Пәннің оқу әдістемелік кешені (ПОӘК) 2003ж Алматы қ. Абай атындағы амудің «психология және әлеуметтік психология» кафедрасы дайындаған «Психология» типтік бағдарламасы негізінде құрастырылды


Дәрістің мазмұны Іс-әрекет туралы түсінік



бет12/25
Дата28.01.2018
өлшемі1,62 Mb.
#34375
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   25

Дәрістің мазмұны

  1. Іс-әрекет туралы түсінік.


  2. Қажеттіліктің түрлері.

  3. Іс-әрекеттің түрлері.

Іс-әрекет туралы жалпы түсінік.

Адамның өмір. сүруі белгілі іс - әрекетпен айналысуына байланысты. Өмір сүру барысында адам психикасы түрлі жолмен жарыққа шығып отырады.Мысалы, мектеп жасына дейінгі бала өз психологиясын ойын арқылы білдірсе, ересек адам өзіне тән ерекшеліктеріне еңбек процесінің сан алуан салаларында көрсетеді.



Әрекет дегеніміз – түрлі қажеттерді өтеуге байланысты белгілі мақсатқа жетуге бағытталған процесс.

«Әрекетіміз дұрыс болу үшін, біздің соған баратын жолымыз қандай болу керек екенін анықтап алуға тиіспіз» - дейді Әл-Фараби. Адам іс-әрекеті күрделі процесс. Оған жекелеген әрекеттердің жүйесі кіреді, яғни әрекет іс-әрекеттің шағын бөлігі. Әрекетті орындау тәсілдерін операция деп атайды.

Адам іс-әрекеттің белгілі түрімен айналысу арқылы ғана сыртқы ортамен байланыс жасап, оны өзгерте алады.

Іс-әрекеттің қоғамдық, әлеуметтік маңызы ерекше. Іс-әрекеттің негізгі басты белгілері оның саналылығы, мақсаттылығы, жоспарлылығы және нәтижесінің болуы.

Адамның сана-сезімі өскен сайын, оның әрекеті жаңа мазмұнға ие болады. Сана мен әрекеттің бірлігі, адам психикасының іс-әрекет үстінде дамитынының бірден-бір дәлелі.

Адам қажеттіліктері.

Адамдарды әректке бағыттайтын, қажетін өтеуге талаптандыратын бір түрткі болады. Бұл түркіні психологияда мотив (себеп) деп атайды. Қандай да болмасын объектілердің себебін білмей тұрып, адамның бір мақсатқа жетем деген ойын қалайша тоқтата алатынын және оның мінез-құлқының мән жайын толық түсіну қиын болады.

Жеке адамдарды қандай болмасын әректке итермелейтін негізгі қозғаушы мотив – оның түрлі қажеттері, яғни бір нәрсеге мұқтаждануы. Адамның қажеттері қоғамдық еңбекте, еңбек ету процесінде қалыптасқан. Сыртқы ортамен байланыс жасауға адамның өмір сүруі ушін ең алдымен ерекше маңыз алған материалдық қажеттер (тамақ, баспана, киім, еңбек құралдары т.б) болады.

Адам баласының тарихи даму жағдайынды туған еңбек әрекеті еңбек құралдарын пайдалану секілді негізгі материалдық қажеттері біртіндеп дами келе, қажеттердің жаңа тобын – рухани қажеттерді (білім, көркем өнер т.б.) туғызды. Рухани қажеттердің дамуы материалдық қажеттердің қанағаттандырылуына байланысты. Адам қажеттерінің дамуы тарихи дамудың елеулі бір кезеңі. Олар адамның алдына әртүрлі мақсаттар қойып отыруына себепші болатын негізгі түрткілер. Адам өзінің қажеттерін өтеу үшін бар мүмкіндігін пайдаланады. Бұл оны белсенді түрде іс-әрекет істеуге талаптандырады. Оның қажеттері саналы әрекеттің нәтижесінде біртіндеп отырады. Адам өз қажетін өтеу жолында сыртқы ортаны, табиғатты өзгертуге дейін барады.

Сонымен адамдардың қажеттері – іс-әрекеттің негізгі мотивтері,яғни оның психолгиясының қайнар көзі., бастамасы, болып табылады. Қажеттіліктер әсіресе табиғи қажеттер, өмір сүрудің, тіршілік етудің арқасы. Егер табиғи қажет өтелмесе өмір сүру үшін тиісті жағдайлар болмаса, адамдарда, жануарларда тіршілік ете алмайды. Адам өмірі үшін рухани қажеттерді өтеп отырудың да маңызы зор. Осындай қажеттердің өтелмеуінен адам көп қиыншылық көреді, өйткені бұл оның сана-сезімінің өсуіне кедергі келтіреді. Қажет жануарларда да бар. Бірақ бұл- биологиялық сипаттағы қажеттер. Жануарлардың қажеттері олардың қоректенетін заттарын іздестіруінен жақсы байқалады.

Іс-әрекеттің негізгі түрлері.

Адам іс-әрекеті сан алуан. Оның негізгі түрлері: ойын, оқу, еңбек. Іс-әрекеттерге тән ортақ белгі олар белгілі қажеттерге қарай туып отырады. Адам жас кезеңдеріне қарай түрліше көрінеді.



Ойын арқылы бала қоғамдық тәжірибені меңгереді, өзінің психикалық ерекшеліктерін қалыптастырады. Бала ойынында қоғамдық, ұжымдық сипат бар. Кез-келген бала жалғыз ойнамайды, қатар құрбыларымен бірлесіп ойнайды, ойын арқылы бір-бірімен өзара қарым-қатынас жасайды. «Үлкендер өмірі үшін жұмыс, қызмет істеу қандай орын алатын болса, балалар өмірінде ойын да сондай үлкен маңызды. Бала ойында қалай болса, өскеннен кейін жұмыста көбінесе сондай болады. Сондықтан келешекке адамды тәрбиелеу көбіне ойын арқылы болады»-деді А.С.Макаренко. Бала ойында үлкентердің әрекетін бейнелейді. Сондықтан да ойынның да өзіне тән мотивтері болады. Мысалы, дәрігер ауру адамды емдегенде өзіне жүктелген міндетті сезінеді, осылай істеуді оның мамандығы қажет етеді. Ал, дәрігер болып ойнаған баланы алсақ, ол да айналасындағыларды өзінше «емдейді». Ойынның қозғаушы күші – баланың нақты тілегі мен қызығушылығы. Ересектердің еңбек әрекетінен айырмашылығы, баланың ойынын да қоғамдық пайдалы өнім болмайды, талап етілмейді. Осыған қарап, ойынның ешқандай маңызы жоқ деуге болмайды. Бала ойын арқылы өзінің қандай қабілеті бар екенін байқап көреді.

Баланың жасы өсумен қатар, ойнайтын ойынның мазмұны да өзгеріп отыратыны белгілі. Мысалы, бір жасқа дейінгі балалар ойыны манипуляциялық болса, үш-төрт жаста бала сюжетті ойындарды ойнайды. Балалар өздеріне ересек адамдардың ролін алып, соны өз танымына, ұғымына сай белгілейді. Ойын үстінде баланың қиялы, сөйлеуі дамиды. Әр түрлі ережелермен ойналатын ойындар баланы тәртіптендіріп, адамгершілік ережелерді орындауға үйретеді.Әрдайым бала еңбегіне үлкендер басшылық жасауы қажет. Бала мектепке келгеннен кейін оның ойыны мазмұн жағынан кеңейіп, өзгеріп отырады. Сонымен қатар мектеп жасына жеткен бала үшін ойын екінші кезекке ысырылады. Мектепке дейінгі кезеңде балалар ойыны көбіне тұрмыста бейнелесе, енді қоғамдық саяси мәні бар сюжеттік ойындарды ойнауға ауысады. Бастауыш сынып оқушылары ойындарының ерекшелігі - олардың ұжымдық сипатта болатыны. Ұжымдық ойындарда бала жолдастың не екенін түсіне бастайды. Балалар өздерінің мүмкіншіліктерін аңғарып, әлсіз жақтарын толықтыруға, мүмкіншіліктерінен арылуға тырысады.



Оқу. Мектеп жасындағы баланың негізгі іс-әрекеті-оқу. Оқу - еңбек процесін нәтижелі орындауға қажетті білімді, дағды мен икемді жүйелі түрде меңгеру. Оқу арқылы балаға өзінің ғасырлар бойы жинаған асыл мұрасын дағды, тәжірибесін береді. Сонымен бірге оқу арқылы өзінен бұрынғылардың практикалық әрекетін, ғылым-білім жүйелерін меңгереді.

Білім жүйесін меңгеру арқылы ғана адам ой және дене еңбегінің тетіктерін жақсы түсінеді. Білімді меңгеру - ұзақ уақытты керек ететін күрделі процесс. Оқу материалдары бала психикасына зор талаптар қояды. Өйткені ұғыну күрделі әрекет. Ұғыну күрделі кезеңдерден тұрады. Бірінші кезеңде бала нені қалай оқу керектігі жайында мағлұмат алады. Келесі кезекте бала ойындағысын тәжірибеде орындап көреді. Үшінші кезеңде ұғынғанын сөзбен тұжырымдайды, төртінші кезеңде бала ұғынғанын ойында ұстап тұрады да, бесінші кезеңде балада зат пен құбылыс туралы белгілі ұғым қалыптасады.

Шындықтағы нәрселердің бәрі де бір-бірімен байланысты екенін түсінеді. Нәрседе себеппен қатар нәтижеде болатындығына баланың түсініп, көзінің жетуі ұғыну деп аталады. Оқу әрекетінің өзіне тән мотивтері болады. Оқытушыға, не оқитын адамның өзіне осы мотивтерді білу оның әрекетінің мақсатын дұрыс анықтау үшін аса қажет. Баланың жасы өскен сайын психикасы да өсетіндіктен, оның оқуға деген қатынасы да (мотивтері) өзгеріп отырады. Мәселен, төменгі сыныпта баланы оқудың сыртқы атрибуттары қызықтырса, жоғарғы сынып оқушысы оқудың ішкі мазмұнына, мәніне үңіле бастайды. Бала не үшін оқитындығын бар сана сезімімен ұғынғанша оған оқудағы формализмнен (мәніне түсінбей құрғақ жаттап алудан, өмірмен байланыстыра алмау) құтылу қиын болады. Оқуға, білім алуға ұмтылуды тудыратын мотивтер балада бірден пайда бола қоймайды. Бастапқыда бұлар өте қарапайым болып келеді. Мысалы, ол оқып- жазғанына ғана, алған бағасының жалпы санына ғана мәз болады. Баланың жасы өскен сайын оның оқу мотивтерінің де мазмұны өседі.

Білімді адамның халқына мол пайда келтіретінін, ондай адамды жұрттың құрметтеп сыйлайтынын түсіне бастайды.

Оқу әрекетінің психологиялық табиғаты жайында, оқушылардың біршама бөлігінің не себептен сабақ үлгіре алмай, екінші жылға қалып қоятындығы жайлы сөз болғанда, мынадай себептер анықталды. Үлгермеушілік негізінен 2 түрлі себепке байланысты туып отырады. Бірі оқыту тәсілдері мен бағдарламалардың олқылықтары, оқушыға берілетін білім мөлшерінің нақты белгіленбеуінен туса, енді бір жағынан, балалардың өзіндік психологиялық ерекшеліктеріне байланысты.

Балалардың өзіне байланысты болатын үлгірмеушіліктің 5 тобы белгілі:

1) Мұғалім бақылауынан біраз уақыт бойы шығып қалған (ауруына байланысты).

2) Ми ауруларымен ауырған балалар.

3) Туысынан мүкіс еститін, не естуі нашарлап бара жатқан балалар.

4) Түрлі аурулармен ауырып, организмі әлсіреген балалар.

5) Нашар мінезді балалар (сотқар, қасарыспа, қыңыр т. б)

Еңбек – адам психикасын қалыптастыруда шешуші рөл атқаратын әрекеттердің бірі. Еңбек адам тіршілігінің арқауы, оның өмір сүруінің басты шарты. Жалпы еңбек әрекетінің ерекшелігі – оның жоспарлылығы мен белгілі тәртіпке бағынатындығында. Еңбек процесі қызметкерде арнаулы білім жүйесі, дағды, икемділіктердің болуын, зейінділікті, күшті ерік күшін, белгілі еңбек тәртібін қажет етеді.

Жеке адам қайда да қоғамнан, ұжымнан тыс еңбек етіп, өз қажеттілігін қанағаттандыра алмайды.

Баланың еңбек дағдылары жанұяда қалыптасады. 2-3 жастағы балалардың шешініп , киінуінде, ойыншықтарды жинауында еңбектің нышандары бар. Мектепке дейінгі жастағы балалардың үй ішіне қолғабысы – еңбек процесінің нақты көрінісі.
6 дәріс

Тақырып: Адамдар арасындағы қарым-қатынас.


Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   25




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет