Пәннің оқу-әдістемелік кешені 6В07366 (5В073000) -Құрылыс материалдары, бұйымдары және конструкцияларын өндіру мамандығының Жұмыс оқу бағдарламасы негізінде дайындалған



бет129/130
Дата12.09.2020
өлшемі0,75 Mb.
#78033
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   130
Байланысты:
умк псм-18-1

Ұсылынатын әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:1-5

Қосымша әдебиеттер:1-2

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

БІЛІМ АЛУШЫНЫҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАРЫНА АРНАЛҒАН МАТЕРИАЛДАР

КМН 2205 «Құрылыс материалдар химиясы»

(пәннің коды мен атауы)

«6В07366 (5В073000) – Құрылыс материалдары, бұйымдары және конструкцияларын өндіру» мамандығы

(мамандықтың коды мен атауы)

3 кредит

(кредит көлемі)



Қызылорда

9. БІЛІМ АЛУШЫНЫҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАРЫНА АРНАЛҒАН МАТЕРИАЛДАР
Сабаққа дайындық – дәрісханалық және практикалық сабақтардың материалдарын игеруге, ұсынылған әдебиеттерді оқуға, жекелеген әдебиеттердің қажетті бөлімдеріндегі мақалаларды конспектілеуге арналған білім алушының өзіндік жұмысының қарапайым түрі.

Іскерлік ойынға дайындық – бұл білім алушының болашақ кәсіби қызметіне дағдылануын қалыптастыру мақсатында қажетті рольдерді бөлу, материалдарды жинақтау жұмысы. Жұмыстың нәтижелері арнайы қорытындылар және ұсыныстармен рәсімделеді.

Ағымдағы және аралық бақылауға дайындық пәнді оқытуда әр түрлі тақырыптар бойынша білім деңгейін ауызша, жазбаша, тест түрлерімен анықтауға мүмкіндік береді.

Тестілеуге даярлық білім алушының курстың бөлімі немесе тақырыбы бойынша материалдарды ыждағаттылықпен оқуын қажет ететін жұмыс. Білім алушы дайындық барысында назарды арнайы терминдерге, атаулы күндердің мазмұнына, алгоритмдерге аудару керек.

Үй тапсырмасы оқу бағдарламасына сәйкес білім алушының өзіндік жұмысы.

Реферат орындауда білім алушы белгілі бір мәселелер бойынша ғылыми және арнайы әдебиеттерден алынған қысқаша тұжырымдамалар немесе түрлі әдебиеттер көздерін талдау арқылы арнайы әдебиеттерді пайдалана білуі, статистикалық мәліметтерді қарастырылатын тақырып бойынша сын көзбен талдау және алынған мәліметтерді жазбаша түрде нақты және логикалық тұрғыдан дұрыс жеткізе білуі керек.

Реферат жұмысына қойылатын талаптар: студент реферат жұмысының тақырыбын толық ашуы керек. Ол мазмұнды түрде түсінікті, жатық тілмен баяндалуы тиіс. Кейде тақырып өте кең болып, реферат жұмысының шеңберіне симауы мүмкін. Ондай жағдайда рефератты оның жоспарында қаралған мәселелердің төңірегінде жазған жөн. Кіріспеде тақырыптың өзектілігі мен мақсат-міндеттері, теориялық негізі жазылады. Кіріспенің көлемі 1-1,5 бет шамасында болады. Жұмыстың негізгі бөлімінде зерттеу нысанына теориялық тұрғыдан зерттеу жүргізіліп, дәлелдемелер нақтылы мәліметтермен негізделеді. Сондай-ақ зерттеу нысанын жетілдірудегі өзекті мәселелер мен перспиктивалар не оның практикалық маңызы, мәні қаралады. Жұмыстың қорытындысында тақырыпты зерттеуден туындаған өзіндік пікірлер мен ұсыныстар беріледі. Соңында қолданылған әдебиеттер тізімі көрсетіледі. Рефератты стандартты А4 қағаздың бір жағына әрбір жолдың аралығына 1,5 интервалдан қалдырып, қатесіз ,анық жазу керек. Әр беттің сол жағында-30мм, оң жағында-10мм, жоғары жағында-25мм, төменгі жағында -20мм ашық жер қалдырылады. Жұмыстың көлемі 15 беттен кем болмауы тиіс. Жұмыстың алғы бетін/титулын/ толтыру жалпы үлгі бойынша жүргізіледі. Жұмыстың жоспарынд әрбір мәселенің тұсында сол мәселе қамтылған беттердің реттік саны көрсетіледі. Одан келесі беттерде мәтін жазылады. Реферат орындалғаннан кейін оқытушыға тапсырылады.

Баяндама жасауда – білім алушының ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша зерттеушілік дағдыларын меңгеруі, білім алушыны қызықтыратын сұрақтар бойынша мәліметтерді жинақы, түсінікті түрде көрсетуі керек.

Эссе – тақырыптары оқылатын пәннің нақты сұрақтары бойынша орындалатын білім алушының өзіндік жұмысы. Эссе – білім алушының белгілі бір тақырып бойынша қысқаша ойламы, тұжырымдамасы. Эссенің ерекшілігі – оқытушы берген тақырып бойынша білім алушы өзінің жеке пікірін, ойын, шығармашылық түрде талдайды.

Глоссарий – белгілі тақырып бойынша қазақ, орыс, шет ел тілдерінде терминдердің қысқаша түсіндірмелері.

Семестрлік (бақылау) жұмыстары пәннің үлкен тараулары мен тақырыптары бойынша өзіндік жұмыстардың материалдарын қайта өңдеу, оқу мақсатында жүргізіледі.

Курстық жоба (жұмыс) – білім алушының белгілі бір пән бойынша анықтамалық материалдардан, ғылыми әдебиеттерден, оқу құралдарынан мәліметтерді іздеудің, жинақтаудың әдістемесін игеру, ақпараттарды талдау, арнайы зерттеу жүргізу жүмысы.

Топтық презентация – 3-5 адамнан тұратын білім алушылардың белгілі тақырып бойынша топтық өзіндік зерттеулері мен есептеулері. Әрбір топ өз жобасын даярлап презентация өткізеді.

Жеке презентация – өз еріктерімен, жақсы даярланған білім алушылар орындайды. Жеке презентация – өзектілігі, жаңалығы, зерттеу сипаты бойынша ерекшеленетін, білім алушының ғылыми конференцияда баяндала алатын жұмысы.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   130




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет