ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені 5В072600 – «Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастырылуы» мамандығы үшін ОҚу- әдістемелік материалдар



бет29/30
Дата13.02.2017
өлшемі7 Mb.
#9211
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30

2. Киім фурнитурасы. Фурнитуралар-тігін өндірісіне қажетті көмекші бүйым. Фурнитура тігін бүйымдарын түймелеу, бекіту, осы бүйымдардың бөлшектерін жеңілдету, сонымен қатар киімнің кигенде ыңғайлы болуы үшін қолданылады. Тігін өндірісінің фурнитураларына: түймелер, сыдырмалар, кнопкалар, ілгектер, ілгіштер және қапсырмалар жатады.

Түймелер түймелеу үшін, сонымен қатар киімді әрлеу ретінде қолданылады. Түймелерді келесі түрлерге бөледі ол: - материалы бойынша-пластмассалы, металлдан жасалған, керамикалық, аралас, бекіту элементтері

бойынша- тесікті, қүлақшалы, дайындау әдісі бой- ынша- қүйылған, пресстелген, механикалық өңделген, штампталған, жиналған, әрлеу бойынша-қорғағыш сәндік жабындысыз және фоль- гамен тығыздалған болады. Пластмассалы түймелерді дайындауына байланысты келесі топтарға бөледі ол: әйелдер, ерлер және балалар киімдері, жейделер, іш киімдерге қолданылады.

Киімдерге арналған түймелер келесі классификацияларға бөлінеді:

- Дайындалуы бойынша-пальтолық, костюмдік, көйлек- тік,шалбарлық, іш-киімдік, формалық, балалар киімдеріне арналған түймелер;

- Түйме диаметрі мм;

- Өңделген материалына байланысты галалитті, акрилатты, целлулоидты, металдан жасалған, әйнекті, түмсықты, сүйекті, перламутрлі, ағаштан және пресстеп жасалған;

- Сыртқы түріне байланысты, пішініне қарай- домалақ, сопақ, созылған, дөңгелекке үқсас, жартылай дөңгелекке үқсас, иілген, б) беткі қабатына қарай -тегіс және бедерлі; в) боялуы бойынша- қара, ақ, түрлі-түсті, ала, тасбақа тәрізді, рубин тәрізді, янтарь тәрізді болады;



  • Киімге бекітілуі бойынша түймелер түйменің ортасында орналасқан екі немесе төрт тесікті, бүтін, нүктелі немесе түйменің төменгі жағы сым темірлі ілгекшемен болады. Өндіріс түймелердің әр түрлі өлшемдерін шығарады, ол 12.2- кестеде көрсетілген. Кесте 12.2 - Түймелер өлшемдері


Пальтолық түймелерді 26мм өлшеммен (диаметр) және одан жоғары, костюмді (ерлер пиджактары, кеудешелер, күртешелер, әйелдер жакеттері үшін) 20-25мм, көйлекті (әйелдер және балалар көйлектері үшін)-12мм және одан жоғары, шалбарлық -14-17мм, іш- киімдік (ерлер, әйелдер, балалар және ақ жайма үшін)- 10-19мм, фор- малы - 14,18,22, 24мм болады.

Ерлер киімдеріне арналған түймелер формасы және әрленуі қарапайымдылығымен ерекшеленеді. Негізінен олар домалақ, жазық, сәл ойыңқы немесе оң беті томпақ болады. Әйелдер киімдеріне қолданылатын түймелер (пальтолық, жакеттік. көйлектік) әр түрлі формалы және әрлеулі: жазық (дөңгелек, овалды, үш - төрт бүрышты, оң беті түрліше өңделген- тегіс, томпақ немесе бедерлі суретті), шар тәрізді, цилиндрлі болып шығарылады.

Түймелердің негізгі қасиеттері олардың өңделетін шикізат материалдарының қасиеттерімен анықталынады. Өңделетін шикізат материалға байланысты механикалық әдістерпен (кесу арқылы), штамптау, кезекті әрлеумен пресстеу арқылы өңделеді. Механикалық өңдеу кезінде керекті диаметрлі дөңгелекшелер (үлгілер) кесіп алы- нады, тағылып, фрезденіп, өңдейді. Штамптау кезінде үлгілерді оң беті керекті суретпен бір мезгілде штамппен жонады. Прессүнтақтан түймелерді пресстеу арқылы дайындайды. Ол үшін арнайы пластика- лы үнтақты қыздырылған пресс-формада салып, жоғары температура- да қысыммен балқытылады, суығаннан кейін пресс-форманың форма- сында қатады. Пресс үнтақтан жасалған түйме сынығынан түйіршікті қүрылымы анық көрінеді.

Түйменің сапасын сыртқы түрімен, қүрамындағы негізгі қасиеттері арқылы анықтайды.Түймелердің сыртқы түрінің формасын тексергенде олардың оң бетінің формасының дүрыстығын, өлшемдерін және суреттерін қарайды. Түймелердің бетінде сызаттар, шытынаулар, дақтар және жиектері өткір үшты болмаулары қажет. Түймелер сапалы және мықты болуы керек. Биіктігі 1,5 м жерден қүлағанда зақымданбауы, судың әсеріне де төзімді болулары қажет. Суға төзімділігі келесі әдіспен анықталады ол: алдын ала өлшенген түйме температурасы 17- 23°С болатын суға 24 сағатқа салып қояды, судан алып қайта өлшенеді. Түймелер күн сәулесінің әсерінен өзінің түсін, формасын, сыртқы түрін өзгертпеулері керек. Жарыққа түрақтылық қасиетін анықтау үшін түйменің бір бөлігін жарық өткізбейтін қара қағазбен тығыздап жауып, бір бөлігін ашық қалдырады.

Батырмалар - серіппелі қозғалысты түймелік, қүрастырылуы бойынша кнопкаларды сақиналы серіппелі кнопкаларға, омега тәрізді серіппелі, серіппелі төлкемен, материалы бойынша- болатты, жез, аралас, жабынды түріне байланысты- никельмен, тотықпен, жезді, лак бояқты болады. Тігін өндірісінде қолданылатын кнопкалардың негізгі түрлері және олардың ашылғандағы жүмсалатын күш өлшемі төменде көрсетілген:

300 Кнопкалар типтері Ашуға жүмсалатын күш КГ-1,КШ-2 2-5 КШ -3,Кш-4 5-12 КШ-5,КШ-6,КШ-7,КШ-8 8-20 Кнопкаларды арнайы өлшемдермен дайындайды, мм: КШ-2 диаметрі 6,5 және биіктігі 3, КШ-3-7,5 және 3(Сәйкестігі бойынша), КШ-4 -9, 3,5, КШ-5-11, 4,5 КШ-7-16, 3, 16, 5,2, КШ-8- 18, 5,5.

Сыдырма ілгек. Сыдырмалы ілгек мақта маталы өңірлік таспаның, сыдырманың екі жолағына бекітілген екі қатар звенодан түратын, қозғалыс кезінде жоғары- төмен сыдырма бойымен жылжып ілгектерді ағытыпнемесетүйықтапбекітеді.Металлданжасалғансыдырмаілгектер төрт түрлі болады: А- бір замокты және алынбайтын шектеуішпен; Б-екі замокты; В- бір замокты және алынбалы шектеуішпен; Г-екі замок- ты алынбалы болады. Сыдырмалар әр түрлі киімдерде қолданылады (көйлектерде, костюмдерде, пәлтелерде), сыдырмының екіші түрі тек қана арнайы киімдерде, спорттық күртешелерде, кожгалантереялық бүйымдарда қолданылады. Тігін өндірісінде сыдырмалы ілгектің металлдан жасалған және пластмассалы түрлерін қолданады. Механикалық қасиеттерінің негізгі көрсеткіштері 12.5. кестеде көрсетілген.

Звенолар, сыдырма және шектеуіш жезден, болаттан (хромдалған немесе никельденген) және пластмассадан болады. Сыдырманың басқа бөлшектері - жоғарғы шектеуіш, төменгі шектеуіш, төменгі шектеуіштің корпусы- сол материалдардан, сонымен бірге төменгі қысымды полиэтиленнен, фенопласттан, полиамид және полистирол шайырынан алуға болады. Сыдырмы ілгектер звеноларының еніне байланысты өте үсақ (3мм), үсақ (3-5мм), орташа (5-7мм), үлкен (7-10мм), өте үлкен (10мм және одан жоғары) болып бөлінеді. Сыдырмалар үзындығы 120, 150, 180, 200, 250, 300 мм өңделіп шығарылады. Сыдырмалы ілгектерге келесі талаптар қойылады, олар жылтыр, дақсыз, сызатсыз, датсыз болуы керек. Ілгектің звеноларының өлшемі бойынша бірдей және таспаға берік бекітілуі керек. Ілгектің сыдырма- сы жүмысшы сыдырма бойымен оңай әрі еркін жүруі қажет. Өңірлік таспа таза және дақсыз болуы керек.

Ілгек пен ілгіштер. Тігін өндірісінде қолданылатын ілгектер мен ілгіштер көйлектік, шалбарлық болып бөлінеді. Көйлектік ілгектер мен ілгіштер 12.8., 12.9 - суретте көрсетілген, өлшеміне байланысты келесі № 2,3,5,6 және 7 бөлінеді. Номірленген ілгектерге сол номірдегі ілгіш сәйкес болуы керек. Нөмірленген ілгектер, ілгіштер туралы мәлімдеме 12.3-кестеде көрсетілген. № 6, 7 ілгектер мен ілгіштер шешіліп кетпеу үшін арнайы фиксатормен өңделеді. Көйлектік ілгіштер мен ілгектерге шикізат ретінде көміртектігі төмен болат сым темір немесе мысты-мырыш балқытпалары қол- данылады. Сым темірдің соңғы түрі .№5,6 және 7 ілгектер мен ілгіштер- ді өңдеуде қолданылады. Қолданылған материалдары бойынша ілгектер мен ілгіштерді болат таспадан, болаттан немесе жез сымнан дайындалады. Жабынды түріне байланысты никельденген, боялған және алдын ала фосфатталған бетте боялған болып бөлінеді. Киімдерге арналған ілгектер мен ілгіштердің негізгі типтерінің сипаттамасы 12.4-кестеде берілген.



Кесте 12.3- Сыдырмалы ілгектің механикалық қасиеттерінің көрсеткіштері




Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет