ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені 5В072600 – «Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастырылуы» мамандығы үшін ОҚу- әдістемелік материалдар



бет18/30
Дата13.02.2017
өлшемі7 Mb.
#9211
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   30

Бұқа терісі. Жаңа сойылған мал терісінің салмағы 17 кг жоғары. Салмағына қарай бұқа терісін жеңіл (17-25 кг) және ауыр (25 кг жоғары) деп бөледі. Бұқа терісінің салмағы кейде 60 кг дейін жетеді немесе одан да асып кетеді. Ауданы - 550-600 дм^, тері қалыңдығы біркелкі емес, сауыр терісінің қалыңдығы - 4,0-4,5 мм, мойын терісінің қалыңдығы - 4-6 мм және одан да жоғары. Терісінен үлтандық, иленбеген қайыс, техникалық былғары дайындалады, ал жеңіл теріден үлтарақтық былғары шығарылады.

Сиыр терісі. Жаңа сойылған мал терісінің салмағы 13кг жоғары. Салмағына байланысты сиыр терісін жеңіл (13-17кг) орташа (17-25 кг) және ауыр (25 кг жоғары) деп бөледі. Ауданы - 200-450 дм^, қалыңдығы: жеңіл салмақтысыныкі - 2,5-4 мм, орташасынікі - 3-4,5 мм, ауырынікі - 3,5-5 мм. Терісі біршама тегістеу, бірақ көп бүзаулаған сиырдың терісінің қарын жағы созылған, біраз ақаулы болып келеді. Сиыр терісі аяқ киімнің жоғарғы бетіне арналған былғары және юфть шығаруда қолданылады, бағалы аяқ киімнің үстіңгі бөлігіне арналған былғары шығаруға іске асатын тілінді (спилок) алынады. Одан басқа сиыр терісінен үлтан, үлтарақтық, ертүрмандық, техникалық және иленбеген қайыс шығарылады.

Жылқы терісі. Оның негізгі ерекшелігі алдыңғы қол жағы мен сауыр терісінің қүрылымы және қасиетінің айырмашылығында. Қол терісі мен сауыр терісінің шекара түсы жонарқаға қарама- қайшы, ат басынан есептегенде түрқының үзындығынан (һ) аралығында болады. Қол терісі бостау, оның үстіне жонарқасы жалға дейін қатты, тығыздау сызаттары бар, ол пішімдеуге ыңғайсыздық тудырады. Жылқының артқы сауыр терісін хазы деп, ал жаясын шпигель деп атайды. Терінің жаясы өте тығыз келеді және үйкеліске төзімді, мықты, берік, су және ауа өткізбейді. Жылқы терісін ылғалдап түздау арқылы консервілейді, кейде кептіреді. Жылқы терілері майда және ірі болып бөлінеді.

Ірі жылқы терілері. Салмағы 10 кг жоғары жылқы терілері ірі шикізатқа жатады. Терілер салмағына қарай жеңіл (10-17 кг) және ауыр (17кг жоғары) болып бөлінеді. Терінің ауданы 400 дм^ дейін жетеді. Қол терісінің қалыңдығы 1,5-3 мм болса, сауыр терісінікі - 2-4 мм. Жармдылығы әр түрлі болғандықтан, шикізат кезінде жылқы терісін қол және сауыр терісі деп екі бөлікке бөліп, әр түрлі парияларға сүрыптайды.

Жылқының қол терісі - терінің бөлінген кездегі алдыңғы жағы. Салмағына қарай жеңіл (12 кг дейін) және ауыр (12 кг жоғары) болып бөлінеді. Қол терісінің ауданы - 160-250 дм^, сауыр терісімен түйіскен жеріндегі қалыңдығы - 2,5-3,3 мм, ауыр салмақтысының ауданы -170- 300 дм^, шекарадағы қалыңдығы - 3-4 мм. Қол терісінен аяқ киімнің жоғарғы жағына арналған былғары дайындайды.

Сауыры қол жағынан бөлінген жылқының терісі салмағына қарай жеңіл (5 кг дейін) және ауыр (5 кг жоғары) болып бөлінеді. Жеңіл сауыр терісінің ауданы - 60 дм2, ең қалың түсы - 3-3,5 мм, ауыр салмақты сауыр терісінің ауданы - 90 дм^, ең қалыңдығы - 3,5мм. Қазіргі кездегі сауыр терісінен үлтан және үлтарақ жасайды.

Майда жылқы терісі. Терінің бүл түрінің алғашқысы - үлбір жасауға жарамайтын, өлі туған немесе іш тастаған қүлын терісі. Ауданы - 30-60 дм,2 салмағы -1-2 кг. Мүндай қүлын терісінен галантереялық бүйымдар жасалады. Келесі түрі - сүт еметін неме- се отқа ілінген қүлын терісі, салмағы 5 кг дейін, ал ауданы 60-130 дм^ болып келеді. Өзең қабаты қалыңдау, тығыздау. Сүт еметін қүлын терісі бағалы үлбірлік шикізат, жүні жақсы дамыған, онша өсік емес, жылтыраған тегіс болады. Үлбір жасауға жарамсыз қүлын терісінен қолғаптық және аяқ киімнің жоғарғы жағына арналған былғары жа- салады. Ал, тай терісінің салмағы 5-10 кг дейін, ауданы 120-200 дм^, сауыр терісінің қалыңдығы 2-2,65 мм, алдыңғы жағынікі 1,65-2 мм болады. Одан аяқ киімнің жоғарғы бөлігіне арналған былғары дай- ындайды.

Қой терісі. Майда шикізаттың ішіндегі ең негізгісі қой терісі бо- лып табылады. Соның ішінде, біздің елімізде қой түқымы бірнеше ондаған түрге бөлінеді: негізінен етті, етті-жүнді және қаракөл түрлері өсіріледі. Былғары жасауға жүннің сапасы үлбір өндірісі мен тон жасауға жарамайтын қой терілері алынады. Олардың сапасы қойдың түқымына, жасына, сою уақытына және басқа жағдайларға байланы- сты болады. Қой терісі нәзік, жүқа қыртыс қабатымен ерекшеленеді, ол тері қалыңдығының 1,8-2,5% ғана болады. Тері бетіндегі табиғи бедер өрнегі біркелкі, майда, әдемі тегіс болып келеді. Тері өзеңі емізікше және торлы қабатқа айқын бөлінген, және емізікше қабат торлы қабатқа қарағанда қалыңдау. Қылшық жүнді қой терісінің түгі өте төмен тереңдеп орналасқандықтан, емізікше қабаты қалың (70-80%), ал бия- зы жүнді қой терісіндегі емізікше қабат, керісінше, онша қалың бол- майды. Емізікше қабатта май, тері бездері көптеп орналасқандықтан, ол бостау, кеуек қуыстары молырақ болады. Жас малдың терісіндегі өзеңнің емізікше қабаты қалыңдау болады. Торлы қабаты нәзік, онша тығыз орналаспаған коллагенді талшықтар тобынан түрады. Талшықтар өрілімі көлденең және майдың шамасы едәуір мол болғандықтан, бүл қабат осалдау болады. Май көбінесе емізікше қабат пен торлы қабат шекарасына орналасқан. Майсыздандыру кезінде емізікше және тор- лы қабаттың шекарадағы байланысы азая түседі. Осы айтылған жайлар қой терісінен жасалған былғарының онша берік емес, созылмалы, бостау болып келуінің негізгі себептерін қүрайды және су өткізгіштік қасиеттерін арттырады. Қой терісінен аяқ киімнің жоғарғы бетіне арналған былғары аяқ киімдік «шеврет», киімдік және галантереялык былғары дайындалады. Сапасы төмен қой терісінен астарлық және галантереялық былғары дайындалады. Жүні сапалы қой терілері үлбір мен тон өндірісі үшін қолданылады. Табиғи былғароы бейнесі 11.9-суретте көрсетілген.



Ешкі терісі. Ешкі терісі - өте қҐнды шикізат, одан сафиян, шегірен сияқты сапалы былғары бүйымдар жасайды. Әсіресе, жас ешкінің терісі, былғарылық шикізат ретінде өте жоғары бағаланады. Одан әйелдер және ерлер жеңіл аяқ киіміне арналған өте әсем былғары «шевро» дайындайды. Ешкі терісінің қыртыс қабаты, тері қалыңдығының 2-3% қүрайды. Қыртыс пен өзеңнің шекарасы тегістеу болып келеді. Емізікше қабаты кейде торлы қабаттан қалыңдау, себебі түк қалташалары тереңдеп өзеңге еніп жатады. Май бездері ешкі терісінде қой терісіне қарағанда азырақ, осының әсерінен емізікше қабатында бос қуыстар көп болмайды, ал торлы қабаты берік, мықты болады. Өзеңді қүрайтын талшықтар тобы берік және жуандау, олар бір-бірімен ілінісе және көлбей орналасқандықтан, былғары берік, әрі жүмсақ болады. Қой терісі сияқты, ешкі терісінің сапасына малдың жасы, түқымы, сою уақыты және басқада себептер әсер етеді.

Ешкі терісін ылғалдап тұздау және кептіру арқылы сақтайды, сондай-ақ ешкі терісі майда шикізатқа жатады. Сүтті тұқымды ешкінің терісі қысқалау, селдір, бірақ өзеңі тығыз болады. Жүнді және түбітті ешкі түқымы терісінің ерекшелігі, сүтті тұқымды ешкіге қарағанда, өзеңі онша тығыз емес, жүні қалың болады. 11.10-Суретте беті тегіс, жылтыр табиғи былғарысы көрсетілген.


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   30




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет