Физика – материаның қарапайым және жалпы формаларының қозғалысы және олардың өзара өзгеруі жайындағы ғылым, ол дәл ғылымдар қатарына жатады және бізді қоршаған ортадағы процестер мен құбылыстардың сандық заңдылықтарын оқытады.
Физиканы оқыту әдістемесі –физиканы оқытудың дидактикалық принциптерінің қосымшасы болып табылатын педагогикалық ғылым.
Физиканы оқыту пәні – физиканы оқыту процесінде оқушыларды дамыту мен тәрбиелеудегі, физиканы оқытудың теориясы мен практикасы.
Оқыту технологиясы - бұл оқытудың формалары және тәсілдері, әдістері
Оқытуды гуманизациялау - барлық оқу-тәрбиелеу процесінің орталық суьбектісі болып табылатын баланың жеке қасиеттеріне баса көңіл аудару.
Оқытуды гуманитаризациялау – сәйкес оқу сабақтарында (әлемдіккөзқарас, әдіснамалық, тарихи-бионрафиялық, экологиялық) меңгерілетін ғылымдардың гуманитарлық аспектілеріне баса көңіл аудару.
Оқытуды дифференциациялау –оқушылардың жеке шығармашылық және қызығушылық қабілеттерін ескеретін оқу процесін ұйымдастыру.
Гимназия - V-XI сыныптар құрамында жұмыс істейтін, ой еңбегіне бейімді оқушыларды дамытатын және тәрбиелетін орта жалпы білім беретін оқу орны.
Лицей-VIII-XI немесе X-XI сыныптар құрамында жұмыс істейтін кәсіптік бағытталған жалпы білім беретін мекеме.
Колледж – кәсіптік дайындықты жүзеге асыруға бағытталған кәсіптік бағыттағы білім беру мекемесі.
Базистік оқу жоспары -орта жалпы білім беретін мекемелердің жұмысын реттейтін құжат.
Экология -орта жағдайы мен тірі организмдердің өзара қатиынасы жайындағы ғылым.
Ойлау – обьективті шындықты бейнелетін адамзат танымының жоғары басқышы.
Әлеуметтік мотивтер – оқушылардың басқа суьбектілермен әртүрлі өзара әсерлермен байланысқан побуждения.
Танымдық мотивтер – оқу іскерлік процесімен және мазмұнымен байланысты побуждения.
Өткен байланыстар – бьасқа пәндердің ертеректе меңгерілген материалдарымен физика курсының байланысты.
Ілеспелі байланыстар – бірмезгілде меңгерілетін әртүрлі оқу пәндерінің ұғымдары, теориялары, заңдары арасындағы байланыс.
Алдағы байланыстар - бұл физика курсының материалдары басқа пәндерді меңгеру үшін база болып табылатын байланыстар.
Сабақ– бұл мұғалім дәл тағайындалған уақыт мезетінде оқушылардың тұрақты танымдық іскерлік топтарын басқаратын оқытудың ұйымдастырылған формасы.
Күнтізбелік-тақырыптық жоспар – бұл оқу материалының әрбір тақырыбын сабақтар бойынша бөлу.
Оқытудың сөздік әдісі –материалды баяндаудың сөздік әдісі (әңгімелеу, түсіндіру, әңгімелесу, дәріс), сондай-ақ кітаппен жұмыс істеу (оқулықпен, хрестоматиямен, анықтамалық құралдармен, дидактикалық материалдармен және т.б.).
Әңгімелеу – меңгерілетін тақырыпқа жататын іс-жүзіндегі материалды жалғасымдылықпен баяндау.
Түсіндіру – мұғалімнің жаңа ақпартты дәлелдеп, негіздеп, талдап түсіндіруі.
Әңгімелесу -оқытудың «сұрақжауап» әдісі.
Оқу эксперименті – бұл сабақта физикалық құбылыстарды арнайы құралдардың көмегімен шығару.