ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені мектепке дейінгі оқыту мен әдістемесі-5В010100 Алматы, 2018 ж



бет10/10
Дата10.04.2020
өлшемі0,72 Mb.
#62161
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
жас ерекш физиол гигиена
жас ерекш физиол гигиена

В)

С) және

Д) жоқ


Е) - 0
98. Эритроциттердің негізгі қызметі
А) қоректік заттарды тасымалдау

В) минералды тұздарды тасымалдау

С) оттегін тасымалдау

Д) қорғаныс

Е) бөлу
99. Лейкоциттердің негізгі қызметі
А) бөлу

В) тыныс алу

С) қоректік

Д) қорғаныс

Е) гуморальді реттеуге қатысу
100. Жаңа туған нәрестенің ағзасындағы қанның мөлшері (л)
А) 5

В) 1,5


С) 0,5

Д) 7


Е) 2,5
101. Қай жаста ересек адам мен жаңа туылан нәрестенің қан көлемдерінің арасындағы айырмашылық жойылады?
А) 30 жаста

В) 5 жаста

С) 12 жаста

Д) 25 жаста

Е) 42 жаста
102. Жүрек бұлшық етінің жиырылуы қалай аталады?
А) диастола

В) систола

С) жүрек циклі

Д) жүрек үзілісі

Е) ЖСЖ

103. Қанның құрамды түйіршіктері қанша % құрайды?


А) 10-15

В) 40-42


С) 70-75

Д) 90-92


Е) 95-100
104. Эритроциттердің “өмір сүру ” ұзақтығы (күнмен)
А) 50

В) 70


С) 100

Д) 120


Е)150
105. Қан пластинкалары қалай аталады?
А) лимфоциттер

В) базофилдер

С) тромбоциттер

Д) лейкоциттер

Е) эозинофильдер
106. Бірінші топ қанының эритроциттерінде қандай агглютиногендер бар
А) жоқ

В) А


С) В

Д) АВ


Е)
107. Үшінші топ қанының эритроциттерінде қандай агглютиногендер бар
А) В

В) А


С) жоқ

Д)С


Е) АВ
108.Төртінші топ қанының эритроциттерінде қандай агглютиногендер

бар?


А) жоқ

В)

С)

Д)

Е) А,В
109. Агглютинация реакциясы дегеніміз не?


А) лейкоциттердің желімденуі

В) тромбоциттердің желімденуі

С) қанның ұюы

Д) эритроциттердің желімденуі

Е) тромбоциттердің азаюы
110. Қан құрамының азаюы кезіндегі ауру қалай аталады?
А) стенокардия

В) гипертония

С) диабет

Д) анемия

Е) дальтонизм
111. Қанша пайыз адамдарда резус-фактор болады?
А) 15

В) 85


С) 55

Д) 95


Е) 100
112. Тыныштық күйдегі қанның орташа көлемі
А) 3
В) 5
С) 9
Д) 10
Е) 11
113. Жүрек бұлшық етінің жиырылуы қалай аталады?
А) диастола
В) систола
С) жүрек жиырылуы
Д) жүрек үзілісі
Е) ЖСЖ
114. Жүрек бұлшық етінің босаңсуы қалай аталады?
А) систола
В) жүрек үзілісі
С) диастола
Д) жүрек жиырылуы
Е) жүрек соғуы
115. Жүректің салмағы
А) 100-120
В) 500-650
С) 250-350
Д) 700-770
Е) 870-880
116. Ағзадағы лимфаның мөлшері(литрмен)

А) 5
В) 7,5


С) 1,5
Д) 2,65- 2,85
Е) 8
117. Лимфаның құрамында болмайды

А) лейкоциттер


В) лимфоциттер
С) белоктар
Д) гормондар
Е) эритроциттер
Қан айналым
118. Тыныштық күйдегі қан айналым уақыты (сек.)
А) 5-8

В) 9-11


С) 12-15

Д) 16-19


Е) 20-25
119. Артериялық қан қысымы қандай құралдармен өлшенеді?
А) периметр

В) тахометр

С) тонометр

Д) пульсометр

Е) спирометр
120. Тыныштық күйдегі систолалық артериялық қан қысымының

қалыпты мөлшері (мм.с.б.б)


А) 80-90

В) 90-99


С) 100-139

Д) 149-159

Е) 151-160
121. Тыныштық күйдегі гипотония жағдайындағы систолалық артериялық қан қысымының қалыпты мөлшері (мм. с.б.б)
А) 80-99

В) 100-110

С) 121-130

Д) 121-130

Е) 131 және жоғары
122. Тыныштық күйдегі гипертония жағдайындағы систолалық артериялық қан қысымының қалыпты мөлшері (мм. с.б.б)
А) 100-110

В) 111-120

С) 121-130

Д) 131-139

Е) 140 және одан жоғары
123. Жүректегі электрлік құбылыстың жазбасы қалай аталды?
А) спирограмма

В) энцефалограмма

С) электрокардиограмма

Д) электромиограмма

Е) миограмма
124. Адреналин жүрек қызметіне қалай әсер етеді
А) төмендетеді

В) күшейтеді

С) өзгертпейді

Д) төмендетеді

Е) нашарлатады
125. Ацетилхолин және калий тұздары жүрек жұмысына қалай әсер етеді?
А) төмендетеді

В) өзгертпейді

С) күшейтеді

Д) арттырады

Е) жоғарылатады
126. Тыныштық күйде жаңа туған нәрестенің қан айналымының уақыты
А) 20-25

В) 12


С) 32

Д) 45-50


Е) 52
127. Тыныштық күйдегі ЖСЖ-і (соғу/мин)
А) 30-40

В) 10-20


С) 60-80

Д) 100-120

Е) 130-150
128. Гипертония дегеніміз не?
А) қан қысымының қалыпты деңгейі

В) қан қысымының төмендеуі

С) қан қысымының жоғарылау

Д)жүрек қызметінің төмендеуі

Е) жүрек қызметінің күшеюі
129.Оттегіні өкпеден ұлпалар мен жасушаларға тасымалдаушы
А) карбоглобин

В) карбогемоглобин

С) гемоглобин

Д) глобулин

Е) альбумин
130. Лимфа түйіндерінің қызметі
А) қоректік заттарды тасымалдау

В) сүзгіштік, фагоциторлық

С) газдарды тасымалдау

Д) қан қысымын реттеу

Е) минералды тұздарды тасымалдау
131. Қан қысымының көтерілуі
А) гипотония

В) гипертония

С) гиподинамия

Д) гемофилия

Е) атрофия
132. Қан қысымының төмендеуі
А) гипотония

В) гипертония

С) гиподинамия

Д) гемофилия

Е) атрофия
Ас қорыту
133. Ас қорыту аппаратының қызметі
А) жиырылу, рецепторлы, бөлу

В) денелік, бөлу, сорылу

С) моторлық, сөл бөлу, сіңірілу, сыртқа шығару

Д) энергетикалық, несеп және гормон түзу

Е) сүзу, кері сорылу, несеп бөлу
134. Сілекей ферменттері
А) амилаза, мальтаза, глюкопротеид-муцин

В) пепсин, креатинфосфат, глюкоза

С) сахароз, желатиназа

Д) сахароза, желатиназа, глюкоза

Е) холестокеинин, пептондар, альбумоздар
135. Ас қорытылуындағы өттің маңызы
А) билирубинді белсендіреді, ішек жиырылуын төмендетеді

В) ферменттерді белсендіреді, майды ұсақ тамшыларға ыдыратады,

эмульсиялайды, ішектің жиырылуын күшейтеді

С) ұйқы безінің және бауырдың қызметін төмендетеді

Д) холестеринді азайтады

Е) көмірсуларды және майларды ыдыратады


136. Асқазан сөлінің ферменттері
А) амилаза, лактаза, сахароза

В) мальтаза, пептондар, өт

С) альбумоза, трипсин, энтерогастрин

Д) глицерин, карбогидраза, трипсиноген

Е) пепсин, химозин, липаза, желатиназа
137. Ауыз қуысында орналасқан сілекей бездері
А) жақасты, тіласты, шықшыт

В) тілүсті, жақасты, ауыз

С) жақүсті, жұтқыншақты

Д) жұтқыншақты, жақасты

Е) қосарлы тіласты
138. Ересек адамда тәулігіне қанша (л) сілекей бөлінеді?
А) 0-0,5

В) 1-1,5


С) 2,3-3

Д) 5-5,5


Е) 7-7,5
139. Ұйқы безі сөлі асқорыту жолының қандай бөліміне түседі?
А) 12 – елі ішекке

В) жуан ішекке

С) карынға

Д) соқыр ішек (сигма тәрізді ішек)

Е) тік ішек
140. Вегетативті жүке жүйесінің қандай бөлімі ас қорыту қызметін күшейтеді?
А) симпатикалық жүйке жүйесі

В) ретикулярлы

С) сенсорлы

Д) сомаптикалық

Е) парасимпатикалық жүйке жүйесі
141. Асқазанда тамақ қанша (сағ) кідіреді?
А) 1-2-тан 4-5-ке дейін

В) 3-4-тан 6-7 –ге дейін

С) 3-4- тан 10-11 –ге дейін

Д) 5-тан 10- ге дейін

Е) 1-тан 2-ге дейін
142. Ішектегі тамақ қорытылуын реттейтін ОЖЖ-дағы орталық
А) гипоталамус

В) гипофиз

С) ми қабықшасы

Д) мишық


Е) орталық ми
143. Ас қорыту жүйесінің қайсы бөлімінде қоректік заттар қанға сіңеді?
А) тоқ ішекте

В) өңеште

С) ауыз қуысында

Д) жұтқыншақта

Е) аш ішекте
144. Бауыр қай жүйеге жатады?
А) ас қорыту

В) қан жасалу

С) лимфалық

Д) бөлу


Е) тыныс алу
145. Сілекей бөлу орталығы қайда орналасқан?
А) жұлында

В) мишықта

С) орталық мида

Д) сопақша мида

Е) ми жарты шарларында
146. Жұтыну және шайнау орталығы орналасқан?
А) ми сыңарлары

В) гипоталамуста

С) орталық мида

Д) сопақша мида

Е) жұлында
147. Тойыну орталығы орналасқан
А) жұлында

В) сопақша мида

С) мишықта

Д) аралық мида

Е) үлкен ми сыңарларында
Тыныс алу
148. Шынықпаған адамдардағы тыныс алу жиілігі (ТЖ)
А) 4-5

В) 6-7


С) 8-9

Д) 10-11


Е) 16-20
149. Тыныштық күйдегі тыныс алудың минуттық көлемі (л)
А) 1-2

В) 3-4


С) 5-6

Д) 10-15


Е) 15-20
150. Ересек адамдағы тыныс алу көлемінің мөлшері (мл)
А) 100-200

В) 200-300

С) 500-600

Д) 900-1000

Е) 1000-1100
151. Ересек адамдардағы (ерлердегі) өкпенің тіршілік сыйымдылығы (мл)
А) 1000-1500

В) 2000-2500

С) 3000-4000

Д) 8000-9000

Е) 10000-11000
152. Өкпенің тіршілік сыйымдылғын өлшеу әдісі
А) эргография

В) кимография

С) спирометрия

Д) пневмография

Е) кардиография
153. Альвеолдардағы ауа мен қылтамырлар арасындағы газ алмасуды қандай процес қамтамасыз етеді?
А)сүзілу

В) осмос


С) диффузия

Д) реабсорбция

Е) белсенді тасымалдау
154. Тыныштық күйдегі қанның оттектік сыйымдылығы (мл)
А) 5

В) 14


С) 40

Д) 20


Е) 25
155. Тыныс жолы
А) мұрын қуысы, кеңірдек, бронхылар

В) ауыз мұрын

С) мұрын, альвеолдар, қан тамырлары

Д) өкпе, қан тамырлары

Е) ауыз, өкпе, қан тамырлары
156. Газ алмасуға қатыспайтын ауа кеңістігі қалай аталады?
А)өлі кеңістік

В) тірі кеңістік

С) бос кеңістік

Д) жазық кеңістік

Е) пайдалы кеңістік
III. Зат алмасу
157. Белоктардың маңызы, тәуліктік қажет мөлшері
А) құрылыс материалы, қан ұюына қатысады, буферлік қасиеті бар, 90 г

В) ас қорыту, жйкелік, бөлу,160 г

С) жылу реттеу, секреттік, түзу, 250 г

Д) фибринолиттік, қуатты, бөлу, 50 г

Е) қозғалыс, сіңіру, жиырылу
158. Майлардың маңызы, тәуліктік қажет мөлшері
А) жылу реттеуге қатысады, қуат көзі, пластикалық, витаминдерді ерітеді,

70г


В) бөлу, тотығу, тыныс алу, 20 г

С) жиырылу, қалпына келу, қозғалыс, 170 г

Д) жүйкелік, гормональді, коллоидты-осмостық, 140 г

Е) ас қорыту, химиялық, физикалық, 250 г

159. Көмірсулардың маңызы, тәуліктік қажет мөлшері
А) бөлу, жиырылу, 200-210 г

В) гуморальді, жүйкелік, 100-110 г

С) тыныс алу, гуморальді 300-310 г

Д) қуат көзі, пластикалық, қуатты, 400-500 г

Е) миогенді, түзілу, 800-900 г

160. Кальций ионының маңызы


А) сүйек ұлпасының құрамына кіреді, қан ұюына қатысады

В) бұлшық ет ұлпасының құрамына кіреді

С) қуат көзі

Д) жүйке жасушаларының құрамына кіреді

Е) буындарда жинақталады
161. Су тәуліктік қажет мөлшері

А) бұлшық еттердің жиырылуына қатысады, оттегіні және көмірқышқылазын тасымалдайды, 2-3 л

В) тыныс алуға және бұлшық еттердің жиырылуына қатысады, 0,5-1 л

С) дененің құрылымды компоненті,судың көмегімен ағзада химиялық реакциялар жүреді, 1,5-2 л

Д) жүйкелік қызметке, қозудың берілуіне қатысады

Е) импульстердің берілуінде, тежелу процесіне қатысады, 5-6 л


162. Бауырдың қызметі

А) қорғаныс, өттің түзілуіне қатысады, қанның қоры және гликоген

жинақталын орын

В) бөлу, қорғаныс, несеп түзу

С) тыныс алу,қан жасау, май қоры

Д) сіңіру , сілекей бөлу

Е) гормональді, жүйкелік, жиырылу

163. Орта жастағы адамдардағы негізгі алмасудың мөлшері


А) 1700 ккал/тәулігіне

В) 2300 ккал/тәулігіне

С) 3200 ккал/тәулігіне

Д) 1000 ккал/тәулігіне

Е) 2800 ккал/тәулігіне
164. Белоктық минимум дегеніміз не?
А) адам тіршілігіне қажетті белоктың ең аз мөлшері

В) ағзаға белоктың жетіспеуі

С) белоктың қызметі

Д) белоктың ағзадағы артық мөлшері

Е) белоктың ыдырауы

165. Ағзадағы майлар ыдырауының өнімдері


А) аминқышқылдары

В) моносахаридтер

С) глицерин және май қышқылы

Д) минералды тұздар

Е) витаминдер
166. Тамақтың құрамында витамин болмаған кездегі ауру?
А) қан аздық

В) тромбоз

С) гипервитаминоз

Д) гиповитаминоз

Е) авитаминоз
167. Аминқышқылдарының түрлері?
А) ауыстырылатын, ауыстырылмайтын

В) құнды, құнсыз

С) толық, толық емес

Д) максимальді, минимальді

Е) көп, аз
Жылу алмасуы
168. Жылу берілу жолдары
А) конвекция, кондукция, булану, сәулелену

В) дененің температурасының көтерілуі, тотығу процестері

С) дененің температурасының төмендеуі, булану

Д) қоршаған ортаның температурасының жоғарылауы, дене

температурасының тұтқырлығы

Е) жүгірген кездегі жылу бөлінуі, шаршау


169. Жылу өндіру мүшелері
А) бұлшық ет

В) көк бауыр, асқазан, ми

С) тері, өкпе, өт жолы

Д) көз, бұлшық ет , буын

Е) өңеш, ішек, жыныс мүшелері
170. Сыртқа шығару мүшелері
А) ішек, қарын, ауыз қуысы

В) мұрын қуысы, бас ми, жұлын

С) қуық, жатыр, лимфа түйіндері

Д) бүйрек, тер бездері, өкпе, ішек

Е) көк бауыр, сүйек кемігі, бұлшық еттер
171. Бүйрек қызметі
А) тұздардың түзілуі,жүрек тамыр және тыныс алу жүйелерін реттеу

В) несеп түзілуі, рениннің және эритропоэтиннің түзілуі

С) тер бездері қызметінің реттелуі, адреналиннің және ацетилхолиннің

түзілуі


Д) эритроциттер, лейкоциттер түзілуі

Е) жыныстық жетілуді реттеу


172. Тәулігіне қанша (л) алғашқы несеп түзіледі
А) 20-30 л

В) 100-120 л

С) 70-80 л

Д) 150-180 л

Е) 200-220
173. Тәулігіне қанша (л) соңғы несеп түзіледі?
А) 3-5 л

В) 1,5-2 л

С) 6-8 л

Д) 10-12 л

Е) 0,5-1 л
174. Энурез дегеніміз не?
А) несептің бөлінуі

В) нефрондардың сүзу қасиеті

С) несептің еріксіз бөлінуі

Д) несептің көлемінің ұлғюы

Е) несептің түзілуі
175.Соңғы несеп қай жерде түзіледі
А) бүйректе

В) жинау түтігінде

С) бүйрек денесінде

Д) бүйрек түтіктерінде

Е) кіші жамбаста
176. Несеп түзілу негізіне қандай процестер жатады?
А) осмос, диффузия, реабсорбция

В) фильтрлеу, реабсорбция

С) диффузия, сөл бөлу, фильтрлеу

Д) фильтрлеу, диффузия

Е) реабсорбция, сөл бөлу, осмос
177. Бүйрек денелері қалай аталады?
А) нефрон

В) нейрон

С) капсула

Д) эпителий

Е) бүйрек жасушалары

Ішкі сөлініс бездері


178. Қалқанша без гормондары
А) тироксин, трийодтиронин

В) тиреодин, адреналин

С) окцитоцин

Д) тирозин

Е) фолликулин, тестестерон
179.Гипофиздің алдыңғы бөлімінің гормондары
А) тироксин, глюкокортикоидтер, минералокортикоидтер

В) паратгормон, мелатонин,серотонин

С) соматотропин, андрогендер, эстогендер

Д) өсу гормоны, тиреотропты, гонодотропты гомондар, АКТГ

Е) тиреоидин, тестестерон, окситоцин, пролактин
180. Бүйрек үсті бездері ми затының гормондары
А) альдостерон

В) адреналин

С) АКТГ

Д) соматотропин



Е) ренин
181. Ұйқы безінің гормондары
А) паратгормон, мелатонин

В) инсулин, глюкагон

С) адреналин және норадреналин

Д) окцитоцин және соматотропин

Е) тироксин және трийодтиронин
182. Ішкі сөлініс бездерінен бөлінетін заттар қалай аталады?
А) витаминдер

В) ферменттер

С) белоктар

Д) гормондар

Е) тұздар
183. Ішкі сөлініс бездері
А) өзегі жоқ бездер

В) жұлындағы бездер

С) арнайы өзегі бар бездер

Д) фермент бөледі

Е) сыртқа сөл бөледі
184.Бездердің гипофункциясы
А) гормондар бөлінуінің азаюы

В) гормондардың тұрақтылығы

С) бездер қызметінің ұлғаюы

Д) гормондар бөлінуі

Е) ферменттер бөлінуі

185. Бездердің гипосекрециясы


А) ферменттердің ұлғаюы

В) бездер қызметінің артуы

С) гормондар бөлінуінің азаюы

Д) гормондар бөлінуінің күшеюі

Е) гормондар бөлінуі
186. Қалқанша безінен гормондар көп бөлінген кездегі ауру
А) эндемиялық зоб

В) пиелонефрит

С) Базедов ауруы

Д) қант ауруы

Е) акромеглия
187. Қай без қызметінің төмендеуі микседема, кретинизм ауруына ұшыратады?
А) бүйрек үсті

В) қалқанша безі

С) гипофиз

Д) ұйқы безі

Е) жыныс бездері
188. Қай заттың мөлшерін инсулин реттейді?
А) белоктардың

В) тұздардың

С) судың

Д) қанттың

Е) майлардың
189.Ұйқы безі қызметінің азаюынан туындайтын ауру
А) акромегалия

В) қант ауруы

С) анемия

Д) тамақ ауруы

Е) астма
190.Жыныс бездерінің гормондары
А) андрогендер, эстрогендер, прогестерон

В) гонадтропиндер, эстрадиол

С) эстроген, инсулин

Д) эстрадилол, инсулин, альдестерон

Е) тестостерон, эстродиол, эстроген
191. Қай жаста ұл балаларда жыныстық жетілу басталады?
А) 2-3

В) 10-11


С) 17-18

Д) 20-25


Е) 1-2
192. Қай жаста қыз балаларда жыныстық жетілу басталады?
А) 9-10

В) 14-15


С) 20-22

Д) 3-4


Е) 20-25
193.Ұйқы безінің гормондары
А) паратгормон, мелатонин

В) инсулин, глюкагон

С) адреналин және норадреналин

Д) окситоцин және соматотропин

Е) тироксин және трийодтиронин
Әртүрлі жастағы кісілердің морфофункционалді ерекшеліктері
194.Онтогенез дегеніміз не?
А) сүйек ұлпаларының жекелей дамуы

В) адамның жеке дамуы

С) дене сапаларының дамуы

Д) бұлшық ет жүйесінің жеке дамуы

Е) ағзаның шарашуы және қалпына келуі
195. Бастауыш мектеп жасы
А) 5-6 жас

В) 6-7-ден 10 жасқа дейін

С) 7-9 жас

Д) 9-10 жас

Е) 10-11 жас
196. Орта мектеп жасы
А) 11-15 жас

В) 8-13 жас

С) 13-16 жас

Д) 9-12 жас

Е) 15-17 жас
197 .Мектепке дейінгі балалардыңморфофункционалді ерекшеліктері
А) 4 тен 6-7 жасқа дейінгі балалар, денесі салыстырмалы бірқалыпты дамиды, құрысу басым, бұлшық ет күші біртіндеп

жетіледі


В) 1 жасқа дейінгі балалар, дене бөлімдері біркелкі дамымайды, жазылу

басым, күш жоғары

С) 11-15 жастағы балалар, дене бөлімдері біркелкі дамымайды, құрысу

басым


Д) 9-10 жастағы балалар, аяқ –қолдары шапшаң жетіледі, жазылу басым,

төзімділік жоғары

Е) 10-11 жастағы балалар, жыныстық жетілу аяқталады, күш пен төзімділік

жетілген
198. Бастауыш мектеп жасындағы балалардың морфофункционалді ерекшеліктері


А) 4 тен 6-7 жасқа дейінгі балалар, құрысу басым, бұлшық ет күші біртіндеп

жетіледі


В) 6-7 ден 10 жасқа дейінгі балалар , қаңқаның өсуі мен сүйектенуі

жалғасады, бұлшық ет күші артады, сүт тістері тұрақты тістерге алмасады,

қозу процесі басым

С) 11-15 жастағы балалар, дене бөлімдері біркелкі дамымайды, құрысу

басым

Д) 9-10 жастағы балалар, аяқ –қолдары шапшаң жетіледі, жазылу басым,



төзімділік жоғары

Е) 10-11 жастағы балалар, жыныстық жетілу аяқталады, күш пен төзімділік

жетілген
199. Жасөспірімдердің жас ерекшеліктері
А) 4 тен 6-7 жасқа дейінгі балалар, құрысу басым, бұлшық ет күші біртіндеп

жетіледі


В) 1 жасқа дейінгі балалар, дене бөлімдері біркелкі дамымайды, жазылу

басым, күш жоғары

С) 11-15 жаста жас өспірімдер, жыныстық жетілу жүреді, екінші жыныстық

белгілер қалыптасады, дене қарқынды өсіп, дамиды, аяқ –қолдары ұзарып,

дене пропорциясы өзгереді

Д) 9-10 жастағы балалар, аяқ –қолдары шапшаң жетіледі, жазылу басым,

төзімділік жоғары

Е) 10-11 жастағы балалар, жыныстық жетілу аяқталады, күш пен төзімділік

жетілген
200. Егде жастағылардың морфофункционалді ерекшеліктері
А) 50-70 жастағы әйелдер, 55-70 жастағы ерлер, зат алмасулары, сүйектері

мықты, ептілігі жоғары, қан қысымы төмен

В) 56-74 жастағы әйелдер, 61-74 жастағы ерелер. Зат алмасуы төмендейді,

сүйектерінің беріктігі, ептілігі төмендейді, тұздар жинақталады, жыныс

бездерінің қызметі төмендейді

С) 60-74 жастағы әйелдер, 60-74 жастағы ерлер зат алмасу өзгермейді,

сүйектері мықты, жыныс гормондары жеткілікті бөлінеді

Д) 45-70 жастағы әйелдер, 45-65 жастағы ерлер қысым реакциясының уақыты

ұзарып, гормондар бөлінуі артады, ептілік, төзімділік жоғары деңгейде

Е) 60-80 жастағы әйелдер, 65-75 жастағы ерлер, қан қысымы 140/80 мм.с.б,



ПӘН БОЙЫНША ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

Ұсынылатын әдебиеттер көздері
Негізгі әдебиеттер:

Негізгі:


  1. Дюсембин Қ., Алиакбарова З.М. «Жасқа сай физиологиясы мен мектеп гигиенасы» Алматы , 2003.

  2. Алиакбарова З.М. «Мектеп гигиенасынан практикалық сабақтардың методикалық нұсқаулары» Алматы ,2007

  3. Рымжанов Қ.С., Төленбек И.М. «Адам жануарлар физиологиясы» Алматы 2000

  4. Физиология и развития ребенка Под редакцией Безруких М.М.,Фарбер Д.А. М.2010

Қосымша:

  1. Хрипкова А. Г. , Антропова м. В., Фарбер Д. А. Возрастная физиология и школьная гигиена: Пособие для студентов пед. ин-тов – М.: Просвещение, 1990. – 319 с.

  2. Иргашев А. С. Возрастная физиология. Ташкент, 1989.

  3. Фарбер Д. А., Корниенко, Сонькин В. Д. Физиология школьника. – М.: Педагогика, 1990. – 64 с.

  4. Сонин Н. И., Сапин М. Р. Биология 8 кл. Человек: Учеб. для общеобразоват. учеб. заведений. 2-е изд, испр. – М.: Дрофа, 2000. 216 с.

  5. Сапин М. Р., Брыксина З. Г. Анатомия и физиология детей и подростков: Учеб. пособие для студ пед. вузов. – М.: Изд. центр «Академия», 2004. – 456 с.

  6. Первая помощь при повреждениях и несчастных случаях./ Под ред. В. А. Поляква. – М.: Мелицина, 1990 – 120 с.

  7. Человек и среда его обитания. Хрестоматия / Под ред. Г. В. Лисичкина, Н. Н. Чернова. – М.: Мир. 2003. – 460 с.

  8. Чумаков Б. Н. Основы здорового образа жизни. Учебное пособие. – М.: Педагогическое общество России., 2004. – 416 с.

  9. Сибиряков С. А. Ребенок в опасности (как предупредить беду: наркоманию, пьянство, насилие, преступность…) – Спб.: Издательство, «Юридический центр Пресс», 2002 – 114 с.

  10. Хрипкова А.Г., Колесов Д.В. Гигиена и здоровье школьника. – М.: Просвещение, 1988. – 191 с.

  11. Колесов Д.В., Маш Р.Д. Основы гигиены и санитарии: Учеб. пособие для 9-10 кл. сред. шк.: Факультатив. Курс. – М.: Просвещение, 1989. – 192 с.

  12. Фомин Н.А., Вавилов Ю.Н. Физиологические основы двигательной активности. – М.: Физкультура и спорт, 1991. – 224 с.

  13. Зверев И.Д. Книга для чтения по анатомии, физиологии и гигиене человека: Пособие для учащихся 9 кл. сред. шк. – 4-е изд., перераб. – М.: Просвещение, 1989. – 240 с.

Анықтамалық әдебиеттер (5 анықтамалар мен энцеклопедиядан артық емес)

Нормативтік әдебиеттер (пәннің спецификасымен сәйкес)

Интернет көздері:



  1. http://netoteka/ru/cgi-bin/teka.pl/event/content_id 

  2. http://rbip.bookchamber.ru

  3. http://www.imaton.ru

  4. http://www.auditoriumru/books

  5. http://www.hrm.re/db/b2

  6. http://www.libcsu.ru/news

Глоссарий

Анатомия - организмнің ішкі және сыртқы құрылысын зерттейтін ғылым.

Аккомодация (көздің икемділігі) - көздің түрлі қашықтықтағы нәрселерді айқын көрінуге мүмкіндік беретін сәулелерді сындыру күшінің өзгеруін атайды.

Астигматизм- деп торлы қабықта нәрсе бейнесінің анық болмауын атайды.

Анализ - мида әркелкі сигналдарды айыру, бөлу, организмге тиетін әралуан әсерді ажырату.

Ассимиляция - жасушалар құрамына кіретін күрделі және арнайы заттардың жаңадан түзілуі (синтезделуі).

Анализаторлар (талдағыштар) - белгілі ақпаратты қабылдауға және тануға арнайы құрылған құрылымдардан тұратын жүйке жүйесінің күрделі (қабылдағыш, өткізгіш жолдары, орталықтар) бөлігі.

Акселерация -бала организмінің морфофункционалдық дамуының жылдамдауы.

Антропометрия - дене көрсеткіштерін өлшеуді атайды.

Аксон - жүйке жасушасының ұзын талшығы.

Афференттік (сезімтал) жүйке - қозуды орталыққа жеткізетін жүйке.

Бипорлярлы - қос тармақты нейрон .

Вегетативті жүйке жүйесі -ішкі ағза қызметін, заттар алмасуын, өрбу үрдістерін реттейді.

Гемостаз (грек. haemo-қан, stasis-тоқтау) деп қанның сұйық қалпын және эндотелтийдің бүтіндігін, тамырдағы қан ағысының сақталуын, сондай-ақ сыртына шықпауын не ағып тұрған қанның тоқтауын қамтамасыз ететін күрделі биохимиялық және биофизикалық үрдісін атайды.

Гемоглобин - құрамында темір бар белок тектес зат.

Гемолиз ( грек,. haima-қан, lysis-еру) - деп эритроциттің қабығы жарылып немесе еріп ішіндегі гемоглобиннің плазмаға шығуын атайды.

Гигиена (грек. hygieinos-дені сау) - денсаулықты сақтау жөніндегі ғылым.

Гормон - ішкі секреция бездері жасап шығаратын биологиялық белсенді заттар.

Гомеостаз - деп қан көлемі мен құрамының және физикалық, химиялық, биологиялық қасиеттерінің тұрақтылығы, тяғни барлық биологиялық константаларды (артериялық қан қысымы, дене температурасы) атайды.

Гиперметропия - көздің алыстан көргіштігі.

Дендрит - жүйкенің тармақталған қысқа өсіндісі.

Диастола - жүректің босаңсу кезеңі. Диссимиляция - деп зат алмасуға қатысқан заттардың тотығуы арқылы қарапайым химиялық заттарға айналуы.-

Дистанциялық қабылдағыштар - бұл ақпаратты тітіркендіргіш көзінен әлдеқайда алыстан қабылдайды.

Иммунитет - деп иммунды жүйенің денеден бөгде заттарды шығарып тастау қасиетін айтады.

Инспирация - ол демалу.

Инстинк - тұқым қуалайтын әрбір жануарға тән, оның күйіне қарай немесе тап осы жағдайда жүзеге асырылатын, күрделі туа біткен мінез -құлығының жиынтығы.

Интерорецепторлар - ішкі ағзаларда, ұлпаларда, қан тамырларда орналасады, ішкі мүшелердегі өзгерістерді қабылдайды.

Карбогемоглобин - гемоглобин көмірқышқылымен байланысқан тұрақсыз қосылыс.

Контакты қабылдағыштар - бұл тітіркендіргішпен тікелей жанасқанда мәлімен алады.

Лейкоцит (leucocytus) - қанның ақ жасушасы.

Лейоцитоз - ден қанда лейкоцит санының көбеюі.

Лейкоцитопения - деп қанда лейкоцит санының азаюы.

Лимфоцит - анрнамалы иммунитет қалыптастырып, бүкіл ағзадағы иммунитет жайын қабылдайды.

Мектеп гигиенасы - өсіп келе жатқан ұрпақтың, балалардың, жасөспірімдердің денсаулығын қорғау, нығайту және дамыту жөніндегі ғылым.

Морфология (грек. morphe- форма) - деп адам және жануарлар денесінің құрылысы мен формасын зерттейтін ғылымды атайды.

Миопия - көздің жақыннан көргіштік кемістігі.

Медиатор - қозу үрдісін жеткізетін химиялық зат, жүйке бүршігінің везикулаларында болады.

Меланхолик (саудайы) - жұмсақ мінезді, әлсіз, өкпешіл, дегбірсіз, дәрменсіз, мұңды, жасқаншақ, жауапкершілікпен сескнгіш, дегенін орындата алмайтын, шалалық қасиетті болады.

Мультиполярлы -деп көп тармақты нейрондарды атайды.

Нутрициология - тамақтану туралы ғылым.

Нефрон - бұл бүйректің морфофункционалдық құрылымы, маьпиги шумақтары мен бүйрек түтікшелерінен тұрады.

Нейрон - деп жүйке жасушасын атайды.

Нейроглия - нейрондар аралығын толтыратын жасушаларды атайды.

Оксигемоглобин - гемоглобин өкпеде оттегімен байланысқан тұрақсыз қосылыс.

Өкпенің тіршілік сиымдылығы дегеніміз - терең дем алып, терең дем шығарған кезде сыртқы шығатын ауаның көлемі.қозу үрдісін жеткізетін химиялық зат, жүйке бүршігіндегі везикулаларда болады.

Панкреас - ол ұйқы безінің бөлетін асқорыту сөлі.

Проприорецептор - сіңірде, буын қабында орналасады.

Планцета ( лат. plancenta, грек. placus- бала орны) - әйел жүкті болған кезде түзіліп, ұрық пен ана организмінің көпқырлы байланысын қамтамасыз етеді.

Рефлекс (лат. reflecsus-тойтарыс беру)- деп орталық жүйке жүйесінің қатысуымен сыртқы және ішкі тітіркендіргішке беретін күрделі жауабы.

Сангвиник (ширақ) - мінезі жайдарлы, іскез, қызу қанды, пысық, көпшіл, елгезек, көңілшек адам.

Систола- жүректің жиырылу кезеңі.

Синтез - біріктіру, талдап, қорыту, ми қыртысының әртүрлі бөліктерінде туатын қозуларды бірлестіру.

Синапс - өзара жүйке жасушалары не жүйке мен шеттегі қызмет атқарушы жасушас түйіскен жерінде серпіністі өткізетін арнай ұласуды атайды.

Тромбоцит - екі жағы дөңес, дөңгелек не сопақша құрылымды қан пластинкасы.

Тыныс алу деп - ауадан оттегін сіңіріп, көмір қышқыл газын шығаруын қамтамасыз ететін өзара байланысты процестерді атайды.

тыныстың минуттық көлемі . бір минут ішінде окпе арқылы өтетін ауаның көлемі.

Темперамент - бұл ресми мінездің нейродинамикалық сипаты.

Униполярлы - бір тармақты нейрон.

Фагоцитоз (грек. phagien- жұту, қармалап алу, cytus-жасуша) - деп денеге түскен бөгде заттарды қармалап алып ферменттерімен қорыту.

Флегматик (салғырт) - сабырлы, байсалды, енжар, сылбыр мінезді, самарқау, салмақты, шабан қимылды келеді.

Физиология (грек. phisis-табиғат, logos-ілім) - тірі организм мен оның жеке жүйелері, ағзалары әрекетін, функциясын зерттейтін юиологиялық ғылым.

Фонокардиография - жүрек тондарын (дыбысын) жазып алу.

Холерик (ұстамсыз) - албырт, қызба, ашушаң, кейігіш, еліктегіш адам.

Электрокардиография - жүрек биотогін жазып алу.

Экспирация - ол дем шығару.

Экстерорецепторлар (грек. exterus-сыртқы) - дене сыртында, теріде, ауыз және көздің кілегей қабықтарында орналасқан, сырттан келіп түскен тітіркендіруші әсерлерді қабылдайды.

Этология - мінез-құлықты жете тексеретін, оның шығу тетіктерін зерттейтін ғылым.

Эритроцит (грек. erytros-қызыл, cytos-жасуша) - қанның қызыл түіршіктері.

Эритроцитоз - эритроцит санының қалыптан тыс басым болуы.

Эритроцитопения - эритроцит санының қанда аз болуы.

Эфференттік (қозғалтқыш) - қозуды орталықтан эффекторға жеткізетін жүйке.

Эндокриндік бездер (грек. endon-ішкі, crineo-бөлемін немес шығарамын) - сөлін шығаратын өзегі жоқ, без жасушалары қан, лимфа капиллярларымен торланған бездер.




Ф АУ 703-08-18 Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Бесінші басылым.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет