ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені «Тренингтік жұмыс технологиялары»


Тақырып: Тренингіндегі пікірталас./ 2 сағат



бет8/10
Дата25.12.2016
өлшемі1,07 Mb.
#5096
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Тақырып: Тренингіндегі пікірталас./ 2 сағат


Мақсаты: Топтыќ пікірталас түсінік беру және пікірталас түрлерімен таныстыру.

Жоспар:

1.Топтыќ пікірталас түсінігі және классификациясы.

2.Пікірталас түрлеріне мінездеме.

3.К.Роджерстіњ кездесу топтары.

Топтық пікірталас бағытының негізгі үш типін бөліп

көрсетуге болады:

1. Кәсіби - тұлғалық бағыт. Бұл пікір-талас типінде топ тұлғаның

қиындықтары жөнінде немесе бір қатысушының кәсіби өмірін талдайды. Топ

мүшелері берілген проблемаға өз ойларын білдіріп, өз сезімдерін білдіреді де

кері байланыс ұсынылады.

2. Тақырыптық бағыт. Талқылау сұрақтармен проблемаларға арналады,

оның шешімі барлық топқа қатысты болады. Тақырып жұмыс процесі

барысында белсендірілуі немесе алдынала жоспарланып дайындалуы мүмкін.

Кейбір жағдайларда тақырыптық пікірталас алдынала анықталынып алынады.

Бұл жағдайда қатысушыларға берілген тақырып бойынша дайындалуларына

мүмкіндік беріледі.

3. Өзара әрекет етуге бағыттылық. Бұл пікірталас типі топтық динамикаға

бағытталған, яғни топ мүшелерінің қарым-қатынасы, қатысушылардың өзара

реакциялары. Бұл пікірталаста «қазір және осында» принципін ұстанған дұрыс.

Пікірталастың жоғарылығы топтың бірігу деңгейін көтереді, бірақ ол

тақырыпты таңдау мен сұрақтың дұрыс қойылуына тікелей байланысты

екендігін естен шығармау қажет. Сондықтан да сұрақты дұрыс қою және оны

дұрыс жеткізу өте жоғары талапты қажет етеді. Сонымен қатар кейбір

жағдайларда қатысушыларды белсендіру үшін шеңбер бойынша барлық топ

мүшелерін өз ойларын айтуларын өтінуге болады, бұл барлық топ мүшелерін

белсендендіру мүмкіндігін артырады.

Топтық жұмыс өткізудің бір нұсқасы келесідей (топ ішінде барлығы танысқаннан кейін).

Әр топ мүшесіне топ үшін өзекті тақырыпта қысқаша мәліметтермен сөйлеу ұсынылады. Қалған мүшелері тыңдаушы рөлін атқарады, олар мәліметтерді сенімділігіне және қызықтылығына қарай бағалайды. Студент - психологтарға тапсырма ретінде, олар психологияны не үшін оқиды және қандай мақсатпен институтқа түсетіндіктерін әңгімелеу ұсынылады. Сөйлеу уақыты шектеулі, қысқа. Мысалы, бір минут. Көпшілік жағдайларда жаттығу басталмас бұрын барлық топ мүшелері айтатын еш нәрсе жоқ және барлығы бір –бірінің пікірін қайталайтындығына сенімді болады. Бірақ, бұл пікір әдетте теріске шығады. Сонымен қатар, тағы бір мәселе барлық қатысушылар дерлік бір минуттан артық уақыт сөйлейді, ал серіктестері уақыт жайлы айтқанда (жүргізуші әдетте қатысушыларды бөлмейді, ол қатысушылардың белсенділігін, қызығушылығын жоғалтпауға тырысады), олар тағы біраз уақыт сұрап, өзінің топ үшін маңызды ақпараттар сөйлеуші адамның өзі үшін ғана маңызды болып табылады.

Үшінші жағдай, қатысушылар көбінесе бір-бірінің сөзін қайталамайды, ол қайталаған жағдайда түзетулер мен қосымша толықтырып ақпарат береді. Бірақ, бірінші сөйлеген адам оның мәліметтерін қате санап, дауласуы мүмкін.

Осы үш жағдайды топ мүшелеріне айту, ескерту ары қарайғы коммуникативті тренингтің жүруіне септігін тигізеді. Топ мүшелері осы ережелерді ескере отырып, бірін-бірі тыңдауға, өз пікірін нақты жеткізе білуге, сендіруге қызықтыруға тырысады.

Мұндай жаттығудың нәтижесінде: қатысушылар әр адамның ерекшеліктерін және қайталанбайтындығын түсінеді, әр адам өз пікірін қорытындылауға, нақтылауға үйренеді, себебі сөйлер алдында өз ішінен анализ жасап отырады; сөйлеп болған соң өзі босаңсу жағдайында болады; өзінің сенімді пікірінің, баасқаның ойынша қате болу мүмкіндігін сезінеді.

Пікірталастың басқаша түрі, топ ішінде проблемалық мәселе туғызу, проблемалық жағдай жасау. Психолог топ мүшелерін сөйлетуге, олардың белсенділігін оятуға тырысады. Бірақ, пікірталастың жарты сағаттан аспауына тырысу керек. Өзі сөйлей отырып, жүргізуші белсенділік эстафетасын, сөзді басқаға беруге дайын болуы керек. Қатысушылардың ойы басқаға кетсе де, ойын бөлу орынсыз. Мақсат басқада. Мұндай практикалық сабақта пікірталас тақырыбы, мазмұны, әрине мәні бар, бірақ, топ үшін ең маңыздысы пікірталас фактісі.

Сабақ соңындағы нәтиже жүргізушінің пікірталасты ұйымдастыруына тікелей байланысты. Жүргізуші топты ортақ шешімге келу ары қарай жұмыс жүргізуге қажет екендігін ескертеді. Сабақта видеотехниканы қолданған пайдалы. Видеотехниканы қолдану арқылы қызықты әрі тиімді талдау жүргізуге болады.

Пікірталас материалына және оның мүшелерінің сүйене отырып, келесідей фазаларды бөліп көрсетуге болады: бағдарлау, бағалау және қорытынды фаза. Оларға келесі этаптар сай келеді:



  1. Пікірталас тақырыбы мен мақсатын анықтау (бағдарлау);

  2. Ақпарат жинау (пікірталастың барлық мүшелерінің пікірі, білімі, талдаулары, жаңа идея, ұсыныстары), яғн талқыланып отырған проблема бойынша ақпарат жинау, оны шешу жолдарын іздестіру;

  3. Ақпартты талқылау барысындағы, шешім қабылдау кезіндегі бірлескен баға;

  4. Пікрталасты қорытындылау: алынған қорытынды бойынша мақсатқа жету (проблеманы шешу кезеңі).

Тақырыпты оқу барысында негізгі сәттерді бөліп көрсету керек: Пікірталас дегеніміз не? Тренингті ќалай бастау керек.Пікірталасты ќалай өткізуге болады. Пікірталасты ќалай пайдалануѓа болады.Пікірталастың түрлері жєне оларды пайдалану жолдары көрсету.

Тақырыптың негізгі ұғымдары: пікірталас, тренинг, топ, көзқарас.

Әдебиеттер:

1.Марасанов Г.И. Социально-психологический тренинг. М.;1998.

2. Петрусинский В.В. Игры обучение, тренинг, досуг. М:1994.

3. Козлов Н.И. Лучшие психологические игры и упражнения М:1997.

Тақырып: Өзара қабылдау және түсіну тренингі. / 1 сағат


Мақсаты: Өзара ќабылдау және түсіну тренингі туралы түсінік қалыптастыру.

Жоспар:

1. Өзара ќабылдау және түсіну тренингі.

2.Өзара түсіністікке жаттығулар.

3.Бір-бірі туралы пікір ќалыптастыруѓа негізделген жаттығулар.

4.Қалжың-жаттыѓулар.

Тақырыпты оқу барысында негізгі сәттерді бөліп көрсету керек: Топпен жаттыѓу орындауда жүргізушінің мінез-құлығы. Егер топ жаттыѓу орындаудан бас тартса. Баќылау жєне зейінмен байланысты жаттыѓулар. Зейінін тұраќтандырумен байланысты жаттыѓуларға назар аудару.

Тақырыптың негізгі ұғымдары: өзара қабылдау, өзара түсіністік, қалжың-жаттығулар.

Әдебиеттер:

1.Марасанов Г.И. Социально-психологический тренинг. М.;1998.

2. Самаукина Н.В. Игры которые играют. Дубна 1996.

3. Петрусинский В.В. Игры обучение, тренинг, досуг. М:1994.

4. Самаукина А.С. Практический психолог в школе. М:1997.

5. Козлов Н.И. Лучшие психологические игры и упражнения М:1997.

Тақырып: Тренингтің даму тарихы.

Мақсаты: Тренингтің пайда болуымен таныстыру. Даму тарихын меңгерту. Тренингтің даму кезеңдерін қарастыру.

Жоспар:


  1. Тренинг түсінігінің пайда болуы.

  2. Тренингтің дамып, қалыптасу кезеңдері.

Тақырыпты оқу барысында негізгі сәттерді бөліп көрсету керек:

Бұл дәрісте тренинг терминінің анықтамасына және тарихына сипаттама беріледі. Студенттер тренингтің даму тарихын меңгереді.

Тақырыптың негізгі ұғымдары: тренинг термині, психология, адам, мінез–құлық, әдіс, топ, қарым–қатынас.

Бүгінгі күнде «тренинг» түсінігінің нақты бір анықтамасы жоқ, сондықтан бұл термин психологиялық практикада әр түрлі іс-әрекеттердің, әдіс-тәсілдер мен құралдардың ортақ термині ретінде кеңінен пайдаланылады.

«Тренинг» термині (ағылшынның train, training сөздерінен) оқыту, тәрбиелеу, жаттықтыру, үйрету сияқты бірқатар мағынаға ие. Мұндай көпмағыналық тренингтің ғылыми анықтамасына да тән. Ю.Н. Емельянов (1) тренингке іс-әрекеттің кез-келген қиын түрін игеру мен оқыту қабілеттілігін дамыту әдістерінің топтамасы деген анықтама береді.

Тренинг адам бойында қалыптасқан мінез-құлық пен іс-әрекеттерді басқару модельдерін қайтадан қалыптастыру тәсілі ретінде қолданылады және тренингке ұйымның жоспарлы белсенділігін арттыра түсу үшін оның мүшелерінің кәсіби білімі мен қабілеттілігін көтеруге бағытталған, сондай-ақ тренингті жеке тұлғаның әлеуметтік мінез-құлқын ұйымның мақсаты мен іс-әрекеттерінің талаптарымен сәйкес тәсілдерге сай өзгертудің бір бөлшегі деп қарастыруға болады.

Ресейлік психологияда тренингті оқытудың немесе әлеуметтік - психологиялық тренингтің белсенді тәсілдерінің бірі деген ұғым кең таралған. Л.А. Петровская әлеуметтік-психологиялық тренингті «өзара қатынастағы білімді, әлеуметтік белгілеулерді, қабілеттілік пен тәжірибені дамытуға бағытталған әсер ету құралы», «қарым-қатынаста жетіктілікті дамыту құралы», «психологиялық әсер ету құралы» ретінде қарастырады .

Г.А. Ковалев әлеуметтік-психологиялық тренингті белсенді түрде әлеуметтік-психологиялық білім беру әдістемесінің кешенді әулеметтік-дидактикалық бағыты ретінде қарастырады.

Б.Д. Парыгин топтық кеңес беру тәсілі жөнінде, оларды өмірде және жалпы қоғамдағы қатынас дағдыларына белсенді түрде топтық оқыту ретінде яғни, кәсіби пайдалы дағдылардан Мен - тұжырымдамасы мен өзін-өзі бағалауға сәйкес жаңа әлеуметтік рөлге бейімделуге дейін оқыту деп бейнелей айтады .

Бүгінгі күнде тренингті анықтау үшін көп жағдайда «психологиялық әсер ету» термині қолданылады. Ал, С.И. Макшанованың жұмыстарынан бұл терминнің тренингті әдіс ретінде дәл толықтай бейнелемейтінін байқауға болады, яғни бұл термин тек бір адамнан екінші адамға әсер ететін ақпараттардың алмасу процесін бейнелейтін түсінік ретінде ғана бола алады. Процессуалдық мінездемеге ие «әсер ету» түсінігі өзгеріс категориясының көмегімен анықталатын оның мақсаты мен нәтижесін толықтай ашпайды. Негізінен әсер етудің нәтижесін күтетін тренингтің және оны қолданушылардың негізгі мақсаты тек ғана әсер ету бола алмайды.

С.И.Макшанов ұсынып отырған «мақсатты түрде өзгерту» термині адам мен топ феноменінің психологиялық динамикасына жататын көптеген құбылыстарды бейнелеуге мүмкіндік береді. Тренингтің процессуалдық және өнімдік мінездемесін ашып, тренингтің «субъект- субъекті» мінездемесін айқындайды, оның тиімділігі тренингке сұраныс берушілер мен оған қатысушылардың және оны ұйымдастырушы мамандардың жауаптылығын сезінуімен байланысты.

Осыған байланысты тренингті адамның жеке тұрмысы мен кәсіби үйлесімділігінің мақсаты болып табылатын жеке адамның, топтың және ұйымның психологиялық феноменін мақсатты түрде өзгертудің көпқырлы әдісі деп анықтауға болады.

Қатынастың тиімділігін арттыруды көздеген тренинг оқытулар алғашқы рет Бетеледе (АҚШ) К. Левиннің оқушыларының ұйымдастыруымен өткен және олар Т-топ деген атқа ие болған. Оның негізінде адамдардың көпшілігі топтасып өмір сүреді және жұмыс атқарады, алайда олар көп жағдайда осы топтың жұмысына өзінің қандай деңгейде ықпал жасайтындығына, басқа адамдар оған қалай қарайтындығына, айналасындағылардың бойында оның мінез-құлқының қандай әсер тудыратындығына есеп бермейді деген ой жатты. К.Левин адамдардың мінез-құлқымен бойындағы бейімділіктердегі тиімді өзгерістер негізінде жеке контексте емес, жалпы топта бой алады, сондықтан да өзінің бейімділіктерін байқап, өзгерту үшін, мінез-құлқында жаңа формаларды қалыптастыру үшін адам өзінің жекешеленуін жеңіп, өзіне басқалардың көзқарасымен қарауға үйренуі тиіс деген ұстанымда болған.

Т - топ өзара қарым-қатынас әсерінен бой алдырған қатынас пен топтық динамиканы зерттеуді мақсат ету үшін жиналған геторогендік индивидтердің жиыны ретінде болды.

К.Левинің оқушыларының топаралық қатынас шеберханасындағы нәтижелі еңбектері АҚШ-дағы Ұлттық тренинг зертхананың негізін қалады.

Бұл зертханада тренингтік топтарының негізі қаланды. Нәтижесінде, оның жұмысының қорытындысы Т-топтың тәжірибесінде қолданылды.

Т-топтарында басқарушы қызметкерлерді, менеджерлер мен саяси көшбасшыларды өзара тиімді қарым-қатынасқа, ұйымдардағы қақтығыстарды шешуге, басқару шеберлігіне, топтық бірлестікті нығайтуға оқытты. Кейбір Т-топтарындағы оқытулар адам өмірінің құндылықтарын анықтауға, өзінің жеке жетілу сезімін күшейтуге бағытталған еді. Мұндай топтар 1954 жылы құрыла бастады және сенситивті топ деп аталған еді.

60 жылдардың аяғы мен 70 - жылдардың басында Т - топтары мен сенситивті топтар көптеп бой алды. Олардың негізгі мақсаты жұмысшы топтарындағы қақтығыстарды шешу және жұмысшы мен қызметкерлер арасындағы кәсіптік қарым- қатынасты нығайта түсу болды. 1964 жылы Т- тобының дамуындағы 17 жылдық тәжірибенің нәтижесі көрініс тапқан жинақ жарық көрді. Онда негізінен төрт мәселе: жаттықтырушылардың кәсіби деңгейі, Т-тобының әдістемесін жаңарту, зертханалық емес жағдайларда зертханалық әдістерді қолдану және теориялық зерттеу мен дамудың шыңдалуы жан-жақты қарастырылды.

60 - жылдары менеджерлердің кәсіби дайындығын арттыру үшін психологиялық қолдау көрсету мақсатында гуманистік психология дәстүріне сүйенген « К. Роджерстің » әлеуметтік және өмірлік қабілеттіліктердің (social/life skills training) тренингі қозғалысы пайда болды.

Өмірлік қабілеттіліктер тренингінде негізінен тренингке қатысушыларға өзіндік жол таба білуді айқындайтын үш модель пайдаланылды.

Бірінші модель өмірлік қабілеттіліктің жеті категориясына яғни: мәселелерді шешу, қарым-қатынас, жігерлік, өз-өзіне сенімділік, ойлаудың сыншылдығы, өзін-өзі басқару қабілеттілігі және Мен - тұжырымдамасын дамытуға сүйенді.

Екінші модель тренингтің мақсаты болып табылатын өмірлік қабілеттіліктің төрт категориясын, яғни: жеке тұлғалар арасындағы қатынас, денсаулықты қолдау, жеке ерекшелікті дамыту, шешім қабылдау мен мәселелерді шешу айқындалды.

Үшінші моделге эмоцоналдық өзін-өзі бақылау, жеке тұлға аралық қатынас, өзін-өзі тану, қаржылық өзін-өзі қаржылай қамсыздандыру, өзін-өзіне қолдау көрсету және тәжірибені тұжырымдамалау жатады.

70-жылдары Лейпциг және Йенск университеттерінде М.Форвергтің басқаруымен әлеуметтік-психологиялық тренинг атты әдіс жетілдірілді. Тренингтің құралы ретінде тиімді қатынастық дағдыларды қалыптастыруға жағдай тудыратын драматизация элементтері бар рөлдік ойындар қолданылды. М.Форверг ұсынған әдістердің практикалық қосымшасы ретінде өндірістік кәсіпорындардың жетекшілерін әлеуметтік-психологиялық дайындау болды.

Әлеуметтік-психологиялық тренинг Ресейлік психология практикасында да кеңінен таралды. Әлеуметтік-психологиялық тренинг теориялық және әдістемелік аспектілеріне арналған алғашқы монографиялық еңбек 1982 жылы жарық көрген Л.А. Петровскаяның монографиясы болды.

Бұл әдіс балалармен, ата-аналармен, әлеуметтік топтардың кәсіби мамандарымен, кәсіпорындар мен ұйымдардың жетекшілерімен жұмыс істеуде белсенді түрде қолданылып келеді. Әдісті пайдалану тәжірибесі Ю.Н. Емельянованың, В.П. Захарованың, Г.А. Ковалеваның, Х. Миккинаның, Л.А. Петровскаяның, Т.С. Яценконың және т.б. еңбектерінде көрініс тапқан.

Әлеуметтік-психологиялық тренингтің жалпы мақсаты - қатынастағы тиімділікті арттыру- міндетті түрде қатынастағы мінез-құлықты, адамның перцептивті қабілеттілігін, жеке тұлғаның қатынас жүйесін шындай түсу және дамытумен анықталатын білімді меңгерумен, қабілеттілігі мен дағдыларын қалыптастырумен байланысты түрлі кескіндегі бірқатар міндеттермен нақтылана түседі, өйткені жеке тұлғалық өзгешелік адамның іс-әрекетін және оның вербальды және вербальды емес әрекеттерін әртүрлі түспен әрлендіретін фон болып келеді.

Тренинг топ жұмысының нәтижелі болуының бір талабы оқыту барысында шешімін табуы тиіс міндеттерге жүргізушінің ықпал ете алуы болмақ. Ықпал ету белгілеулер деңгейінде немесе қабілеттер мен дағдылар, немесе перцептивті қабілеттер және т.б. деңгейлер негізінде жүзеге асады. Бір тренингтік топтың жұмысы барысында әртүрлі міндеттерді пайдалану дұрыс емес, өйткені мұндай әрекет бір жағынан әсер етудің тиімділігін төмендетуі мүмкін, ал екінші жағынан этикалық мәселелердің орын алуын тудырады, сондықтан да тренинг барысында міндеттерді тек топтың келісімен ғана өзгертуге болады.

Әдебиеттер:

1. Фопель К. Технология ведения тренинга. Теория и практика. -2-изд. –М.: Генезис, 2005.

2. Марасанов Г.И. Социально-психологический тренинг. М.;1998.

3.Богомолова Н.Н. Петровская П.А. Социально-психологический тренинг как форма обучения общению. Прага:1981.

4. Абрамова Г.С. Введение в практическую психологию.Брест,1993.

5. И.Куртикова, К.Лаврова, Всеволод ли. Тренинг: руководство к действию. Теория и практика— М., 2005.



Тақырып: Психологиялық тренингтің мақсаты.

Мақсаты: Психологиялық тренингтің негізгі мақсаттарымен таныстыру. Студенттерде тренинг мақсаттары жөнінде білімдерін қалыптастыру.

Жоспар:

  1. Психологиялық тренинг.

  2. Тренингтің мақсаттары.

Тақырыпты оқу барысында негізгі сәттерді бөліп көрсету керек:

Бұл дәрісте психологиялық тренинг түсінігіне анықтама беріледі. Тренинг мақсаттары және оны қалай анықтау жөніндегі білімдерді студенттерге меңгерту.

Тақырыптың негізгі ұғымдары: психологиялық тренинг, мақсат, адам, қарым қатынас, тұлға, қатысушылар.

Психологиялық тренинг дегеніміз– топтық жұмыстың белсенді әдісіне негізделе отырып, психологиялық әсер ету. Тренинг – арнайы ұйымдастырылған қарым-қатынас формасы. Онда психологиялық көмек және қолдау, араласушылық дағдылардың қалыптасуы, жеке тұлғаның дамуының ерекшеліктері туралы сұрақтар шешіледі. Тренинг –қалыптасқан стереотип және жекелей мәселелерді шешеді. Тренинг адамның потенциалын ашады және ары қарай дамытады. «Тренинг» терминін Эмильянованың ойынша оқытудың әдістерін белгілеу үшін қолданбау керек, ол оқыту мен қабілеттіліктердің даму әдістерін белгілейді немесе күрделі іс-әрекет түрін игереді. Тренингте әрбір қатысушылардың міндеті- өз-өзінің жекелей амалы арқылы көрсетуге көмектесу, яғни өзін-өзі түсіну, қабылдауға үйрену.

Адамның өзін-өзі тәрбиелеуі 5 бағытта жүреді:


  1. Өзін-өзі қабылдау арқылы өзін басқалармен салыстыру.

  2. Өзін –өзі қабылдаудың басқаның оны қабылдауы арқылы жүруі (кері байланыс механизімінің үнемі іске асуы).

  3. Өз іс-әрекетінің нәтижесі арқылы өзін қабылдау. Адам өзінің не істегенін бағалайды, өзіндік баға.

  4. Өзінің ішкі күйін бақылау арқылы өзін-өзі қабылдау.

  5. Өзінің сыртқы бейнесі арқылы өзін қабылдау.

Тренингтің негізгі идеясы адамдарды қыстамау, зорлық көрсетпеу, оған өз-өзімен болуына , өзін-өзі тауып, жақсы көруіне, қуанышты болып жүруіне кедергі жасау стереотипін жоюға көмектеседі.

Тренингтің негізгі мақсаты- жеке тұлғаны анықтау. Жалғастырушы мақсаттар:



  1. Қатысушылардың әлеуметтік –психологиялық компетенттілігін көтеру және қоршағандармен қарым- қатынас дамытуға жағдай жасау.

  2. Қатысушылардың белсенді әлеуметтік бағытын қалыптастыру және өмірін өзгертуге қабілетін дамыту.

  3. Психологиялық мәдениеттің дәрежесін көтеру.

Тренингтің міндеттері:

  1. Белгілі бір әлеуметтік –психологялық білімдерді меңгеру.

  2. Өзін және басқа адамдарды толық тану қабілетін дамыту.

  3. Жекелей ерекшеліктер мен іскерліктердің диагностикасы.

  4. Адамдар арасындағы қарым-қатынастың жекеленген әдістерін оқу жжәне меңгеру.

Тренингке даярлықтың негізгі элементі- болашақ қатысушылармен алғашқы кездесу. Ол екі бөлімнен тұрады:

  1. Топтық әңгімелесу өткізіледі, онда кездесудің мақсаты, уақыты, мерзімі туралы айтылады.

  2. Сабаққа қатысуға ұйғарған адамдармен жекелеген әңгіме жүргізіледі.

Әңгімелесу кезінде қатысушылардың себебі анықталады.

Әдетте тренинг топтар белгілі бір мәселемен іріктеліп жиналады. Тренингке қатысушы адамдардың кез-клгенінің талабы: «Басқа адамдармен қарым-қатынас әдістерін , құпиялары мен дағдыларына үйрену». Осы мәселелер бойынша Дейл Карнегидің кітаптарында жақсы жазылған.

Анатолий Добрович әлеуметтік-психологиялық тренингте былай деген: «Адамдарға қарым-қатынасқа түсіп үйрену үшін... қарым-қатынасқа түсу керек» -кез келген тренингтің басты идеяларының бірін ол осылай тұжырымдаған.

Кез келген тренинг ережелер мен топтың өзара танысуынан басталады. Ережелер әртүрлі болып қалыптасуы мүмкін. Ережелерді топ мүшелерінің өздеріне жазғызуға да болады. Бәрі топ мүшелерінің өз еркінде немесе жүргізуші бірнеше ережелер түрін ұсынуына болады, ал топ мүшелері таңдау жасайды. Ереже бір көрнекі жерге ілінеді.

Танысу. Танысу тренингтің маңызды бөлігі. Кез келген тренинг жұмысы танысудан басталады. Топ бұрын жұмыс істеп, бір- бірін танитын адамдардан жиналған болса да, бірінші сабақ танысуға арналады. Танысу процедурасының көптеген түрлері бар. Әр топ мүшесіне таңдау бойынша кезекпен топқа ақпарат беру ұсынылады:


  • аты немесе осы жерде аталғысы келетін есімі немесе бала кезіндегі еркелететін есімі немесе өзіне ұнайтын есімі;

  • бәрі шеңбер бойынша өз есімдерін айтады. Әр адам өз атын атамас бұрын айтылған есімдерді қайталайды;

  • әр топ мүшесі өз атын атайды, өзінің бір жақсы, бір жаман қасиетін айтады, өзі жайлы айтады.

Жүргізуші топ мүшелерінің жаттығу туралы пікірлерін сұрайды. әркәм өзінің эмоциясын, ішкі сезімін айтады. Пікір айту ерікті түрде беріледі. Жүргізуші ешкімнің сөзін, ойын бөлмеуге тырысады.

Есімінен басқа әр қатысушыға келесі мәліметтерді айтуды ұсынуға болады:



  • тренингке қатысты өзінің ойлары мен күтімдері;

  • жаттығулармен байланысты өзінің үрей, қорқыныштары;

  • қандай да бір өзінің жекелей мінез бітістері;

  • қандай да бір жеке құндылықтары;

  • хобби.

Кей кезде әр қатысушының сөзінен соң топ оған бірнеше сұрақтар қояды. Ол сұрақтар тақырып бойынша, сұрақ саны бойынша немесе уақыт бойынша шектеледі. Міндетті түрде әркімнің жауап беру және жауап бермеу құқығы жайлы ескерту керек.

Әдебиеттер:

1. Фопель К. Технология ведения тренинга. Теория и практика. -2-изд. –М.: Генезис, 2005.

2. Марасанов Г.И. Социально-психологический тренинг. М.;1998.

3.Богомолова Н.Н. Петровская П.А. Социально-психологический тренинг как форма обучения общению. Прага:1981.

4. Абрамова Г.С. Введение в практическую психологию.Брест,1993.

5. И.Куртикова, К.Лаврова, Всеволод ли. Тренинг: руководство к действию. Теория и практика— М., 2005.

Тақырып: Тренингтік сабақтарды тиімді ұйымдастыру әдістері.

Мақсаты: Тренингтік сабақтарды ұйымдастырудың әдістерімен таныстыру.

Жоспар:


  1. Тренинг сабақтарды өткізу және ұйымдастыру.

  2. Тренингте қолданылатын негізгі әдіс- тәсілдер.

Тақырыпты оқу барысында негізгі сәттерді бөліп көрсету керек: тренинг сабақты өткізудің тиімді жолдарына тоқталу. Тренинг барысында қолданылатын әдістерді студенттерге жеткізу.

Тақырыптың негізгі ұғымдары: тренинг, сабақ, әдіс, қарым-қатынас, рөлдік ойындар.

Тренинг – бұл өзін-өзі қалыптастыру мүмкіндіктері және қоғам өміріне енуге қатысты ақпарат  ақпаратты беру және алуда жасалатын топтық әдеттегіден тыс әрекет.     Адам бойындағы мінез құлықтың айтарлықтай өзгеріске ұшырауы көп жағыдайда жеке түрде емес топтық әрекеттерде айқын көрінеді, сондықтан да мінез құлықта болып жатқан өзгерістерді уақытында анықтап, өзгерту үшін, жаңа мінез қалыптастыру үшін, адам өзін басқалар сыртынан қалай көретіндігін көре алатын болуы керек.

Тренинг сабақтарды  жалпы топтағы балалардың психологиялық ерекшеліктерін және олардың арасындағы жиі кездесетін қақтығысуларды зерттеп болғаннан кейін жалпы жұмыс жоспарын құруға болады. Жұмыс жоспарын кезеңдерге бөліп қарастырған ыңғайлы.

1.        Диагностикалық – түзету кезеңі.

2.        Диагностикалық-аналитикалық кезеңі.

         Бұл әдістеменің негізінде тренингтік сабақтарды өткізу жолдары мен мазмұнына даралау, саралау элементтерін енгізуге және сабақтардың тиімділігін білуге мүмкіндік туады.

    Тренингтік сабақтардың мазмұндық аспектісін қарастыралық.Бұл тренинг бағдарламасын анықтау болып табылады.Біз ұйымдастырған тренингтік сабақтар 5-6 жастағы балалардың қарым-қатынас дағдылары мен біліктерін жетілдіруге арналған дағдылар тренингі болып табылады.Бұл психотерапия да, сензитивті тренинг те емес құрылымдық бағдарлама болды. Тренингтік бағдарлама өзара байланысты екі тақырыптық блоктардан құралған.

Балалардың коммуникативтілік дағдылары мен біліктерін дамытуға,өзара әрекеттесу мен қатынасудағы жіберілетін  қателіктерді талдауға негізделген. Бұл блок бойынша балалардың вербалды және вербалды емес коммуникациясы қарастырылады. Блок бойынша қойылған мақсатқа жету үшін балалармен сергіту, рөлдік ойындар қолданылады.Ойындар вербалды және вербалды емес құралдарды белсендендіруге бағытталған.

     Сергіту ойындарын басқаша қыздыру жаттығулары деп те атайды. Бұл ойындар балаларды топтық іс-әрекетке эмоционалды түрде келтіретін, баптайтын мақсатқа бағытталды.Сергіту ойындары әр сабақтың алдында және соңында 13-15 минуттан өткізіледі.балалардың ойынын ғана қыздырып қоймай вербалды белсенділіктерін арттыруға мүмкіндік беретін жаттығу түрлері- жаңылтпаштар. Сонымен қатар, сергіту эффектісі үшін қазақтыың ұлттық ойындары: «Тауқырайдан», «Бұғнай», «сыйқырлы таяқ», «Жаңылма», «Тақыл-тұқыл», «Мысық пен тышқан », «Қас-қағым», «Сұрақ- жауаптар», «Қостаймын, қарсымын, толықтырамын» қолданылады.

         Сюжеттік ойын тренинг мақсатының негізінде алдын-ала ойластырылып, бүкіл сабақтың жоспарын құруда ескерілді. Сюжеттік ойын типтік коммуникативтіситуацияларды яғни балалардың баршасына  дерлік тән жағдайлары талдауға бағытталды. Мұндай ойындарда күрделі коммуникативті ситуациялар моделденді. Әдетте имровизациялық ойынға қарағанда сюжеттік ойынға уақыт көп кетеді. Рөлдік-сюжеттік ойын барысында тренинг жүргізушінің көп кірісе бермеуі тиімді; ойын өздігінен ұйымдасатын болуы керек. Рөлдік ойындар тренингтік жұмыстың сөңғы кездесулерінде ойналады. Себебі балалардың топ ішіндегі қарым-қатынасы интенсивті болып, өздері қарым-қатынас кезінде әр түрлі позициялар, стратегиялар, инициатива коммуникация ережелерін біліп, ситуацияларға талдау жасай алатын кезде ғана ойын тиімді болды. 5-6 жастағы балалардың тренингтік тобында ойналатын сюжеттік ойынға 1-1,5 сағат уақыт  керек.

Мүмкіндік болса сюжеттік ойынды тұтастай бейнетаспаға түсірген жөн. Мұндай таспалар талдау жасағанда кейбір ойын сәттеріне қатысты туындайтын даулы жағдайларды қарастыруда аса қолайлы.

     Рөлдік-сюжеттік ойындарды сипаттағанда импровизация элементтерінің болмай қалуы мүмкін емес.

     Сюжеттік-рөлдік ойындар өзара байланысты позициялардың негізінде жинақталды.

Балалардың қарым – қатынасын жетілдіруге арналған тренингтік сабақтардың базалық әдісі – ойын пікірталас болды. Оның негізінде тренинг жүргізушінің балаларымен, балалардың өзара қарым – қатынасы жатады.

Сондықтан пікірталас контекстінен тісқары қарым – қатынасқа дағдылану мүмкін емес. Балалардың жа ерекшелігі ескеріліп пікірталас ойын формасында өтеді. Басқаша айтқанда пікіталас барысы қарым – қатынасқа ойын арқылы оқытумен сипатталады. Ойын пікірталасының құндылығы оның әрбір баланың өзін өзі көрсетуін талап ете отырып, бір – бірін, ересектерді тыңдауға, әңгіме мазмұнына назар аудару біліктерін дамытып, әңгімені толықтыруға, пікір айтуға, сұрақ қоюға, суырып салушылыққа дағдылануға мүмкіндік беретіндігінде.

Ойын – пікірталасты ұйымдастырудың қажетті шарты – топтың жұмысына психологиялық, эмоциялық қолайлы жағдай жасау. Ойын – пікірталас кезінде балалардың дөңгелене отыруы тиімді әсер береді. Ұялу қасиеттері бар балалардың да топтық пікірталасқа қатынасуы үшін сөз кезекпен дөңгелек бойынша беріледі. Жасқаншақ балалрды да ойын пікірталасқа тарту үшін, асықтырмай, ойлануға уақыт бөлінеді.

Ойын – пікірталасты ұйымдастырып, жүргізу алгоритмі төмендегідей болады:

1.     Пікірталас тақырыбы мен мақсатын тұжырымдау.

2.    Тақырып бойынша мәлімет жинау: балалрға сұрақтар беріп, пікірін тыңдау барлық балалардың пікірін білу және қысқаша қорытынды жасау.

3.    Алынған мәліметтердің ішінен ең мәндісін бөліп көрсету.

4.    Жалпы қорытынды жасап, әрбір баланың мақсатқа сәйкес пікірталас жасауда қосқан үлесінің аталып өтілуі.

Ойын – пікірталасқа 30 минут уақыт беріледі. Тренингтік сабақтың мақсатына орай, ойын пікірталас тақырыптары іріктелді.



Әдебиеттер:

1. Фопель К. Технология ведения тренинга. Теория и практика. -2-изд. –М.: Генезис, 2005.

2. Марасанов Г.И. Социально-психологический тренинг. М.;1998.

3.Богомолова Н.Н. Петровская П.А. Социально-психологический тренинг как форма обучения общению. Прага:1981.

4. Абрамова Г.С. Введение в практическую психологию.Брест,1993.

5. И.Куртикова, К.Лаврова, Всеволод ли. Тренинг: руководство к действию. Теория и практика— М., 2005.



Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет