ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік материалы



бет64/73
Дата29.01.2018
өлшемі8,38 Mb.
#36043
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   73

Бақылау сұрақтары:

1. Поляризация дегеніміз не?

2. Поляризацияның қандай түрлері бар?

3. Поляризация түрлері мен электрлік қабат арасында қандай байланыс бар?

4. Молекуланың диполь моменті дегеніміз не, ол қандай өлшемдермен анықталады?

5. Мольдік рефракция дегеніміз не?

6. Мольдік рефракция аддиттивтілігі неге байланысты болады?

7. Рефрактометрлік әдіс көмегімен заттың құрылысын қалай анықтайды?


Зертханалық жұмыс № 2

ЕРІТІНДІДЕГІ ГОМОГЕНДІ РЕАКЦИЯНЫҢ ХИМИЯЛЫҚ ТЕПЕ - ТЕҢДІГІН ЗЕРТТЕУ

Жұмыс мақсаты: Ертіндідегі гомогенді реакциялардың тепе–теңдігін зерттеу.

Құралдар мен ыдыстар: 100 мл сыйымдылықты колба, сулы термостат, 100 мл сыйымдылықты конусты колба, пипетка.

Реактивтер: 0,03 М FeCl3,, 0,03 М KI, дистилденген су, 0,015 М натрий гипосульфит ертіндісі, мұз.

Берілген жұмыста қайтымды реакциялардың негізгі қасиеттерімен және төмендегі реакция мысалында химиялық тепе – теңдікті зерттеу әдістерінің бірімен танысады.





Жұмыс реті. Тығыз жабылатын 100 мл сыйымдылықты 4 құрғақ тығынды колба алады және нөмірлеп, келесі ертінділердің нақты концентрациясын құяды.


Ертінді

Колба 1

Колба 2

Колба 3

Колба 4

0,003 М FeCl3, мл

50

-

55

-

0,03 М KI, мл

-

50

-

45

Сонан соң колбаларды температурасы 25?0,2С сулы термостатқа 30 минутқа қояды. Титрлеуге қажетті 100 мл сыйымдылықты 8 конусты колбалар дайындайды. Әр колбаға 35-50 мл дистилденген су құяды және оларды суыту үшін мұзға қояды. 1 және 2 колбадағы сұйықтықтарды бір – біріне құйып, ал 10 минуттан кейін 3 және 4 колбадағыны. Ертінділерді құю кезеңін сағатпен белгілейді. Колбаларды тығынмен тығыз жабады және термостатқа орнықтырады. Колбаларды араластыру кезеңінен 25 минут өткен соң, термостаттан шығармай пипеткамен 15 мл ерітінді алып, титрлеу колбасына құяды. Ертіндіні пипеткадан титрлеу колбасына құю кезеңін сынама алу уақыты деп санайды.

Сынама алу уақытын 1 минутқа дейінгі дәлдікпен белгілейміз. Құйғаннан кейінгі бөлінген иодты титрі белгілі 0,015 М гипосульфит ертіндісімен титрлейміз. Гипосульфит ертіндісін ертінді ашық сары түске боялғанша қосады. Сонан кейін бірнеше тамшы крахмал ертіндісін тамызып, көк түс жоғалғанша титрлейді. Титрлеуден кейінгі біраз уақыттан соң пайда болатын ашық көк түс ескерілмейді. Пипетканы сынама аларда зерттелінетін ертіндімен шаймалау керек.

Сынама алғаннан кейін 30 минуттан соң әр колбадан қайтадан 15 мл ертінді алып, гипосульфитпен титрлейді. Кейін 40 минутан соң үшінші және т.б сынама алады. Әр колбадан қатарынан алынған екі сынамадағы иодты титрлеуге кеткен гипосульфиттің бірдей миллилитр мөлшері реакцияның тепе – теңдік күйге жеткен көрсетеді.

Есептеу келесідей жүргізіледі.

1. Тепе – теңдік кезінде иод концентрациясы келесідей болады:







Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   73




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет