ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Жаратылыстану»



бет13/13
Дата26.08.2017
өлшемі2,57 Mb.
#29090
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

Планеталар — Күнді эллипс тәрізді орбита бойымен айналып жүретін шар тәріздес тығыз денелер. Олар күн жарығына шағылысып қана жарқырайды.

Күн системасына тоғыз ірі планеталар: Меркурий, Шолпан, Жер, Марс, Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун, Плутон және күшті телескоп арқылы бақылауға болатын 1 600-ден астам кіші планеталар енеді. Ай -Жер серігі.

Қазіргі, кезде Айдың үстіңгі бетінің түзілуін бес типке ажыратады:

1) «теңіздер» —күңгірт үлкен аймақтар;

2) сақиналы таулар—цирктер немесе ай кратерлері;

3) тау тізбектері;

4) жарықтар;

5) жылылық шығару жүйелері. Цирктер немесе кратерлер



Бақылау сұрақтар:

Жер және әлем кеңістігі туралы түсінік?

Күн жүйесі планеталарына сипаттама беріңіз?
Ұсынылған әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер


  1. Қазіргі жаратылыстану концепциялары. А., 2000.

  2. Ж.Н. Мукашев Жалпы жер тану. Оку құралы. Алматы. "Қазак университеті" 2002.

Қосымша әдебиеттер

  1. Естествознание и основы экологии. М., 2000.

  2. Неклюкова Жалпы жертану. Алматы., 1980

9. Тақырып: План және карта.



Мақсаты: План және карта түрлерімен танысу.

Міндерттері: План және карта түрлеріне жалпы сипаттама беру.

Методикалық нұсқаулар:

План және карта түрлеріне жалпы сипаттама беру



Бақылау сұрақтар:

План дегеніміз не? Олардың түрлері.

Карта дегеніміз не? Олардың негізгі түрлері.

Ұсынылған әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер


  1. Ж.Н. Мукашев Жалпы жер тану. Оку құралы. Алматы. "Қазак университеті" 2002.

Қосымша әдебиеттер

  1. Естествознание и основы экологии. М., 2000.

  2. С.А. Қусаинов Жалпы геоморфология. Алматы. Қазак университеті. 1998

  3. Неклюкова Жалпы жертану. Алматы., 1980

10. Тақырып: Жердің ішкі құрылысы зерттеу әдістері.



Мақсаты: Жердің ішкі құрылысн зерттеу әдістерімен танысу.

Міндерттері: Жердің ішкі құрылысына және зерттеу әдістеріне жалпы сипаттама беру.

Методикалық нұсқаулар:

1.Жердің ішкі құрылысы

Жердің құрылысы қабықтардан тұрады. Ядроның төңірегінде қабықтың дұрысқа жақын шеңберлі қабаттары — орналасқан, олардың әрқайсысының өзіне тән құрамы мен қасиеттері бар.



Жердің сыртқы газ қабығы — атмосфера, онда барлығы 5,1 • 1015 т зат (Жердің массасының миллиардтай бөлігіне жуық) бар; атмосфераның үстіңгі шекарасы бірден білінбейді. Жердің мөлшерін және орташа тығыздығын анықтаған кезде бұл қабық есепке алынбайды.

Жердің сұйық қабығы — гидросфераның 1,4-1018 т массасы бар. Оның орташа қалыңдығы 4000 км шамасында.

Жер қыртысы Мохорович бөлімі арқылы мантиядан ажыратылған.

Мантия — Мохоровичич бөлімінен темейдеу 2900 км тереңдікке дейін орналасқан.

Жер ядросының (радиусы 3500 км шамасы) тығыздығы 12,3 г/см3, температурасы 4000—5000° С, қысымы 3,6 млн. атм. Ядро бөлінеді: сыртқы ядро, аралық зона және радиусы 1280 км. ішкі ядро.

Жердің планетарлық рельефі. Жер қыртысының баяу қозғалыстары Жер бедері формаларын қалыптастырушы процестер. Таулардың түзіліс процестері. Опырықтар. Жер сілкіну. Вулкандар. Рельефтің дамуы.


Бақылау сұрақтар:

Жердің ішкі құрылысы қабаттары ерекшелігін ата?

Жердің планетарлық рельефі формалары?

Жер бедері формаларын қалыптастырушы процестерге не жатады?


Ұсынылған әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер

  1. Ж.Н. Мукашев Жалпы жер тану. Оку құралы. Алматы. "Қазак университеті" 2002.

Қосымша әдебиеттер

  1. Естествознание и основы экологии. М., 2000.

  2. С.А. Қусаинов Жалпы геоморфология. Алматы. Қазак университеті. 1998

  3. Неклюкова Жалпы жертану. Алматы., 1980

11. Тақырып: Минералдар және тау жыныстар.



Мақсаты: Минералдар және тау жыныстарымен танысу.

Міндерттері: Минералдар және тау жыныстарына жалпы сипаттама беру.

Методикалық нұсқаулар:

Жер қыртысындағы магмалардың қозғалысы, минералдар мен тау жыныстарының түзілуі.

Минералдар

1.Минералдар және тау жыныстары

2.Пайдалы қазындылар

Минералдар — бұл табиғи химиялық реакциялар нәтижесінде жер қыртысында түзілетін табиғи химиялық қосылыстар. Көптеген жағдайларда минералдар Жердің тау жыныстарының әр түрлі үйлестіктерін құрайды. Минерал-элементтер. Бүларға таза көміртегі С-ден тұратын— алмас және графит, табиғи күкірт S және сап металдар — платина Рt, алтын Аu, күміс Аg, мыс Сu минералдары жатады.

Қыр салынған мөлдір алмастар — бағалы гауһарлардың құндылығы зор. Техникада мөлдірлігі болмайтын ұсақ алмастарды бағалы деп санайды, олар бұрғылау қондырғыларында тескіш үшін және қырып тазалау (абразивті) материал ретінде пайдаланады.

Алтын — химиялық тұрақты металл — ежелден безендіру ретінде пайдаланылып келеді.

Минерал-қышқылдар. Минерал қышқылдарға темір мен алюминий кендерінің дерлік барлығы және су жатады. Кремний тотығы SiO2 тау су тасы кристалы мен желісін түзетін кварц және жаппай таралған құм мен құм тас формасында кездеседі. Кварц граyит кұрамына енеді.

Күкіртті минералдар — түсті металдардың негізгі рудасs. Мысты колчедан немесе халькоприт СuFеS2, қорғасын жылтыры — галенит — РbS, қалайы алдамшысы — сфалерит ZnS, сынап рудасы — киноварь (сыр) НgS, күміс рудасы — аргенит Аg2S тап осындай.

Минерал-галоидтар. Химиялық құрылысы бойынша бұлар НСІ, НҒ қышқылдарының тұздары. Адам және жануарлар тіршілігі үшін маңызды минералдар — ас тұзы немесе тас тұз, NаСІ түзы. Жер тыңайтатын калий тыңайткыштарының бірі калий тұзы КСІ болып табылады. Домна процесі кезінде рудадағы бөгде қоспаларды жою үшін темір рудасына балқыма шпат СаҒ2 қо-сады.

Минералдар — оттекті қышқылдардың тұздары, оларды мына таблицадан көруге болады:

1-ші кесте


Қышқылдар (аттары және формулалары)



Қышқылдар тұзы—минералдар

формуласы

аталуы

Көмір қышқылы Н2СО3

СаСО3
СаСОз-МgСОз Nа2СОз

СuСО3-Сu(ОН)2



Кальцит (таза немесе ізбес тас құрамындағы)

Доломит


Сода (табиғи)

Малахит


Азот қышқылы НNО3

NaNO3

KNO3



Натрий селитрасы

Калий селитрасы



Күкірт қышқылы Н24

СаSО4-2H2O2

СаSО4

24

Мg2SО4

КАІ(SО4)2-І2Н2О



Гипс

Ангидрит

Глаубер тұзы

Ашы тұз


Ашутас

Фосфор қышқылы Н3РО4

Са3(РО4)2

Са5(РО4)3С1

Са65РО4)3


Фосфорит

Апатит


Минерал-силикаттар — бұл Н2Si0з, H4SiO4 және басқа да кремний қышқылдарының тұздары.

Тау жыныстары

Жер қыртысын құраушы біртектес заттар тау жыныстары деп, ал оларды зерттеуші ғылым петрография деп аталады.

Тау жыныстары өздерінің жаратылыс жағдайларына қарай үш топқа бөлінеді:

1.Магмалық тау жыныстары.

2.Шөгінді тау жыныстары

3.Метаморфты тау жыныстары.


Магмалық тау жыныстары жер қабатында магманың немесе вулкандық атқылаулардан жер бетіне төгілген лаваның суып қатаюынан пайда болады.

Магмалық тау жыныстары құрамындағы кремний тотығының мөлшеріне қарай 5 топқа бөлінеді:

1.Ультрақышқыл жыныстар, SiO2 -75%

2.Қышқыл жыныстар, SiO2 75-65 %

3.Орташа жыныстар, SiO2 65-52 %

4.Негізгі жыныстар, SiO2 52-45 %

5.Өте негізді жыныстар, SiO2 45 %

Шөгінді тау жыныстары

Шөгінді жыныстардың жаратылысы мен түрлері. Шөгінді тау жыныстары магмалық және метаморфтық тау жыныстарының судың, күннің қызуының, желдің әсерінен үгіліп бұзылуынан пайда болады.

Өздерінің жаратылысына қарай шөгінді тау жыныстары үш түрге бөлінеді:

1. Механикалық шөгінділер;

2. Химиялық шөгінділер;

3. Органикалық шөгінділер.

Метаморфтық тау жыныстары

Метаморфтық тау жыныстары шөгінді және магмалық жыныстардың бұрынғы қалпынан әр түрлі физика-химиялық жағдайлардың әсерінен, өзгеруінен пайда болады.



Метаморфизмнің түрлері

Жанаспа метаморфизм. Магманың жердің жоғарғы горизонттарына көтерілуінен пайда болады. Жанаспа метаморфизмнің мынадай түрлері бар:

1.Термалық жанаспа метаморфизм — магмалық денелердін, маңындағы жоғары температураның әсерінен жыныстардың өзгеруі. Далірек айтқанда, бұл магманың ыстық лебінен болатын өзгеріс. Химиялық реакциялардың жүрісі магмалық массадан бөлініп шығатын ерітінділер мен газдардьң әсерінен жеңілденеді.

2.Пневматолиттік метаморфизм — жыныстардың өзгеруіне метасоматоздың ықпалының тиуі. Пневматолиттік метаморфизмнің нәтижесінде пайда болған жыныстардың құрамында ұшқыр (бор, фтор, сілтілік элементтер және сирек кездесетін металдар) элементтер кездеседі. Пневматолиттік минералдардың қатарына мусковит, литийлі слюда, флюорит, турмалин, топаз, молибденит, касситерит жатады

3. Гидротермалық метаморфизм — су ерітінділерінін әсерінен болатын метаморфизм.

Иньекциондық метаморфизм. Терең интрузиялық жанасуларға жақын аймақтарда болады. Метаморфизмге ұшыраған жыныстарға сұйық магманың (көбінесе граниттық магманың) енуімен жалғасады.

Автометаморфизм — Магмалық жыныстардың қатқаннан кейін өзінен бөлініп шыққан ыстық қалдық ерітінділердің және пневматолиттердің әсерінен өзгеруі. Автометаморфизм процесі нәтижесінде ультранегізді жыныстардың серпентинделуі байқалады. Мұның нәтижесінде серпентиниттер пайда болады. Сонымен қатар диабаздардың хлориттенуі және граниттердің греизенденуі байқалады.

Атометаморфизм процесі қатты ортада өтеді.



Динамометаморфизм — жыныстардын. өзінің құрамын өзгертпей бөлшектенуі, бұзылуы. Нәтижесінде белшектенген және жаңадан цементтелген милониттер және тектониттер деп аталатын жыныстар пайда болады. Динамометаморфизм өте күшті бір бағытты қысымның және төменгі температураның әсерінен болады.

Аймақтық метаморфизм. Жоғарыда аталған метаморфизмнің барлық түрлерін қамтиды. Аймақтық метаморфизм үлкен тереңдіктерінде өтеді және жер қабатының көп аумағын қамтиды.

Метаморфизм басталған орнынан әрі қарай қашықтаған сайын жыныстын, өзгерісі әлсірей береді, ақырында ол өзгерміеген бастапқы жыныстарға жалғасады.



Бақылау сұрақтар:

Минералдардың химиялық құрамы бойынша жіктелу ерекшелігі?

Тау жыныстарының түрлері?

Жер бедерінің негізігі формаларын ата?


Ұсынылған әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер

  1. Ж.Н. Мукашев Жалпы жер тану. Оку құралы. Алматы. "Қазак университеті" 2002.

Қосымша әдебиеттер

  1. Естествознание и основы экологии. М., 2000.

  2. С.А. Қусаинов Жалпы геоморфология. Алматы. Қазак университеті. 1998

  3. Неклюкова Жалпы жертану. Алматы., 1980

12. Тақырып: Жердің су қабығы.



Мақсаты: Жердің су қабығымен танысу.

Міндерттері: Жердің су қабығына жалпы сипаттама беру.

Методикалық нұсқаулар:

Гидросфера. Қазіргі күні гидросфера деп үш түрлі агрегаттық күйде болатын сұйық, қатты, газ тәріздес, Жердің су қабығын айтады. Гидросфераның төменгі шегі ретінде мантияның жоғарғы шекарасы (Махоровигич беті), ал жоғарғы шекарасы – атмосфераның жоғарғы қабаты қабылданған. Гидросфераның құрамына дүние жүзілік мұхиттар, құрылық сулары - өзендер, көлдер, батпақтар, мұздықтар, атмосфера ылғалы, көлдер мен теңіздердің қазан-шұңқырларының түбіндегі және мәнгі мұздықтардың астындағы сулар енеді.

Жер бетіндегі сулардың 0,006% - ы өзендердің, 0,25%-ы тұщы көлдердің, 0,03%-ы атмосфераның үлесіне тиеді.



Дүние жүзілік мұхит.

Жер шарының су қабығы – Дүние жүзілік мұхит деп аталатын біртұтас бет. Оның ауданы 361,3 млн км2 (жер бетінің 71%) , орташа тереңдігі 3,7 км, көлемі 1 370 000 000 км3 (гидросфера көлемінің 94%).



Теңіз дегеніміз – көршілес бөліктерден физикалық және химиялық қасиеттерімен, (тұздылығы, температурасы, мөлдірлігі т.б.) экологиялық жағдайымен, ағыстары мен толысуларының сипатымен ерекшеленетін мұхиттың аздыкөпті оқшауланған бөлігі. Морфологиялық және гидрологиялық ерекшеліктеріне байланысты теңіздер шеткі, жерорталық (ішкі құрылықтық және құрылық аралық) және арал аралық деп жіктеледі.

Шығанақтар – судың құрылыққа еніп жатқан бөлігі. Шығу тегіне, жағалауларының құрылысына, формасына қарай шығанақтар: фьорд, бухта, лиман деп те аталады.

Мұхиттарды, теңіздерді және шығанақтарды бір-бірімен бұғаздар жалғастырып жатыр. Өте енді және терең бұғаз – Дрейк бұғазы (Оңтүстік Американың оңтүстігінде) – орташа еңі 986 км, орташа тереңдігі 3111 км, ал ең ұзын бұғаз Мозамбик бұғазы – 1760км.



Көлдер және батпақтар.

Көл қазан шұңқырларының пайда болуы әр түрлі. Тектоникалық көлдер (Байкал, Ладога, Онега, АҚШ-тағы Ұлы көлдері) жер қыртысының төмен ойысқан жерлерінде; вулканды көлдер (Камчатка көлдері) сөнген вулкандардың кратерлерінде; мұздық көлдер (Ильмень, Селигер) мұздықтар жырып кеткен немесе мореналық төбелер аралықтарындағы қазан шұңқырларға іркіліп жиналған

Батпақтар. Көлді шөп басып, ыза суы деңгейінің артуынан, астыңғы қабаты су өткізбейтін жыныстардлан құралған жерлерде жауын-шашынның қатты жаууынан, т.б. жағдайлардан батпақтар ойпат жерлердеші батпақтар және үстірттік батпақтар болып екіге бөлінеді. Ескі көл орнындағы қазан шұңқырлар мен өзен жайылмаларына ойпаттық батпақтар пайда болады. Үстірттік батпақтар су айрықтарда және көбіне бұрын құрғақ болған, көтерінкі жерлерде болады. Үстірттік батпақтарда ылғалдығы мол болатын шымтезек мүгі көп өседі де, алғаш тамырларының ауамен тыныс алуына мүмкіндік бермейді, сөйтіп, олар шіріп, құлайды.Тұтасқан мүк қабатынан топыраққа жылу де өте алмайды, ал өсімдіктер топырақтан суық суды сіңіре алмайтын болғандықтан „физиологиялық куаңшылыққа“ тап болады.

Мұздықтар.

Құрылық аумағының 11% -тін мұздықтар алып жатыр. Материк мұздықтары және тау мұздықтары болады.

Антарктида, Гренландия және Антарктиканың кейбір аралдарын материктік мұздықтар жауып жатады. Гренландиядағы мұздықтың қалындығы 2000 м-ге дейін барады.

Тау мұздықтарының көлемі әлдеқайда кіші, олар өздері бойлай түскен аңғар пішіндес болады. Мәнгі қарларының төменгі жиегін қар жиегі деп атайды. Олар сол жердегі таулар мен рельефтің климатына байланысты әр түрлі биіктерде болады.



Өзендер және жер асты сулары.

Өзендер жылғаларда уақытша ағып жанатын су мен шағын өзендердің үздіксіз тасқын суға айналуынан пайда болады. Пайда болуына байланысты жер асты суларын бірнеше типтерге бөледі:



  • Инфильтрациялық су атмосфера ылғалының су өткізгіш қабатқа сіңуінен түзіледі;

  • Конденсациялық су аудағы будың жердегі жыныс құыстарында, жарықтарында шық тәрізді қоюлануынан түзіледі;

  • Седиментациялық су деп жыныс шөккен кезде арасына сіңіп қалған теңіз суын айтады;

  • Ювенильды деп магмадан бөлініп шыққан суды айтады. Магмадан бөлінген су буы терең тектоникалық жарықшақтарды бойлап жоғары көтерілген кезде қоюланып, газдар мен түрлі қосындыларға бай суға айналады.


Бақылау сұрақтар:

Гидросфераға жалпы сипаттама.

Ішкі су қоймалары.

Дүние жүзілік мұхит.

Жер шары гидросфераның түрлі бөліктері туралы не білесіңдер?

Ұсынылған әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер


  1. Оспанова А. Г. Экология. А., 2001.

  2. Ж.Н. Мукашев Жалпы жер тану. Оку құралы. Алматы. "Қазак университеті" 2002.

Қосымша әдебиеттер

  1. Естествознание и основы экологии. М., 2000.

  2. С.А. Қусаинов Жалпы геоморфология. Алматы. Қазак университеті. 1998

  3. Неклюкова Жалпы жертану. Алматы., 1980

13. Тақырып: Атмосфераның құрамы және құрылысы.



Мақсаты: Атмосфераның құрамы және құрылысымен танысу.

Міндерттері: Атмосфераның құрамы және құрылысына жалпы сипаттама беру.

Методикалық нұсқаулар:

Геосфераның ең жоғарғы қабаты атмосфера болып табылады – ол Жердің ауалы немесе газды қабығы.

Атмосфераны температуралық көрсеткіштерге орай бес сфераға бөледі. Ең төменгі қабат тропосфера деп аталады. Онда барлық ауа массасының 80% -ке жуығы шоғырланған, сондықтан ол ең тығыз қабат.

Тропосферадан кейінгі тікбағыттағы қабат стратосфера деп аталады. Оның төменгі жағы тропопаузамен (өтпелі қабат) шектеледі, ал үстіңгі денгейі 50-60 км болады.

Стратосфера қабатының үстінде, шамамен 50-80 км биіктікте, мезосфера жатады. Бұл қабаттағы температура нольден бірнеше ондаған градусқа төмендейді.

Мезосферадан жоғары жүздеген километрге дейінгі биіктікте ионосфера қабаттары созылып жатады. Бұл қабаттардағы ауа өте сирек болады.

Ионосферада поляр шұғыласы және түн аспанын сол тәрізді жарқырататын сәулелер байқалады: ионосферада магнит өрісінің кенеттен ауытқуы нәтижесінде магниттік дауылдар болып өтеді. Ионосфераның 800 км биіктегі температурасы жүздеген градустарға жетеді. Сондықтан ионосфераны термосфера деп те атайды.

800-1000 км-ден жоғарыда болатын атмосфера қабаттары экзосфера деп аталады.



Күн радиациясы. Жер бетінің белгілі бір ауданына келіп түсетін күн радиациясына сандық көрсеткіш – энергиялық жарықтануы немесе радиация ағының тығыздығы, яғни белгілі бір ауданға белгілі бір уақыт аралығында келіп түсетін сәулелі энергия шамасы.

Ауа температурасы. Атмосфераның төменгі қабаты Жер бетінің жылуынан қызады. Сондықтан тропосфераның төменгі қабаттарындағы ауа температурасы оның жердің бетіне қалай орналасқанына да байланысты болады.

Атмосферадағы ылғал. Ауадағы ылғалдылық үнемі су буы түріндеболады. Ауа температурасы жағарылаған сайын, ылғалдық та арта береді. Белгілі жағдайдағы ылғалдықта су буына қаныққанауадан су тамшысы немесе қатты түйіршікті жауын-шашын пайда болады. Ауадан Жерге шық, қырау, жаңбыр, қиыршық, бұршақ, қар түрінде жауған ылғал атмосфералық жауын-шашын деп аталады.

Ауа ылғалылығының көрсеткіштері абсолют және салыстырмалы ылғалдылықтар болып табылады.



Атмосфералық қысым. Ауаның салмағы болады, сондықтан ол Жер бетіне қысым түсіреді. Ауа қысымы теңіз деңгейімен есептегенде биіктігі 760 мм болатын сынап бағанасының салмағына тең.

Бақылау сұрақтар:

Атмосфера құрамы, құрылысы?

Күн радиациясы?

Атмосферадағы ылғал?

Атмосфералық қысым?

Ұсынылған әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер


  1. Ж.Н. Мукашев Жалпы жер тану. Оку құралы. Алматы. "Қазак университеті" 2002.

Қосымша әдебиеттер

  1. Естествознание и основы экологии. М., 2000.

  2. С.А. Қусаинов Жалпы геоморфология. Алматы. Қазак университеті. 1998

  3. Неклюкова Жалпы жертану. Алматы., 1980

14. Тақырып: : Климат туралы түсінік.



Мақсаты: : Климат туралы түсінікпен танысу.

Міндерттері: Климат туралы түсінікке жалпы сипаттама беру.

Методикалық нұсқаулар:

Ауа райы және климат. Кез келген жердің, ауа райы ауаның температурасы, атмосфералық қысым, желдің бағыты мен күші, күннің бұлттылығы мен ауаның ылғалдылығы, жауын-шашын түрлері мен мөлшері жайындағы мәліметтер бойынша сипатталады. Жоғарыда көрсетілген метеорологиялық элементтер болатын кез келген жердің атмосфералық күйі ауа райы деп аталды.

Климат дегеніміз белгілі бір жердегі географиялық жағдайға байланысты сол жерге тән көпжылдық ауа райының режимі. Географиялық жағдайға тек ендік, теніз денгейінен биіктік қана емес, сондай-ақ жер бетінінің сипаты, топырақ жамылғысы,т.б. жатады.

Бақылау сұрақтар:

Ауа райы және климат дегеніміз не?



Ұсынылған әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер

  1. Ж.Н. Мукашев Жалпы жер тану. Оку құралы. Алматы. "Қазак университеті" 2002.

Қосымша әдебиеттер

  1. Естествознание и основы экологии. М., 2000.

С.А. Қусаинов Жалпы геоморфология. Алматы. Қазак университеті. 1998

  1. Неклюкова Жалпы жертану. Алматы., 1980

15. Тақырып: Табиғатты қорғау.



Мақсаты: Табиғатты қорғауымен танысу.

Міндерттері: ҚР ҚЫзыл кітабына жалпы сипаттама. ҚР-ның табиғатта қорғау туралы заңдарына жалпы сипаттама.

Методикалық нұсқаулар:

ҚР Қызыл кітабы. 1963 жылы Қызыл кітаптың 1 -басылымы, 1966 жылы 2-басылымы жарық көрді. Қазақстанның жануарларына арналған алғашқы Қызыл кітабы 1978 жылы жарық көрді. Ол толықтырылып 1991 жылы 2-рет шығарылды. Осы кітаптың 3-ші басылымы 1996 жылы қайта өңделіп, әрі толықтырылып шығарылды.

Оған дүниежүзілік Қызыл кітаптағыдай:

- ақ беттеріне сандары азайып келе жатқан, бірақ құрып кету қаупі жок, сирек түрлер енгізілді.

- сары беттерінде саны күрт азайып отырған түрлер жазылған.

- жасыл беттерінде табиғатқа ұқыптылықпен қарау нәтижесіңде сандары қалпына келтірілгендер орналастырылған.

Қазақстанда өсімдіктің 5,6 мыңнан аса түрі бар. Оның 760-тан астам түрі өсімдіктер, 1500 түрі азықтық техникалық өсімдіктер, 385-тен астамы "Қызыл кітапқа" енгізілген.

Жануарларға жойылу қаупін тудыратын себептер де сан алуан:

а) ірі жануарлар, киттер, пілдер, жолбарыстар терісі, еті үшін ауланады;

ә) коллекционерлерге, әуесқойларға зоопарктерге кейбір жануарларды: көбелектерді, құстарды, маймылдарды және кейбір өсімдіктерді: кактустерді сату табиғатқа үлкен зиян экеледі;

б) кейбір жануарлар табиғатта бәсекелесе алмайды, мысалы алып тасбақа жабайы қояндармен бэсекелесе алмайды, себебі екеуінің де қоректері бірдей;

в) алып панда - өте сирек жануар. Олар тіршілік ететін ормандар ауылшаруашылық далаларын тазалағанда көпшілігі өліп қалды. Қалған азын-аулағының өліп қалуына кейбір аурулар себеп болды;

г) адамның орманды, шөл далаларын игеріп, жаңа шаруашылықтарды салуы, жаңа қалалар, жолдар, шахталар т.б. тұрғызуы, қоршағап ортаны ластауы табиғатқа үлкен қауіп төндіретін әрекет.

Табиғатты қорғау жолдары.

а) Қорықтарда адамның шаруашылық әрекетіне тыйым салынған. Қазақстанда 9 ірі қорық бар: Алматы, Алакол, Аксу-Жабағылы, Барсакелмес, Үстүрт, Марқакөл, Батыс Алтай, Қорғалжың, Наурызым.

э) Заказниктерде табиғаттың белгілі бір бөлігі, мысалы сирек кездесетін өсімдіктер немесе жануарлар қорғалады. Онда адамның шаруашылық әрекетіне толық тыйым салынбайды, тек шектеледі.

б)Ұлттық парктер - қорықтарға ұқсас, олардың арасындағы негізгі айырмашылықтар: егер қорықтар туристерге жабық болса, ұлттық парктер

керісінше оларды қызықтырады, өзіне тартады. Онда туристерге арналған топ серуендік жолдар, қызықтайтын алаңдар, қонақ үйлер, автомобилъдер қоятын жерлер ұйымдастырылады. Сонымен қатар ұлттық парктерде табиғаттың адам жіберілмейтін, тимейтін бұрыштары болады.

в) Табиғат ескерткіштері - орманның өте бағалы бөлімі, жекелеген көне ағаштар, сарқырамалар, табиғатты көркем жартастар, тағы басқалар.

г) Көптеген сирек кездесетін жануарларды қорғауда ботаникалық бақтардың, ал сирек кездесетін жануарларды қорғауда зоопарктердің маңызы зор.

ҚР-ның табиғатта қорғау туралы заңдары

Еліміз егемендік алған күннен бастап-ақ республикамызда табиғат қорғау мәселесіне ерекше көңіл бөлініп келеді. Әсіресе, ерекше қорғалатын аумақтардың жер көлемін кеңейту және ондай аумақтарда табиғат байлықтарын корғау, сақтап қалу жэне көркейту шараларын мейлінше кеңінен жүргізуді насихаттау жұмыстары қалың бұқара қауым арасында жан-жақты жүргізіліп келеді.

Қазіргі кезде республикамызда ерекше қорғалатын табиғи аумақтар санатына мынадай табиғат байлықтары жатады.

1. Мемлекеттік табиғи қорықтар. Оған бұрынғы қорықтардың негізінде ұйымдастырылатын биосфералық қорықтар да жатады.

2. Мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтар.

3. Мемлекеттік табиғи саябақтар. Табиғат қорғаудың мұндай формасы өзінше біздің елімізде ұйымдастырылған жоқ.

4. Мемлекеттік табиғат ескерткіштері. Ондағы қорғауға алынған табиғат байлығының ғылыми, тарихи және табиғи маңызына байланысты республикалық және жергілікті мәні бар табиғат ескерткіштері деп бөлінеді.

5. Мемлекеттік қорықтың белдемдер. Табиғат қорғаудың мұндай жолы көбіне мемлекеттік қорықтармен шекаралас алқаптарда ұйымдастырылады.

6. Мемлекеттік табиғи қорықшалар (заказник). Мұндай аумақтардағы қорғалатын табиғи объектілердің ерекшелігіне сәйкес олар — кешенді зоологиялық ботаникалық, геологиялық ландшафтылық және т.б. бөлінеді.

7. Мемлекеттік зоологиялық саябақтар (зоопарк). Қазіргі таңда еліміздің үш ірі қаласында (Алматы, Қарағанды, Шымкент) зоологиялық бақ ұйымдастырылған.

8. Мемлекеттік ботаникалық бақтар (ботсад).

9. Мемлекеттік дендрологиялық саябақтар.

10. Халықаралық маңызы бар сулы-батпақты аумақтар. Оған Теңіз Қорғалжың және Ырғыз-Торғай аумақтары жатады.

ІІ.Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың орманы.

12.Ерекше мемлекеттік маңызы бар немесе ғылыми тұрғыдан құнды су айдындары

13.Жер қойнауының экологиялық, ғылыми, мәдени және тарихи, табиғи жағынан ерекше алқаптары.

14.Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттік есебі мен мемлекеттік кадастры.

15. Ерекше қорғалатын табиги аумақтар саласындагы бақылау.



Бақылау сұрақтар:

ҚР Қызыл кітабына енген өсімдіктер мен жануарлар?

ҚР-ның табиғатта қорғау туралы қандай заңдарын білесіңдер?

Ұсынылған әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер


  1. Қазақстаннаң Қызыл Кітабы..

  2. Оспанова А. Г. Экология. А., 2001.

Қосымша әдебиеттер

  1. Естествознание и основы экологии. М., 2000.


Тақырыптар тізімі:

Өздік жұмыс жазба түрінде орындалады (реферат)




  1. Биология концепциялары Генетикалық кодтың жүзеге асуы немесе «Тұқым қуалау информациясын оқу».

  2. Гепатит, рак, СПИД..

  3. Биологиялық эволюция және адам..

  4. Эволюцияда гоминидтер бұтағының бөліну мәселесі.

  5. Ми және сана. Сананың құрылысы. Адам миының құрылымындағы иерархиялық принцип.

  6. Церебральды қыртысының физиологиялық анатомиясы. Кейбір спецификалық қыртыс аудандарының функциялары.



3.СӨЖ тапсырмаларын орындауға әдістемелік нұскау.

Негізгі талаптар:

1. Жазып отырған тақырыптан алшақтамай, оның мазмұнын нақты ашуға талпыну.

2. Артық баяндау, қажетсіз дәлелдемелер мен көп сөзділікке жол бермеу.

3. Міндетті түрде жоспар болуы және тақырып мазмұнын жоспарға сай рет-ретімен жүйелі баяндауы кажет.

4. Жұмыс түсінікті, мағыналы, орамды тілмен жазылуы тиіс.

5. Барлық айтылған ойды жинақтап, тұжырымдап, тиісті қорытынды жасау.

Реферат жазуда не ескеріледі?

1. Таңдап алған рефераттың тақырыбына қатысты студент кішігірім зерттеулер жасайды. Студент осы алғашқы ғылыми жұмысқа байланысты мәселелерге орай қажетті әдебиеттерге шолу жасаудан бастайды.

2. Керек жағдайларда оқытушымен кездесіп, керекті кеңестеп алғаны абзал.

3. Реферат жазуда студент негізгі мәселені ажыратуға, тақырыптардың өзара сабақтастығын тануға дағдыланады.

4. Фактілер, фактілік материалдарды ірікгеу және жинақтау негізінде таблицалар, графиктер, схемалар жасалады.

5. Пайдаланған деректер, материалдар, әдебиеттердің тізімін, қайдан алғанын (сілтеме) қайда, қашан, қандай баспадан жарық көргенін көрсетуі қажет.

6. Студенттің жазған рефераты аудиторияда талқыланады. Ең алдымен оқытушы қысқаша реферат тақырыбымен, негізгі идеясымен таныстырады. Тақырыпты зерттеуші студент реферат мазмұнын аудиторияда баяндайды, сұрақтарға жауап береді.

Жұмыстың мұндай түрі, формасы, нұсқасы студенттердің танымдық белсенділігін арттырып, алдағы ізденіске құлшындырады.

Рефератты талқылау — шығармашылық жұмыстың бір көрінісі, яғни білімділік, қызығушылық тұрғысынан және төрбиелік мән-мазмұны зор әрекет, жұмыс. Бұл кезде сөйлеушілер негізгі мәселеден ауытқымай, нақты, тұжырымды ой айтуға көңіл бөлуі тиіс.

Рефератты талқылып, қорытындысын шығару — маңызы зор жауапты сәт, белгілі бір тақырып төңірегінде ғылыми дәйекті тұжырымдар жасап үйрену. Соңында оқытушы реферат жазған студенттін, пікір айтушылардың сөздерін жинақтап, қажетті толықтырулар енгізеді, мәселенің түсініксіз тұстарын анықтап, түзетулер жасайды, толыктырады, өзгертеді.



4. Студенттердін өздік жүмыстарды орындауларына жалпы кеңестер (нұсқаулар)

1. Өздігінен білім алу үшін, алдымен сол жұмысқа қажетті нақты дағдыларға (іштей жылдам оқи білу, библиографиялық дағдылар, түрлі анықтама әдебиеттерді пайдалана білу, оқығандарды жазып алу т.б. ) ие болу керек.

2. Біліммен жемісті шұғылдану қолайлы жағдайларды (уакыт, орын, тиісті әдебиеттер мен құралдардың болуы т.б.) керек етеді, ең дұрысы кітапханаларда, оқу залдарында біліммен шұғылдануға дағдылану.

3. Өздігінен білім алатын адам нені оқитынын анық біліп, ол жұмысты белгілі жоспармен, жүйемен жасауы керек.

4. Алғашқы кезде оқытушылардан, тәжірибелі адамдардан, кітапханалардан ақыл-кеңес алудың пайдасы зор.

5. Өздігінен білім алу жұмысын асықпай, көп үзіліс жасамай жүргізген жөн.

6. Оқыған материалды мұқият ұғатындай етіп ұғып, түсінбеген жерлерді қалдырмай, қайталап оқып, оның негізгі жақтарын жазып алу қажет.

7. Анықтама әдебиеттерді, энциклопедияларды, түрлі сөздіктерді қоса пайдаланып отыру керек.



5. Студенттердің өздік жұмыстарын ұйымдастыруға қойылатын талаптар.

• Жұмыстың көлемін шамадан тыс асырмай, оның сапасын арттыруға көңіл аудару;

• Студенттердің өздік жұмысын оқу жұмысының басқа түрлерімен дұрыс ұштастыра білу;

• Студенттердің дербестігін арттырып, өзіндік білім алу қабілетін жүйелі түрде дамыту;

• Өзіндік жұмыстың мазмұнына күнделікті өмірден алынған материалдарды, хабарларды енгізу;

• Студенттерді табиғат пен қоғам дамуының жалпы заңдылықтарын, сонымен қатар нақты фактілер мен құбылыстарды өздігінен талдап түсінуге үйрету;

• Студенттердің алған білімдерін іс жүзінде қолдана білуте дағдыландыру;

• Студенттерді оқу жұмысына шығармашылық тұрғыдан қарауға, әр уақытта дербес және белсенді әрекет жасауға баулу;



• Студенттердің өздігінен дербес жұмыс істеу, еңбек ету дағдыларын қалыптастыру.




Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет