ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Органикалық заттар технологиясының теориялық негіздері» 5В072100 – Органикалық заттардың химиялық технологиясы мамандығы үшін ОҚУ-Әдістемелік материалдары



бет10/22
Дата01.04.2017
өлшемі2,95 Mb.
#13013
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   22

3. Каталитикалық риформингтің кең тараған процесі болып бифункциональды катализаторларда жүретін платформинг табылады. Платформинг катализаторы ретінде платина немесе алюмоплатина қолданылады. Алюмоплатина катализаторы – бетіне 0,6%-тен артық емес платина отырғызылған алюминий оксиді. Бұл катализаторларда екі каталитикалық активті орталығы бар: платинада дегидрлеу орталықтары және алюминий оксидінде изомерлеу орталықтары. Алюминий оксидінің қышқылдық қасиеттерін күшейту мақсатында оған галогендерді (фтор, хлор) промоторлар ретінде қосады. Көп жағдайларда гидрлеу және изомерлеу орталықтары бір біріне тәуелсіз болады. Каталитикалық риформинг процесінде газдар және сұйық өнімдер (риформат) түзіледі. Риформатты автомобиль және авиациялық бензиндердің жоғарыоктанды компонент ретінде немесе ароматты көмірсутектерді бөлу үшін қолдануға болады. Каталитикалық крекинг газдарынан сутекті, құрғақ газды С12 немесе С13 және С34 газдарын алуға болады. Риформинг бензиндері құрамында 60-70% арендер болады, олар экологиялық зиянды қосылыстар болып табылады.


Дәріс материалдарын игергеннен кейін білуге қажетті негізгі түсініктер: каталитикалық риформинг, көмірсутектердің айналулары, термодинамикасы мен кинетикасы, катализаторлары мен өнімдері.

Өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар:



  1. Каталитикалық риформинг қандай мақсатпен қолданылады?

  2. Каталитикалық риформинг процесінің механизмін түсіндіріңіз

  3. Каталитикалық риформинг катализаторларының ерекшелігі?

  4. Каталитикалық риформинг катализаторларының регенерациясын қалай жүргізеді?

Ұсынылған әдебиеттер:

1 Г.Қ. Бишімбаева, А.Е. Букетова. Мұнай және газ химиясы мен технологиясы. Алматы: Бастау, 2007. 203-212 б.

2 Ы.Қ. Тойбаев, Қ.А. Жұбанов. Химиялық технология негіздері. Алматы. 2011. 91-93 б.
Дәріс 16, 17 - Мұнай, газ, көмір мен олардың өңдеу өнімдерінің термототығу және каталитикалық процестері

Дәріс жоспары:



  1. Гидрогендеу процестерінің теориялық негіздері

  2. Гидротазалау

2.1 Гидротазалау процестерінің кинетикасы

2.2 Гидротазалау процестерінің катализаторлары

3. Гидрокрекинг

3.1 Гидрокрекинг катализаторлары

4. Гидрокрекинг жағдайларындағы көмірсутектер айналуларының химизмі

1. Гидрогендеу процестерді мұнай өндеуінде және мұнай химиясында кеңінен пайдаланады. Гидрогендеу процестерді жағармайлардың, дизельді және қазандық отындардың сапасын жақсарту, сонымен қатар жоғарыоктанды бензиндерді алу үшін қолданады. Бұл процестердің негізгі арнауы – өнделген мұнай фракцияларының құрамын реттеу, отындар, майлар және мұнайхимия шикізаттың пайдалану сипаттамаларын жақсарту мақсатында құрамындағы күкіртті және азотты қосылыстарды кетіру.

Гидрогендеу процестері негізгі екі бағытта дамып келеді:



  1. Молекулалық массасы төмен өнімдер алу мақсатында мұнай шикізатын үздіксіз деструктивті ыдыратып өндеу (гидрокрекинг);

  2. Әр түрлі мұнай фракцияларын қанықпаған және күкіртті қосылыстардан тазалау (гидротазалау).

Гидрокрекинг және гидротазалау – катализдік процестер. Каталитикалық гидрогендеу деп мұнай өнімдерін каталитикалық жолмен сутектендіру құбылысын айтады. Гидрогендік процестердің катализаторлары ретінде никель, кобальт, молибден, вольфрам сияқты металдардың оксидтері және сульфидтері, қышқылдық тасымалдаушыда – алюмосиликаттарда, алюминий оксидінде және т.б. қолданылады.

2. Мұнай өнімдерді гидротазалау немесе катализдік асылдату – МӨЗдарда өте маңызды. Гидротазалау процесті түрлі мұнай фракцияларын гетероатомды қосылыстардан тазалау мақсатында қолданады. Гидротазалау кезінде бір мезгілде тұрақсыз шектеусіз көмірсутектердің гидрлену арқылы сәйкес шектелген қосылыстар түзіледі. Гидротазалауды гидрлеуші катализаторларда жүргізеді. Гидротазалау катализаторларына қойылатын негізгі талап – каталитикалық уларға, әсіресе күкіртті қосылыстарға тұрақты болуы. Процестің тиімділігі катализатордың активтілігіне тәуелді. Гидротазалау процестің негізінде гетероатомды қосылыстардың экзотермиялық гидрлену реакциялар жатады. Бұл реакциялар нәтижесінде сутегісіз заттар бөлінеді:

RSR + 2H2 → 2RH + H2S ↑

RNHR + 2H2 →2RH +NH3

Кәдімгі жағдайда күкіртсутек газ тәрізді зат, мұнайөнімді қыздырғанда бөлініп шығады. Суармалау колонналарда түзілетін күкіртсутекті сіңіртеді, соңынан одан элементті күкіртті немесе концентрлі күкірт қышқылын алады.

Жалпы, мұнайды күкіртқұрылымды қосылыстардан тазалау әдістерді екі топқа бөлуге болады: күкірторганикалық қосылыстарды ыдыратып отындардан шығарып тастау тәсілдері; бір мезгілді күкірттің органикалық қосылыстарын таңдамалы бөліп алу және мұнай фракцияларын тазалау әдістері.

Гидрогенолиз күкірттің барлық органикалық қосылыстардың топтарына сипатты реакция:





Тұрақтылықтарына сәйкес келетін КОҚның гидрлену жылдамдығы мына ретте артады: меркаптандар > дисульфидтер > сульфидтер = тиофандар > тиофендер.



Гидрогенолиз жағдайларын өзгеруі – сутегі қысымының жоғарлануы, катализатордың активтілігі өсуі, температураның өзгеруі – КОҚдың гидрлену процесіне белсенді әсер етеді. Гидротазалаудан түзілген күкіртсутегі одан әрі элементті күкірт және күкіртті қышқыл алуға қолданылады.

2.1 Гидротазарту процестерінің кинетикасы. Ауыр өнімдерді гидротазартуда процесстің кинетикасына диффузиялық шектеулер әсер етеді. Гидротазартудың жылдамдығын есептеу үшін бірінші ретті теңдеуін қолданады:


,

Мұндағы PS и PS° – гидрогенизаттағы және шикізаттағы күкіртті қосылыстардың парциалды қысымы; - берілген температурада, сутектін парциалды қысымында жылдымдық константасы; τ – контактнің шартты уақыты

Өндірістік шикізат үшін:



,

Мұндағы С – өнімдегі күкірттін мөлшерінің өнімдегі күкірттің мөлшеріне проценттік қатынасы; k – реакцияның жылдамдық константасы; υ – көлемдік жылдамдық.



2.2. Гидротазарту процестерінің катализаторлары. Гидротазарту үшін VII және VIII топ металдар (никель, кобальт, молибден, вольфрам) оксидтері негізінде катализаторларды қолданады. Өнеркәсіпте алюмокобальтомолибдендік (АКМ) және алюмоникельмолибдендік (АНМ) катализаторларды қолданады. Силикат негізіндегі алюмоникельмолибдендік катализаторға беріктікті күшейті мақсатында кремний диоксидін енгізеді (АНМС). Тасымалдағыш болып алюминий оксиді табылады.

3. Гидрокрекинг – ол жарқын түсті мұнай өнімдерін (жанармайды, керосинді, дизель отынын) алу үшін, сонымен қатар С3 – С4 қойытылған газдарды мұнай шикізатының, молекулярлық массасынан жоғарырақ болатын, мұнай шикізатын сутегінен өңдеуде қысым арқылы алу үшін қолданылатын катализдік процесс. Гидрокрекинг мұнай өнімдерінің кең түрдегі ассортиментін алуға мүмкіндік жасайды – тәжірибеде қандай да болмасын мұнай шикізатынан, тиісті катализаторларды және шарттарды таңдай алу арқылы және мұнай өңдеудің ең бір тиімді және икемді процесі болып табылады.



3.1 Гидрокрекинг катализаторлары

Катализаторлар әдетте келесі компоненттерден тұрады: қышқылдық, гидрлеу және байланыстурышы. Қышқылдық компонент ретінде цеолиттер, алюминий оксидтері, алюмосиликаттар пайдаланылады. Гидрлеу компоненті болып әдетте Pt, Pd, Ni, Co, Fe сияқты металдар, сонымен қатар кейбір металдардың Mo, W оксидтері немесе сульфидтері қызмет атқарады. Белсенділікті көтеру үшін пайдалану алдында сутегімен қалпына келтіреді, ал оксидтік молибден және құрамында вольфрамы бар катализаторлар – сульфиттеленеді.Сонымен қатар катализаторды белсендіру үшін әртүрлі промоторларды пайдаланады. Промоторлар ретінде ең белгілі болып рений, родий, иридий және кобальт мен никель оксидтері саналады. Байланыстырушы қызметін қышқылдық компонент, сонымен қатар кремний, титан, цирконий, магний және цирконий силикаттары атқарады.



Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   22




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет