ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені психологияны оқыту әдістемесі


Психологияны оқытудағы тәжірбиелік әдістер



бет4/7
Дата27.12.2016
өлшемі0,97 Mb.
#5683
1   2   3   4   5   6   7

Психологияны оқытудағы тәжірбиелік әдістер

Практикалық әдістер оқушылардың білімдерді, іскерліктерді және дағдыларды меңгеруге бағытталған практикалық іс-әрекетті білдіреді. Бұл топқа оқушылар естіп қана қоймай, көріп түрлі танымдық әрекеттерді жасайтын әдістер кіреді. Психологияны оқытуда келесі әдістер кіреді:



  • Лабораториялық жұмыс;

  • Психологиялық тесттерді орындау;

  • Психологиялық тапсырмаларды шешу;

  • Жаттығу;

  • Топтық пікір-талас;

  • Дидиактикалық және іскерлік ойындар.

Осы әдістер мақсатқа сәйкес түрліше қолданылуы мүмкін.

Психология сабақтарындағы студенттер мен оқушылардың танымдық іс-әрекет сипаттамасы

Түрлі оқу әдістері танымдық іс-әрекет сипатына түрліше әсер етеді. Осыған сәйкес М.Н.Спайкин және И.Я.Лернер ұсынған әдістер жіктемесі қызықтырады. Келесі оқу әдістері ажыратылады:



  1. Түсіндірмелі-иллюстративті;

  2. Репродуктивті;

  3. Мәселелі;

  4. Бөлшекті-ізденістік;

Зерттеушілік.
Негізгі ұғымдар: ауызша әдістер, әңгімелесу, түсіндіру, әңгімелеу, пікірталас, кітаппен жұмыс, көрнекі әдістер, көрнекіліктердің түрлері, демонстрациялау тәсілдері, тәжірбелік әдістері, оқу модельдері, психодиагностикалық тапсырмалар, психикалық тапсырмаларды шешу, жаттығулар, дидактикалық және рөлдік ойындар, қашықтықтан оқыту, материалды бекіту әдістері.
Бақылау сұрақтары:

1.Психологияны оқытудағы ауызша әдістер: әңгімелесу, түсіндіру, әңгімелеу, пікірталас, кітаппен жұмыс.

2.Психологияны оқытудағы көрнекі әдістер: психологияны оқытудағы көрнекіліктердің түрлері.

3.Көрнекіліктерді демонстрациялау тәсілдері.

4.Психологияны оқытудағы тәжірибелік әдістері (психологиялық эксперименттің оқу модельдері,психодиагностикалық тапсырмалар, психикалық тапсырмаларды шешу, жаттығулар, дидактикалық және рөлдік ойындар)
Әдебиеттер:

1.Бадмаев Б.Ц Методика преподавания психологии.-М.,2004.

2.Бапаева М.К Психологияны оқыту әдістемесі.-Алматы.,2006.

3.Жарықбаев Қ.Б Беріков Н.Б Психология пәнін оқытудың кейбір мәселелері.-Алматы.,1987.

4.Герасимова В.С Методика преподавания психологии.-м.,2007.

5.Карандашев В.Н Методика преподавания психологии.-Спб.,2006.

6.Попова М.В Психология как учебный предмет в школе.-М.,2000.

7.Подвойская М.А Уроки психологии в школе.Конспекты занятий и дневник практического психолога.-М.,1993.

Модуль 2. Оқыту психологиясы және оқытудың белсенді әдістері.

Тақырып: Психологияны оқытудың белсенді әдістері.

Дәрістің мазмұны:

1.Бағдарламаланған оқыту әдістері. Бағдарламаланған оқыту әдістемелік құралдары.

2.Мәселелік оқытудың әдістері (мәселелік сұрақтар мен эвристикалық әңгімелесу).

3.Интерактивті оқытудың әдістері (пікірсайыс, рөлдік оқу ойыны, треннинг, дөңгелек үстел әдісі, «ми шабуылы» және т.б.)

4.Ойын – психологияны оқытудың белсенді әдісі және формасы ретінде. Ойын түрлері: нақты кәсіби жағдаяттарды талдау, рөлдік ойындар, іскерлік ойындар.

5.Психологияны оқыту әдістемесіне рөлдік ойындарды, театралдық педагогика элементтерін, ойын этюдтері мен психотренингтік жүйесін енгізу.


Белсенді оқыту - қазіргі педагогикалық ізденістердің негізгі ірі бағыттарының бірі болып табылады. Студенттердің оқу танымдық іс-әрекетін белсендету әдістерін іздестіру мәселесі әр түрлі уақытта әр түрлі авторлармен іте жиі қойылып отырады.

Қазіргі кезде оқытуды ұйымдастырудың жаңа бағытта болуы керек: дайын білімді жаттаудан жеке басты қалыптастыруға, шығармашылықпен оқуды дағдыландыруға көшу керек. Сондықтан жаңа оқыту әдістері бойынша оқытушы оқытпайды, тек жетелейді, ал студент өзінің іс-әрекеттік процесінде өзі оқиды. Егер оқушының танымдық іс-әрекеті жоғары белсенді болса, меңгерудің тиімділігі де жоғары болады.

Бұл жағдайда оқытушуның ролі студенттің оқу іс-әрекетінің ұйымдастырушысы ретінде болады. Мұндай ұйымдастырудың себебінен студент ақпаратты пассивті қабылдаушы емес, керісінше ақпаратты белсенді «табушы» және індіруші ретінде болады. Мұндай оқу іс-әрекетін қамтамассыз ететін оқытушының әдістерін оқытудың белсенді әдістері деп атаймыз.

В.Я.Ляудистің берген анықтамасы бойынша: «оқытудың белсенді әдістері деп бірлескен және жеке оқу іс-әрекеті жағдайында әлеуметтік құнды нәтижелер жетістіктерімен байланысқан оқытуды құнды шығармашылықпен ұйымдастыратын әдістер деп түсінуге болады ».

Жоғары оқу орындарындағы оқу бастауыш мектепте және орта мектепте және де мектепке дейінгі оқытудан әлдеқайда ерекшеленеді, оның сырттай және ұйымдастыруымен ғана емес, сонымен қатар іштей және психологиялық айырмашылығы бар. Студент ізінің оқу іс-әрекетінде жаңа жоғары сатыға кітеріледі – мұғалімнің күнделікті қадағалауымен және басшылығымен алынатын оқудан әлемнің ғылыми жетістіктерін іздігінен меңгеруге ауысып, оқу және ізіндік оқу әдістерін меңгереді. Оқытушы студентке ізіндік шығармашылығының потенциалын ашуға ізінің шешімін табу үшін зерттеушілік бабын талап ететін оқу есептерін қоя отырып тек кімектеседі.

Студенттің оқу іс-әрекеті салдарынан оқытушы емес жоғары квалификациялы маман ретінде ол ізін - ізі қалыптастырады.

Жоғарыда айтылғаннан келесідей қорытынды жасауға болады: оқыту әдістері сонда ғана әсерлі бола алады, егер олар оқушының ізіндік іс-әрекетін белсендетіп, оның жеке бастың ақыл-ой дамуына қызмет етеді. Білімдерді меңгерудің табиғи заңдылық қажеттілігіне тек оқытудың белсенді әдістері дидактиканың жауабы болып табылады.

Педагогикада белсенді оқыту әдістері алуан түрлі. Олар әр түрлі пәндерді оқытуда қолданылады. Бірақ психологияда В.Я.Ляудистің берген жіктеу бойынша үш түрлі әдістер тобына білуге болады:



  • бағдарламаланған оқыту әдісі

  • проблемалық оқыту әдістері

  • интерактивті оқыту әдістері.

Бағдарламаланған оқыту бұл П.Я.Гальпериннің ХХ–ғасырдың 50 жылдарында жасаған ақыл-ой іс-әрекетін кезең деп қалыптастыру теориясына негізделген оқытудың белсенді әдістерінің жиынтығы. Бұл теория оқушылардың танымдық әрекетін қалыптастыру туралы білім процесін қалыптастырады; қоғамдық тәжірбие жоспарынан жеке тәжірбие жоспарына ауысуының негізгі кезеңдерінің пайда болуы туралы білім және бұл іс-әрекет туралы тәуелсіз мінездеме жүйесімен орналастыру.

Бұл әдіс бойынша алдын ала оқыту мақсаты және осыған орай оқытушының қадағалауы және басшылығымен жүйелі әрекеттер қатары да жоспарланады да, соңында бір нәтижеге келеді – ол оқушы дағдылары.



Бағдарламаланған оқытудың ақыл-ой әрекетін кезең деп қалыптастыру теориясына сәйкес ұйымдастырылатын негізгі әдістемелік құралдары келесідей болып табылады:

1.Оқушыға меңгеретін әрекетті қатесіз орындауға мүмкіндік беретін белгіленген әрекет негіздерінің сызбасы (Б.Ә.Н).

2.Берілген әрекетті орындау барысында әр түрлі модельдеуші жағдайлардан тұратын оқу есептерінің жиынтығы.

Оқушы бұл есептерді Б.Ә.Н сызбасына қарап шешеді. Есептер үш түрлі болады: пәндік, логикалық, психологиялық. Пәндік типтегі есептерге психологияда практикалық психологтың әрекетінде кездесетін жағдайларды модельдеу жатады. Мысалы: адамдардың психологиялық жағдайларын тәртібінен, әрекеттерінен, сіздерінен т.б байқау жатады. Сонымен қатар сурет, сызба, сызу негізінде есептелетін есептер де жатады.

Пәндік есептер оқушының ақыл – ойын ынталандыру үшін, олар іте сирек немесе күмәнді жағдайлардан, әдетті емес соны есептер болу керек, әйтпесе үйреншікті жағдайлар болса, ондай есептер жалықтырып студентті қызықтырмайды.

Логикалық типпегі есептер – бұл шешу үшін логикалық заңдылықтары бойынша ойға салуды талап ететін есептер, яғни ойша әрекет. Ойға салу бұл есептің шартын анықтауға бағытталады: берілген есеп шартының қайсысы керек, қайсысы артық немесе бұл есептің тұжырымдамасында қандай керекті шарттар жетіспейді. Бұл есептерде есептің логикалық талдау жасау қажет. Логикалық есептің тірт түрі болады.

1. Есептің мазмұнында барлық керекті шарттар белгіленген, бірақ артық шарттар жоқ.

2.Есептің мазмұнында керекті және керексіз артық шарттары белгіленген.

3.Есептің мазмұнында артық шарттар жоқ, бірақ кейбір керекті шарттар берілмеген.

4.Есептің мазмұнында артық шарттар болғанымен, керекті шарттар түгел емес.

Оқушыда қате әрекет тудыру мүмкіндігі және есептің шешуіне әкелетін керекті маңызды жақтар маңыздысын немесе, керісінше, маңызсыз жақтар маңызды жақтар жасырылынып қалатын есептер түрі психологиялық есептер типіне жатады. Бұл есептер оқушыға жеңіл жолмен бармай, ақыл мен жігер арқылы шешуду таба білу керек. Оқушыдан әрекеттерде ойлампаздық, есептің шартын талдауда сабырлық және парасаттылық керек.



Психологиялық типтегі есептер белгілі бір жағымды әсер тудырады, себебі олар құбылыстармен заңдылықтардың анықтамалық және кірнекілік сипаттамалары арасындағы қарама-қайшылықтардан құрастырылған есептер болып табылады. Егер студнет кірінгенді нақтыдан, бұлдырды шындықтан, кездейсоқты керектіден айыруға үйренбесе, онда ол қате әрекеттер жасайды, керексіз нәтижелер алады, яғни қателесіп отырады.

Психологиялық типтегі есептерді келесідей ерекшеліктер арқылы анықтауға болады:



1.Есептегі құбылыстың белгілері іздестіріп отырған құбылыс сипатына ұқсас болады (ұқсайды, бірақ ол емес).

2.Бақылап отырған белгілер іздестіріп отырған құбылысқа ұқсайды және соның ізі болып табылады (ұқсайды және соның ізі).



3.Бақылап отырған белгілер іздестіріп отырған құбылысқа жатпасада, бірақ оның белгілері болып табылады.(ұқсамайды, бірақ сол).

4.Құбылыстың кірнекі белгілерінен іздестіріп отырған құбылысқа ұқсамайтынына қарап, бұл оның белгілері емес деп қорытынды жасау ( ұқсамайды және ол емес).

Психология типтегі есептерді шешуді білу деген ол оқушы айтарлықтай және жан – жақты әрекетті меңгеріп, оның әрбір әрекеті ойланып және ақыл – ойдың жоғары дәрежесіне сай жасалады.

Проблемалық оқыту – оқытудың белсенді әдістерінің бірі. Проблемалық оқыту арқылы студенттердің белсенді ойлау әрекетінің дәрежесін көтеру, оларды ақыл-ойдың шығармашылық әрекеттерінің жүйесіне үйрету болып табылады. Бұл жүйені меңгеру ақыл-ой әрекетінің сапасын арттырып, ғылыми диалектикалық ойлауды қалыптастырады.

Проблемалық оқыту процесінде негізгі төрт саты айқын болу керек:

1.Проблемалық жағдайды түсіну.

2.Проблеманы нақты құра білу және оны талдау.

3.Ұсыныстар жасау, болжам жасау жолымен проблеманы шешу.

4.Проблемалық міндеттерді шешудің дұрыстығын тексеру.



Проблемалық оқутудың мәні проблемалық жағдай тудыру, оны шешуде студенттердің әрекетін басқару болып табылады. Зерттеуші В.Оконь проблемалық ситуация тудырудың төмендегідей белгілерін тұжырымдап берді:

1.Проблемалық ситуация студенттердің белсенділігін, қызығушылығын, ынтасын тудыратындай табиғи және өмірлік сипатта болу керек.

2.Студенттердің тәжірбиесіне, біліміне, жасына лайықты қиыншылықтардың болуы керек.

3.Проблема анық, дәл қойылуы керек.

4.Проблеманы толық не жартылай шешу – оның дұрыстығын таңдай білу.



5.Бір ситуациядан екіншіге өтуде бірізділік, әсерлік сақталуын көздеу керек.

Бірізділік, өзара қатынас, байланыс, тәуелділік, мәселені жан – жақты тануға мүмкіндік тудырады. Проблемалық оқыту студенттерді ғылыми, дидактикалық, логикалық, ойлауға, кездескен қиындықтарды жеңуге үйретеді. Оқу материалын дәл, қызықты болуы, білімнің берік болуы, сенімге айналуы, ұзақ есте сақталуын қамтамассыз етеді.

Проблемалық оқытудың артықшылығы:



  • Ғылыми ақиқатты дәл, саналы түсінуге білімнің сенімге айналуына мүмкіндік тудырады. Білмнің негіздерін берік меңгереді, қамтамассыз етіп, дүниетанымын қалыптастырады.

  • Диалектикалық ойлауға, ғылыми ізденушіліктің жолына үйретеді.

  • Проблемалық оқу эмоциональды беріледі де сабақ тартымды болып, оқушылардың қызығушылығын, белсенділігін тудырады.

Адамдардың өзара қатынас және өзара әрекеттестік психологиясы негізінде құрылған оқыту интерактивті оқыту деп аталады. Оқытушының әрекетінің орталығы бір ғана студент емес, бір-бірімен сұрақтарды талқылайтын, пікір таласқа түсетін, бір-бірімен келісетін және бір-бірін ынталандырып белсенді қылатын өзара әрекетке түсетін студенттер тобы болып табылады. Адамдар ұжымымен ақиқатты іздеу барысында жарысады, бәсекеге түседі, сондықтан интерактивті әдіс студенттердің рухын көтеріп белсенділігін арттырады.

Интерактивті оқытуға келесідей әдістер жатады:

  • Эвристикалық әңгіме

  • Пікірсайыс

  • «Ой шабулы»

  • «Дөңгелке үстел»

  • Іскерлік ойындар

  • Практикалық жұмыстар жарысы және оларды талдау

Бұлардың әрқайсысына тоқталып кетейік.

Эвристикалық әңгіме – бұл ұжымдық ойлау немесе проблеманың жауабын іздеуге құрылған әңгіме.Бұл әңгіме барысында ойша іздеу – ұжымдық ойлауға алмасады, себебі әңгіме барысында пікір алысады, аралық шешулердің әр түрлі варианттары айтылады, бұл жағдайда студенттерақиқатты өзара әрекеттестік және өзара көмектесу арқылы бір – бірінің ойлауын арттырып ақиқатты іздейді.

Пікірталас - (дискуссия) бұл арнайы бағдарламаланған оқу бағдарламасының теориялық сұрақтарын талдауы, әдетте бұл сұрақты қоюмен басталады және эвристикалық әңгіме түрінде өріс алады.

Пікірталас - бұл сөйлеу әрекетінің диалог түрі. Бұл жағдайда әңгіме барысында туған пікірлер арасында интенсивті күрес туады. Дискуссияның ерекшелігі дискуссияға түскендердің пікірі дәлелденетін, ақиқатты, белгісіз бір жерден пайда болған емес белсенді ойлаудан пайда болған пікірлер болып табылады. Пікірталас әдісі семинар – пікірталаста, семинар – практикумдарда, практикалық және лабораториялық сабақтарда тапсырмаларды орындау нәтижелерін талқылау барысында қолданылады.

«Ой шабуыл» - әдісінің мәні бойынша күрделі проблемаға жауап іздеу барысында әр түрлі ойға кез-келген идеялар, болжамдар, ұсыныстар, кездейсоқ аналогияларды интенсивті айту, сонымен қатар қатысушылардың керекті немесе керексіз ассоциациялары пайда болуы мүмкін. Бұл пікірлердің барлығы диктофонға жазылып «ой шабуылын» ұйымдастырушы зейін қойып олардың ішінен сұраққа жақын жауаптарды таңдап алып, кейін сұрақ мазмұнына сәйкес терең талқылау ұйымдастыру.

«Ой шабуыл» әдісінің алтын ережесі деп әңгіме барысындағы бірде бір ой-пікірдің айтылуына күмәндәну, сын айтуға болмайды, әр түрлі идеяларды айтуға ерік берілуі керек.

«Дөңгелек үстел» әдісі әр түрлі ғылыми аспектілерде теориялық проблемаларды меңгеру жолымен қарастырылатын, тиімділікті арттыратын әр түрлі профильдегі мамандардың қатысуымен өтетін әдіс.

Іскерлік ойын әдісі - мамандарды басқару және әрекет жасауға үйрететін әдіс. Студнтті нақты жағдайда қатысушы кісі ролінде айқын және пәнді ойларға мәжбүр еткізіп, елеулі нәтижелерге жету деген саналы мақсатта болуға қою. Сондықтан бұл жағдай оқушының зейінін сезімталдандандырады, ойлауды мақсатқа бейімді қылып меңгеруді жақсартуға себеп болады.

Интерактивті оқытудың жаңа әдісі тренинг болып табылады.

Тренинг – бұл арнайы жасалған кіші топтарда қарым-қатынасты ұйымдастыру арқылы өтетін психологиялық түзету жұмыс әдісі.

Сабақты топтың тренинг әдісмен өткізу оқытушыдан зор дайындық жұмыс атқаруды талап етеді.

1.Тренингтің сценарий жоспарын құруға байланысты жұмыс.

2.Тренингта талқыланатын проблеманы шешуге қатысуға студенттердің көңілін белсендетуге байланысты жұмыс.



Оқытушының өзіндік дайындығы (өзінің жүріс-тұрысын ойластыру; сұрақтарды қалай қоятынын қарастыру; жауаптарға және рекминаларға қалай жауап қайтаруды ойластыру; даулы мәселеге қалай жауап беру т.б.)

Сонымен, оқыту әдістері оқушының өзіндік іс-әрекетін белсенді етіп, оның жеке бастық ақыл-ой дамуына қызмет етсе ғана әсерлі бола алады.

Оқытудың белсенді тәсілдерінің ішінде оқушылардың қызығушылығын арттыратын ойынның атқаратын ролі зор. Кезінде А.В.Луначарский «ойын-белгілі дәрежеде барлық адамзат мәдениетінің негізі болып саналады» деп жазды. Ойын, оқу, еңбек адамның негізгі іс әрекеті. «Ойын» деген сөздің өз мағынасын алсақ, тек еріккен, еңбексіз жандар ермек сияқты елестейді. Ал шын мәнінде дүние танымдық, білімділік мәні бар, білім жарысындағы ойындар шығармашылық әрекеттерді керек етеді.

Дұрыс ұйымдастырылған танымдық мәні бар химиялық ойындар – химиялық білімді оқушыларға саналы жеткізудің бір түрі.

Дидактикалық ойындар – оқытудың білімділік, тәрбиелік және дамытушылық міндеттерін жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Ойын оқушының оқуға, білім алуға деген оң көзқарасын қалаыптастыруға көмектеседі. Мектеп практикасында қолданылатын ойын технологиясы мазмұны өтіліп жатырған оқу материалына сай болу керек. Ойын әрекетінің негізгі принциптері:



  1. Оқу мазмұны мен мақсатының сай келуі.

  2. Технологиясы мен құрылымының қарапайымдылығы мен көрнектілігі;

  3. Пайдалану жүйелілігі және біртіндеп қиындалуы;

  4. Ойын әрекетінің әртүрлілігі;

  5. Баланың еріктілігі, ойын кезіндегі белсенділігі;

  6. Қарым-қатынастың дамуы, өзара әсердің жағымдылығы;

Іскерлік ойын – бұл оқытудың ұйымдастыру формасы, ол мұғалімнің басқаруымен, оқушылардың өзіндік ұйымдастырушылығымен жоспарланған ойын сценарийі арқылы мақсатты бағытының негізінде жүзеге асырылады. Білім беру тәжірибесінде оқытудың ойын формасы оқытудың тәжірибелік бағыттылығын мақсат тұтатын іскерлік ойындар арқылы игерген білімдерін шығармашылықта қолданады және бекітеді. Оқу үрдісінде іскерлік ойындардың мына түрлері қолданылады: ролдік, операциялық, ұйымдық іскерлік ойындар.

Іскерлік ойындарының негізгі педагогикалық мәні мынада: оқушылардың ақыл-ойын дамыту, ойлауды жандандыру, танымдық белсенділігін қалыптастыру, оқыту үрдісінде шығармашылық рух енгізу.

Іскерлік ойындардың тәрбиелік міндеттерді шешуде үлкен үлесі бар: 1) танымдық: ойын барысында оқушылар сынып жұмысын ұйымдастырып, өздерінің жеке міндеттерімен танысады; 2) тәрбиелік: іскерлік ойын барысында ұжымдық түсініктері қалыптасып, әрқайсысының ойынға қатысу дәрежелері анықталады, жалпы міндеттерді шешуде өзара қарым-қатынастары білінеді, барлық сұрақтарды ұжымдық талдау барысында сыншылдық, ұстамдылық, басқаның пікірін түсіну, ілтипат көрсету қалыптасады; 3) дамытушылық: ойын үстінде қисынды ойлауы дамиды, берілген сұрақтарға жауап іздеуге қабілеттері, сөйлеу мәдениеті, пікірталасқа қатысу білігі дамиды.

Іскерлік ойынның негізгі белгілері мынаған саяды:



  1. Шешімін күтетін мәселелерінің болуы.

  2. Әлеуметтік, кәсіптік және оқу міндеттерін ойын жағдайында моделдеу.

  3. Ойынға қатысушылар арасында ролдерді бөлу және ролдеріне сәйкес белсенді өзара әрекетімен және мұғаліммен байланысының болуы.

  4. Ойынға қатысушылардың ортақ мақсаттарының болуы және ұжымдық шешімін шығаруы.

  5. Шешімдердің көп нұсқалығы.

  6. Ойын соңында талдау жасау.

  7. Қатысушылардың жоғары эмоционалдық күйі.

Іскерлік ойындарының негізгі міндеттері мынадай болады:

  1. Оқылған материалды еске сақтау және терең ұғынуға жағдай жасау.

  2. Дұрыс шешім қабылдау және жағдаяттарға баға беру білігін қалыптастыру.

  3. Қабылданған шешімді жүзеге асыру дағдыларын қалыптастыру.

  4. Шығармашылығын дамыту.

Іскерлік ойынды өткізудің келесі кезеңдері төмендегідей түзіледі.

1 кезеңде: мұғалімнің тақырыпты таңдауы, мақсаттар мен міндеттерді белгілеп, күтілетін нәтижені болжауы, құрылымын анықтау, сыныптағы ойынға қатысушылардың рөлдік қызметіндегі қасиеттерін ескеру, ойын барысындағы әсер етуші жағдайларды зерттеу.

2 кезеңде: соңғы оқу материалдарын талдау, мәселені шешудің әдіс-тәсілдерін талдау.Тиімді әдістемені таңдап алу және оны ойша қолдануда шығармашылық өңдеу, сценарийді дайындау, рөлдерге бөлу.

3 кезеңде: мұғалімнің оқушыларды іскерлік ойынның сценарийімен, мақсатымен, мазмұнымен танысстыруы, ойынды ұйымдастыруы, оқушылардың рөлдік қызметтерін орындауы, мұғалімнің, оқушылардың ойынды басқаруы, ойын барысын, нәтижесін талдау, мұғалімнің қорытынды жасауы жүзеге асырылады.

Іскерлік ойындарын өткізудегі мұғалімнің міндеттері мыналар:


  • белгілі бір мәселеге, материалға байланысты қажетті иллюстрацияларды іріктеу;

  • дидактикалық материалдарды дайындау;

  • әр оқушыға тапсырма беру;

  • оқушыларды рөлге, топтарға бөлу;

  • міндеттерді белгілеу;

  • мүмкін болатын жауаптар туралы ойлау;

  • оқушылардың қызығуын ояту;

Негізгі ұғымдар: Бағдарламаланған оқыту әдістері, бағдарламаланған оқыту әдістемелік құралдары, мәселелік оқытудың әдістері, мәселелік сұрақтар, эвристикалық әңгімелесу, интерактивті оқытудың әдістері, пікірсайыс, рөлдік оқу ойын, треннинг, дөңгелек үстел әдісі, «ми шабуылы», ойын, ойын түрлері, нақты кәсіби жағдаяттарды талдау, рөлдік ойындар, іскерлік ойындар, театралдық педагогика элементтері, ойын этюдтері мен психотренингтік жүйе.
Бақылау сұрақтары:

1.Бағдарламаланған оқыту әдістері. Бағдарламаланған оқыту әдістемелік құралдары.

2.Мәселелік оқытудың әдістері (мәселелік сұрақтар мен эвристикалық әңгімелесу).

3.Интерактивті оқытудың әдістері (пікірсайыс, рөлдік оқу ойыны,треннинг,дөңгелек үстел әдісі, «ми шабуылы» және т.б.)

4.Ойын – психологияны оқытудың белсенді әдісі және формасы ретінде. Ойын түрлері: нақты кәсіби жағдаяттарды талдау, рөлдік ойындар, іскерлік ойындар.

5.Психологияны оқыту әдістемесіне рөлдік ойындарды, театралдық педагогика элементтерін, ойын этюдтері мен психотренингтік жүйесін енгізу.


Әдебиеттер:

1.Бадмаев Б.Ц Методика преподавания психологии.-М.,2004.

2.Бапаева М.К Психологияны оқыту әдістемесі.-Алматы.,2006.

3.Жарықбаев Қ.Б Беріков Н.Б Психология пәнін оқытудың кейбір мәселелері.-Алматы.,1987.

4.Герасимова В.С Методика преподавания психологии.-м.,2007.

5.Карандашев В.Н Методика преподавания психологии.-Спб.,2006.

6.Попова М.В Психология как учебный предмет в школе.-М.,2000.

7.Подвойская М.А Уроки психологии в школе.Конспекты занятий и дневник практического психолога.-М.,1993.


Модуль 3. Психология пәні бойынша оқу сабақтарының формалары мен оладрды жүргізу әдістері.

Тақырып: Психология пәні бойынша сабақ және оның негізгі сипаттамалары.

Дәрістің мазмұны:

1.Ұйымдастырылған оқыту формасы ретіндегі сабақтың ерекшелігі.

2.Сабақ құрылымы.

3.Әртүрлі сабақ типтерінің ерекшеліктері. Жаңа материалды меңгеру сабақтары. Аралас сабақтар. Білім, білік, дағдыны бақылау және түзету сабақтары.

4.Психология пәніне оқытушының дайындалуы.

5.Сабақ конспектісі.Сабақтағы білім алушылардың оқу іс-әрекетін ұйымдастыру формасы (фронтальді, жекелік, топтық)

6.Сабақты психологиялық талдау.
Оқытуды ұйымдастыру жүйесіндегі сыныптың - сабақтың форманың негізгі компоненті сабақ. Сабақ - бұл мағыналық, уақыттың және ұйымдастырылуы қатынысында аяақталған оқу процесінің кесіндісі (қиындысы).

Аз ұзақтығына қарамастан сабақ оқу процесінің күрделі және жауапты этапты - әрбір сабақтың сапасына соңғы нәтижедегі жалпы мектептің даярлық сапасы тәуелді.

Жақсы сабақ беру - бұл тәжірибені мұғалім үшін де өте қиын. Көбі педагогтың сабаққа қойылатын талаптарында түсінуімен орындауына байланысты, ол әлеуметтік тапсырыспен, оқушылардың жеке қажеттіліктерімен, оқытудың мақсаттарымен міндеттерімен, оқу процесінің заңдылықтары мен прициптерімен анықталады.

Жалпы талаптар сабаққа қойылатын:



  1. Жаңа ғылым жетістіктерді, алдыңғы озық педагогикалық тәжірибелерді пайдалану, оқыту-тәрбиелеу процесінің заңдылықтарын негізінде сабақты құру;

  2. Барлық дидактикалық прицип пен ережелерді сабақта өзара сәйкестікті жүзеге асыру;

  3. Оқушылардың танымдық іс-әрекетіне жағдай жасау (олардың қызығушылықтарын, икемділіктерін және қажеттіліктерін ескере отырып)

  4. Пән аралық байланысты орнату;

  5. Оқушылырдың жеткен даму деңгейіне сүйену, алдында оқылған білім және іскерлікпен байланыс;

  6. Жеке бастың барлық саласының дамуын белсендіру;

  7. Педагогикалық құралдарды тиімді пайдалану;

  8. Өмірмен, өндірістік іс әрекетпен, жеке тәжірибемен байланыс;

  9. Оқыту-тәрбиелеу іс-әрекеті этаптарының жүйелілігі;

  10. Практикалық қажетті білім, іскерлік дағды, ойлаудын ұтымды тәсілдерін және іс-әрекетті қалыптастыру;

  11. Білім көлемін үнемі толықтыру қажеттілігін, оқу іскерлігіне қалыптастыру;

  12. Әр бір сабақты тиянақты диогиосникалау, болжау, құру және жоспарлау.

Әр бір сабақ үш бірліктегі, мақсатқа бағытталған: оқыту, тәрбиелеу, дамыту.Сабақты жалпы талаптар мен бірге нақты дидактикалық ,тәрбиелік, дамытушы талаптар өойылады.

Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет