риккетсиялары бар ауру немесе ауру көтерген малдар саналады.(83 күнге дейін). Ауру жөтелу,түшкіру және пысқыру арқылы жұғылады.

Клиникалық белгілері. М. В. Плахотин өзінің әріптестерімен бірге ауру ағымының алты кезеңін белгіледі. Бірінші кезең - күкіртті катаральды конъюнктивит 6—12 күнге созылады. Екінше кезеңде - мүйізше эрозияға ұшырайды, оның мөлдірлігінің жоғалуы байқалады.Үшінші кезең- жасушалы инфильтрациямен сипатталады. 7—14күнге созылатын төртінші кезеңге абсцесстің пісуі тән.Бесінші кезең - мүйізшенің жаралануымен байланысты болады және 33күнге созылады.Алтыншы кезеңде қабыну прцесстері бәсеңдеп, жара орнында тыртық пайда болады.

Емі. Риккетсиозды алғашқы бес кезеңінде мүйізшенің тітіркенуіне және оның жасушаларының өлуіне әкеп соғатындықтан монохлорид сынабын және қышқылды сары сынап майын қолдануға кеңес берілмейді.

Сульфаниламидті дәрмектер жақсы әсер береді (сульфазол, стрептоцид, натрия сульфацил).Сонымен қатар бициллин-1, бициллин-2, бициллин-3тің де берер әсері жаман емес. Соңғы кезде М. В. Плахотин ойлап тапқан көз емдеу дәрілерін тұрмыста да қолдану әдетке айналды.Бұл дәрілреді қолдану кезінде ем процессі ұзартылып,мамандардың жұмыстары қысқартылды.

Алдын алу шаралары. Жануарлардың қай мезгілде, қай жастағы малдар ауыратынын, мезгілін, инфекцияның тасымалдануын, берілу жолдарын және де басқа факторлар әсер етуін алдын ала ескеру қажет. Осы ауруға шалдыққыш жануарларды шшектеу қажет. Шаруашылықта ауру шыққан жағдайда міндетті түрде карантин қою қажет. Аурудың тарамау үшін уақытында тиімді емдеу жүргізу және малдарды сау малдардан бөлек қараңғы жерде ұстау керек. Алдын алу мақсатында сау малдарға каньюнетивалды қабшығына синтомицилді эмулци немесе натрий-сульфацилді мазді енгізуді ұсынылады.

Сау және ауру малдарға жазғы ауларда көздеріндегі шыбын шіркейлерді жоюып және жануарларға зоогигиеналық жағдайлар жасалуы қажет.

13. Көздің қасан-қабығының жаралары.

Жара - коньюнктивалды қабшыққа әр түрлі үшкір заттар, шеге, қатты азықтар, малды құлатуда және бөгде денелермен зақымдалу, ауру себептері болып табылады.

Жіктелуі. Жаралар күрделі және жай түрі, беткі, терең және өткір болып бөлінеді. Егер көздің қасан-қабығының эпителилары зақымдалса, ол беткі түрі; егер қабықтары үлкейген болса, терең түрі; ал көздің камераларына бөгде денелер өтіп кеткен жағдайда ол өткір түрі.

Клиникалық белгілері. Жараланған кезде блефароспазм байқалады, көзінен жас ағады, беткі және терең қабыну процесі конъюнктивалды немесе перикорнеалды тамырларының инфекциясының әсерінен болдады. Қарау кезінде жарлар көрінеді.

Болжау. Беткі жаралар кезінде болжау сәтті болды. Терең жаралар кезінде әртүрлі формада рубецтер пайда болдаы. Өткір жаралар кезінде көз көруінен айырылдаы.

Емі. Ең алдымен көздегі бөгде заттарды жояды. Асептикалық заттарды яғни, антибиотиктер, сульфаниламид, протаргол, этакридина лактат, фурацилин қолданады. Терең және өткір жаралар кезінде көзі асептикалық заттармен тазартып және қабынуға қарсы заттар қолданады. Микробтарға қарсы дәрі-дәрмектер қоданады. 1-3 күн өткен соң тамшы атропин сульфатын қолданады.

Әдебиеттер: 2, б. 446-455.

Литература: 2, с. 446-455.

Бақылау сұрақтары:

1 Кератиттің себептері және жәктелуі.

2 Беткі жаралардың клиникалық белгілері, балау және емі.

3 Беткі іріңді жаралардың клиникалық белгілері, балау және емі.

4 Терең жаралардың клиникалық белгілері, балау және емі.

5 Көздің қасан-қабығының клиникалық белгілері және емі.


13-14 Тақырып Тамыр жолдарының аурулары.

Мақсаты: тамыр жолдары қызметінің бұзылуымен сипатталатын ауруларды оқу.

Жоспар:

1 Тамыр жолдарының механикалық зақымдалулары.



2 Түсті қабықтың (радужной оболочки) қабынуы (Iritis).

3 Кірпіктің қабынуы (Cyclitis).

4 Тамыр қабығының қабынуы (Chorioiditis).

5 Ірі қара мал тамыр жолдарының инфекционды қабынулары (Yrido-cyclo-chorioiditis infectiosa bovum).


Тамыр жолдары — Tractus uveus анатомиялық үш құрамды бөлімнен тұрады: түсті қабық, кірпік денесінен және тамыр қабығынан.

1. Тамыр жолдарының механикалық зақымдалулары.

Түсті қабық, кірпік денесінің және тамыр қабығының жаралары мен жарақаттары байқалады. Жаралар кезінде қабақ, көздің нығыз қабығы, қасаң қабығы зақымдалады.

Клиникалық белгілері. Камералардың және шыны тәрізді денеде қан кету байқалады. Кейде құйылған қан көп болғандықтан, көздің барлығын жаулап алады. Құйылған қан гемолизге ұшырап, тез сіңеді.

Болжау. Қолайсыз.

Емі. Жаралар кезінде хирургиялық өңдеу жасап, тігеді. Жарақаттарда салқын, қан тоқтатушы заттар қолданады. Қан мен экссудаттың сіңуін тездету үшін В. П. Филатов бойынша ұлпалы препара­ттар қолданады.

2. Түсті қабықтың (радужной оболочки) қабынуы. (ирит) (Iritis)

Ириттер — жануарлардың кең таралған ауруы.

Жіктелуі. Ириттер жеке жіктелмейді, олар мына түрлерге бөлінеді: біріншілік және екіншілік, экссудат сипаттамасы бойынша – шырышты, шырышты-фибринозды, фибринозды, геморрагиялық және іріңді; орналасуы бойынша — алдыңғы, артқы, иридо-циклиттер, иридо-цикло-хориоидиттер; өтуі бойынша — жіті және созылмалы.

Клиникалық белгілері. Қабынудың жіті түрлерінде көз аумағында ауырсыну, көз саңылауының тарылуы, тамырлардың перикорнеальды инъекциясы, түсті қабық тамырларының гиперемиясы, оның пигментінің дезорганизациясы, көз камераларында экссудат болады. Осындайда жасаурау және көз қарлығу туындайды. Қабынған бөлігіндегі түсі қоңыр болады.

Болжау. Шырышты алғашқы ириттер басталғанда болжамы қолайлы, ал іріңдіде – қолайсыз, себебі панофтальмитпен және атрофиямен аяқталады.

Емі. Ауру жануарды тыныштықта, қараңғы жерге қояды.Содан соң көзіне таңғыш салады. Аурудың алғашқы сағаттарында атропин сульфатының тамшысын қолдануды ұсынады. Жіті ириттерде кірпік түйінінің және ретробульбарлы кеңістіктің новокаинды блокадасын қолданады. Сондай-ақ сіңетін заттар қолданады: маз, тамшы түрінде тамыр ішіне калий йодиді, В. П. Фи­латов бойынша ұлпалы препараттар, тамшы түріндегі гидрокортизон суспензиясы, гидрокортизонды немесе преднизолонды мазь; 0,1—0,2 %-ды субконъюнктивальды (перилимбально) адреналин гидрохлорид. Тамыр ішіне 10 %-ды натрий хлорид ерітіндісін, ал ұсақ жануарларға —ішке 2 %-ды ерітіндісін енгізеді. Ауруды басатын анальгин, ди­медрол, амидопирин, бутадион ұсынылады. Іріңді түрлерін алдын алу үшін антибиотиктер және сульфаниламидтер, ал көз бұршағының лайлануын алдын алу үшін — тамшы түріндегі тиамин, рибофлавин және калий йодиді бар аскорбин қышқылын қолданады.

3. Кірпікті денесінің қабынуы (циклит) (Cyclitis)

Кірпікті дене тамыр жолдарының екі бөліктерімен тығыз байланысты болғандықтан, оның өзіндік ауруы сирек кездеседі.

Ауру себептері түсті қабықтың қабынуындағы себептерге ұқсас келеді. Экссудаттың сипатына қарай циклиттер серозды, фибринозды, геморрагиялық және іріңді болады.

Клиникалық белгілері. Ауру кезінде тамырлардың перикорнеальды инъекциясы және строма мен қасаң қабықтың артқы бетінің лайлануы байқалады. Көбінесе белгілеріне пальпациялау кезінде қатты ауырсыну, қарашықтың жылдам тарылуы, көздің артқы камерасында экссудат байқалады. Артқы синехиялардың дамуынан көздің алдыңғы камерасының тереңдігі үлкейеді. Көздің ішкі қысымы өзгереді, алдымен ол жоғарылайды, содан соң төмендейді. Көз бұршағының алдыңғы жағын экссудат жабады, көз бұршағының қоретенуін бұзады. Алдағы уақытта көздің атрофиясы байқалып, көруі нашарлайды.

Емі. Дәрілерді кірпікті денеге енгізудің қиындауынан оны емдеу үнемі тиімсіз болып саналады. Гемато-офтальмиялық барьердің өтуін күшейтетін, дәрілік заттардың көз ішіне енуіне әсер ететін,экссудатың сіңірілуін тездететін және іріңді инфекцияның дамуын алдын алатын атропин сульфат тамшысын, новокаинды терапияны қолдану ұсынылады.

4. Тамыр қабығының қабынуы (хориоидит) (Chorioiditis)

Ауру көбінесе екіншілік болып кездеседі. Хориоидиттер іріңсіз (серозды, фибринозды және серозды-фибринозды) және іріңді, біріншілік және екіншілік (симптоматикалық), ал орналасуы бойынша — хориоиди­ттер, иридо-хориоидиттер, цикло-хориоидиттер, хорио-ретиниттер және иридо-цикло-хориоидиттер болады.

Клиникалық белгілері. Ауру белгілерін оның өзіндік түрінде офталь­москоппен көз түбін тексергенде көруіміз мүмкін. Басқа өзгерістері сипатты емес және асептикалық ағымында да әлсіз көрінеді. Көздің қасаң қабығы лайлануымен көз қарашығының тарылуынан көз түбін тексеру үнемі мүмкін емес. Көз түбінде ақ түсті дақ түріндегі экссудат байқалып, көздің торлы қабығының тамырлары анық көрінеді.

Басқада қатты көрінетін белгілері:кілегейлі-іріңді бөлінді бөліну, көз қарлығу, тамырлардың перикорнеальды инъекциясы, қасаң қабығының лайлануы, жергілікті және жалпы температураның жоғарылауы, оның құрылымының және қызметінің толық бұзылуы.

Болжау. Іріңді түрінде болжам қолайсыз, яғни процесс панофтальмитпен және сепсиспен аяқталуы мүмкін; ал іріңсіз түрлерінде — көз көруі жартылай немесе толығымен жоғалуы мүмкін.

Емі. Жануарды тыныш және қараңғы жерге қойып, атропин және сіңіретін заттар қолданады. Экссудаттың сіңірілуін тездету үшін әсіретілген тұзды, несеп айдаушы, сондай-ақ жылы процедуралар ұсынылады. Симптоматикалық хориои-диттерде субконъюнктивальды 3—4%-ды натрий хлорид ерітіндісін енгізеді. Іріңді процестің алдын алу үшін антибиотиктер мен сульфаниламидтер беріледі.

5. Ірі қара мал тамыр жолдарының инфекционды қабынулары (Yrido-cyclo-chorioiditis infectiosa bovum)

Ауру массалық сипат берип, тамыр жолдарының фибринозды-іріңді қабынуын көрсетеді. Көздің периодикалық асептикалық қабынуы жылқыларда іріңді процесспен ерекшеленеді.

Себептері. Жұқтыру жолдары және патогенезі белгісіз. Мұнда эндогенды инфекция орын алады, яғни ол жанасу және тран­смиссивті жолдармен іске асырылады.

Клиникалық белгілері. Көздің екеуіде бір уақытта зақымдалады. Қасаң қабықтың лайлануы және көз камераларының іріңдеуімен байланысты офтальмоскопия мүмкін болмайды; осы кезде көз қабығының және құрамының ферментативті ыдырауы, кейде жыртылуы немесе семуі болады.

Болжау. Көз бұзылады, бірақ оның бүтіндігі сақталады. Көздің көруі жоғалады және жануарда шаруашылық мақсаттарда қолдануға болмайды.

Емі. Сепсистің болуына жол бермеу қажет.

Алдын алу. Энзоотия кезінде жануарды периодикалық қарап, ауруларды бөліп, интенсивті микробқа қарсы ем өткізу қажет. Шартты түрде сау жануарларға конъюнктивальды қалтасына антисептикалық маздар немесе көздің дәрілік пленкаларын қолданады.

Әдебиеттер: 2, б. 459-466.

Бақылау сұрақтары:

1 Көру жүйкесінің емізікшесі семуінің бейнесінің өзгеруі.

2 Кірпікті дененің қабынуы, және оның себептері мен емі.

2 Торлы қабық тамырларының әр түрлері мен сатыларындағы күйі.

3 Көз жүйкесі емізікшесінің қабынуының жіті түріндегі көз түбінің офтальмоскопиялық бейнесі.

4 Ірі қара мал тамыр жолдарының инфекционды қабынуларының этиологиясы, клиникалық белгілері және емі.


15 Тақырып Көздің нығыз қабығының (склера) аурулары.

Мақсаты: көздің нығыз қабығының ауруларын оқып үйрену.

Жоспар:

1 Көздің нығыз қабығының жаралары және жыртылуы (Vulnera et rupturae sclerae)



2 Көздің нығыз қабығының қабынуы (Scleritis)
Көздің нығыз қабығының аурулары оның қабақпен қорғалуы мен көздің артқы жағында орналасуы нәтижесінде сирек кездеседі. Сонымен қатар ол қатты гиперемияның және экссудацияның дамуына жол бермейтін, әлсіз қан айналымнан және тығыз консистенциядан тұрады.

1. Көздің нығыз қабығының жаралары және жыртылуы (Vulnera et rupturae sclerae)

Көбінесе ауру қабақтың жарақаттануының немесе сүйек сынуларының асқынуынан туындайды. Жаралар ажыратылады: өтетін және өтпейтін, хирургиялық инфекциямен асқынған және асқынбаған.

Клиникалық белгілері. Жергілікті өзгерістер байқалады:жаралар, жыртылулар, субконъюнктивальды гематома,қабықтың түсуі, қатты ауырсынатын қабыну реакциясы дамиды, температура жоғарылайды, жасаурау және қарлығу туындайды.

Болжау.Асқынған зақымдалуларда болжам қолайсыз; беткейлі зақымдалулар мен скле­раның жыртылмай жарақаттануында –қолайлы.

Емі. Өтпейтін жараларда При непроникающих ранах рекомендуются микробқа қарсы және қабынуды басатын заттармен, көзге асептикалық таңғыштар ұсынылады. Конъюнктива астындағы гематомаларды ашады немесе қанды шпри­цпен сорып алады. Өтетін жараларда ішкі қабығы мен құрамы түспесе де, антисептикалық ем өткізіп, таңғыш салып, жануарды тыныш жерге қояды.

2. Көздің нығыз қабығының қабынуы (Scleritis)

Ауру сирек алдыңғы сигментте кезеседі. Процестің дамуы өзінше өтеді. Склерит асептикалық және іріңді, беткейлі және терең болады.

Клиникалық белгілері. Жасаурау, қарлығу, ауырсыну және жергілікті температураның жоғарылауы, тамырлардың конъюнктивальды және терең инъекциясы байқалады.

Болжау. Асептикалық склеритте болжам қолайлы; терең және іріңдіде — қолайсыз.

Емдеу. Асептикалық заттар, жылы процедуралар, ерте кезеңінде новокаинды блокада, сондай-ақ қабыну гиперемиясының ауырсынуын басатын және төмендететін заттар (адреналин гидрохлорид) қолданады.

Әдебиеттер: 2, б. 455-456.

Бақылау сұрақтары:

1 Көздің нығыз қабығының жаралары және жыртылуы.Клиникалық белгілері және емі.

2 Көздің нығыз қабығы қабынуының түрлеріне байланысты клиникалық белгілері және емі.


Каталог: files -> book
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы
book -> Макс Лукадо сенің Қолыңнан келеді
book -> Игілігіміз үшін болатын азаптар Құдай неге қиындыққа жол береді?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет