ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені мектепке дейінгі оқыту мен әдістемесі-5В010100 Алматы, 2018 ж



бет5/10
Дата10.04.2020
өлшемі0,72 Mb.
#62161
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
жас ерекш физиол гигиена
жас ерекш физиол гигиена

Үйге тапсырма

  1. ОЖЖ-нің қызметтері

  2. Нейрон, оның құрылысы, және түрлері

  3. Рефлекс дегеніміз не?

  4. Рефлекстердің жіктелуі

  5. Рефлекторлық доға бөлімдері

  6. Рефлекторлық доға түрлері

  7. Жұлынның қызметтері

  8. Сопақша мидағы орталықтар

  9. Ортаңғы мидың қызметтері

  10. Аралық мидың қызметтері

  11. Мишықтың маңызы

  12. Торлы құрылымдардың маңызы

  13. Үлкен ми сыңарларының қыртысының құрылысы мен қызметтері

Әдебиеттер:

Адам физиологиясы. Сәтпаева Х.К., Нілдібаева Ж.Б., Өтепбергенов, Алматы, „Білім”, 1995.

Адам физиологиясы. Бұғыбаева С.Ж. Алматы, 2003 (дәрістер курсының жинағы).

Физиология человека.Под.ред. Н.В. Зимкина, М., ФиС, 1975.

Физиология человека. Под.ред. В.М.Смирнова, М., Медицина, 2001.

Жас ерекшеліктер физиологиясы. Қ. Дюсембин. Алматы, 2003.


3-дәріс тақырыбы: ОЖЖ- дегі жүйке процестерінің үйлесуі

Дәрістің жоспары:

  1. Жүйке орталығы

  2. ОЖЖ-гі синапстар, олардың түрлері

  3. ОЖЖ- сінен қозу өткізу ерекшеліктері

  4. Рефлекс уақыты

  5. Қозудың жинақталуы

  6. Қозудың таралуы және концентрациясы

  7. Кері байланыс принципі

  8. Доминанта принципі

Жүйке орталығы – ОЖЖ-нің белгілі бір жерінде топталған біріңғай қызмет атқаратын нейрондар жиынтығы. Ми ұлпалары қан тамырларымен, оттегімен басқа ұлпаларға қарағанда 10-20 есе жоғары қамтамасыз етіледі.

ОЖЖ-дегі нейрондар бір-бірімен синапстар арқылы жалғасады. ОЖЖ-дегі синапстар саны 10 15- 1016 , қозғалыс нейрондарының денесінде 15000-20000 синапстар кездеседі. Синапстар кездесетін орнына сәйкес

1.Аксондендритті

2.Аксосомалық

3.Аксоаксоналды болып ажыратылады.

Синапстар атқаратын қызметіне сәйкес:

1. Қоздырғыш ; 2. Тежегіш болып бөлінеді.

ОЖЖ - сі арқылы қозу бір бағытта өтеді және кешігіп өткізіледі, оны синапстік кідіру деп атайды.

Рефлекс уақыты бес бөлімнен тұрады:

1. Рецепторда қозу пайда болуға қажетті уақыт

2.Афференттік жүйке арқылы қозудың өту уақыты

3.Рефлекстің негізгі уақыты (ОЖЖ-дегі)

4.Эфференттік жүйке арқылы қозудың өту уақыты

5.Жауап беруші мүше қызметі- латентті кезең уақыты

Рефлекс уақыты рефлекторлық доғадағы нейрондар мен синапстар санына байланысты.

ОЖЖ-дегі екі немесе оданда көп тітіркендірулерді ұштастыра жинақы қозу- суммация деп аталады. Жинақталудың бір ізді - уақыттық және бір мезгілді- кеңістіктік түрлері бар.

ОЖЖ-де қозудың таралуын - иррадиация деп атайды. Оның себебі нейрондағы көптеген жүйкелер байланысы болуынан. Тітіркендіргіш күші көп болса ОЖЖ-дегі иррадиация да күшті болады. ОЖЖ-де тежегіш нейрондардың болуы салдарынан қозу белгілі бір жүйке жасушасында сақталады ( концентрация).

Кері байланыс – ОЖЖ-дегі жүйке қызметтік үйлестірудің негізгі принципі. Кез келген қозғалыс кезінде бұлшық еттегі, буындағы, сіңірдегі, рецепторлар қозып, импульстер ОЖЖ-не түседі.Жұүйке орталығына үздіксіз түсіп отыратын афференттік импульстер кері байланыс арқасында сол мүшелердің тонусын қамтамасыз етеді. Кері байланыс арқылы қызмет күшейсе - оң; нашарласа - теріс болады.

Уақытша қатты қозған жүйке орталығы басқа жүйке орталығындағы қозудан басым және күшті болуын доминантты қозу деп атайды, оның себептері:

жоғары қозғыштық;

қозудың тұрақты болуы;

қозуды жинақтай алу қабілеті;

инерция немесе қозуды – тудыратын стимул әсері тоқтаған соң ұзақ сақталу.

Үйге тапсырма

Жүйке орталығы дегеніміз не?

ОЖЖ-дегі синапстар, түрлері

ОЖЖ-гі арқылы қозудың бір бағытта өтуі.

ОЖЖ-де қозудың кешігіп өтуі

Рефлекс уақыты

Уақыттық жинақталу

Кеңістіктік жинақталу

Қозудың таралуы және жинақталуы дегеніміз не?

Рефлекторлық жауап түзілу кезіндегі кері байланыстың маңызы

10.Доминантты қозу ошағының қасиеттері қандай ?

Әдебиеттер:

Адам физиологиясы. Сәтпаева Х.К., Нілдібаева Ж.Б., Өтепбергенов, Алматы, „Білім”, 1995.

2. Адам физиологиясы. Бұғыбаева С.Ж. Алматы, 2003 (дәрістер курсының

жинағы).


3. Физиология человека.Под.ред. Н.В. Зимкина,М., ФиС, 1975.

4. Физиология человека. Под.ред. В.М.Смирнова, М., Медицина, 2001.

5. Жас ерекшеліктер физиологиясы. Қ. Дюсембин.Алматы, 2003.
4-дәріс тақырыбы: Жүйке және бұлшық ет ұлпаларындағы биоэлектрлік құбылыстар

Дәрістің мақсаты: Бұлшық ет және жүйке ұлпаларындағы қозу процесін зерттеу.

Дәрістің жоспары:


  1. Қозғыштық

  2. Мембраналық тыныштық потенциалы

  3. Әрекет потенциалы

  4. Жүйке бұлшық ет қимыл бірліктері

  5. Көлденең салалы бұлшық еттердің құрылысы мен қызметтері

  6. Шапшаң және баяу ет талшықтарының морфологиялық, биохимиялық және физиологиялық ерекшеліктері

Тірі ағза – сыртқы қоршаған ортамен тығыз байланыстағы ашық жүйе. Олар белоктардан, нуклеин қышқылдарынан т.б. органикалық заттардан құралып, өзін- өзі реттеу және жаңадан пайда болу (көбею) т.б. ерекше қабілеті бар құрылым.

Тірі ағзадағы ұлпалар „қозғыш” және „қозбайтын” деп екі топқа бөлінеді: Қозғыш ұлпаларға жүйке, қаңқа еттері, жүрек еттері, бірыңғай салалы еттер, сөл бөлетін бездер жатады.Қозбайтын ұлпаларға:дәнекер ұлпалар, шеміршек, тері эпителиі.

Барлық тірі ағзаларға тән жалпы қасиет - тіршілік- сыртқы және ішкі ортаның әсеріне зат және қуат алмасу қарқынын өзгерту қабілеті.

Қозуды тудыратын сыртқы және ішкі ортаның әсерлері- тітіркендіргіштер деп аталады. Тітіркендіргіштер адекватты (сәйкес келетін) адекватсыз (сәйкес келмейтін) деп екі түрге бөлінеді (арнайы қабылдағыштары болмайды).

Тітіркендіргіштің қозу тудыратын ең аз күшін- тітіркендіргіштің табалдырық күші, одан төмен – табалдырық асты, көп - табалдырық үсті деп аталады.

Тыныштық потенциалы - немесе мембраналық потенциал деп физиологиялық тыныштық жағдайында жасуша цитоплазмасы мен жасуша аралық сұйықтық арасындағы потенциалдар айырмасын айтады. Оның мөлшері 30- 90 мВ деңгейінде (қаңқа бұлшық еттер талшығында – 60-90 мВ; жүйке жасушаларында -50-80 мВ; бірыңғай салалы ет талшығында -30 -70 мВ; жүрек ет талшығында - 80-90мВ). Мембраналық-иондық теория бойынша мембраналық потенциалдың пайда болуының негізгі себептері:

а) Жасуша мембранасының иондары (аниондар мен катиондар) өткізу қабілетінің әртүрлі болуының салдарынан. Тыныштық күйде жасуша мембранасының К + иондарына өткізгіштігі өте жоғары (Na + иондарына қарағанда – 20-25 есе жоғары). Осының салдарынан жүйке немесе бұлшық ет жасушаларының беткі қабатында К + катиондарының артық мөлшері жинақталып оң заряд пайда болуын қалыптастырады;

б) Органикалық аниондар өздерінің мөлшері ірі болғандықтан жасуша мембранасынан өте алмай жасуша цитоплазмасында теріс заряд болуын қалыптастырады;

в) Арнайы Na +/ К + - АУФ – аза қызметінің арқасында натрий және калий иондары конценрациясының градиенті сақталып, потенциалдар айырмасын ұстап тұрады.

Әрекет потенциалы - тірі ұлпаларды тітіркендірген кезде, мембрананың қозған және қозбаған аймақтары арасындағы потенциалдар айырмашылығы. Ұлпаның қозған жерінде теріс заряд қалыптасып, қозбаған жерінде оң заряд сақталады. Тітіркендіргіш әсер еткен нүктеде мембрананың нартий иондарына өткізгіштігі тыныштық күймен салыстырғанда бірнеше есе өсіп, жасушаның сыртқы бетіндегі оң зарядты кемітеді, нәтижесінде мембранды потенциал нольге дейін түседі, яғни деполяризацияланады. Деполярлену ұзаққа созылмайды, мысалы жүйке мотонейрондарында 1,5мс, бұлшық ет ұлпаларында 2-3 мс.Осыдан кейін мембрананың калий иондарына өткізгіштігі артып және белсенді ионды тасымалдау (Na + К + - АУФ – аза насаосы ) процестеріне байланысты концентрациясының деңгейі қайта қалпына келіп, реполярленеді.

Жүйке –бұлшық ет қимыл бірліктері (ҚБ)- қозғағыш жүйке жасушасы (мотонейрон), ол жүйкелендіретін ет талшықтарынан тұратын құрылымдық, қызметтік жүйе (1- сурет). Қимыл бірліктері (ҚБ) құрылысы мен қызметіне сәйкес кіші және үлкен ; баяу (100мс) және шапшаң (10-30 мс)болып ажыратылады.

Бұлшық еттердің ағзада үш түрі кездеседі:

1) көлденең жолақ қаңқа бұлшық еттері;

2) көлденең жолақ жүрек еті ( жүрек етінің қасиеттері ІХ-дәрісте

қарастырылады);

3) біріңғай салалы еттер

Адам денесі салмағының 40 %- ға жуығын көлденең жолақ қаңқа еттері құрайды, олардың саны 600-ге жуық. Адамның қаңқа еттері 300млн-ге жуық ет талшықтарынан тұрады, яғни оның аумағы 3 м2 .Қаңқа еттері тірек- қимыл аппаратының ең белсенді бөлігі.

Олардың негізгі қызметтері:

ағзаның кеңістіктегі қозғалысын;

дене бөліктерінің өзара қатынасын;

денені белгілі бір қалыпта сақтауды қамтамасыз етеді;

бұлшық ет жиырылғанда жылу жасалады(өндіріледі);

көмірсулар жиналатын қор мүше;

бұлшық еттердің қозғалуы психиканың соңғы және сыртқы көрінісі.

Ет талшығы сопақша келген көп ядролы жасуша, оның диаметрі шамамен 10-100 мкм, ұзындығы бірнеше милимертден 10-12 см-ге дейін. Бұлшық ет талшығы сыртынан сарколемма қабығымен қапталған.Оның химиялық табиғаты – екі қатар болып орналасқан липопротеид. Сарколемманың құрамында коллаген талшықтары бар. Ол еттердің жиырылуына және босаңсуына әсерін тигізеді (2- сурет). Ет талшығының негізгі жиырылу қызметін атқаратын органелла- миофибриллдер (3- сурет). Әрбір миофибрилл көптеген протофибрил (2500- ге дейін) жіптерінен құралған. Протофибрилдер жуан және жіңішке болып бөлінеді. Жуан протофибрилдер миозин белогінің молекуласынан, жіңішкелері актин белогі молекуласынан тұрады. J дискілері актин, А дискі миозин жіптерінен құралады, олардың арасын көлденең жіпшелер байланыстырады.

Бұлшық ет талшығындағы миоглобин (Мнв) белогі оттегін байланыстырады және бұлшық етке қызыл түс береді. Ет талшықтары қызыл (баяу) және ақ (шапшаң) болып ажыратылады (1 -кесте).

Кесте

Ерекшеліктер

Баяу (қызыл)

Шапшаң (ақ)

І.Морфологиялық ерекшеліктер:

а) талшықтарының диаметрі

б) митохондрий саны

в) капиллярлар саны

ІІ.Биохимиялық

ерекшеліктері:

а) АҮФ-аза ферментінің белсенділігі

б) Тотығу-тотықсыздану ферментінің белсенділігі

в) Гликолиз ферментінің белсенділігі

г) Миоглобин белогінің мөлшері

ІІІ.Физиологиялық

ерекшеліктері:

а) жиырылу жылдамдығы

б) жиырылу күші

в) шаршау қабілеті

г) төзімділігі

д) жылу бөлу жолы


жіңішке


көп

көп

төмен
жоғарғы
төмен

жоғары


төмен

төмен


төмен

жоғары


тотығу(аэробты)

жуан


аз

аз


жоғары
төмен
жоғары

төмен


жоғары

жоғары


жоғары

төмен


анаэробты

Глоссарий

Үйге тапсырма

Қозғыштық дегеніміз не?

Биопотенциалдар, олардың пайда болуы

ҚБ-і неден құралған, түрлері

Қаңқа бұлшық еттерінің қызметі

Бұлшық ет талшығының құрылысы

Қызыл және ақ ет талшықтарының ерекшеліктері.

Әдебиеттер:

1. Адам физиологиясы. Сәтпаева Х.К., Нілдібаева Ж.Б., Өтепбергенов, Алматы, „Білім”, 1995.

2. Адам физиологиясы. Бұғыбаева С.Ж. Алматы, 2003 (дәрістер курсының жинағы).

3. Физиология человека.Под.ред. Н.В. Зимкина,М., ФиС, 1975.

4. Физиология человека. Под.ред. В.М.Смирнова, М., Медицина, 2001.

5. Жас ерекшеліктер физиологиясы. Қ.Дюсембин. Алматы, 2003.


5-дәріс тақырыбы:Бұлшық ет қызметінің сипаттамасы

Дәріс тақырыбы: Бұлшық ет жиырылуының механизмі және оған

қажетті қуат көздері

Дәрістің жоспары:

  1. Бұлшық ет жиырылуының механизмі

  2. Бұлшық ет талшығы жиырылуына қажетті қуат көздері

  3. Бұлшық ет қызметінің түрлері

  4. Бұлшық ет жиырылуының режимдері

  5. Бұлшық еттің күші

  6. Бұлшық еттің күшіне әсер ететін себептер

  7. Бұлшық еттің жұмысы

Еттің жиырылуы үшін алдымен 1) қозғалыс жүйесінің қозуы арқылы одан импульс келіп, оның ұшынан жүйкеден етке қозуды тарататын медиатор- ацетилхолин бөлініп шығады, соның әсерінен сарколемманың Na+ иондары үшін өткізгіштік қабілеті өзгереді де; 2) әрекет потенциалы пайда болады. Әсер ету потенциалының таралуынан саркоплазма ретикулумы қозып;

3) Одан Са+ иондары босап шығады: Са+ иондары біріншіден миозин – АҮФ тобының теріс зарядын бейтараптандырып екеуі бір деңгейде пайда болады, екіншіден Са+ иондары тропонинмен байланысып, актин жіптерін белсендіреді.

4) миозин молекуласы мен актин молекулалары арасында байланыс пайда болып, дәнекер өсінділер арқылы жіңішке протофибрилдер жуан протофибрилдер бойымен жылжиды. Ал миозин – АҮФ- аза болса АҮФ қышқылын ыдыратып, бөлініп шыққан қуат ет талшығының жиырылуына жұмсалады.

5) Актин – миозин арасындағы дәнекер үзілу үшін де АҮФ қышқылының екінші молекуласы ыдырап, қуат жұмсалады.

6) Са+ иондары қайтадан саркоплазмалық ретикулумға енуі үшін үшінші молекула АҮФ ыдырайды. Сонымен бөлініп шыққан тропонин атинмен байланысып, ет босаңсиды.

Бұлшық еттең жиырылуы мен босаңсуы үшін қажетті макроэргиялық зат - АҮФ



АҮФ+Н2О АДФ+Н3РО4 + кДж

Дене жұмысы кезінде бір жағынан АҮФ молекулалары ыдырап қажетті қуат босап, ет талшығының жиырылуына жұмсалып жатса, екінші жағынан олардың қайта түзілуі (ресинтез) жүріп жатады. АҮФ қышқылының қайта түзілуі анаэробты және аэробты жолмен жүреді. Атап айтқанда 1) АҮФ қышқылының ресинтезі креатинфосфаттың АДФ-пен қосылып, түзілуі.


КрФ +АДФ креатинкиназа АҮФ +Кр+46 кДЖ
Бұл реакция бұлшық ет жұмысының алғашқы секөндтерінде іске қосылады, ең қуатты (900-1100 ккал/кг/мин немесе 13ккал/кг/сек), тиімділігі -70-80%.

2) Креатинфосфат қоры (шамамен 30 ммоль.л -1) азайған жағдайда яғни 6-8 секөнд жұмыстан кейін АҮФ-ның ресинтезі гликолиттік (анаэробты) жолмен жүреді, яғни көмірсулардың анаэробты жолымен сүт қышқылына шейін ыдырағанда бөлініп шыққан қуат АҮФ қайта түзілуіне жұмсалады, оның қуаттылығы 750кал/кг/мин (7 ккал/кг/сек), тиімділігі -2,7-4,3 %.Бұл жол арқылы ұзақтығы 20 секөндтен 1-2 минөтке созылған жоғары қарқындағы жұмыстар орындалады.

3) Жұмыстың ұзақтығы 2-3 минөттен жоғары болған жағдайда АҮФ-ң аэробты жолмен қайта түзілуі органикалық қосылыстар: көмірсулар, майлар және белоктардың митохондрияда аэробты тотығуының барысында босаған қуаттың есебінен жүреді, қуаттылығы 250-450 кал/кг /мин(5 ккал/мг/сек) тиімділігі – 55 -60 %.

Еттің жұмысы. Ет жиырылып тиісті жүкті белгілі бір биіктікке көтергенде немесе белгілі бір қашықтыққа жеткізгенде жұмыс атқарылады. Ет жиырылып ауырлықты ұстап тұрса, оның ұзындығы қысқармайды, яғни статикалық жұмыс орындалады. Мысалы, оған дененің кеңістіктегі қалпын сақтау; жердің тарту күшін жеңетін ет кернеуі т.б. Ауыр жүкті бір жерден екінші жерге көтеріп апаратын жұмысты-динамикалық жұмыс деп атайды.Оған денені, оның бөлшектерін кеңістікте қозғау да жатады. Оны өлшеу үшін жүкті- Р1 – көтерген биіктікке (һ) көбейтіп анықтайды.

А=Р·Һ

Бұлшық ет қызметі кезінде талшығы жиырылуының келесі түрлері орындалады.



Қозу кезінде ет талшығының кернеуі өзгермей, тек оның ұзындығы өзгерсе (қысқарса- миометрлік, концентрациялық); созылса, (эксцентрлік- плиометрлік) изотониялық жиырылу деп атайды. Бұл динамикалық жұмыстың негізін қалайды.

Қозу кезінде ет талшығының ұзындығы өзгермей, тек кернеуі жоғарыласа изометриялық жиырылу деп атайды.

Қозу кезінде ет талшығының кернеуі де, ұзындығы да өзгерсе ауксотониялық жиырылу деп атайды.

Бұлшық ет талшығына жеткілікті табалдырық күші бар бір тітіркендіру берсе ол бір рет толық жиырылып және босаңсиды. Осыны еттің жеке жиырылуы деп атайды (1 –сурет). Жиі ырғақты тітіркендіру әсерінен еттің ұзақ жиырылуын тетанус немесе тетаникалық жиырылу деп атайды( 2-сурет).

Еттің күші оның максималды қозу кезінде ұзындығын өзгертпей көтеріп тұра алатын ең үлкен жүк салмағымен анықталады.Бұлшық ет мыңдаған ет талшық будағынан тұрады, оның саны, ондағы ҚБ (баяу, шапшаң) түрлеріне байланысты. Еттің күші басқа жағдайлар өзгермеген жағдайда өзінің көлденең кесіндісінің мөлшеріне байланысты (3- сурет). Еттің жиырылу қабілеті оның абсолюттік күшімен сипатталады.Абсолюттік күш ет талшықтарының санына және оның әр қайсысының жуандығына байланысты. Оны табу үшін еттің көтере алатын жүгінің салмағын оның физиологиялық көлденеңінің аумағына бөледі. Мысалы, адамның балтыр етінде абсолюттік күш =6,24кг/см2; мойын етінде -9,0 кг/см2, шайнау етінде – 10,0 кг/см2 т.б.

Еттің максималдық күшінің оның анатомиялық көлденеңінің ауданына қатынасын салыстырмалы күші деп атайды.

Бұлшық ет күшіне әсер ететін себептер: 1.белсенді ҚБ саны;

мотонейрондардың ырғақ жиілігі(10-12 –ден 50-60имп/сек);

ҚБ әрекетінің үйлесімділігі;

Бұлшық еттің физиологиялық көлденең ауданы;

бұлшық еттің бастапқы ұзындығы;

бұлшық ет аралық үйлесімділік;

Бұлшық ет талшығының жиырылу қабілеті- шапшаң, баяу.

Бұлшық еттің орындаған жұмысы сыртқы және ішкі болып ажыратылады. Сыртқы жұмыс: А=Р·Һ .Жұмыстың пайдалы әсер коэффициенті орташа қарқынды жүктемелерде:



Кжпэ== 25-30 %

Бұлшық ет шыныққан сайын (Кжпэ) тиімділік коэффициенті 40% дейін артады.

Глоссарий


Қазақ тілінде

Орыс тілінде

Ағылшын тілінде

АҮФ

АДФ


Креатинфосфат

Гликоген


Биологиялық тотығу

Изотониялық режим

Изометриялық режим

Ауксотониялық режим


Жеке жиырылу

Жиырылудың жинақталуы

Тетанус

Бұлшық ет күші



Бұлшық ет жұмысы

ЖПӘК-жұмыстың пайдалы әсер коэффициенті




АТФ

АДФ


Креатинфосфат

Гликоген


Окисление

Изотонический режим

Изометрический режим

Ауксотонический режим

Одиночное сокращение

Суммация сокращения

Тетанус

Сила мышц



Работа мышц

КПД работы





ATF

ADF


Kreatinfosfat

Glikogen


Oxidation

Izotonichesky regim

Izometrichesky regim

Auksotonichesky regim

Solitary reduction

Summatsiya contraction

Tetanus

The strehgth of muscles



The work of muscles

CPA/KPD work




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет