ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Жаратылыстану»



бет12/13
Дата26.08.2017
өлшемі2,57 Mb.
#29090
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

26 Тақырып: Жердің ауалы немесе газды қабығы.

Дәрістін жоспары:

  1. Атмосфераның құрамы және құрылысы.

  2. Ауаның температурасы. Атмосферадағы ылғал. Бұлттардың пайда болуы, жауын- шашындар.

  3. Жел, оның түрлері.

  4. Ауа райы және оны болжау.

  5. Климат туралы түсінік.

Дәрістің қысқаша мәтіні.

2. Атмосфера.Құрамы және құрылысы.

Геосфераның ең жоғарғы қабаты атмосфера болып табылады – ол Жердің ауалы немесе газды қабығы.

Атмосфераны температуралық көрсеткіштерге орай бес сфераға бөледі. Ең төменгі қабат тропосфера деп аталады. Онда барлық ауа массасының 80% -ке жуығы шоғырланған, сондықтан ол ең тығыз қабат.

Барлық су буы тропосферада жинақталады да, ауа райының құбылыстары дамиды. Тропосфераның 30-50 м қалындықтығы жерге таяу қабаты тікелей жер бетінің ықпалында болады. Жерге таяу қабатта жергілікті климаттың негізігі ерекшеліктері байқалады.

Тропосферадан кейінгі тікбағыттағы қабат стратосфера деп аталады. Оның төменгі жағы тропопаузамен (өтпелі қабат) шектеледі, ал үстіңгі денгейі 50-60 км болады.

Стратосфера қабатының үстінде, шамамен 50-80 км биіктікте, мезосфера жатады. Бұл қабаттағы температура нольден бірнеше ондаған градусқа төмендейді.

Мезосферадан жоғары жүздеген километрге дейінгі биіктікте ионосфера қабаттары созылып жатады. Бұл қабаттардағы ауа өте сирек болады.

Ионосферада поляр шұғыласы және түн аспанын сол тәрізді жарқырататын сәулелер байқалады: ионосферада магнит өрісінің кенеттен ауытқуы нәтижесінде магниттік дауылдар болып өтеді. Ионосфераның 800 км биіктегі температурасы жүздеген градустарға жетеді. Сондықтан ионосфераны термосфера деп те атайды.

800-1000 км-ден жоғарыда болатын атмосфера қабаттары экзосфера деп аталады.

Күн радиациясы.

Жер бетінің белгілі бір ауданына келіп түсетін күн радиациясына сандық көрсеткіш – энергиялық жарықтануы немесе радиация ағының тығыздығы, яғни белгілі бір ауданға белгілі бір уақыт аралығында келіп түсетін сәулелі энергия шамасы. Бұл шама Вт\ м2-мен немесе кВт\м2 есептеледі. 1 м2 жерге секундына 1Дж (немесе 1кДж) сәулелі энергия келіп жетеді.

Күн мен Жердің орташа арақашықтығына сәйкес келетін, күннін сәулесіне перпендикуляр, атмосфераның жоғарғы шекарасының белгілі ауданына түсетін күн радифциясының энергиялық жарықтануын күннің тұрақты шамасы деп атайды да S0 әріппен белгілейді.

Жер бетіне келіп түсетін тура күн радиациясының 30% қайтадан космос кеңістігіне қайтарылса, 70% атмосфера қабатына түседі. Күн радиациясының біршама бөлігі атмосфера қабатынан өткенде әртүрлі газдар мен аэрозольдармен шашырайды – бұл шашыранды радиациядеп аталады.


Ауа температурасы

Атмосфераның төменгі қабаты Жер бетінің жылуынан қызады. Сондықтан тропосфераның төменгі қабаттарындағы ауа температурасы оның жердің бетіне қалай орналасқанына да байланысты болады.

Қандай жердің болса да климатын сипаттау үшін ауа температурасының ұзақ мерзімдегі (30-50 жыл) орта есеппен алынған айлық және орташа жылдық көрсеткіштері болуы керек.

Жылудың Жер бетіндегі таралуын географиялық кескіндеу изотермалар – температуралары бірдей жерлерді сызықтармен қосу арқылы жүзеге асырылады



Атмосферадағы ылғал

Ауадағы ылғалдылық үнемі су буы түріндеболады. Ауа температурасы жағарылаған сайын, ылғалдық та арта береді. Белгілі жағдайдағы ылғалдықта су буына қаныққанауадан су тамшысы немесе қатты түйіршікті жауын-шашын пайда болады. Ауадан Жерге шық, қырау, жаңбыр, қиыршық, бұршақ, қар түрінде жауған ылғал атмосфералық жауын-шашын деп аталады.

Ауа ылғалылығының көрсеткіштері абсолют және салыстырмалы ылғалдылықтар болып табылады.

Су тамшылары мен кристалдардың атмосферада жиналуынан бұлт пайда болады. Тамшылар мен кристалдар мөлшерінің кішкенелігінен ауаның әлсіз жоғары ағысы сол тамшылар мен кристалдарды төмен түсірмей, ауада қалықтаған күйінде сақтап қалады. Егер ауаның бұлтты қоршаған абсолют ылғалдылығы артса, онда тамшылар мөлшері ұлғаяды да, жанбыр болып жерге жауады.



Атмосфералық қысым.

Ауаның салмағы болады, сондықтан ол Жер бетіне қысым түсіреді. Ауа қысымы теңіз деңгейімен есептегенде биіктігі 760 мм болатын сынап бағанасының салмағына тең.

Кәзіргі уақытта ауа қысымы бармен өлшенеді. Бар сынап бағанасының 750 мм қысымына тең, ал 1 миллибар (мб) сынап бағанасының 0,75 мм қысымына тең. Атмосфераның төменгі қабаттары әлдеқайда тығыз болғандықтан, ауа қабаты биіктеген сайын барометр немесе бар денгейі арта береді. Бар денгейі дегеніміз қысымның 1 мб төмендеуі үшін қажетті ара қашықтыққа көтерілуі. Бар денгейін білу арқылы жердің салыстырмалы және абсолют биіктігін анықтауға болады.

Ауа қысымы температураға байланысты да өзгеріп отырады. Жылу мол түскен аймақтардағы ауа жеңілдейді де, жоғары көтеріледі, сондықтан Жер бетіндегі қысым датөмендейді. Салқын аймақтардаауа ауыр тартып, төмен түсіп кетеді, сондықтан онда қысым арта береді.

Жер бетіндегі атмосфералық қысымның таралуын картаға изобар – атмосфералық қысымдары бірдей жерлерді өз ара қосатын сызық – көмегімен аңғару .

Ауа райы және климат.

Кез келген жердің, ауа райы ауаның температурасы, атмосфералық қысым, желдің бағыты мен күші, күннің бұлттылығы мен ауаның ылғалдылығы, жауын-шашын түрлері мен мөлшері жайындағы мәліметтер бойынша сипатталады. Жоғарыда көрсетілген метеорологиялық элементтер болатын кез келген жердің атмосфералық күйі ауа райы деп аталды.

Климат дегеніміз белгілі бір жердегі географиялық жағдайға байланысты сол жерге тән көпжылдық ауа райының режимі. Географиялық жағдайға тек ендік, теніз денгейінен биіктік қана емес, сондай-ақ жер бетінінің сипаты, топырақ жамылғысы,т.б. жатады.

ға болады



Дәрісті өткеннең кейін студенттер білуге міндетті негізгі ұғымдар

Өзін-өзі тексеру сұрақтар:

1.Атмосфера құрамы, құрылысы?

2.Күн радиациясы?

3.Атмосферадағы ылғал?

4.Атмосфералық қысым?

5,Ауа рай және климат?



Ұсылынған әдебиеттер (өтілетін тақырыптын беті көрсетілген)

Негізгі әдебиеттер

  1. Ж.Н. Мукашев Жалпы жер тану. Оку құралы. Алматы. "Қазак университеті" 2002.

Қосымша әдебиеттер

  1. Естествознание и основы экологии. М., 2000.

  2. Дубнищева Т.Я. Концепции современного естествознания. - Новосибирск, 1997.

  3. С.А. Қусаинов Жалпы геоморфология. Алматы. Қазак университеті. 1998

  4. Неклюкова Жалпы жертану. Алматы., 1980


27 Тақырып: Биосфера.

Дәрістін жоспары:

1.Биосфера туралы түсінік, биосфера шекаралары

2.Биосферадағы заттар алмасуы

3.Ноосфера –биосфераның ең жоғарғы сатысы



Дәрістің қысқаша мәтіні.

1.Биосфера туралы түсінік, биосфера шекаралары

Биосфера – жер планетасының организмдері мекендеген аймағы. Биосфераға жер беті, атмосфераның біраз бөлігі, гидросфера және литосфераның жоғарғы бөлігі енеді.

Биосферадағы тіршіліктің пайда болуы, оның кеңінен тарала түсуі, құрамындағы түрлі өзгерістер, мұндағы зат пен энергияның алмасуы организмдердің тіршілік әрекетіне тікелей байланыстыжәне айналадағы орта жағдайының эволюциясымен біртұтас дамиды.

Биосфера—барлық тіршілік процестері жүретін Жердің беткі қабығы. Барлық тірі организмдерден биомасса құралады. Биосфераның атмосферадағы шегі тропосфераның жоғарғы шегімен үйлеседі. Тропосферадан жоғарыда тіршілік жоқ. Биосфераның төменгі шегі термоядролық жағдайларға (жер қойнауындағы жоғарғы температураларға) байланысты

Биосфера шекаралары 1926 жылы В.И.Вернадский биосфераның шекаралары туралы мәселені қойды. Қандай физико-химиялық жағдайлар тіршілікке анағұрлым қолайлы болып табылады?

1.Көмірқышқыл газы мен оттегінің жеткілікті мөлшерде болуы.

2.Судың жеткілікті болуы (міндетті түрде сұйық күйде)

3.Температуралық режим тым жоғары (ақуыздың ұюына әкелетін) және тым төмен (ферменттердің жұмысын тоқтататын) болмауы керек.

4.Минералдық қоректену элементтерінің жеткілікті болуы

5.Су ортасының белгілі бір тұздылығы.

Қазіргі кезде тіршілік жер қыртысының жоғарғы бөлігінде (литосфера), жер атмосфнрасының төменгі қабаты (тропосфера) және Жердің сулы қабықшасында (гидросферада) таралған.

Литосферада тіршіліктіең алдымен тау жыныстары мен жер асты суларының температурасы шектейді. Ол тереңдікке байланысты артады да, 1,5-15км тереңдікте +100ºС-дан асады. Жер қыртысында бактериаларды табуға болатын тереңдік-4 км.Мұнай кен орындарында 2-25 км тереңдікте бактериалардың саны біршама көп болады.

Мұхиттарда тіршілік 10-11 км тереңдікке таралады.

Атмосферадағы тіршіліктің жоғарғы шекарасы биіктікке байланысты ультра күлгін радиацияның артуымен анықталады. Озон қабаты күннің ультра күлгін сәулелерінің көп бөлігін 22-25 км биіктікте сіңіреді. Бактериалармен саңырауқұлақтардың соралары 20-22 км биіктіктен табылған.


2.Биосферадағы заттар алмасуы

Тірі организмдердің зат алмасудағы маңызы. Жер шарындағы өсімдіктер организмдер тіршілігі үшін қажетті оттегінің негізгі фабрикасы болып табылады. Табиғатта болып жататын химиялық процестерде бір клеткалы қарапайым өсімдіктер мен жануарлар едәуір роль атқарады.

Жасыл өсімдіктер жылдам көбейетін болғандықтан, олардың массасы жануарлар организмдері массасынан мың есе көп.

Тірі организмдердің зат алмасуға қатысуы жөнінде қоңыржай ендіктер мен экваторлық өсімдіктер бірінші орын алады. Саваннаның, даланың, шөлдің шөптесін өсімдіктері — екінші орында. Топырақта тіршілік ететін жануарлар мен өсімдіктер — үшінші орында.

Микроорганизмдерге қарағанда ірі жануарлардыц атқаратын ролі төменірек. Мұхитта өсімдік массаларынан жануарлар массасы көп. Фитоплапктон — еркін жүзіп жүретін өсімдіктер организмдерінің жиынтығы — бүкіл Дүние жүзілік мұхит бетінің 4/5 –ін альш жатады. Теңіз флорасы негізінен балдырлардан тұрады.



Жердегі тіршіліктің жағдайлары мен тығыздығы. Өсімдіктер тіршілігі үшін қажетті жағдайлар ауа, жарық, жылу және, әрине су. Сусыз бірде-бір өсімдік тіршілік ете алмайды. Бірақ шамадан тыс мөлшердегі су және температураның төмен болуы өсімдіктердің өсуіне кесірін тигізеді, өйткені өсімдік оларды сіңіре алмайды. Бұлардан басқа өсімдіктер үшін суда хлорлы тұздар, күкірт, т. б. болуы да зиянды.

Тірі организмдер Жерде жаппай дерлік таралған. Қатал Антарктида да және тіршілік болуы мүмкін емес-ау деген Сахарада да оттегі және ауа бар, демек, тіршілік те бар дсеен сөз. Тірі орі организмдердің тіршілік әрекеті олардың көбею қабілеттігіне байланысты. Олардың көбею жылдамдығы әр түрлі. Қорек, ауа және кеңістік жеткілікті болса, инфузориялар Жер массасына тең массадағы 24 планета салмағындай массаға жетер еді. Тірі организмдер өте көнбіс. Мәселен, кейбір саңырауқұлактардың, спорасы +180° және —250° температурада тіршілігін жоймайды.

Жердегі тіршілік тығыздығы төтенше зор. Мұхит суының 1 литрінде 5000 мыңға дейін майда организмдер, болады. Теңіз тұнбасының 1 куб. метрінде 160 млн. тірі организмдер, 1 г қара топырақта 5 млрд. бактерия бар.

Біздің планетадагы тіршілік көп ярусты — атмосферада, жерде, судың бетінде, және ішінде тіршілік етеді.



Биосферадағы географиялық заңдылық. Биосферада зоналық тығыздық болады, онда органикалық тіршіліктін аз, яки көп қатысатын зоналары бар. Шөл зонадағы сияқты мұзды зоналарда да органикалық тіршілік тығыздығы онша жоғары емес. Тіршілік тығыздығы экваторлық зонада өте жоғары, бірақ қоңыржай белдеудің ормандарындағы тіршілік тығыздығы одан едәуір төмен, дала зонасындағы тіршілік тығыздығы одан да төмен. Тіршілік мәні — тірі табиғат пен өлі табиғат заттарының өз ара алмасуы. Зат алмасу қаркыны экваторда күшті болады да, полюстерге қарай кеми береді.

Атмосфера күйі тірі организмдердінң іс-әрекетіне, оттегінің ауада бос күйінде болуына, оның көмір қышқыл газы мен азотқа қатысына банланысты.

Жер қыртысының түзілуі мен ондагы тіршілік организмдердің іс-әрекеттеріне байланысты болады.

3.Ноосфера –биосфераның ең жоғарғы сатысы

«Ноосфера» терминін алғаш рет қолданғандар философ, математик, палеонтолог және антрополог Эуард Леруа және палеонтолог Пьер Тайэр Шарден (1927) болды. Ноосфера ұғымымен француз ғалымдары адамның санасы пайда болған кездегі табиғаттың эволюциялық сатысын атады. П.Тайэр Шарден өзінің 1959 жылы жарық көрген «Адам феномені» деген еңбегінде ноосфераны «жаңа қабат», «ойлайтын қабат» деп анықтады.

Вернадский бойынша ноосфера «адам санасының рөлі және ол бағыттайтын адам еңбегі күшті, өсіп келе жатқан геологиялық күшке» айналатын биосфераның даму сатысы болып табылады.

Адам санасы мен ғылыми ойдьң рөлін бағалай келе ВМ. Вернадский мынадай қорытындылар жасады:

1) ғылыми шығармашылықтың дамуы адамі өзі тұратын биосфераны өзгертетін күш болып табылады;

2) биосфераның өзгерістері ғылыми ойдың өсуімен қатар жүретін құбылыстар;

3) биосфераның бұл өзгерістері адам еркінен тыс; стихиялы түрде, табиги процөсс ретінде жүреді;

4)тіршілік ортасы — биосфера планетасының ұйымдасқан қабықшасы болғандықтан, оның геологиялық тарихына да оны өзгертудің жаңа факторы — адамзаттың ғылыми жұмысының биосфераның жаңа фазага, жаңа күйге — сфераға өтуі табиғи процесс.

В.И. Вернадскийдің «Ноосфера туралы бірер сөз» деген мақаласы 1944 жылы жарық көрген ең соңғы еңбегі болды.

Ноосфера - сана, ақыл-ой қабаты, экологияның төрт заңы. Ағылшын ғалымы Б. Коммонер (1974 жыл) тірі және өлі табиғаттың арасындағы барлың экологиялық өзара қарым-қатынастарды төрт заңга біріктіген

Бірінші заң — барлығы барлығымен байланысты. Бұл заңның негізінде тірі табиғаттағы жалпы байланыстар принципі жатыр. Аталған принцип бойынша табиғаттағы күрделі трофтық немесе басқа да байланыстарда қандай да бір бөлігінің жойылуы күтпеген нәтижелерге әкеліп соқтыруы мүмкін. Әрбір көптеген басқа түрлермен байланыста болады.

Адамның табиғатқа араласуы күтпеген қолайсыз жағдайларга әкеліп соқтыруы мүмкін. Мысалы, оңтүстік аралдардың бірінде ДДТ парепаратының көмегімен масаларға қарсы күрес жүргізілген. Масалар толық жойылды. Бірақ, біраз уақыттан соң осы бунақденелермен қоректенетін кесірткелер қырыла бастаған.. Содан соң осы жорғалаушьшармен қоректенетін жабайы мысықтардың саны кеми бастаған. Нәтижеде тышқандардың саны күрт артьш кеткен. Кесіріткелердің жойылуы нәтижесінде термиттер көбейіп, үйлердің ағаш тіреулерін зақымдаган. Олай болса масалар да қальштасқан экожүйенің маңызды құрам бөлігі болып табылады.



Экологияның екінші заңы — материя жойылмайды, жоқтан пайда болмайды, ол бір түрден екінші түрге өтеді. Кез келген табиғи жүйеде бір ағзалардың экскременттері мен қалдықтары екіншілері үшін азық

Болып табылады. Жануарлардың тыныс алуы нәтижесінде бөлініп шығатын қалдық көмірқышқыл газы жасыл өсімдіктер үшін қорек. Өсімдіктер жануарлар тыныс алуы кезінде сіңіретін оттегіні бөліп шығарады.

Жануарлардьң қалдықтары — оларды ыдырататын бунақденелілер мен бактериялар үшін азық.. Ал, олардың қалдықтары –бейорганикалық заттао (азот, фосфор, калий, көмірқышқыл газы және т.б.)-өсімдіктер үшін азық көзі болып табылады.

Үшінші заң — табигат өзі жақсы білвді. Табиғи жүйеге кез келген ірі антропогенді әсер зиянды. Табиғатта егер оны ыдырату жолы болмаса, ешқандай да жаңа органикалық зат жасалмайды.

Тірі ағзада жасалатын кез келген органикалық затты ыдыратаын фермент болады. Адамның қолымен жасалған, бұрын табиғатта болмаған жаңа органикалық затты ыдырататын фермент жоқ. Сондықтан бұл зат жинала береді, Бұған улы химикаттар — пестицидтер мен гербицидтер мысал бола алады. Табиғаттва ірі өзгеріс енгізу алдында барлық мүмкін экологиялық нәтижелер қарастырылуы тиіс. Орта Азияның ірі өзендері — Сырдария мен Амударияның суын егістікке пайдалану Арал теңізінің деңгейінің айтарлықтай төмендеуіне әкеліп соқтырды. Арал күннен-күнге тартылып барады, ал соның маңындағы Сарықамыс ойпаты суға толуда. Шөлді жерлер қолдан батпақтанып барады.

Іле өзенінде Қапшағай ГЭС-нің салынуы Балқаш көлінің дейгейінің төмендеуне әкелді.

Төртінші заң-тегін ешнәрсе жоқ. Ғаламдық экожүйе біртұтас бүтінді құрайды. Адамнаң еңбек қызметі нәтижесінде экожүйеден алынған нәрсенің барлығы қайтарылуы тиіс. Біздің көптеген қателіктеріміз табиғаттағы барлық құбылыстардың өзара байланысын практикада пайдалана білмеуімізге байланысты туындап отыр.

Дәрісті өткеннең кейін студенттер білуге міндетті негізгі ұғымдар

Өзін-өзі тексеру сұрақтар:

1.Биосфера туралы түсінік, биосфера шекаралары?

2.Биосферадағы заттар алмасуының маңызы?

3.Ноосфера –биосфераның ең жоғарғы сатысы ретіндегі ерекшелігі?



Ұсылынған әдебиеттер (өтілетін тақырыптын беті көрсетілген)

Негізгі әдебиеттер

  1. Қазіргі жаратылыстану концепциялары. А., 2000.

  2. Оспанова А. Г. Экология. А., 2001.

Қосымша әдебиеттер

  1. Естествознание и основы экологии. М., 2000.

  2. Дубнищева Т.Я. Концепции современного естествознания. - Новосибирск, 1997.


28 Тақырып: Қазақстанның табиғат зоналары

Дәрістін жоспары:

  1. Орманды дала зонасы.

  2. Дала зонасы.

Дәрістің қысқаша мәтіні.

1..Жердің географиялық қабығы оның заңдылықтары

Географиялық қабықтың пайда болуы мен даму ерекшеліктерін, құрылықтар мен мұхиттардың кеңістікте таралуын, климат пен атмосфераның, мұхит пен теңіз суларының тұздылығын, орогнедік және вулкандық процестердің қарқындылығын анықтау үшін, көпшілік жағдайда, жыныс қабаттарының орналасуына, өсімдіктер мен жануарлардың тасқа айналған қалдықтарын зерттеуге көңіл бөледі.

Жер өзіне бірнеше концентрациялық қабықтарды кіргізеді. Атмосфераныңың, литосфера мен гидросфераның тоғысуын, бір-біріне әсер етуінің нәтижесінде Жердің ерекше қабығы географиялық қабық тузілді. Географиялық қабық Жерде тіршіліктің пайда болуына және дамуына қажетті жағдай тудырды.Жер дамуының қазіргі кезеңінде тірішілік жеке биосфера қабығын құрайтын дәрежеге жетті. Географиялық қабықтың шекарасын нақты айту қиын. Географиялық қабықта адам қоғамы өмір сүріп, дамиды. Мұндағы барльщ процестер Күн энериясының әсерімен және бұдан аз деңгейде ішкі жер қуаты көздерінің әсерімен жүріп жатыр. Географиялық қабықтың барлық компонеріттері заттар мен энергияның айналымы арқылы біртұтас болып байланысқан. Оның құрамына кіретін Жер қабықтары бірінің өзгерісі басқаларының да өзгерісін тудырады. Мысалы, төрттік мұз басу. Климаттың суьш кетуі Еуразия мен Солтүстік Америка материктерінің солтүстік бөлігін қамтыған ежелгі мұз басуға әкелді. Соның әсерінен материктің жер бедері және топырақ пен өсімдік, жануар дүниесін өзгертті. Географиялық қабық дамуының зандылықтарына оның тұтастыгы, ырғақтылығы, зоналылығы жатады. Географиялық қабықтың тұтастыгына су айналым жүйесі мысал бола алады. Баренц теңізінде мұз көбейген жылы Африканың ірі көлдерінің су деңгейі төмендейді және керісінше мұзы аз жылдарда көлдер суы деңгейінің жоғары болатын жылдарына сәйкес келеді. Мұньң бәрі ауа массалары қозғалысының күшеюіне не азаюына байланысты. Егер ауа массаларының ауысу мөлшері мен жылдамдығы, әсіресе меридиан бағытында арта түсетін болса, онда арктикалық теңіздердің мұздылыгы азая түседі. Экваторлық зонада керісінше бұл жауатын жауын-шашынның мөлшерін көбейтеді, мұның өзі көлдердің деңгейіне әсер етеді. Белгілі бір құбылыстың уақыт ішіндегі мерзімділігі мен қайталануын ырғақтылық деп атайды. Жердің өз осінен айналуы тәулік ырғақтылығын туғызады. Әрбір ірі табиғат кешені үшін температураның, ылгалдылықтың, өсімдіктер мен жануарлар әректінің өзіне тән тәуліктік барысы жасалады. Жердің Күнді айналуы табиғи процестердің (маусымдық) ырғағын туғызады. Зоналық –географиялық қабықтың ең басты заңдылықтарының табиғаттың барлық компоненттері мен табиғат кешендерінің экватордан полюске қарсы өзгеруі- аса маңызды географиялық заңдылық. Зоналалақтың негізі мәні күн жылуы мен жарық сандарының біркелкі еместігінде, өйткені ол әр үлескіге әр түрлі таралады. Зоналылыққа көптеген табиғат компоненттері бағынады: климат, жер беті сулары, жер бедерінің кіші формалары, топырақ, өсімдік және жануарлар дүниесі. Жердің ішкі күші зоналылық заңдылыққа бағынбайды.
Дәрісті өткеннең кейін студенттер білуге міндетті негізгі ұғымдар

Өзін-өзі тексеру сұрақтар:

1.Жердің географиялық қабығы оның заңдылықтары туралы не білесіңдер?



Ұсылынған әдебиеттер (өтілетін тақырыптын беті көрсетілген)

Негізгі әдебиеттер

  1. Ж.Н. Мукашев Жалпы жер тану. Оку құралы. Алматы. "Қазак университеті" 2002.

Қосымша әдебиеттер

  1. Естествознание и основы экологии. М., 2000.

  2. С.А. Қусаинов Жалпы геоморфология. Алматы. Қазак университеті. 1998

  3. Неклюкова Жалпы жертану. Алматы., 1980


29 Тақырып: Қазақстанның табиғат зоналары

Дәрістін жоспары:

  1. Шөлейт зонасы.

  2. Шөл зонасы.

  3. Таулы аймақтар.

Дәрістің қысқаша мәтіні.

  1. ҚР-ның табиғи аймақтар

Табиғат зонасы - температура жағдайлары мен ылғалдануы, топырағы, өсімдіктер және жануарлар дүниесі бірдей болатын ірі табиғат кешені.

Құрлықтағы зоналардың пайда болуы климатқа жылу мен ылғалдың арақатынасына байланысты. Зоналардың өсімдіктер жамылғысы табиғаттың барлық компоненттерінің ішінде олардың аса маңызды ерекшеліктерін, компоненттер арасындагы өзара байланысты неғұрлым айқын білдіреді. Егер жекелеген компоненттерде өзгеріс туатын болса, онда бұл сырттай жер жамылғысына әсер етеді. Күннен келетін жылу мөлшерінің азаюына және ылғалдықтың әркелкі түсуіне байланысты экватордан полюстерге қарай заңды түрде бірін-бірі ауыстырады. Табиғат зоналарының бұлайша ауысуына ендік зоналылық деп атайды. Күн жылуына тәуелді себептерді де зоналылық деп атайды. Мысалы, экваторлық ауданда ылгалды орман болса, полюсте - арктикалық шөл. Олардың арасында ормандардың басқа түрлері (саванна, шөл, шөлейт, тундра, зоналары) таралған. Табиғат зоналары жазыктарда ғана емес, сонымен бірге тауларда олардың етегінен шындарыңа қарай ауысып отырады. Климат ендік бойынша ғана емес, биіктік бойынша да өзгереді. Бірін-бірі ауыстыратын зоналар. тауды әр түрлі биіктікте айнала қоршап жатқандай болады, сондықтан оларды биіктік белдеулер деп атайды. Биіктеген сайын темпера-тура (1000 метрге - 6°) мен қысым (10,5 метрге - 1 мм) төмендейді. Таудың бірінші (төменгі) биіктік белдеуі қашанда таудың өзі орналасқан табиғат зонасына сәйкес кследі. Мысалы, экватор маңында Анд тауы ылғалды экваторлык ормандар белдеуінен басталады. Табигат зоналарының орналасуына зоналылық факторлар (Күн энер-гиясы) мен, негізінен алғанда, Жердің ішкі үрдістеріне байланысты жергілікті зоналылық емес факторлар (құрлық пен мүхиттың бөлінуі, жер бедері) бір мезгілде әсер ете ді.



Кез келген жерде табиғи компоненттер бір-бірімен тығыз байланыста, бір-бірімен әрекеттесе, шарттастық жүйесінде дамиды. Жер бедері, климаты, ішкі сулары, топырақ жамылғысы , өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің жиынтығының дамуы сол жердің табиғат жағдайының ерекшелігіне байланысты Табиғат кешенінде жүріп жатқан табиғи процестер сол жердің қалыптасу ерекшелігі мен кұрылымын анықтайды.Мысалы, климаттың ерекшелігі және сыртқы күштердің әрекеті, желдің әрекетінен тау жыныстардың үгітілуі, топырақ эрозиясы немесе борпылдақ бос жыныстардың қалыптасуы және т.б .

Табиғаттың бір компонентінің өзгеруі баска компонеттердің өзгерістеріне себепші болып, ақыр соңында тұтас табиғат кешенінің өзгеруіне алып келеді. Қазіргі жүріп жатқан табиғаттағы келеңсіз көріністер осыны дәлелдейді . Сондықтан белгілі бір жерді шаруашылықтық мақсатта игеру үшін де сол жердің табиғат комионенттерінің өзара байланыстылық заңын білу кажет.

Қазақстанның кең-байтақ жерінің табиғаты алуан түрлі , бір-бірін қайталамайтын табиғат кешендерінен тұрады. Қазақстан аумағы екі дүние бөлігін (Еуропа меи Азия) біріктіріп жатыр . Осыған сәйкес, қайталанбас көркем табиғатымен, үлкен массивті құмдарымен , жазира даласымен , қарлы биік тауларымен, құрғақ климатымен, теңіз деңгейінен төмен жатқан ойыстарымен, күрделі геологиялық құрылысымен , ежелгі географиялық тарихымен , мол табиғат байлығымен өзара ерекшеленетін байтақ елімізді мынадай ірі тоғыз табиғат аймақтарына бөлугеболады :

1.Шығыс Еуропа жазығы;

2. Тұран жазығы;

3. Солтүстік Қазақ жазығы;

4. Сарыарқа;5.Орал;

6. Алтай ;

7. Сауыр-Тарбағатай ;

8. Жоңғар Алатауы ;

9. Тянь-Шань .

Дәрісті өткеннең кейін студенттер білуге міндетті негізгі ұғымдар

Өзін-өзі тексеру сұрақтар:

  1. ҚР-ның табиғи аймақтар?

Ұсылынған әдебиеттер (өтілетін тақырыптын беті көрсетілген)

Негізгі әдебиеттер

  1. Ж.Н. Мукашев Жалпы жер тану. Оку құралы. Алматы. "Қазак университеті" 2002.

Қосымша әдебиеттер

  1. Естествознание и основы экологии. М., 2000.

  2. С.А. Қусаинов Жалпы геоморфология. Алматы. Қазак университеті. 1998

  3. Неклюкова Жалпы жертану. Алматы., 1980


30 Тақырып: Табиғатты қорғау

Дәрістін жоспары:

1.ҚР ҚЫзыл кітабы.

2.ҚР-ның табиғатта қорғау туралы заңдары

Дәрістің қысқаша мәтіні.

1.ҚР Қызыл кітабы.

1963 жылы Қызыл кітаптың 1 -басылымы, 1966 жылы 2-басылымы жарық көрді. Қазақстанның жануарларына арналған алғашқы Қызыл кітабы 1978 жылы жарық көрді. Ол толықтырылып 1991 жылы 2-рет шығарылды. Осы кітаптың 3-ші басылымы 1996 жылы қайта өңделіп, әрі толықтырылып шығарылды.

Оған дүниежүзілік Қызыл кітаптағыдай:

- ақ беттеріне сандары азайып келе жатқан, бірақ құрып кету қаупі жок, сирек түрлер енгізілді.

- сары беттерінде саны күрт азайып отырған түрлер жазылған.

- жасыл беттерінде табиғатқа ұқыптылықпен қарау нәтижесіңде сандары қалпына келтірілгендер орналастырылған.

Қызыл кітаптың 3-басылымына балықтың-16, қосмекенділердің-3, жорғалаушылардың-10, қүстардың-56, сүтқоректілердің-40 түрі тіркелген.

Кітапта қорғау шаралары, Қазақстанның картасы, қазіргі таралған аймағы көрсетілген.

Қазақстанда өсімдіктің 5,6 мыңнан аса түрі бар. Оның 760-тан астам түрі өсімдіктер, 1500 түрі азықтық техникалық өсімдіктер, 385-тен астамы "Қызыл кітапқа" енгізілген.

Жануарларға жойылу қаупін тудыратын себептер де сан алуан:

а) ірі жануарлар, киттер, пілдер, жолбарыстар терісі, еті үшін ауланады;

ә) коллекционерлерге, әуесқойларға зоопарктерге кейбір жануарларды: көбелектерді, құстарды, маймылдарды және кейбір өсімдіктерді: кактустерді сату табиғатқа үлкен зиян экеледі;

б) кейбір жануарлар табиғатта бәсекелесе алмайды, мысалы алып тасбақа жабайы қояндармен бэсекелесе алмайды, себебі екеуінің де қоректері бірдей;

в) алып панда - өте сирек жануар. Олар тіршілік ететін ормандар ауылшаруашылық далаларын тазалағанда көпшілігі өліп қалды. Қалған азын-аулағының өліп қалуына кейбір аурулар себеп болды;

г) адамның орманды, шөл далаларын игеріп, жаңа шаруашылықтарды салуы, жаңа қалалар, жолдар, шахталар т.б. тұрғызуы, қоршағап ортаны ластауы табиғатқа үлкен қауіп төндіретін әрекет.

Қазіргі кезде дүниежүзінде жуық шамамен 60 мың түрлі өсімдіктер түрлері құрып кету қаупінде түр. Әр өсімдік әртүрлі жануарларға баспана және қорек бола алады. Егер өсімдік жойылып кетсе, ол қауіп өсімдікті мекендейтін жануарларға да төнеді.

Алтын түсті бөшке тәрізді кактус және өрмелегіш орхидеяны сату үшін адамдардың жинап алуы құрып кету қаупін туғызды. Африкалық фиалка да табиғатта аталған себептен сирек.

Ормандарды кесу, даладағы өрт, адамдардың қоршаған ортаны ластауы шамадан тыс кәсіптік мақсатта тұтыну өсімдіктерге де қауіп төндіреді.

Табиғатты қорғау жолдары:

а) Қорықтарда адамның шаруашылық әрекетіне тыйым салынған. Қазақстанда 9 ірі қорық бар: Алматы, Алакол, Аксу-Жабағылы, Барсакелмес, Үстүрт, Марқакөл, Батыс Алтай, Қорғалжың, Наурызым.

э) Заказниктерде табиғаттың белгілі бір бөлігі, мысалы сирек кездесетін өсімдіктер немесе жануарлар қорғалады. Онда адамның шаруашылық әрекетіне толық тыйым салынбайды, тек шектеледі.

б)Ұлттық парктер - қорықтарға ұқсас, олардың арасындағы негізгі айырмашылықтар: егер қорықтар туристерге жабық болса, ұлттық парктер

керісінше оларды қызықтырады, өзіне тартады. Онда туристерге арналған топ серуендік жолдар, қызықтайтын алаңдар, қонақ үйлер, автомобилъдер қоятын жерлер ұйымдастырылады. Сонымен қатар ұлттық парктерде табиғаттың адам жіберілмейтін, тимейтін бұрыштары болады.

в) Табиғат ескерткіштері - орманның өте бағалы бөлімі, жекелеген көне ағаштар, сарқырамалар, табиғатты көркем жартастар, тағы басқалар.

г) Көптеген сирек кездесетін жануарларды қорғауда ботаникалық бақтардың, ал сирек кездесетін жануарларды қорғауда зоопарктердің маңызы зор.

Дүниежүзілік Қызыл кітапқа енетін кейбір жануарлар: медициналық сүлік, алып панда, қара мүйізтұмсық, қыран, үнді жолбарысы.

Қазақстанның Қызыл кітабына енген жануарлар: қоқиқаз, дала күзені көккүс, аққүтан, аққу, үстірт арқары, гепард, дуадақ, жапалақ, қарақыл, мэлік, ақбас тырна, шағала, ұлар, махаон көбелегі т.б.

Қазақстанның Қызыл кітабына енген өсімдіктері кәдімгі шолпанкебіс, людвиг құйрықшасы, гүлді шолпанкебіс, Павлов итмұрыны тамырлы жуа, жау шымылдық телпексүйсін, алтай рауағашы, түпті жуа, тобылғы, ақбас селеу, меруертгүл.



2.ҚР-ның табиғатта қорғау туралы заңдары

Еліміз егемендік алған күннен бастап-ақ республикамызда табиғат қорғау мәселесіне ерекше көңіл бөлініп келеді. Әсіресе, ерекше қорғалатын аумақтардың жер көлемін кеңейту және ондай аумақтарда табиғат байлықтарын корғау, сақтап қалу жэне көркейту шараларын мейлінше кеңінен жүргізуді насихаттау жұмыстары қалың бұқара қауым арасында жан-жақты жүргізіліп келеді.

Әрбір азаматтың бойында туған жерінің, атамекенінің және өз Отанының табиғат байлықтарын аялау сезімін, оған деген сүйіспеншілігін тәрбиелеуде мектептің алатын орны ерекше. Мектепте оқылатын барлық пәндерді экологияландыру мәселесіне ұстаздар мен ғалымдар да үлкен үлес қосып келеді. Бастауыш сыныптарда оқылатын дүниетану, жоғары сыныптардағы география, биология, химия жәнс т.б. пәндерде табиғат қорғауға қатысы бар арнайы тараулар енгізілген. Сонымен қатар, соңғы жылдары еліміздің кейбір мектептерінде экология пәні жеке пән ретінде оқыла бастауы да ұстаздар тарапынан үлкен қолдауға сүйеніп отыр.

Отанымыздың әрбір саналы азаматы өз еліміздегі ерекше қорғауға алынған табиғи аумақтар жайлы мәліметтермен кеңінен таныс болуы үшін жэне ондай табиғаты тамаша аймақтарды көзінің қарашығындай аялауы үшін мектеп қабырғасынан бастап-ақ ондай аумақтардың қандай өңірлерде орналасқанын және ондағы қорғалатын табиғат байлықтарын білуі міндетті.

Елімізде "Ерекше қорғалатын аймақтар туралы" Заң 1997 жылы 6-тамызда қабылданған. Онда ерекше қорғалатын аумақтарға республикамыздағы арнайы бөлініп алынған жер алқаптары, су айдындары, ормандар және жер қойнауы ерекше ережеге сай құқықтық түрғыдан да және шаруашылық тұрғыдан да қатаң тәртіппен қорғалып, табиғатты сақтап қалу үшін, әрі қалпына келтіру үшін бөлінеді деп атап көрсетілген.

Қазіргі кезде республикамызда ерекше қорғалатын табиғи аумақтар санатына мынадай табиғат байлықтары жатады.

1. Мемлекеттік табиғи қорықтар. Оған бұрынғы қорықтардың негізінде ұйымдастырылатын биосфералық қорықтар да жатады.

2. Мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтар.

3. Мемлекеттік табиғи саябақтар. Табиғат қорғаудың мұндай формасы өзінше біздің елімізде ұйымдастырылған жоқ.

4. Мемлекеттік табиғат ескерткіштері. Ондағы қорғауға алынған табиғат байлығының ғылыми, тарихи және табиғи маңызына байланысты республикалық және жергілікті мәні бар табиғат ескерткіштері деп бөлінеді.

5. Мемлекеттік қорықтың белдемдер. Табиғат қорғаудың мұндай жолы көбіне мемлекеттік қорықтармен шекаралас алқаптарда ұйымдастырылады.

6. Мемлекеттік табиғи қорықшалар (заказник). Мұндай аумақтардағы қорғалатын табиғи объектілердің ерекшелігіне сәйкес олар — кешенді зоологиялық ботаникалық, геологиялық ландшафтылық және т.б. бөлінеді.

7. Мемлекеттік зоологиялық саябақтар (зоопарк). Қазіргі таңда еліміздің үш ірі қаласында (Алматы, Қарағанды, Шымкент) зоологиялық бақ ұйымдастырылған.

8. Мемлекеттік ботаникалық бақтар (ботсад).

9. Мемлекеттік дендрологиялық саябақтар.

10. Халықаралық маңызы бар сулы-батпақты аумақтар. Оған Теңіз Қорғалжың және Ырғыз-Торғай аумақтары жатады.

ІІ.Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың орманы.

12.Ерекше мемлекеттік маңызы бар немесе ғылыми тұрғыдан құнды су айдындары

13.Жер қойнауының экологиялық, ғылыми, мәдени және тарихи, табиғи жағынан ерекше алқаптары.

14.Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттік есебі мен мемлекеттік кадастры.

15. Ерекше қорғалатын табиги аумақтар саласындагы бақылау.

Республикамызда соңғы ресми деректер бойынша, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жер көлемі 14 млн. 663 мың гектар, бұл еліміздің жалпы жер келемінің 5,3% тең.

2004 жылдың 1-каңтарына дейін республикамызда 9 мемлекеттік қорық, 7 ұлттық табиғи саябақ, 2 мемлекеттік табиғи резерват. 57 мемлекеттік қорықша, 4 республикалық мәні бар қорық белдемі, 26 республикалық мәні бар табиғат ескерткіштері, 1 жергілікті мәні бар ұлттық табиғи саябақ жэне 66 жергілікті мэні бар ерекше қорғалатын аумақ ұйымдастырылған.

Еліміздегі ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың ең маңыздысы -мемлекеттік қорықтар.

Қорықтар - ғылыми мекемелер қатарына жататындықтан олар ең басты мәселе ғылыми-зерттеу жұмыстарына ерекше көңіл бөледі. Қорықтарда арнайы жоғары білімі бар мамандар ғылыми-зерттеу жұмыстарымен шұғылданады. Қорыққа бөлінген аумақтарда ешқандай шаруашылық жұмыстары жүргізілмейді, тек қана үгіт-насихат, биотехникалық жұмыстар (жабайы жануарларды қолдан үстеме қоректендіру, т.б.) жүргізіледі.

Қорықтарды ұйымдастыру кезінде еліміздің эрбір табиғи белдемдерінің табиғат ерекшелігін және сол аймаққа тән табиғат байлықтарын сақтап қалуға және қалпына келтіруге ерекше мән беріледі.

Қазіргі кезде еліміздің жеке табиғи белдемдеріндегі табиғат байлықгарьш қорғауға арналған 9 мемлекеттік қорық ұйымдастырылған

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың келесі маңызды тобына мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтар жатады. Қазіргі кезде республикамызда 7 үлттық табиғи саябақ ұйымдастырылды. Ұлттық табиғи саябақтарда табиғат қорғау шаралары үгіт-насихат, экологиялық білім мен тәрбие беру, туризмді дамыту жұмыстарымен бірге жүргізіледі.

"Елміздегі ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тағы бір маңызды тобына — табиғат ескерткіштері жатады. Олардың ішінде әлемге әйгілі Ертіс өзенінің аңғарындағы "Қазқонақ " (гусиный перелет) ескерткіші бар. Бұл өңірде бұдан 7 млн. жыл бұрын тіршілік еткен ірі жануарлардың каңқа қалдықтары сақталған. Бұл табиғи ескерткіштің әрі тарихи, әрі ғылыми маңызы орасан зор.

Қызыл кітап (КесШаіаВоок), халықаралық табиғат қорғау о д ағынъщ (ХТҚО) "Қызыл кітабы" — халықаралық дәрежедегі құжат. Қызыл кітапта сирек кездесетін, жылдан жылға азайып не жойылып бара жатқан, сондықтан да айрықша қорғауды қажет ететін жануарлар мен өсімдіктердің түрлері тіркеледі. Жануарларды халықтар. дәрежеде қорғау мәселесі 20 ғасырдың бас кезінде қолға алынды. 1902 ж. Париж қаласында алғаш рет қүстарды қорғаудың халықтар. конвенциясына қол қойылды. 1948 жылы. ЮНЕСКО-ның жанынан Халықтар. табиғат корғау одағы үйымдастырылды ХТҚО-ның қызыл кітабы 1966 ж. тұңғыш рет 2-том болып шықты. Оныі 1-томында сүтқоректілердің 211 түрі, 2-томына құстардың 312 түрі туралы деректер берілді. Бұл кітап күнтізбе парақтары тәрізді арнайы жасалды, түрлер 4 категорияға топтастырылды. 1966-71 жылы. қызыл кітапқа тіркелетін түрлер туралы мәліметтер кайта толықтырылып, 2-басылымы, 1972 ж. 3-басылымы жарияланды. 1978-80 жылы 4-басылымы 5 том болып жарық көрді. Оның 1-томы сүтқоректілерге арналып, оған сүтқоректілердің 226 түрі мен 79 түр тармағы, 2-томында қүстардың 181 түрі мен 77 түр тармағы, 3-томында қосмекенділердің 41 және бауырымен жорғалаушылардың 105 түрі, 4-том балықтарға арналып, балықтардың 194 түрі, ал 5-томы жоғары сатыдағы өсімдіктердің түрлеріне арналып, 25000 түрі тіркелді. 1980 жылдары бүрынғы томдар негізінде "Қызыл кітап" қайта шыға бастады. 1983 ж. шыққан қызыл кітапта омыртқасыз жануарлар туралы мол мәлімет берілген. Жойылу қаупі төнген түрлерді сақтап қалу үшін оларды зоологиялық парктерде қолдан өсіріп, көбейту шаралары қолға алынған. Соның нәтижесінде соңғы қызыл кітапқа тіркелген сүтқоректілердің 97, қүстардың 39, қосмекенділер мен бауырымен жорғалаушьшардың 37 түрі дүниежүзі зоологиялық парктерде қолдан көбейтілген. ХТҚО-ның қызыл кітабын шығаруға қүстарды қорғау жөніндегі халықар. кеңес, су қүстарын зерттейтін халықарапалық бюро, Жануарларды қорғау жөніндегі бүкіл әлемдік федерация, т.б. ұйымдар қатысады. Қызыл кітап. табиғат қорғаудың негізгі іргетасы, экологиялық білім мен тәрбие берудің қайнар көзі болып саналады.

Біздің елмізде жануарларды қорғауды ұйымдастыру негізгі екі бағытта жүргізіледі. Оның бірі қорықтар ұйымдастыру да, екіншісі кәсіптік маңызы бар жануарларды пайдалану барысында сақтайтын қорық. Бұл екі бағыт та қажет, әрі олар бір-бірін толықтырып отырады.

Көптеген хайуанаттардың таралу аймағы шағын, экологиялық өрісі тар, сондықтан да олар белгілі табиғат жағдайында ғана тіршілік ете алады. Адам табиғи ландшафтарды интенсивті түрде өзгерткенде бүл түрлердің саны күрт азайып, тек «соңғы пана» дейтін шектеулі жерлерде ғана сақталып қалады. Мұндай жануарлардың азынаулағы тек кұрылықтарда ғана сақтала алады.



Дәрісті өткеннең кейін студенттер білуге міндетті негізгі ұғымдар

Өзін-өзі тексеру сұрақтар:

1.ҚР Қызыл кітабына енген өсімдіктер мен жануарлар?

2.ҚР-ның табиғатта қорғау туралы қандай заңдарын білесіңдер?

Ұсылынған әдебиеттер (өтілетін тақырыптын беті көрсетілген)

Негізгі әдебиеттер


  1. Қазақстаннаң Қызыл Кітабы.

  2. Қазақстанның табиғатта қорғау заңдары.

  3. Оспанова.Г.С..Бозшатаева.Г.Т. Экология. Алматы Экономика2002

Қосымша әдебиеттер

  1. Естествознание и основы экологии. М., 2000.

  2. Дубнищева Т.Я. Концепции современного естествознания. - Новосибирск, 1997.

Негізгі бөлім (тәжірибелк сабақтардың мазмұны)

1. Тақырып: Тірі ағзалардың құрылысы және тіршілік әрекеттері.



Мақсаты: Биосфера туралы жалпы түсінік, тірі ағзалардың құрылысы және тіршілік әрекеттерімен танысу.

Міндерттері: Биосфераға жалпы түсінік беру. Тірі ағзалардың құрылысына жалпы сипаттама беру; тіршілік әрекеттеріне жалпы сипаттама беру.

Методикалық нұсқаулар:

Биосфера туралы угымды калыптастырган - акаде­мик В.И. Вернадский.



Биосфера - барлық тіршілік процестері журетің жердің белгілі кабыгы. Барлык тipi агзалардан биомасса құралады.

Tipi агзалардың зат алмасуга катысуы жөңінде коңыржай ендіктер мен экваторлық еңдіктер 6ipiңiң орын алады.



Биосферадағы географиялық зандылық. Биосферада зоналық тыгыздылығы болады, онда органикалык, тіршіліктің, ягни коп катысатын зоналары бар.

Tipi табигат

Биосфераның курамды белт - биомасса - Жер беті-деп сан алуан Tipi агзалар алып жатады.



Tipi табигаттың дене курылысы

Жасушаның (клетка) к,урылысы. Жерде мекендейтің Tipi агзалардың көпшілігі жасушадан турады. Жасушаның негізгі органоидтармен танысу.

Жыныссыз кебею. Жануарлар мен өсімдіктердердің жыныссыз кебеюінің негізгі формаларымен танысу. Оларға жалпы сипаттама беру.

Жыныстық кебею. Біржасушалы өсімдіктер мен жануарлар да жыныстык жолмен кебейеді. Жаплы сипаттама беру.

Тіршілік әрекеттері: қозғалу, қоректену, көбеюі, таралыу әрекеттеріне жалпы сипаттама беру.

Бақылау сұрақтар:

  1. Биосфера ұғымына түсінік беру.

  2. Клетка және онаң органоидтарына жалпы сипаттама.

  3. Тіршілік әрекеттеріне жалпы сипаттама беру.

Ұсынылған әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер

  1. Қазіргі жаратылыстану концепциялары. А., 2000.

  2. Нурышев М.Х. Клетка құрылысы. – Алматы. 1997.

  3. Оспанова А. Г. Экология. А., 2001.

Қосымша әдебиеттер

  1. Естествознание и основы экологии. М., 2000.

2. Тақырып: Тіршілік орталары.



Мақсаты: Тіршілік орталарымен танысу.

Міндерттері: Су, топырақ, ауа-қурылық және организм тіршілік орталарына жалпы сипаттама беру.

Методикалық нұсқаулар:

Су – тіршілік ортасына жалпы сипаттама беру.

Су қабаттарының схемасын салу.

Суда тіршілік ететін ағзаларға жалпы жалпы сипаттама беру.

Суда тіршілік ететін ағзаларды экологиялық топтарға бөлу.

Топырақ – тіршілік ортасына жалпы сипаттама беру.

Топырақта тіршілік ететін ағзаларға жалпы жалпы сипаттама беру.

Топырақта тіршілік ететін ағзаларды экологиялық топтарға бөлу.

Ау-құрылық – тіршілік ортасына жалпы сипаттама беру.

Ау-құрылықта тіршілік ететін ағзаларға жалпы жалпы сипаттама беру.

Ау-құрылықта тіршілік ететін ағзаларды экологиялық топтарға бөлу.

Организм – тіршілік ортасына жалпы сипаттама беру.

Организмде тіршілік ететін ағзаларға жалпы жалпы сипаттама беру.

Бақылау сұрақтар:

Су – тіршілік ортасының жалпы сипаттамасы.

Суда тіршілік ететін ағзалардың жалпы сипаттамасы, олардың бейімделушіліктері.

Суда тіршілік ететін ағзаларды экологиялық топтары.

Топырақ – тіршілік ортасының жалпы сипаттамасы.

Топырақта тіршілік ететін ағзаларға жалпы сипаттамасы, олардың бейімделушіліктері.

Топырақта тіршілік ететін ағзаларды экологиялық топтары.

Ау-құрылық – тіршілік ортасына жалпы сипаттамасы.

Ау-құрылықта тіршілік ететін ағзалардың жалпы сипаттамасы, олардың бейімделушіліктері.

Ау-құрылықта тіршілік ететін ағзалардың экологиялық топтары.

Организм – тіршілік ортасының жалпы сипаттамасы, олардың бейімделушіліктері

Ұсынылған әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер


  1. Омыртқалылар зоологиясы. 1 бөлім :оқулық /К.Б.Олжабеков,Б.Е.Есжанов.-Алматы:Эверо,2011.-400б.

  2. Дәуітбаева К.Ә.,т.б. Жануарлар алуан түрлілігі.1 және 2-бөлімдер.Жоғары оқу орындарына арналған оқулық.-Алматы.,2011.-712б.

Қосымша әдебиеттер

  1. Естествознание и основы экологии. М., 2000.

3. Тақырып: Бактериялар. Саңырауқұлақтар. Қыналар.

Мақсаты: Бактериялармен, саңырауқұлақтармен, қыналармен танысу.

Міндерттері: бактерияларға, саңырауқұлақтарға және қыналарға жалпы сипаттама беру,

Методикалық нұсқаулар:

Бактерялардың дене құрылысымен танысу, оларға жалпы сипаттама беру. Бактерялардың негізгі өкілдерінің схемасын сызу.

Саңырақұлақтардың дене құрылысымен танысу, оларға жалпы сипаттама беру. Саңырауқұлақтардың негізгі өкілдерінің кестесін сызу.

Қыналардың дене құрылысымен танысу, оларға жалпы сипаттама беру. Қыналардың негізгі экологиялық топтарға жататындардың суретін салу.



Бақылау сұрақтар:

Бактерялардың дене құрылысы.

Бактерялардың жалпы сипаттамасы.

Саңырақұлақтардың дене құрылысы.

Саңырауқұлақтардың жалпы сипаттамасы.

Саңырауқұлақтардың негізгі өкілдері.

Қыналардың дене құрылысы.

Жалпы сипаттамасы.

Қыналардың негізгі экологиялық топтары

Ұсынылған әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер


  1. Әметов Ә.Ә. Ботаника. Алматы, 2000ж.

  2. Оспанова А. Г. Экология. А., 2001.

Қосымша әдебиеттер

  1. Естествознание и основы экологии. М., 2000.

  2. Абдрахманов О. Төменгі сатыдағы өсімдіктер систематикасы. Алматы 1972 ж

4. Тақырып: : Өсімдіктер, олардың құрылысы.



Мақсаты: Өсімдіктер, олардың құрылысы

Міндерттері: Өсімдіктер, олардың құрылысымен танысу.

Методикалық нұсқаулар:

Өсімдіктердің табиғаттағы және адам өміріндегі маңызына жалпы сипаттама беру.

Өсімдіктің вегетативтік органдарына жалпы сипаттама беріп, олардың негізгі схемаларын салу.

Өсімдіктің генеративтік органдарына жалпы сипаттама беріп, гүлдің схемасын салу.


Бақылау сұрақтар:

1. Өсімдіктердің табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы неде?

2. Өсімдіктің вегетативтік органдарына не жатады?

3.Өсімдіктің генеративтік органдарына не жатады?


Ұсынылған әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер

  1. Әметов Ә.Ә. Ботаника. Алматы, 2000ж.

  2. Әметов Ә.Ә, Мырзақұлов П. М. Жоғарғы сатыдағы өсімдіктер систематикасы 1 том Қазақ университеті. 2000 ж.

  3. Оспанова А. Г. Экология. А., 2001.

Қосымша әдебиеттер

  1. Естествознание и основы экологии. М., 2000.

5. Тақырып: Жануарлар, олардың классификациясы.



Мақсаты: Жануарлар, олардың классификациясымен танысу.

Міндерттері: Жануарлар әлеміне жалпы сипаттама беру, клссифкациясын реттеу.

Методикалық нұсқаулар:

Жануарлар әлеміне жалпы сипаттама берініз.

Омыртқасыздардың негізгі өкілдеріне сипаттама берініз.

Омыртқалылар жануарлардың негізгі өкілдеріне сипаттама берініз.

Жануарлардың адам өмірінідегі маңызына сипаттама берініз.

Жануарлардың алуантүрлілігі (кесте салыныз).


Бақылау сұрақтар:

Қарапайымдылардың жалпы сипаттамасы.

Құрттар типіне сипаттама беріңіз

Моллюскілер типіне сипаттама беріңіз?

Шаян тәрізділер, Өрмекші тәрізділер, Көп аяқтылар, Насекомдар кластары ерекшеліктерін атап көрсет?

Дөңгелек ауыздылар кімдер жатады?

Балықтар қандай кластарға бөлінеді?

Қос мекенділер негізгі өкілдері?

Бауырымен жорғалаушылар типіне қандай кластар бірігеді

Құстар қандай топтарғабөлінеді

Сүт қоректілер өкілдері?

.

Ұсынылған әдебиеттер:



Негізгі әдебиеттер

  1. Омыртқалылар зоологиясы. 1 бөлім :оқулық /К.Б.Олжабеков,Б.Е.Есжанов.-Алматы:Эверо,2011.-400б.

  2. Дәуітбаева К.Ә.,т.б. Жануарлар алуан түрлілігі.1 және 2-бөлімдер.Жоғары оқу орындарына арналған оқулық.-Алматы.,2011.-712б.

  3. Оспанова А. Г. Экология. А., 2001.

Қосымша әдебиеттер

  1. Естествознание и основы экологии. М., 2000.

6. Тақырып: Ағзалардың қарым қатынасы. Ортаның биотикалық факторлары.



Мақсаты: Ағзалардың қарым қатынасы. Ортаның биотикалық факторларымен танысу.

Міндерттері: Ағзалардың қарым қатынасының негізгі түрлеріне сипаттама беру. Ортаның биотикалық факторларына жалпы сипаттама беру.

Методикалық нұсқаулар:

Ағзалардың қарым қатынасының негізгі түрлеріне кесте сызу.

Ортаның биотикалық факторларына жалпы сипаттама беру

Бақылау сұрақтар:

Ағзалардың қарым қатынасының негізгі түрлері.

Ортаның биотикалық факторларына жалпы сипаттама.
Ұсынылған әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер


  1. Қазіргі жаратылыстану концепциялары. А., 2000.

  2. Оспанова А. Г. Экология. А., 2001.

Қосымша әдебиеттер

  1. Естествознание и основы экологии. М., 2000.

  2. Дубнищева Т.Я. Концепции современного естествознания. - Новосибирск, 1997.

7. Тақырып: Географиялық қабығы.



Мақсаты: Географиялық қабығының жалпы түсінігімен танысу.

Міндерттері: Жердің географиялық қабығы оның заңдылықтарына жалпы сипаттама беру. ҚР-ның табиғи аймақтарына жалпы сипаттама беру
Методикалық нұсқаулар: Жердің географиялық қабығы оның заңдылықтарына жалпы сипаттама беру. ҚР-ның табиғи аймақтарына жалпы сипаттама беру
Бақылау сұрақтар:

Жердің географиялық қабығы оның заңдылықтары

ҚР-ның табиғи аймақтар
Ұсынылған әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер


  1. Қазіргі жаратылыстану концепциялары. А., 2000.

  2. Ж.Н. Мукашев Жалпы жер тану. Оку құралы. Алматы. "Қазак университеті" 2002.

Қосымша әдебиеттер

  1. Естествознание и основы экологии. М., 2000.

  2. С.А. Қусаинов Жалпы геоморфология. Алматы. Қазак университеті. 1998

  3. Неклюкова Жалпы жертану. Алматы., 1980

8. Тақырып: Күн жүйесінің құрылысы және құрамы.



Мақсаты: Күн жүйесінің құрылысы және құрамымен танысу.

Міндерттері: Күн жүйесінің құрылысына жалпы сипаттама беру.

Методикалық нұсқаулар:

Күн жүйесінің құрылысының схемасын сызу.



Жұлдыздар. Космостық объектілердің ең маңыздысы – жұлдыздар. Олар әр түрлі келеді, себебі олардың даму стадиясы түрліше жағдайда өтетіндіктен. Жұлдыздың химиялық құрамы, температурасы, жарқырауы, диаметрі, массасы, тығыздығы, қозғалысымен оларға дейінгі қашықтығы олардың сәулеленуіне қарай анықталады

Күн системасына: Күн, тоғыз ірі планета және олардың серіктері, астероидтар (кіші планеталар), кометалар және метеор денелер енеді.



Күн — күн системасындағы орталық дене. Күннің көзге көрінетін сәулелерінің барлығы фотосфера деп аталатын күн атмосферасының төменгі бөлігінен шығады. Фотосфера қабатының қалыңдығы 100-ден 300 км-ге дейін болады. Фотосфера үстінде хромосфера орналасқан, оның қалыңдығы 14 000 км-ге дейін жетеді. Хромосферадан жоғарыда Күн атмосферасының ең ыдыраңқы бөлігі — күн тажы бар.

Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет