Пәннің ОҚУ Әдістемелік кешені «Саясаттану» Барлық мамандыққа арналған



бет26/34
Дата06.02.2022
өлшемі496,27 Kb.
#28269
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   34
Пысықтауға арналған сұрақтар:
1.«Саясат субьектісі», «саясат обьектісі» деген не?
2.Тұлға дегеніміз кім?
3.Тұлғаның қоғамдық-саяси өмірге белсене араласуының маңызы неде?
4.Жеке адамның құқықтары қалай жіктеледі?
5.Қазақстан Республикасындағы ұлттық-мемлекеттік жағдайының ерекшеліктері қандай?


8.Әлеуметтік топтар мен этникалық бірлестіктер.


1.Қоғамның әлеуметтік-саяси этникалық топтары.
2.Этностардың даму теориялары. Әлеуметтік бірлестіктер жүйесіндегі ұлттар орны.
3.Қазақстандағы ұлттық қатынастар мәселелері: ұлттық мәдениет, тіл саясаты.

Қоғамның әлеуметтік құрылымы мен жіктелуін оқып білген дұрыс. Себебі қоғам өзінің қандай әлеуметтік топтрадан, ал олар қандай жай-күй жағдайда тұратындығын білуі керек.


Адамның қоғамдағы орны әлеуметтік белгілермен белгіленеді. Бірнеше немесе бір әлеуметтік белгілермен бірлескен адамдар жиынтығын әлеуметтік топ деп атаймыз. Саяси процестерде адамдар қоғамдық өмірдің саяси процестің басты субьектісі болады. Адамдардың қоғамдық жағдайындағы негізгі белгілріне қарай қоғам құрылымының негізгі түрлерін атауға болады. Олар әлеуметтік-демографиялық, әлеуметтік-таптық, әлеуметтік-кәсіптік т.б. елді мекендік құрылымдар жатады.
Әлеуметтік құрылымды және оның жіктелуін ХХ ғасырда әлеуметтік стратификациялану деп атайды. Бұдан қоғамдағы әлеуметтік жіктелудің болатындығын байқаймыз.
Әлеуметтік жіктелуге қоғамның құрамына кіретін белгілі бір топтрдың жиінтіғі жатады. Әлеуметтік жіктелу теориясы адамды қызметкер ретінде де, тұтынушы ретінде де қарастырады. Ол билік жүйесіндегі барлық жағдайын, басқара алатын обьектісінің қоғамнан алатын игілік мөлшерінің барлық түрлерін қамтиды.
ХХ ғасыр ғажайып жағдайларға толы. Соның бірі-этникалық жаңару, қайта өркендеу мәселесі. Әлеуметтік бірлестіктер жүйесінде ұлттың және ұлттық саясаттың алатын орны ерекше. Ұлттық саясат дегеніміз- адамдардың ұлттық мұқтаждығын өтеуге, ұлттық қатынастарды реттеуге бағытталған қоғамдық, ең алдымен әлеуметтік-құқықтық әрекеттердің ерекше түрін айтамыз. Бұған негізінен зерттеулер жүргізу керек.
Ұлттық саясат әр елде әр кезеңде әр түрлі болуы мүмкін. Бүгінгі таңда бұл салада ассимиляция, сегрегация, геноцид сияқты сипаттар белгілі. Бұл сөздердің анықтамасын «глосарийден» табасыз.
Қазіргі кезде мемлекетаралық және мемлекет ішіндегі қатынастардың демократияланып, адамгершілік көзқарастарын басшылыққа алған шақта ұлттардың теңдігі мен өздерінің мемлекеттік құрылысын өздері шешу құқығы берілген.
Бұл мәселелер Қазақстан өз алдына егемендігін алғаннан кейін өзгере бастады. Тілге мемлекеттік мәртебе беріліп, өренді өзгерістер жүруде. Көп ұлтты Қазақстанда саяси, экономикалық, әлеуметтік, ғылыми-техникалық, мәдени жетістіктеріне байланысты. Халық осы тұрған жері мен заңын, саяси өміріне жауаптылықпен қарауы да заңдлықтарда айтылған.
Қоғамның саяси өмірінде орын алатын мәселенің бірі-дін. Мысалы АҚШ-тағы ұлт-азаттық күрес кезінде діни қайраткерлердің көбі реолюцияға қатысып, түрлі азаматтық құқық жағдайлары жөнінде болды. Мұсылман елдерінде ислам мемлекетін құру, ел Конституциясының Құранға сәйкес келуін талап ету, шариат заңдарн сақтау идеялары діннің саяси процесіне ықпал ететіндігін байқатты.
Қазақстан Республикасында заң баптарына сай әркімнің ар-ождан бостандығына құқығы бар. Мұның бәрі елімізде дінге деген көзқарастар түбегейлі өзгеріп, халқымыз адамзат өркениетінің, рухани байлығының бір көзі-дінімен қайта қауышуда.



Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   34




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет