Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «химия есептерін шығару әдістемесі»



бет9/109
Дата07.02.2022
өлшемі4,92 Mb.
#83942
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   109
Байланысты:
285b4f1b-dc71-11e4-b960-f6d299da70eeУММ ХЕШ (2)

Есеп №14-45. 1 кг 17% NH3 ерітіндісін алу үшін аммоний хлориді тұзымен сөндірілген известьтің қандай массасын әрекеттестіруге болады?
Синтетикалық әдіс: Мазмұннан мынаны білеміз: амиактың массасы, проценттік мөлшері, сөндірілген известьтің массасын табу. Есептің қысқаша мазмұның жазамыз:



Шешуі:
Берілгені: W = m(е.з) / m(ерт)
m (NH3) =1кг Ерітіндінің массасы мен ерітіндегі
W (NH3 ) =0,17 амиактың массалық үлесі арқылы m (Ca(OH)2 - ? еріген амиактың салмағын формуламен
Қосымша мәліметтер: анықтауға болады. Ол үшін жоспар құрамыз.
M(NH3 ) =17 г/моль
M (Ca(OH)2 =74 г/моль
Есептің жоспары:

1. 1 кг 0,17 NH3 массасын табу.


m(е.з) = W ∙ m(ерт) =0,17 ∙ 1000 г =170 г
2. Реакция теңдеуі арқылы известің массасын табу.

x г 170 г


2 NH4Cl + Ca (OH)2 = CaCl2 + 2NH3 + 2 H2O
74 г 34 г

х = 74· 170 / 34 = 370 г


Егер оқушыға белгілі өлшеммен белгісіз өлшем арасындағы байланыс түсініксіз болса, онда есепті зерттеудің аналитикалық әдісіне көшу керек.
Бұл кезде белгісіз өлшемге көңіл аударады, оны қалай анықтау керек, яғни бұл үшін қандай теориялық ілім, заңдылық керек, оны қалай пайдалану керек. Бұл сұрақты шешкеннен кейін, белгісіз өлшеммен белгілі өлшем арасындағы тура және жанама байланыстарды анықтайды.
1) Мысалы есептің шарты бойынша Ca (OH)2 массасын анықтау керек болса, реакция теңдеуі бойынша қорытынды жасайды, яғни реакцияға 2 моль NH4Cl мен 1 моль Ca (OH)2 әрекеттесіп , 1 моль CaCl2 мен 2 моль NH3 пен 2 моль H2O шығады.
2) Ca (OH)2 массасын табу үшін реакцияға қатысқан заттардың төртеуінің біреуінің массасын анықтаса да болғаны, ондай зат NH3. Оның массасын формула бойынша анықтауға болады. Олай болса Ca (OH)2 салмағын да амиактың массасымен салыстыра отырып анықталынады. Сонымен аналитикалық әдіс те есептің жоспарына әкеліп отыр. Аналитикалық әдісті төмендегі есепке қолданайық:
Есеп №2 Құрамы 80% магнитті темірден тұратын әрбір тонна темір рудасынан құрамында 95% Ғе бар 570кг шойын алуға болады. Теориямен салыстырғанда шыққан темірдің массалық үлесінің шығымын анықтаңдар.
Есеп талқыланғаннан кейін, оның шарты жазылады. Жоспар құрылады.


Берілгені: Есепті шығару үшін шығымға байланысты
m (руда) =1т анықтамаларды еске түсіреді. Оны анықтайтын
m (шойын) = 570кг формуланы жазады.
ω(Ғе) = 0,95
ω(Ғе3О4) = 0,8 η = mпрак(Ғе) / mтеор (Ғе)

η(Ғе)-?
Практика жүзінде алынған темірдің массасын шойынның массасы мен
ондағы темірдің проценттік мөлшерімен анықтайды. Сонан кейін бір тонна рудадағы темірдің массасын табу үшін алдымен бір тоннадағы Ғе3О4 массасын табады. Сосын химиялық формула арқылы Ғе3О4 және оның молярлық массасы арқылы рудадағы Ғе массасын табуға болады. Осындай талқылаудан кейін барып,есептің шығару жоспары құрылады.

    1. Шойындағы темірдің массасын табу.

m = 570 · 0,95 = 541,5 кг.



    1. Бір тонна рудадағы Ғе3О4 массасын табу.

m (Ғе3О3) = 0,8· 1000 кг = 800 кг





    1. Ғе3О4 құрамындағы темірдің массасын табу.(теориялық масса)

800 ----------------------- х
232 ----------------------- 168
х = 800 ·168 / 232 = 579

4.Темірдің массалық үлесінің шығымын анықтау.


η = mпрак(Ғе) / mтеор (Ғе) = 541,5 / 579 = 0,94 = 94 %


Күрделі есептерді талқылағанда көрнекілік материалдың орны ерекше. Мәліметтерді графика түрінде өрнектеудің маңызы өте зор. Себебі графика арқылы өрнектеп, есептің мазмұнын анық, нақтылы түсінуге болады.


Есеп №3. Бидайдан орташа есеппен астық алғанда бір сезонда әр бір гектар жерден 75кг азот алынып кетіледі.Бұл кемістіктің орнын аммиак селитрасының қандай мөлшері толтыра алады, егер мынаны ескерсек өсімдіктер үшін қажетті азоттың 20% топыраққа табиғи процесс арқылы қайтарылатын болса. Есептің шартын жазамыз:
Шешуі:
Мг(N) =14 М(N) =14г/моль
m (N)=75кг М(NН43) = 80г/моль
ω(Nқайтатын) =0,2

m (NН43) = ?
Есепті талдай келе мынадай міндеттерді шешуді қажет етеді. Бір сезонда астықпен бірге бір га жерден 75 кг азот кететін болса, бұл азоттың массасын төрт бұрышты геометриялық формамен өрнектейміз. Осы азоттың 20%, яғни 1/5 бөлігі табиғи жолмен топыраққа қайтарылады. Оларды шартты түрде былай белгілейміз :
а) Азоттың шартты түрдегі массасы:

75кг N


б) 20 % азоттың массасын берілген тік бұрыштың 1/5 бөлігімен белгілейміз.
75кг N

20%




в) Топыраққа NН43 енгізілгенде азотпен бірге Н,О элементтері енгізіледі. Оларды өрнектеу үшін тік бұрышты сызықта әрі қарай созамыз.


75 кг N

20 %










m ( NН 43)-?
1 Сурет. Мәліметтердің графикалық түрде жазылуы
Азоттың 1/5 бөлігі табиғи жолмен толтырылады.Олай болса тыңайтқыш арқылы азоттың 4/5 бөлігін толтыру керек. Сөйтіп в) схеманы шығарамыз. Осыдан келіп есептің жоспары құрылады:

  1. Табиғи жолмен қайтарылатын азоттың массасын анықтау.

  2. Тыңайтқыш арқылы берілетін азоттың массасын анықтау.

  3. Азоттың массасы арқылы NН43 массасын анықтау.

Есепті екінші әдіспен, графикалық схема арқылы да қысқа жолмен
шығаруға болады. Егер 20% азот топыраққа табиғи жолмен келетін болса, онда тыңайтқыш арқылы 75кг-ның 80% енгізу керек. Ол: 75кг · 0,8 = 60кг. Одан әрі қарай жоғарғыдағы жоспар бойынша NН43 массасы анықталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   109




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет