Перспектива заңдылықтары


жарықтық ұғымы хроматикалық түсте қара не ақ пигменттің қаншалықты мөлшері бар болуымен түсіндіріледі: түс қанықтығы



бет3/4
Дата27.02.2022
өлшемі61,1 Kb.
#133617
1   2   3   4
Байланысты:
сөж

жарықтық ұғымы хроматикалық түсте қара не ақ пигменттің қаншалықты мөлшері бар болуымен түсіндіріледі:

  • түс қанықтығы – түстегі таза бояутектің болу дəрежесі. Ең қанық бояу спектр түстері болып саналады. Қанық бояу деп түстегі ашықтық дəрежесін, түс қуатын, үдемелі қарқындылықты түсінуге болады.

    Ахроматикалық түстер бір–бірінен тек қана жарықтығымен ерекшеленеді.
    Ақ пинмент көп қосылған түстер пастельді деп аталады. Осы ақсұр түстердің үйлесімділігі барлық түсті тегістейтін ақ түстің бар болуына байланысты.
    Түс үндестігі деп түстер қатынасын немесе түстер үйлесімінің жиынтығын айтады. Түс үндестігінің теориясында түрлі заңдылықтары қарастырылады.
    Спектрлі таза түстердің үйлесімділігі қатаң тəртіпте құрылған. Бұл кемпірқосақ түстері: қызыл, қызғылт–сары, сары, жасыл, көгілдір, көк, күлгін.
    Физикалық көзқарас тұрғысынан алғанда барлық түстер өзара тең, ешбір түс артықшылығымен көріне алмайды. Хроматикалық түстерді қабылдауына қарай екі түрге бөлуге болады: жылы түстер жəне суық түстер.
    Жылы түстер адамды жылы денелерге жақындатқандай əсер береді, мысалы, жылы немесе ыстық денелерге күн, от, жарық, сəуле сияқты ұғымдарды санауға болады.
    Суық түстер – судың, мұздың, аспанның түсін, ымырт уақытын бейнелейтін түстер. Көп түстердің арасынан басты төрт түсті бөліп алуға болады: сары, қызыл, көк, жасыл.
    Тек осы түстер ғана көршілес орналасқан түстерден айрықша ешбір қоспасыз, таза түс– бояулар болып есептеледі. Өзара перпендикуляр екі диаметрдің шетінде түс шеңберінің ең басты екі жұп түсі орналасқан.
    Егер түс тобын негізгі түстер бойынша төрт жарты бөлікке бөлсек, онда əрбір бөлікте өзіне жақын түске сəйкес өз үйлесімділігі бар.
    Бірінші жарты бөлігі саря бояутектен қызыл бояутекке дейін жылы сары түс арқылы, қызғылт сары жəне қызыл сары түсті ұстайды.
    Түс тобының екінші жарты бөлігі қызыл бояутектен көк бояутекке дейін «суық» қызыл түс арқылы күлгін жəне көк күлгін түсті енгізеді.
    Түс тобының үшінші жарты бөлігі көк пигменттен жасыл пигментке дейін көк жасыл түс арқылы, теңіз толқыны түстес, суық жасыл түсті ұстайды.
    Түс тобының төртінші жарты бөлігі өзіне жақын түстерді жасыл пигменттен сары пигментке дейін жылы жасыл арқылы жасыл–сары жəне сары–жасыл түсті өзіне Түс – өте күрделі түсінік. Əр түстің өзіндік ерекшеліктері, өзіндік міңезі, мəн–маңынасы болады. Қазақстан табиғатының өзі түрлі–түсті бояуларға бай. Қазақ халқының ұғымында қайсыбір түстердің символдық мəні бар: көк түс – аспаның; қызыл түс – оттың, күн көзінің; ақ түс – ақиқаттың, қуаныштың, бақыттың; сары түс – ақыл–парасаттың; қара түс – жердің; жасыл түс – жастықтың, көктемнің символы.
    Түсті бояу көптеген ғасырлар бойы Орта Азия аймағында өмір сүрген халықтар мəдениетінің маңызды бөлігі болып келеді. Андронов дəуірінің қолөнерінде жануарлар стилінің дамуына байланысты, қызыл жəне алтын түсіне көп көңіл бөлінгендігін Есік қорғанынан табылған Алтын адамның киімі айқын көрсетеді. Сақ дəуірінде жататын Жетісу ыдыстарында ашық қоңыр жəне сұр – қоңыр түстер басым болған. Уақыт өткен сайын жануарлар стилі өрнек өнерінде де қолданыла бастап, əсемдік қолөнерінде полихромияның алғашқы бастамасы болған: қызыл, қара, жасыл, қоңыр, сары түстер алтынның түсімен үйлесім тапты, көгілдір, жасыл, қоңыр, ашық сары, қызыл сары түстер көптеген ғасырлар жалғасын тауып, қазіргі замандағы қазақтың əсемдік қолөнерінде қолданысқа ие болды.


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4




    ©www.engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет