Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «химия есептерін шығару әдістемесі»



бет6/109
Дата07.02.2022
өлшемі4,92 Mb.
#83942
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   109
Байланысты:
285b4f1b-dc71-11e4-b960-f6d299da70eeУММ ХЕШ (2)

2. Химиялық есептің екі бөлімі

Есепті шығарғанда негізгі екі мәнге көңіл бөлу керек. Ол есептің химиялық бөлімі мен математикалық бөлімі . Есептің химиялық мәнін ескеру қажет. Есепті шығарудың алгоритмдік ретін төмендегі схема арқылы қарастырайық:


Есепті шығарудың химиялық бөлімі:



Текст



Е септің шартын схема түрде жазу



Есепті зерттеу






Есепті талдау
Есепті шығарудың математикалық бөлімі:



Есепті шығарудың әдісі






Шығару, есептеу




Жауабы




Шығаруды талдау, тексеру

Есеп шығарғанда оқушылар есептің химиялық бөліміне көңіл бөлмей , бірден математикалық есептеу жағына көп көңіл бөледі. Сондықтан да есептер жаттанды шығарылады. Оқушыларға заттарды қарастырғанда оның сандық жақтары мен қоса сапалық жағы да бар екендігін айту керек. Мысалы: 1-тапсырма. Мына қосылыстардың 5 Н2О, O2 , 2 Cu , H2SO4 , CaCO3, 3 NaOH


а) сандық;
б) сапалық құрамын анықтаңдар.
Шешуі: 5 Н2О- бес молекула судың сандық құрамы:
1) қандай элементтен құралған (Н.О)
2) молекула саны (5)
3) Заттың типі (күрделі)
4) қосылыстың типі (оксидтер)
Сапалық құрамы:
1) Салыстырмалы молекулалық массасы(Mr(Н2О))=18
2) Молярлық масса – М(Н2О) = 18 г/моль
3) Зат саны (ν) , моль ν (Н2О) = 5 моль
4) Масса (m), r. m (Н2О) = 90 г
5) Молярлық көлем (Vm) , л/моль-0,018 (18:1000)
6) Көлем (V), л -0.09 л
7) Элеметтердің массалық үлесі (W)
W(H) =0.11
W(O) =0.89
8) Элементтердің массасы
m(H): m(O) : 1:8
Есеп шығарғанда ең бірінші есептің химиялық мазмұнына да мән беру керек, сонан кейін есептің есептеу бөліміне ауысу керек.
Мысалы, № 4-22 есеп.
80 г 15% Na2SO4 ерітіндісіне 20 г су қосқан. Алынған ерітіндідегі еріген заттың массалық үлесін табу керек.
Бұл есепте есептің химиялық бөлімінің негізіне мынадай ұғымдар кіреді: ерітінді, еріген зат, ерітіндідегі еріген заттың массалық үлесі. Сондықтан оқушылар осы ұғымдарды еске түсіріп , мына формуланы жазады:
W = m (е.з) / m(ерт)
m(е.з) = m (ерт). W

Алынған ерітіндінің массасы, алғашқы ерітіндінің массасы мен суды қосқанда тең болатын нәрсе. Енді барып есептің сұрағына жауап беруге болады. Ол үшін берілген мәліметтерді формулаға қоямыз.


Есеп № 4-23. Сұйытылған азот қышқылы салқында күкіртті сутегін (H2S) бос күкіртке (S) дейін тотықтырады. Нәтижесінде NO мен су түзіледі. 3,36 л H2S тотыққанда қанша көлем NO мен қанша грамм күкірт алынады?
Есепті шығарудың химиялық бөліміне химиялық тілді меңгеру жатады, яғни аталған заттардың формуласын, реакция теңдеуін жаза білу, коэффициенттерін қоя білу, тотықтырғыш-тотықсыздандырғышын анықтау.
2 HNO3 + 3 H2S = 3 S + 2 NO + 4 H2O

Сонымен бірге газдардың молярлық көлемінің мөлшерін табу керек, сол арқылы газдың көлемінен заттың санына көшуге болады.


ν = V / Vm

Сонан кейін заттың сандық мөлшерінен салмағына және көлеміне көшуге мүмкіндік болады.


m = ν· M
V = ν · Vm.

Есепті шығарудың әдістері әр түрлі. Есепті шығару көптеген сатылардан тұрады.Олар бір-бірімен өте байланысты және бір жүйелі, бір сатылы болуы керек. Іс әрекеттердің алгаритмі болады:


1. Есептің мазмұнын ұқыпты оқып, оның мәнін түсінуге тырысу керек.
2. Есеп шығарудың химиялық бөлімін орындау керек:
а) есептің шартын жазу (белгілер арқылы)
б) қосымша мәліметтерді жазу
в) есепті талдау және шығарудың жоспарын құру.
3. Тиімді шығару әдісін таңдап алу.
4. Керекті есептеулер жүргізу.
5. Есептің жауабын жазу.
6. Алынған нәтижені тексеру (басқа әдіспен).




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   109




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет