Заманауи бұҚаралық АҚпараттардың ҚОҒАМҒА Әсері



Дата11.10.2022
өлшемі124,43 Kb.
#152584
Байланысты:
ЗАМАНАУИ БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТТАРДЫҢ ҚОҒАМҒА ӘСЕРІ
alkandardy-rylysy-nomenklaturasy-izomeriyasy-asietter-oldanyluy-alynuy, IP 2023 СИЛЛАБУС каз Балалардың жас және физиологиялық даму ерекшеліктері (1), IP 2023 СИЛЛАБУС каз Балалардың жас және физиологиялық даму ерекшеліктері (1)

ЗАМАНАУИ БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТТАРДЫҢ ҚОҒАМҒА ӘСЕРІ

1-ТОП

ТУРКЕЕВА УЛЖАН

ҚҰРБАНҒАЗЫ ҒАЙНИ

ҚАСЕН АҚНИЕТ

ИБАДИЛЛА МАҒЖАН


ЖОСПАР
1.«Бұқаралық сана» ұғымы 
2. Бұқаралық сананың өмір сүру заңдылықтарына әсер етуші факторы.
3. Қоғамдық пікір кешендері
4. Саяси және экономикалық стереотиптер
5.Қорытынды
6.Қолданылған әдебиеттер

«Бұқаралық сана» ұғымы


«Бұқаралық сана» ұғымы ғылыми әдебиетте ХІХ ғ. ортасынан бастап қолданыла бастады. Алайда ғылыми термин ретінде тек ХХ ғасырдың 20-30 жылдары ғана қолданыла бастаған .
Бұқаралық сананың мазмұны әлеуметтану, психология, мәдениеттану, саясаттану ғылымдарында қарастырылады. Алғаш рет бұқаралық сана феноменіне интерпретация әлеуметтану ғылымында берілген болатын. Бұқаралық сана – ерекше әлеуметтік қауымдастық болып табылатын бұқараның қызметімен байланысты қоғамдық сананың бір түрі. Мазмұндық тұрғысынан бұқаралық сана – қоғамның әлеуметтік өмірін сипаттайтын бұқараға қол жетімді идеялар, көзқарастар, түсініктер, пайымдаулар. Ол қоғамдық санаға тән ғылым, кәсіби этика сияқты рухани құрамдас бөліктерді қамтымайды 

Бұқаралық сананың өмір сүру заңдылықтарына әсер етуші факторы.


Бұқаралық сананың өмір сүру заңдылықтарына әсер етуші факторлардың бірі стереотиптердің (грек. stereos-қатты және typos-дақ) қалыптасу үрдісі болып табылады. Адамдардың санасында стереотиптерді қалыптастыруда бұқаралық ақпарат құралдары белсенді рөл атқарады. БАҚ көмегімен іс-әрекеттер стандарттарын, әлеуметтік мифтерді және саяси иллюзияларды қалыптастыру жүзеге асырылады.
Әлеуметік ғылымдарда стереотип ұғымына ең алғаш рет анықтама берген Уолтер Липпман. Кейін келе оны Г.Олппорт жетілдірді. Оның берген анықтамасы әлеуметтік әлем жайлы ақпаратты қабылдау және талдауға, сонымен қатар бұл үрдістердің әлеуметтік әсеріне (ойда сақталу, әлеуметтік беку) негізделеді. У. Липпманның «Қоғамдық пікір» еңбегіне (1922ж.) сәйкес социумның орташа мүшесі ақпаратты сынмен қабылдап объективті баға бере алмайды, олар көбінесе стереотиптермен пайымдайды . Яғни қоғамдық пікірдің қалыптасуына эмоционалдық және иррационалдық факторлардың рөлі басым болады. Сондықтан бұқаралық ақпарат құралдары стереотиптердің қалыптасуына белсенді әсер ете алады. Алайда стереотиптік сипаттау әрдайым шындыққа сай келе бермейді.

Қоғамдық пікір кешендері


Қоғамдық пікір кешендерінің өзіндік мағынасы, атқаратын қызметі және қолданылатын орны бар. Қоғамдық пікір кешендерін түсіну үшін олардың бірнеше түрлерін бөліп көрсетуге болады:
Бірігу кешені – индивидтің әлеуметтену үрдісінің бір деңгейін сипаттайды, яғни «тілді», «ойын» ережелерін игеруі және бұқаралық қоғам құрылымымен, ондағы әлеуметтік топтармен өзін теңдестіруі;
Тәуелділік кешені (басқару және бағыну) – қоғамдағы қарым-қатынастардың вертикалды құрылымын көрсетеді;
Күту кешені (сыйақы беруді кейінге шегеру) – әлеуметтік уақытқа қатысты ұстаным;
Салыстыру кешені басқа адамдармен, топтармен, мемлекеттермен және т.б. салыстыра қарау.

Саяси және экономикалық стереотиптер


Бұқаралық санаға әсер ету мақсатында стереотиптерді саяси технологтар кеңінен қолданады және саяси стереотиптер өзгеріске тұрақты болып келеді. Саяси стереотиптердің өзгеріске тұрақты болуы оның қалыптасу ерекшелігімен тығыз байланысты. Біріншіден, олар адамның жеке тәжірибесінен алыс. Заманауи қоғамда саяси стереотиптердің негізгі ошағы БАҚ арқылы таратылатын хабарлар болып табылады. Екіншіден, стереотиптердің тұрақтылығы оның әлеуметтік орнатылыммен тығыз байланыста болуы қамтамасыз етеді. Әлеуметтік орнатылымдар стереотиптерді өзгеруден және жойылудан қорғайды. Әдетте адамдар саяси үрдістерді тек сырттай бақылап, сыртқы көріністерін ғана көре алады. Саясат жайлы адамдар білетін ақпараттар тек саяси технологтардың арнайы қызметінің нәтижесі де болу да ықтимал.
Экономикалық стереотиптерге келер болсақ, мысал ретінде оған «жеке меншіктің ауысуы жағымды өзгеріс», «ал банкроттық экономикалық үрдістердің стимуляторы» деген сияқты көзқарастарды жатқызуға болады. Экономикалық саладан стереотиптер таратуда БАҚ әсерімен туындайтын қауіп және алаңдау сезімі адамдардың экономикалық және саяси шешімдерге тәуелділігін күшейте түседі

Қорытынды


Бұқаралық сана стереотиптері қоғамдық өмірдің ажырамас бөлігі болғандықтан БАҚ арқылы қоғамда орын алып жатқан түрлі оқиғаларға, үрдістерге қатысты тұрғындардың пікірін қалыптастыру мүмкіндігі жоғары. Сондықтан да бүгінгі таңда еліміздің ақпараттық кеңістігінде отандық БАҚ-тың бәсекелестікке қабілетін арттыру және тұрғындардың ақпараттық мәдениетін көтеру өзекті болып табылады.

Қолданылған әдебиеттер


1. Акопян Н.А. СМИ как фактор формирования стереотипов в молодежной среде: автореф. дис. … канд. социол. наук. Майкоп, 2010. 24 с.
2. Ольшанский Д. Психология масс. СПб.: Питер, 2002. 368 с.
3. Социология общественного мнения / составитель: Е.П. Селькова, Благовещенск, издательство АмГу 2011.
4. Липпман У. Общественное мнение / Пер. с англ. Т. В. Барчунова, под ред. К. А. Левинсон, К. В. Петренко. М.: Институт Фонда «Общественное мнение»
5. «Стереотипы и предрассудки: их влияние на процесс межкультурной коммунникаций» В.Д. Попков.
6. Левада Ю. От мнений к пониманию: социологические очерки 1993-2000. – М., 2000.
7. Попова В.О., Балезина Е.А. Роль средств массовой информациив формировании стереотипов массового сознания // Вестник Пермского университета Философия. Психология. Социология. 2015. Вып. 2(22). С.88-94.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет