Персоналды басқарудың мәні мен түсінігі


Персоналды басқару тиімділігін бағалау



бет16/38
Дата27.06.2020
өлшемі336,09 Kb.
#74601
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   38
Байланысты:
Персоналды басқару ГЭ

Персоналды басқару тиімділігін бағалау


Персоналды басқару тиімділігі. Жұмыс күшіне шығындардан басқа персоналды басқарудың экономикалық тиімділігін бағалау кезенінде осындай əрекеттің нəтижелік көрсеткіші қолданылады. Кəсіпорын ұжымының (жеке жұмыскерлердің) еңбек потенциалының дамуы басқару шешімдерін қабылдау салдары ретінде өндірістік əрекеттен қосымша нəтиже алуға сілтеме жасайды. Бұл қосымша нəтиже əр түрлі нысанды қабылдай алатын жəне əр түрлі көрсеткіштермен бағалана алатын əсер қайнар көзі болып табылады. Сонымен нəтиже мынадай түрде көріне алады:

  • еңбек өнімділігінің өсуі, оның сапасы мен түрінің жоғарылауы салдарынан өнімді өндіруді ұлғайту түрінде (бұл жерде біз нəтиженің тікелей сандық құраушылырын айтып отырмыз);

  • еңбекпен қамтамасыздандырылу түрінде, əсіресе егер кадрлармен жұмыс еңбек қатынастарындағы əлеуметтік мезеттерді есептеу арқылы құрылды;

  • кəсіби жұмыскерлерді іріктеу арқылы оқыту мерзімдерін қысқарту кезінде құралдарды қатыстық үнемдеу түрінде (нəтиже еңбек потенциалының белгілі бір жағдайына жету үшін қажетті құралдарды үнемдеумен көрінеді)..

Егер кəсіпорын ұжымы əрекетінің жалпы көрсеткіші ретінде өндіріс көлемі, оның өсуі, еңбек өнімділігінің деңгейінің өзгеруі сияқты синтетикалық көрсеткіштерді қолданса, онда олардың шамасына персоналды басқару арқылы жұмылдырылған өндірістің жеке факторы ғана емес, сонымен қатар техникалық-технологиялық жəне ұйымдастырушылық факторлары да əсер етеді. Сондай-ақ ағымдағы жыл нəтижесіне өткен жылдардың шығындары, əлде ағымдағы кезеңнің шығындары үлкен əсер ете алады. Сондықтан өз-өзіне жалпыланған көрсеткіш эффектің бар-жоғы туралы сұраққа біржақты жауап алуға мүмкіндік береді, персоналды басқару тиімділігіне қатысты тұжырым ашық болып қалуда. Жұмыс күшіне шығындардың тиімділігін бағалаумен байланысты тым ірілендірілген есептер нəтижені бағалаудың ірі қателіктері бар.

Жеке көрсеткіштердің жалпы нəтижесін біріктіру тиімдірек, себебі ол қай жұмыс бағытының оң нəтиже, қайсысы теріс нəтиже бергенін анықтауға мүмкіндік береді. Əрине, жалпы соманы есептеу əдістемесінің əсерінен, қайта есептеу, оң жəне теріс нəтижелердің өзара жойылуы əсерінен бірінші əдіс көмегімен алынған сомамен бірдей емес (немесе факторлар өздігінен əрекет етпейді, өзара байланыспен əсер етеді) [3]. Сонымен қатар жалпы нəтиженің құраушыларының саны қай жұмыстар мен шаралардың бағыттары есепке алынғанына қарай əр түрлі болуы мүмкін. Жалпы нəтижені есептеу қиындықтары əр түрлі шығындар нəтижесі əр түрлі нысанда көрінуімен байланысты.

Жоғарыда айтылғандай, жұмыскерлерге жұмсалатын шығындар адамға тікілей қатынастағы шығындар, яғни оның еңбекке қабілеттілігін жоғарылатуға, мамандандыру есебінен өнімділікті арттыруға, қабілеттерді, мотивацияны жəне т.б. дамыту бағытында жатқызылады.

Шығындарды қызметкерлердің өндірілген белгілі бір фазасына жатқызу үлкен теоретикалық мағынаға ие. Тəжірибеде бұл үш фаза тығыз байланысты жəне олардың біреуінде жұмсалған шығындар соңғы нəтижеде, яғни кəсіпорының еңбек əлеуетінде, тура немесе жанама негізінде оңды жерін тигізеді. Əдебиеттерде белгіленгендей, «жұмыс күшін қолдану фазасының өндірістік циклдің өзге элементтеріне əсер ету, жекелеп алғанда, жұмыс күшін өндіру фазасымен байланысты процестер», «дəстүрлі əсер» екінші реттік құбылыстың бірінші реттік шегінен асады жəне анықтаушы рөлді атқарады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   38




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет