ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Қаржылық және басқару талдау» пәні бойынша «5В050800-Есеп және аудит» мамандығы



бет5/13
Дата10.06.2017
өлшемі2,77 Mb.
#18597
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

Өзін - өзі бақылау сұрақтары

1. Шаруашылық қызметін талдау әдісін сипаттаңыз және мінездемелік белгілерін таңыз.

2. Шаруашылық қызметін талдау әдісі мен әдістемесінің айырмашылығы неде?

3. Шаруашылық қызметін талдауда қолданылатын негізгі тәсілдерді ата.

4. Факторлы және нәтижелі көрсеткіштер нені білдіреді?

5. Факторлы талдау нені білдіреді?



Қолданылған әдебиет:

1.Ковалев В.В. Анализ финансового состояния и прогнозирование банкротства,

Санкт-Петербург, 1994

2. Шеремет А.Д. Методика финансового анализа, Москва, 1995

3.Дюсембаев К.Ш. Анализ доходности и деловой активности предприятия.

4. Библиотека бухгалтера и предпринимателя, 1996 № 23-24

5.Ковалев В.В. Финансовый анализ: методы и процедуры – Москва: Финансы и статистика, 2001

6.Дюсембаев К.Ш. Анализ финансового положения предприятия, Алматы,1998

Балабанов И.Т. Финансовый анализ и планирование хозяйствующего субъекта, Москва, 2000
3 тақырып. Басқаруды талдауды ұйымдастыру және ақпараттармен қамтамасыз етілуі

1. Басқаруды талдаудың негізгі принциптері және ұйымдастыру кезеңдері.

2. Талдау жұмыстарын жоспарлау

3. Талдаудың ақпараттық және әдістемелік қамтамасыз етілуі.


Шаруышлық қызметінің талдауының нәтижелілігі көп жағдайда оның дұрыс ұйымдастырылуына байланысты болады.

Оны ұйымдастырудағы басты принциптер:

- жеке орындаушылар арасында талдау жүргізу бойынша міндеттерді тарату;

- аналитикалық процестің тиімділігін және үнемділігін қамтамасыз ету;

- регламенттеу және унификация.

Ұйымдық кезңдері:

1. Талдаудың объектілері мен субъектілерін анықтау, зерттеудің ұйымдасқан формасын таңдау, жеке қызметтер мен бөлімшелер арасында міндеттерді бөлу;

2. Аналитикалық жұмысты жоспарлау;

3. Шаруашылық қызметінің талдауының ақпараттық және әдістемелік қамтамасыз етілуі;

4. Талдау нәтижесін толтыру

5. Талдау нәтижесі бойынша жасалған ұсыныстардың өндіріске жұмсалуын бақылау.

Басқаруды талдау тиімділігіне тәуелді маңызды шарттарға оның жүргізілуінің жоспарлы өлшенген сипаттамасы жатады. Сондықтан да әрбір кәсіпорында талдау жүргізу бойынша барлық жұмыстары алдын –ала жоспарлануы тиіс.

Тәжірибе жүзінде келесі жоспарлар құралады:

- кәсіпорынның аналитикалық жұмысының кешенді жоспары;

- тақырыптық жоспар.

Кешенді жоспар бір жылға дейін мерзімге құрылады. Оны кәсіпорында барлық аналитикалық жұмыс толығымен сеніп тапсырылған маман жасайды. Бұл жоспар мазмұны бойынша жеке аналитикалық зерттеулер кестесінен тұрады. Онда, мақсаттан басқа және талдау есебінен басқа, сұрақтар болады. Ол сұрақтар бір жыл уақыт шамасында зерттелінуі керек, әр сұрақты зерттеу үшін белгілі бір уақыт мерзімі белгіленеді, талдау субъектілері көрсетіледі, аналитикалық құжат айналымының схемасы беріледі, әрбір құжаттың келіп түскен уақыты мен күні және мазмұны жазылады.Жоспарды талдау кезінде маңызды проблемалы сұрақтардың зерттеліну периоды міндетті түрде ескерілуі керек. Кешенді жоспарда сонымен қатар талдауда қолданылуы мүмкін ақпарат көздері де, талдау жасауға арналған техникалық құралдар да қарастырылуы керек.

Талдау нәтижесі бойынша шаруашылық қызметінің нәтижелерін арттыруға бағытталған ұсыныстар да қарстырылуы керек. Сондықтан да кешенді жоспар осы мерекелік шаралардың орындалуына бақылау жүргізуді ұйымдастыруды да қарстыру керек.

Тақырыптық – бұл кешенді мәселелер бойынша талдау жасау жорпары, олар тереңірек зерттеуді талап етеді. Оларда объекты, субъектілер, кезеңдер, талдау жасау мерзімі, оны орындаушылар қарастырылады. Талдау жоспарының орындалуын бақылауды экономикалық сұрақтар бойынша жетекшінің орынбасары жүргізеді немесе талдауды басқару бойынша міндеттер жүктелген тұлға жүргізеді.

Ақпараттың талдау жасауға қажетті құрамы, мазмұны, сапасы, басқаруды талдау қызметін қамтамасыз етуде белгілі роль алады. Талдау тек ғана экономикалық мәліметтермен шектеліп қоймайды, сонымен қатар техникалық, технологиялық және басқа да ақпараттарды кеңінен қолданады. Барлық мәліметтер көздері келесі түрде бөлінеді

- жоспарлы

- тіркелген

- тіркелмеген

Жоспарлы көздерге – кәсіпорындарда өңделетін жоспарлардың барлық түрлері жатады, (перспективті, ағынды, оперативті, шаруашылық есептік тапсырмалар, технологиялық карталар), сонымен қатар нормативті материалдар, сметалар, құндылықтар, жобалы тапсырмалар және т.б.

Тіркелген – бұл барлық мәліметтер.Оған жататындар - бухгалтерлік, статистикалық және оперативті тіркеулер жатады, сонымен қатар есеп берудің барлық түрлері жатады, бастапқы тіркеу құжаттары жатады. Талдауды ақпараттық қамтамасыз етуде жетекші рольді бухгалтерлік есеп пен есеп беру атқарады, мұнда толығырақ шаруашылық құбылыстар, процестер және олардың нәтижелері бейнеленеді. Есептік құжаттарда тіркелген мәліметтердің уақытылы және толығымен талдануы (бастапқы және екінші) және есеп беруі, қажетті шараларды қабылдауды қамтамасыз етеді, олар жоспардың орындалуын жақсартуға, шаруашылықтың жақсы нәтижелеріне қол жеткізуге бағытталған.

Статистикалық есеп мәліметтері массалы құбылыстар мен процестердің сандық мінездемесінен тұрады, өзара байланыстардың, экономикалық заңдылықтардың жариялануын тереңірек зерттеу үшін қолданылады.

Оперативті есеп және есеп беру – статистикалық және бухгалтерлік есепке қарағанда талдауды едәуір оперативті қамтамасыз етеді (мысалы, өндіріс туралы және өнімді тіркеу туралы, өндірістік қордың жағдайы туралы) және сол арқылы аналитикалық зерттеулердің тиімділігін арттыру үшін жағдай жасайды.

Тіркелемегенге – шаруашылық қызметті реттейтін құжаттар жатады, сонымен қатар жоғарыда аталғандарға қатысы жоқ мәліметтер жатады. Олардың қатарына келесі құжаттарды жатқызуға болады:

1. Арнайы құжаттармен шаруашылық субъектісі өз қызметінде қолдануға міндетті: мемлекет заңдары, президент бұйрықтары, заң орындарының және өкімет органдарының қаулылары, жоғары дәрежелі басқару органдарының бұйрықтары, аудиторлық тексеру актілері, бұйрықтар және кәсіпорын жетекшілерінің тапсырмалары.

2. Шаруашылық – құқықты құжаттар; келіссөздер, келісімдер, арбитраж және сот орындарының шешімдері, рекламациялар.

3. коллективтің, кәсіпорынның еңбек коллективі кеңесінің жалпы жиналысының шешімі.

4. түрлі ақпарат көздерінен алынған ауыспалы тәжірибені зерттеу материалдары (Интернеттен, радиодан, теледидардан газеттерден алынған).

5. Техникалық және технологиялық құжаттар.

6. кәсіпорын жағдайының жеке жұмыс орындарындағы арнайы зерттеу материалдары (хронометраж, фотосурет және т.б.).

7. Ауызша ақпарат,олар өз коллективініңмүшелерінің кездесуі кезінде алынады.

Объектіге қатынасы бойынша ақпараттарды зерттеу ішкі және сыртқы болып бөлінеді.

Ішкі ақпараттар жүйесі –бұлстатистикалық, бухгалтерлік, оперативті есеп пен есеп беру, жоспарлы мәліметтер, кәсіпорында өңделген нормативті мәліметтер.

Сыртқы жүйе ақпараттары — бұлстатистикалық жинақтар, периодты және арнайы басылымдар, конференциялар, іскерлік кездесілер, арнайы, шаруашылық – құқықты құжаттар мәліметтері
Зерттелетін құрал қатынасы бойынша ақпараттар негізгі және көмекші болып бөлінеді, олар зерттелінетін облыстың толық сипаттамасы үшін өте қажет.

Түсімнің периодтылығы бойынша аналитикалық ақпарат ұдайы және эпизодты бөлып бөлінеді. Ұдайы ақпарат көздеріне жоспарлы және есептік мәліметтер жатады, ал эпизодты ақпарат көздері қажеттілік мөлшері бойынша формаланады, мысалы, жаңа бақталас туралы мәліметтер.

Ұдайы ақпарат өз кезегінде тұрақтыға классификацияланады, ол өз мәнін ұзақ мерзім бойы сақтайды (кодтар, шифрлар, бухгалтерлік есепті тіркеу жоспары), өз мәнін анықталған уақыт периодында сақтайды (жоспар көрсеткіштері, нормативтер), ал ауыспалы болса құбылыстың жиі ауысуын сипаттайды (белгілі уақыттағы талданушыобъектінің жағдайы туралы есептік мәліметтер).

Процеске қатынасы бойынша ақпаратты өңдеу процесін алғашқыға және екіншісіне алып баруға болады (алғашқы есеп мәліметтері, инвентаризация, зерттеу)

Талдауды ақпараттық қамтамасыз етуді ұйымдастыру үшін талаптар қатары пайда болады. Бұл ақпараттың аналитикалылығы, оның объективтілігі, бірлігі, оперативтілігі, рационалдылығы.

Бүгінгі күнгі тәжірибелер бойынша есепті ұйымдастыру, жоспарлау және статистикадан көруімізге болады. Онда әрқашан құжаттар формасы, олардың мазмұны, құжат айналымын ұйымдастыру қарастырылады.

Барлық өзгерістер өзіндік есеп талаптары мен жоспарлануға ғана оқылмайды. Олар белгілі бір деңгейде талдауды ақпараттық қамтамасыз ету қажеттіліктеріне және басқару шешімдерінің өңделуіне сүйенеді.

Экономикалық ақпарат зерттелуші құбылыс пен процесті объективті түрде бейнелеуі керек. Олай болмаған жағдайда талдау нәтижесі бойынша жасалған шешімдер сәйкес келмеуі мүмкін, ал аналитиктермен өңделген ұсыныстар тек кәсіпорынға пайда әкеліп қана қоймай, сонымен қатар зиянын тигізуі де мүмкін.

Ақпараттың бірігуі, түрлі көздерден келіп түседі (жоспарлы көзден, тіркелген, тіркелмеген сипаттағы) – түрлі ақпарат көздерін дулляждау. Бұдан көретініміз, әрбір экономикалық құбылыс, әрбір шаруашылық акт тек бір рет ғана тіркелмеуі керек, ал алынған нәтижелер болса есепте, жоспарлауда, бақылауда, талдауда қолданылуы мүмкін.

Оперативтілік – талдаудың тиімділігі тек ғана өндіріске оның нәтижелері бойынша оперативті түрде араласу мүмкіндігі болған жағдайда ғана қамтамасыз етілуі мүмкін. Бұл дегеніміз, ақпарат аналитикке барынша жылдам түсуі керек деген сөз.

Ақпараттар жүйесі рационалды (тиімді) болуы керек, яғни жинаққа, мәліметтерді сақтауға және қолдануға қажетті шығын минимумын талап етуі керек.

1. Дамыған нарықтық экономика тұсында талдаудың ішкі және сыртқы талдауларға бөлуніді қажет етеді.

Ішкі талдауға басқару талдауы жатса, сыртқы талдауға қаржылық талдауы жатады.

Ішкі талдау нәтижелері кәсіпорынның қаржы жағдайына баға беру үшін, болжау және жобалау үшін қажет. Оның мақсаты банкроттықты жою және неғұрлым көп пайда алу үшін өз меншіктегі және сырттан келтірілген қаржыларды орналастырып ақша қаржыларын жоспарлы түрде қаматамасыз ету. Бұл талдау кәсіпорын қызметімен орындалады. Сыртқы талдау арқылы есеп беру негізінде инвесторлармен, материалдық және қаржылық қорлармен жабдықтаушылармен жүргізіледі. Оның мақсаты жоғалтуларды болдырмау және пайданы көбейтуді қаматамасыз ету үшін, қорларды тиімді орналыстыру мүмкіншілігін беру.

Шаруашылық қызметіне талдаудың бағыттары

3. Экономикада шаруашылық қызметіне талдау түрлерінің келесідей классификациясы берілген:

1) Салалық белгі бойынша

а) салалық

б) салааралық

2) Басқару процессінің мазмұны бойынша

а) бастапқы (перспективті)

б) кезекті (ретроспективті)

в) оперативті

3) Қолдану белгісі бойынша

а) шаруашылық ішіндегі

б) шаруашылық аралық

4) Басқару объектілері бойынша

а) техника экономикалық

б) қаржы экономикалық

в) басқару

г) экономика статистикалық

д) экономика экологиялық

е) маркетингтік

5) Объекті зерттеу методикасы бойынша

а) салыстыру

б) факторлық

в) диагностикалық

г) стохастикалық

д) функционалдық құндық

6) Субъектілер бойынша

а) ішкі

б) сыртқы



7) Программа материалы бойынша

а) комплекстік

б) тематикалық

8) Периодтылық бойынша

а) жылдық

б) кварталдық

в) айлық

г) декадалық

д) күнделікті

е) сменалық

Тексеру процессінің мазмұны бойынша экономикалық талдауды классификациялау басқарудың мерзімдік этаптарын суреттейтін негізгі функциялар мазмұнына тура келеді.

1. Бастапқы басқару этапы (жоспарлау функциясы).

2. Оперативтік басқару этапы (басқаруды ұйымдастыру функциясы).

3. Соңғы басқару этапы (тексеру функциясы).

Осы 3 талдау түрі шаруашылық объектілерді басқару процессінде қолданылады. Басқарудың әрбір деңгейінде күнделікті көптеген шешімдер қолданылады, қабылданады. Олардв түсіну үшін экономикалық талдаудың әртүрлі түрлері қолданылады. Кәсіпорынды реттеудің шешімдерін қабылдаудың негізгі ретінде оперативтік талдау қарастырылады. Стратегиялық басқару есептерін шешу үшін әр бір кәсіпорын жалпы комплекстік экономикалық талдауды қолдануы керек.

3. Экономикалық талдаудың міндеттері:

1) Нормативтердің, бизнесс процесстердің, бизнесс жоспарлардың ғылыми экономикалық маңызын көтеру ретроспективті талдаумен жасалады. Белгілі периодқа уақыттық қатарларды құру, шаруашылық дамуда экономикалық заңдылықтарды белгілеуге мүмкіндік береді. Содан кейін кәсіпорын шаруашылық қызметіне өткен шақта және болашақта ықпал ететін факторлар анықталады. Ағымдағы периодта шаруашылық (талдау) қызметіне талдауына аса көңіл аударрылуы керек. Себебі ол жоспар алдындағы талдауға жатады. Ретроспектрлі талдаудың қорытындысы жоспар алдындағы талдау қорытындысымен қосылып жоспарлы есептеулерде қолданылады. Ретроспектрлі және ағымдағы талдауларды перспективті талдаумен аяқтап жоспарлы жобалы көрсеткіштерге алып шығарады. Барлық жағдайда салыстыру әдісі пайдаланады. Сонымен барлық бизнесс жоспаслар қажетті экономикалық есептеулермен толық қамтамасыз етіледі.

2) Нормативтердің, бизнесс жоспарлардың, бизнесс процесстердің, орындалуын жан-жақты зерттеу. Мысалға: өнеркәсіптік кәсіпорында өндірістік бағдарламаның орындалуы сонымен ассортимент бойынша, сорт бойынша, сапа мен комплектенуі бойынша, өндіріс ырғақтығы бойынша, өнімді сату бойынша, тасымалдау келісімін орындау бойынша зерттелсе, транспорттық кәсіпорында жүк айналымы бойынша, байланыс ұйымдарда көрсетілген қызметтер бойынша зерттеледі. Сауда ұйымдарында негізгі көңіл көтерме және бөлшек сауда айналымына, оның ассортименттік құрылымына аударылады.

3) Материалдардың. Еңбектің қаржылық ресурстардың, пайдалану тиімділігін, нәтижелілігін анықтау.өнеркәсіптік кәсіп орында жұмыс күшінің (еңбекшілердің саны мен мамандығы бойынша негізгі және көмекші персонал бойынша, еңбек өнімділігі бойынша) еңбек қорлары мен затының (ғимараттар, құрылыстар, инструмен, шикізат, материал) қаржы қорларының (өз меншіктік және заимдық) қолдану тиімділігі бөлек зерттеледі. Ал ауыл шаруашылығында материалдық, еңбектік, қаржылық қорларын пайдалану экологиялық тәртіптерді қатаң сақтаумен байланысты.

4) Коммерциялық есептеулердің орындалуын қадағалау – кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижеге баға беру кезінде сандық және сапалық көрсеткіштер пайдаланады. Мысалға өнеркәсіптік кәсіпорынның пайдасы тек қана сонымен бірге олардың өзіндік құнымен бағасы анықталады. Сауда кәсіпорнында пайда тауар айналымының жоспарын орындау мен және айналым шығындарының нақты діңгейімен анықталады. Коммерциялық есептеулердің принциптерін сақталуаын дұрыс бағалау үшін зерттелетін көрсеткішке әсер еткен факторларды бағынышты және бағынышты емес деп бөлеміз. Бөгде факторлар әсерін болдырмау кәсіпорынның нәтижелерін объективті талдауға мүмкіншілік береді. Кәсіпорын қызметіне әсер еткен факторларды бағынышты және бағынышты емес деп болу нарық тұсында маңызды зор.

5) Өндіріс процесстерінің барлық стадияларында ішкі резервтерді анықтау өлшеу. Экономиканың даму темптерін көтеру алдымен шаруашылығы барлық резервтердің анықталуына, олардың іске асырылуына байланысты. Экономикалық талдау процессінде резервтерді анықтау кәсіпорнынның ішкі бөлімшелерінің, бір текті кәсіпорынның, отандық және шетелдік тәжірибесіне жоспарды орындауды салыстыру жолы арқылы жүргізіледі. Жоспарлы жобалардың критикалық бағасы, олардың асыра орындау мүмкіншілекткрін көрсетеді.

6) Басқару шешімдерінің оптималдығын тексеру. Дұрыс басқару, шешімді қабылдау, оның рационалдығымен оның тиімділігін анықтау тек қана экономикалық талдау негізінде жасалады.

Сонымен экономикалық талдау міндеттері жоғарыда айтылған тізіммен аяқталмайды. Шаруашылық ситуациялардың көп жақтылығы өз алдына көптеген міндеттер қояды. Ларды жалпы және жеке аналитикалық әдістердіқолданып шешуге болады. Шаруашылық дамудың тәжірибесінде экономикалық ғылым алдында және экономика талдау алдында әртүрлі этаптардан жаңа міндеттер туып, бастапқы міндеттер өзгертіледі. Бұл процесс болашақта да жүргізіледі.

Басқару талдауының этаптары.

1. Есеп жүйесін талдау.

2. Басқару жүйесін талдау.

3. Өндіріс жүйесін талдау.

1. Есеп жүйесін талдау басқару талдауының басы ретінде қарастырылады. Есеп жүйесі әрбір шаруашылық субъектісі үшін оның сыртқы ортаға кіру есігі болып табылады. Сондықтан шаруашылық субъектісінің басқару талдауын тек қана есеп жүйесінен бастау қажет. Есеп жүйесінің мақсаты өндірісті қажетті интенсивтілікті қаматамасыз ету үшін негіз құру. Шаруашылық субъектісінің есеп жүйесі келесідей капитал элементтерінен құралады:

1. мүліктік капитал.

2. адамдық капитал.

3. есептік капитал.

Есеп жүйесінің мақсаты арқылы осы элементтердің әр қайсысының есеп жүйесіндегі жағдайды зерттеу қажет. Есеп жүйесінің мүліктік капиталын зерттеуі, оның есеп жүйесі персоналының өз қызметтік міндеттерін атқару үшін жағдай жасау қабілеттілігін тексеруде.

а) еңбекшілердің оперативтік есеп әдістемелігіне негізделетін нормаларды орындауын тексеру.

б) басқару шешімдерін қабылдау үшін ақпараттық негіз құру, ол үшін есеп жүйесіндегі персоналдың еңбек жағдайын тексеру қажет.

Есеп жүйесіндегі адамдық капиталды зерттеу персоналдың мамандық сапасының адеквттығын тексеруде түсіндіріледі. Бұл талдау кезінде персоналдың адекваттық еместігі, шаттағы қызметтің сәйкессіздігі, қызметкерлер санының жетіспеушілігі анықталады. Жұмысшылардың нормаларды орындауы, есеп жүйесінің арнаулы мамандарымен тексерілуі тиіс. Бұл тексеру компьютер арқылы және тағы басқа есептеу техникасы арқылы жүзеге асырылады. Басқару шешімдерін қабылдау үшін, ақпараттар негіздерін құру есеп жүйесінің қызметкерлерінің арнайы міндеті болып табылады. Бұл міндетті, олар тәжірибесі мен білімдері негізінде орындайды. Ішкі тексеру жүйесінің жағдайы шаруашылық субъектісінің жағдайын көрсетеді, яғни шаруашылық субъектісінің есеп жүйесінің басқару талдауы, оның ішкі тексеру жүйесінің талдауына әкеледі. Шаруашылық субъектісінің ішкі тексеру жүйесі келесі үш элементтен құралады:

1. тексеру ортасы.

2. есептеу саясаты.

3. тексеру процедуралары.

Сонымен шаруашылық субъектісінің есеп жүйесінің басқару талдауы, осы үш элеменнтің талдауына әкеледі. Бұл талдау мақсаты шаруашылық субъетінің болашақтағы тиімді техникалық ұйымдастырылуын анықтауда.

Тексеру ортасын талдау.

Шаруашылық субъектінің ішкі тексеру жүйесінің ортасы, бұл тексеру мүмкіндіктерін анықтайтын шаруашылық субъектінің қасиеттерінің жиынтығы. Тексеру ортасының мінездемесі зерттелетін шаруашылық субъектінің тексеру жүргізу мүмкіндігін көрсетеді. Тексеру ортасы келесі элеменнтерден құрылады:

1. Басқарманың тексеруге қатынасы – қалған персоналдың тесеруге қатынасына мысал болады. Басқарманың тесеруге қатынасы, оның квалификациясына, моральдық қасиеттеріне байланысты.

2. Тексеру функциясын орындайтын персонал квалификациясы – шаруашылық субъектінің кадрдық мәселелері оның ішкі тексеру жүйесінде көрсетіледі. Мысалы: бухгалтерді жиі ауыстыру, есеп және тексеру функцияларының жөнді квалификациясы жоқ қателіктер жасайтын адамдармен жүргізілуін көрсетеді. Ал басқарманың жиі ауысуы есептегі техникалық қателіктерге әкеледі. Сондықтан персонал квалификациясын бухгалтерлердің ауысу себептерін басқару талдауы кезінде анықтауы қажет.

3. Функционалдық жауапкершіліктің принципі, міндеттердің әртүрлі категориялары персоналдық қызметтік міндеттеріне кіруі тиіс. Сондықтан басқару талдауының, бұл жердегі мақсаты персоналдық әртүрлі категорияларында міндеттердің арасындағы функционалды жауапкершілікті, оптималды үлестіруді мүмкіншілігі барынша үлестіру.

4. Міндеттердің бірікпеушілік принципі. Бұл әдіс қызметкердің ақпараттық бұзылуын болдырмайтын (қызимткердің) әдіс. Бұл әдіс принципі бойынша бір қызметкерге бір немесе екі функционалдық жауапкершілігі бар міндеттерді үлестірілуін қадағалау. Шаруашылық субъектінің ішкі тексеру жүйесінің параметрлерінің жақсарту үшін негіз құру мақсатында басқару талдауы, персоналдың әртүрлі категорияларының міндеттерінің арасындағы біріктірілмейтін міндеттерді оптималды үлестіру мүмкіншіліктерін зерттейді.

5. Тексеру немесе қадағалау. Қадағалау, бұл басқару тексеруінің әдісі. Шаруашылық субъектінің персоналдарының еңбек мінездемесінің сапалық және сандық тексеруі үшін қажет әдіс. Жалпы айтқанда тексеру шаруашылық субъектісінің ішкі тексеру жүйесінің функциялау шарты болып табылады. Бұл кезде басқару талдауы ішкі тексеру жүйесінің параметрлерін жақсарту үшін негіз құру мақсатында шаруашылық субъектісінде тексеруді оптимизациялау мүмкіншілігін зерттейді.

6. Активтерге қол жеткізуді тексеру. Шаруашылық субъектінің құжаттарына, материалдық құндылықтарына қол жеткізуді шектеу әдісі. Бұл кезде басқару талдауы осы қол жеткізудің мінездемелерін жақсартудың мүмкіншіліктерін бекіту процедураларын зерттейді.

7. Преиодтық салыстыру. Бұл шаруашылық субъектінің активімен пассивінің категорияларының инвентаризациясы. Периодтық салыстыру шаруашылық субъектінің ішкі аудит бөліміне жатады.


Есептік саясатының талдауы.
Шаруашылық субъектінің есептік саясаты деп бухгалтерлік есепті жүргізу әдістемелігін айтамыз. Есептік саясаттың талдауы, келесі элементтерден құрылды:
1. шоттар жоспары.
2. бухгалтерлік есеп формалары және техникасы.
3. бухгалтерлік есепті ұйымдастыру.
4. материалдық құндылықтар мен міндеттемелерді түгелдеуді жүргізудің мерзімін, санын анықтау.
5. шкі өндірістік есептің, есеп берулердің тексерудің жүйесі.
шаруашылық субъектінің басқару талдауы, оның экономикалық қызметіндегі жұмыс шоттар жоспарының адекваттылығын зерттейді. Шаруашылық субъекті жағдайы экономикалық талдауының теоретикалық негіздерімен байланысты жұмыс шоттар жоспары түсінікті болуы тиіс. Себебі шоттар жоспары арқылы шаруашылық субъектінің тепеөтеңдік жағдайының фазасын анықтауға болады.

бұл бухгалтерлік есепті жүргізудің физикалық әдісі. Бұл есеп техникасы ретінде есептік ақпаратты тіркеу автоматизация құралдарын пайдалану немесе қолма-қол пайдалану арқылы жүргізудің тәсілі қарастырылады. Есептік ақпаратты тіркеу үшін, есептік регистрлер жасалған, олар карточкалар, бос парақтар және кітаптар. Карточкалар аналитикалық есеп үшін қажет. Мысалы: негізгі қорларды, тауарлы материалдық құндылықтарды есептеуді жүргізі үшін карточкалар ашылады. Олар арнайы картотекаларда сақталады. Бос парқтар аналитикалық әрі синтетикалық есептерді жүргізу үшін қажет. Олардың ерекшелігі үлкен форматты және көп мәліметтер сияды.

Бос парақтарға: журнал ордер, ведосостипер, автоматтандырылған бос парақтар жатады.

Кітап деп бос парақтар жиынын айтамыз. Оған кассалық кітап, бас кітап және мемориалдық кітаптар жатады. Кітаптар тігіліп, парақталып соңғы бетінде парақ саны жазылады және басшы мен бас бухгалтер өз қолдарымен растайды.

Бухгалтерлік есеп формасы деп, аналитикалық және синтетикалық регитриердің әртүрлі байланысындағы есептік ақпараттарды өңдеу әдісін, олардың өзара байланысын, жазбалардың кезектілігін айтамыз. Басқару талдауы, есепті жүргізудің сапасын, құжаттардың физикалық жағдайын, қателерін жоюдың барын, қателер жиілігін, олардың заңға сайлығын тексереді. Сонымен бірге осы құжаттардың сақталу жағдайын тексереді.

бухгалтерлік есепті ұйымдастыру ретінде шаруашылық субъектінің бухгалтерлік қызметтің структурасы зерттеледі. Еңбекті бөлу принципі негізінде бухгалтерлік қызметтің құрамдық бөлімдерге бөлінуін бухгалтерлік қызмет структурасы дейміз. Басқару талдауының бұл жердегі мақсаты, бүхгалтерлік қызметтің құрылымындағы иерархиясын және осы қызметтің ұйымдастырылу бірліктерінің қажеттілігін анықтап, ескілерін жойып, жаңа бірліктерді құру.

материалдық құндылықтар мен міндеттемелерді түгендеуді жүргізудің мерзімін, санын анықтау деп материалдық құндылықтардың сақталуын қадағалау әдісі деп айтамыз. Басқару талдауының мақсаты түгендеудің өткізілу дұрыстығын, өткізу мерзімінің дұрыстығын тексереді. Сонымен қатар түгендудің нәтижелігін қажеттілігін зерттейді.

бұл шаруашылық субъекті мен пайдаланылатын өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау және өндірістегі шығындарды есептеу жүйесі.

Кешенді жоспар -

-талдау объектілерінің тізімін анықтау. Олар талдаудың зерттелуіне және мақсатына жатады, көрсеткіштердің жүйесін өңдейді.

Тематикалық жоспар -

- зерттеуді тереңдету үшін кешенді мәселелер бойынша талдау жасау жоспары, оларға объектілер, субъектілер, кезеңдер, жүргізілу уақыты, орындаушылар кіреді.

Есептік мінездеменің ақпарат көздері -

- бухгалтерлік, статистикалық, оперативті есеп және есеп берудің барлық түрлерінен тұратын мәліметтер.

Ақпараттың тіркелмеген көздері -

- құжаттардан тұратын құжаттар, олар шаруашылық қызметті реттейді.

Ішкі ақпараттар жүйесі -

- статистикалық, бухгалтерлік, оперативті есеп мәліметтері және есеп беру, кәсіпорында өңделген жоспарлы, нормативті мәліметтер

Сыртқы ақпараттар жүйесі -

- статистикалық жинақтар мәліметтері, периодты және арнайы басылымдар, конференциялар, іскерлік кездесілер, арнайы және т.б.

Эпизодты ақпарат -

- қажеттілік мөлшері бойынша формаланады

Тұрақты ақпарат-

- өз мәнін көп уақыт бойы сақтайды

Ауыспалы ақпарат -

- құбылыстың жиі ауысуын сипаттайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет