ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Физиканы оқыту әдістемесі» «5В011000 – Физика» мамандығы үшін ОҚУ-Әдістемелік материалдары



бет44/56
Дата18.03.2017
өлшемі4,29 Mb.
#11978
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   56

Ньютонның үшінші заңы

Ньютонның екінші заңында біз белгілі денеге басқа дененің әсерін қарастырдық та, ал сол белгілі дененің екінші басқа денеге жасайтын әсері жөнінде әңгіме қозғағамыз жоқ. Ньютонның үшінші заңында өзара әсерлесетін екі дене де қарастырылады.



Масса ұғымын енгізу үшін екі арбашаның өзара әсерлесуін зерттеп, мынадай қатынасты жазған болатынбыз:

.

Түрлендірсек: . Арбашалардың өзара әсерлесу нәтижесінде алатын үдеулерінің бағыттарының қарама-қарсы екендігін ескеріп, мынадай теңдік жаза аламыз: .

Ньютонның екінші заңы бойынша , , мұндағы мен -бірінші және екінші арбашаларға әсер жасайтын күштер. Олай болса: . Бұдан біз бірінші дене екінші денеге күшпен әсер етсе, екінші дене де бірінші денеге күшпен әсер жасайтындығын, ол күштердің модульдерінің теі екендігін және бағыттарының қарама-қарсы болатындығын көріп отырмыз. Бұл табиғи заң, ол былай айтылады: әсерлесу кезінде денелер бір-біріне бір түзудің бойымен бағытталған, модулі жағынан өзара тең және бағыттары қарама-қарсы болатын күштермен әсер жасайды.

Осы заң Ньютонның үшінші заңы деп аталады. Заңның түсіндірілуі бойынша табиғатта тек әсер ғана емес, онымен бірге қарсы әсер бірге пайда болатындығына оқушылардың назарын аудару керек. Сол себепті Ньютонның үшінші заңы әртүрлі айтылады: «Екі дененің бір-біріне әсерінің модульдері тең, бағыттары қарам-қарсы», «әсер қарсы әсерге тең», т.с.с. Әсерлесетін екі дененің қайсысын «әсер жасаушы», қайсысын «қарсы әсер жасаушы» деп есептеудің бара-бар екендігі түсіндіріледі.

Осы арада тәжірибелер көрсетуге болады. Ньютонның үшінші заңын түсіндіретін тәжірибелер көп-ақ, бірнешеуін ғана келтірейік:

1)екі табақша динамосетрді жалғастырып, қолмен екі жағынан тартып, олардың бірдей күш көрсететіндігін демонстрациялауға болады; тақтаға екі оқушы шығарып та тәжірибені жалғастырамыз, екі жаққа екеуі тартқанда да немесе біреуі тартса да динамометрдің көрсетуі бірдей болатындығын түсіндіреміз.



2)өте аз үйкеліспен қозғалатын екі платформаға екі оқушыны шығарып, бір-бірін жіппен тартқызамыз, жіпті екеуі тартқанд да немесе жеке-жеке тартқанда да платформалардың бірдей қозғалатындығын көреміз.



3)табақша динамометрлер және магниттер көмегімен көрсетілетін тәжірибе өте көрнекі және нанымды (сурет). Бір динамометрдің жоғарғы алаңшасына бір магнитті орналастырып, екінші динамометрге екінші магнитті суретте көрсетілгендей етіп ілеміз. Магниттердің полюстері қарама-қарсы орналасуы тиіс. Магниттер өзара тең және бағыттары қарама-қарсы күштермен әсерлеседі. Оқушыларға әсер күші мен қарсы әсер күші бір мезгілде пайда болып, бір мезгілде жоғалатындығын, біреуі өзгерсе екіншісінің де сонша өзгеретіндігін айтып түсіндіру қажет. Бұрынғы көрсетілген тәжірибелер мен келтірілген мысалдарға сүйене отырып, әсер және қарсы әсер күштерінің табиғатының бірдей болатындығына ерекше тоқталып өткен жөн. Ешқашан табиғатта, мысалы, әсер күші ауырлық күші болып, ал қарсы әсер күшінің серпімділік күші күші болуы мүмкін емес. Егер бірінші дене екінші денеге серпімділік күшімен әсер етсе, онда екінші дене де бірінші денеге серпімділік күшімен қарсы әсер етеді.

Бұл айтылған қорытындылардың Ньютонның үшінші заңынан туындайтындығын ескерту керек.

Тағы бір ескеретін жайт - өзара әсерлесу кезінде пайда болатын күштер бір денеге емес, әртүрлі денеге түседі, сондықтан олар бірін-бірі теңгере алмайды. Тек бір денеге әсер жасаушы күштер ғана бір-бірін теңгеруі мүмкін.

Ньютонның үшінші заңын түсіруге арқан тарту, арба немесе шанаға жегілген ат қозғалысы, трактор мен тепловоз қозғалысы сияқты дәстүрлі болып кеткен мысалдарды талдау үлкен көмегін тигізеді.

Өзін өзі бақылау сұрақтары:

1. Кәсіптік мектепте механика бөлімін оқыту әдістемесі жайында баянда.


7, 8- тақырып. Молекулалық физика және термодинамика мәселелерін оқыту әдістемесі.

Дәріс мақсаты: Молекулалық физика және термодинамика мәселелерін оқыту әдістемесін көрсету.

Жоспар:


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   56




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет