Пәннің ОҚУ Әдістемелік кешені «Мұғалімнің психология-педагогикалық құзіреттілігінің диагностикасы»


Психодиагностиканың кәсіби және этикалық сұрақтары



бет53/68
Дата06.02.2022
өлшемі145,66 Kb.
#80482
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   68
Байланысты:
34c8778b-4d17-11e4-973d-f6d299da70ee3
Жаспанова М.Ж кмж үлгісі, Жаспанова М.Ж кмж үлгісі
Психодиагностиканың кәсіби және этикалық сұрақтары.
Психодиагностиканың кәсіби және этикалық нормалары. Этикалық кодекстің негізгі қағидалары. Тесті жүргізуге қойылатын талаптар.

  1. Психодиагностикалық жұмыс нәтижелерінің қолданылу салалары.

Психодиагностиканың теориялық пән ретіндегі міндеті ғылыми негізделген психодиагностикалық әдістерді өңдеу және теориялық тұжырымдамалар мен болжамдарды тексеру болып табылады. Практикалық психодиагностикада психодиагностикалық берілулердің нәтижесі қалай, кіммен қолданылуына байланысты. Осыған орай психодиагностикалық жұмыстың нәтижесін практикада қолданудың бірнеше салаларын көрсетуге болады:

  1. Психодиагностика оқыту және тәрбиелеу үрдісін белсендендіру үшін қолданылады. Психодиагностика көмегімен білім беру-тәрбиелеу мекемелерінің жұмысшыларының алдында тұрған міндеттер шешіледі. Бұл баланың мектепте оқуға даярлығы, оқу үлгермеушілігінің себебін анықтау, кәсіптік бағдар беру.

  2. Диагностикалық жұмыс кәсіби іріктеу, кәсіби бағыт беру, кәсіби білім беру мамандарының іс-әрекетінің негізгі құрамдас бөлігі болып табылады, ол арнайы кәсіби кеңес беру, білім беру мекемелерінде жүргізіледі. Бұл жұмыс әркімге өзіне лайықты мамандық таңдауға, кәсіби білім және іскерлікті нәтижелі меңгерудің жолын табуға, кәсіби шеберлік деңгейін жоғарлатуға бағытталған.

  3. Диагностикалық жұмыс нәтижесі клиникалық кеңес беру және психотерапиялық жұмысты қолданылады. Бұл жағдайда психодиагностиканың негізгі міндеті клиенттің нақты проблемасының себебін анықтау және оларды шешудің жолдары және тәсілдерін таңдау.

  4. психодиагностика сот практикасында соттық-психологиялық экспертиза жүргізу үшін қолданылады. Туындаған мәселеге байланысты психодиагност зерттеу нәтижесі бойынша психологиялық қорытынды шығарады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   68




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет