ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені 5В072600 – «Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастырылуы» мамандығы үшін ОҚу- әдістемелік материалдар



бет30/30
Дата13.02.2017
өлшемі7 Mb.
#9211
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30

Ілгектер мен ілгіштердің сапасын сыртын тексеру арқылы, соны- мен қатар сынақ нәтижелерінің негізінде (механикалық қасиеттері және коррозияға төзімділігінің көрсеткіштері бойынша) анықтайды. Болат ілгектер мен ілгіштер әрленуіне қарай лакталған, оксидтелген, фосфатталған түрлері болады. Мысты-мырыш балқытпасынаң жасалған сым темірлі ілгектер мен ілгіштер никелденген немесе күмістелген болады. Көйлектік ілгектер мен ілгіштерді шалбардан басқа әр түрлі киімдерде қолданылады. Үлбірлі қой терілерінен дайындалған тонды бүйымдарда №2, пәлте мен шинельдерге №3, китель мен кеудешелер үшін №5, әйелдер және балалар көйлектері үшін №6 және 7 ілгектер мен ілгіштер қолданылады. Кесте 12.5 - Көйлектік ілгектер мен ілгіштердің өлшемдері


Шалбарлық ілгіштер мен ілгектері бірнеше бірнеше типте өңделеді. Ең көп тарағаны 12.10- суретте көрсетілген. Шалбарлық ілгектер мен ілгіштерге шикізат ретінде диаметрі 1,6мм төменкөміртекті болат немесе 1,6мм қалыңдықты суық прокатты болат таспа қолданылады. Әрленуі бойынша шалбарлық ілгектер мен ілгіштер көйлектік сияқты лакталған, оксидтелген, фосфатталған болады. Шалбарлық ілгектер мен ілгіштер шалбар белдігінде, пәлтелерде қолданылады. Көйлектік, шалбарлық ілгектер мен ілгіштердің сапасы сыртқы түрі негізгі тексерудегі нәтижелеріне байланысты, механикалық қасиеттерінің коррозияға төзімділігі арқылы анықталады.

Ілгектер мне ілгіштер дүрыс формада тегіс, түзу, дат баспаған болуы керек. Лакталуы тегіс, түйіршіксіз болуы керек. Ілгек ілгішке жеңіл, тез кіруі қажет. Ілгекшелер қүлақшалары үшталмаған қырлары жіптерді кеспеуі керек. Коррозияға төзімділігін 96%-98% ылғалдылықтан, температурасы 18-25°С болатын коррозиялық камерада анықтайды. Камерадан 24 сағаттан кейін лакталған, никельденген, күмістенген бүйымдарда, оксидтелген-15сағ кейін коррозияға үшырамауы керек.

Механикалық қасиеттерінің төзімділігі келесі әдіспен анықталады. Түймеленіп түрған қүлақты бір жүпты қатты бекітілген қүлақша диаметрі ілгек пен ілгішке сәйкес болат шпилькаға кигізіледі. Басқа жүпқа 0,5 кг жүк ілінеді және жүкті біртіндеп қажетінше көбейтеді. Жүкті алғаннан кейін ілгек пен ілгішті деформацияға түспеуі керек. Көйлектік ілгек ілгішке (МемСт 547-54) шектелген жүк салмақ №2- 12 кг, №3-7,5кг, №5-4,5, №6-3,5кг, №7-1,5кг сәйкес болуы қажет.


Шалбарлық ілгектер мен ілгіштер (МемСт 7093-54) типтегі шектелген жүк салмақ -17кг болуы керек. Қапсырмалар, рамкалар, сақиналардъі болат сымнан, таспадан немесе болат және жез жапырақшалардан дайындайды. Қапсырмалар формасына және өлшемдеріне байланысты 100-250 даН, рамкалар- 40-250 даН және сақиналар -15-200даН сақтауы күшті көтере алулары қажет.


Бақылау сұрақтары:

1. Сәндік таспаларға сипаттама беріңіз?



2. Киімдерге арналған түймелер классификациясы
Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет