Пәннің ОҚУ-Әдістемелік материалдары


дәріс - Органикалық химияны жүйелік-құрылымдық жағдай негізінде оқыту



бет23/32
Дата07.02.2022
өлшемі250,62 Kb.
#91889
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   32
Байланысты:
32dd0c3d-bdf7-11e3-b0bc-f6d299da70eeУММ каз
32dd0c3d-bdf7-11e3-b0bc-f6d299da70eeУММ каз, 32dd0c3d-bdf7-11e3-b0bc-f6d299da70eeУММ каз
10 дәріс - Органикалық химияны жүйелік-құрылымдық жағдай негізінде оқыту
Дәріс жоспары:

  1. Органикалық химия курсының жүйесі

  2. А.М. Бутлеровтың құрылыс теориясың оқытудың ерекшеліктері

  3. «Изомерия» және «гомология» ұғымдарын оқыту ерекшеліктері

  4. Органикалық химия курсында қорытындылау

1. Қазіргі уақытта органикалық химияны оқыту құрылыс теориясына негізделген. Ол үш теорияны ұсынады: бутлеровтың химиялық құрылыс теориясына және де оны толықтайтын электрондық теория мен кеністік құрылыс теориясына.
Органикалық химияның барлық түсініктері құрылыс теориясына негізделіп бес топтқа бөлінеді: химиялық құрылыс, электрондық теория, стереохимия, жоғары молекулалық қосылыстар химиясы, химиялық реакциялардың заңдылықтары.
2. А.М. Бутлеров теориясының негізгі идеясы 1861 ж «Заттардың химиялық құрамы туралы» мақаласында жарияланған. Бұл теориясының негізгі қағидалары:

  1. Органикалық қосылыстар молекулаларының құрамына кіретін атомдар бір бірімен кезектесіп, белгілі бір тәртіппен байланысады. Әр заттың молекуласының бұлжымас белгілі химиялық құрамы болады және атомдардың бір біріне (көршілес атомдардың) немесе басқа атомдар арқылы әсер етуінде белгілі бір заңдылық байқалады. Молекуладағы атомдардың дәйекті байланысуын А.М. бутлеров химиялық құрылыс теориясы деп атады.

  2. Молекуланың құрылысы, яғни молекуладағы атомдардың байланысу реті заттардың физикалық және химиялық қасиеттерін анықтайды.

  3. Заттардың қасиеттерін зерттеу олардың химиялық құрылымын анықтауға мүмкіндік береді. Керісініше, құрылымы белгіліс болса, оларда қандай қасиеттер болатынын алдын ала білуге болады.

  4. Молекулаға кіретін атомдар мен атомдық топтардың қасиеттері тұрақты болмайды, ол молекуладағы басқа атомдарға байланысты. Химиялық құрылысы теориясы изомерия құбылысын түсіндіруге мүмкіншілік береді.

Бұл теориясының арқасында органикалық қосылыстардың қасиеттерін алдын ала анықтауға мүмкін болды.
3. Эти понятия, как и установление генетических связей, способствуют целостности курса органической химии.
Кердеңдік және гомология және изомерия ұғымдарының елеулілігі мен маңыздылығы органикалық заттардың әрбір класы үшін қорытындылаушы мінездемесімен анықталады. Осы ұғымдар органикалық химияның курсының тұтастығына әсер етеді.
Бұл екі ұғымдардың өзара айырмашылықтарына қарамастан студенттер оларды шатастырады. Сондықтан оларды оқыту индуктивті жолмен, нақты мысалдармен байланыстыруға негізделген. Бірінші құрылымдық изомерия қарастырылады, содан соң нақты мысалдарда — гомология.
Дидактика айқындамасынан сүйену, дамыту, таныстыру ұғымдарды ажыратады. Негізгі ұғымдар — дамыту, ал сүйену ұғымдар оларды қалыптастырады. Изомерияның дамыту ұғымдары үшін сүйену ұғымдар ретінде заттардың сапалық және саңдық құрылымы, аллотропия және химиялық құрылыс ұғымдары болады. Сондықтан осы ұғым курстың ең басында оқылады. Гомология ұғымы қаныққан көмірсутектермен танысқаннан кейін қарастырылады.
Гомология және изомерия ұғымдарын қалыптастыру үш этапқа бөлінеді:
1. Әрбір ұғымның маңызды белгілерін студенттердің алдын кқрсету және олардың анықтамасын беру.

  1. Гомологтар мен изомерлердің арасындағы айырмашылықтарын көрсету.

  2. Әртүрлі клас заттарының арасындағы изомерия мен гомологияның әртүрлі формаларын көрсету.

Изомерия және гомология құбылыстарын келесі реттілікте қараластырылады: бірінші бірдей сапалық және саңдық құрылымы, бірақ қасиеттері әртүрлі заттар (бутан, изобутан) бар екендігі айтылады. Содан соң бұл құбылыстын себебін қарастырып, осы айырмашылықтын негізі молекулалардың әртүрлі құрылысы жататын көрсетеді. Мұндай заттар изомерлер деп аталды.
Гомологтардың бір бірінен айырмашылығы тек көміртек қанқасының ұзындығында деп түсінгеннен кейін студенттерге осы ұғымдырдың арасындағы байланысты көрсетеді — төрт және де одан да көп көміртектен тұратын көмірсутектердің құрылысы әртүрлі болуы мүмкін екендігін дәлелдейді. Содан соң «изомер» және «гомолог» ұғымдарының белгілерін анықтап олардың ұқсастығы мен айырмашылықты қарастырады.

Изомерлер

Гомологтар

Сапалық құрамы бірдей

Сапалық құрамы бірдей

Сандық құрамы бірдей

Сандық құрамы әртүрлі

Химиялық құрылысы әртүрлі

Химиялық құрылысы ұқсас

Физикалық қасиеттері әртүрлі

Физикалық қасиеттері әртүрлі

Химиялық қасиеттері әртүрлі

Химиялық қасиеттері ұқсас

3. Органикалық химияны оқытуда бөлімдер бойынша әрдайым қорытындылау өткізіледі: изомерия ұғымы, молекулада атомдардың өзара әсері, ковалентті байланыстың түрлері бойынша, себебі органикалық қосылыстардың кластарын оқығанда бұл материал үнемі күрделенеді, толтырылады. Кластар арасындағы генетикалық байланыстарын қағидалаудың әлеуметтік маңызы өте зор.


«Органикалық химия курсында білімдерді қорытындылау» органикалық заттар туралы мәліметтерді жүйеге келтіреді. Қорытындылау кезінде химиялық, электрондық, кенестік құрылысы, құрылыстың негізінде органикалық заттардың қасиеттерінің анализі, органикалық заттар арасындағы генетикалық байланыстар және де органикалық синтез, мұнайхимиясының өнеркәсібі туралы сұрақтар қарастырылады.
Басында органикалық заттар құрылысының кенестік және электрондық құрылысы негізінде А.М. Бутлеровтың теориясының қағидалары қарастырылады. Қорытынды сабақтын алдында студенттер химиялық байланыстар, бутлеров теориясының негізгі қағидалары, көміртекті тізбектердің түзілу тәртібі, изомерия түрлері бойынша материалдарды қайталайды. Изомерия түрлері бойынша мәліметтер жүйеге келтіріледі. Изомерия түрлерін қарастырғанда олардың практикалық маңыздылығын айтып кету керек.
Қорытынды емтихан органикалық химия курсын аяқталғаннан соң жүргізіледі. Химиялық білімдер философиялық деңгейде қарастырылады. Осының негізінде пәнаралық және пәннің ішіндегі байланыстар қарастырылады. Студенттердің алдында химиялық ғылым және техниканың болашағы ашылады, олардың халық шаруашылығында орны көрсетіледі. Соңғы қорытындылауда студенттердің емтиханға дайындылығы жүреді.
Өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар:

  1. Органикалық химия курсының мазмұны мен құрылысын келтірініздер.

  2. Органикалық химияны толық игеру үшін қандай негізгі білімдер қажет?

  3. Органикалық химияны оқытуда «гомология» және «изомерия» ұғымдарын түсіндірініздер

Ұсынылған әдебиеттер:
1. В.Ф. Травень. Органическая химия. – М.: Академкнига, 2008. Т.1. 727с.
2. В.Ф. Травень. Органическая химия. – М.: Академкнига, 2008. Т.2. 582с.
3. В.Л. Белобородов, С.Э. Зурабян, А.П. Лузин, Н.А. Тюкавкина. Органическая химия. – М.: Дрофа, 2009. –Кн.2: 592 с.
4. Робертс Дж., Кассерио. Основы органической химии. В 2 т. – М.: Мир, 1978.
5. Терней А. современная органическая химия. В 2 т. –М.: Мир, 1981.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   32




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет