Пікір Шәкірттердің шығармашылығына жол ашып, олардың идеяларын тыңдап, көңілдерінің тұңғыиығында жатқан ойларын сыртқа шығарып, әрқайсысының жеке өзіне тән пікірін тыңдауға мүмкіндік беру ұстаз үшін өте қажет



бет6/8
Дата06.02.2022
өлшемі1,9 Mb.
#52061
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Ғылыми жоба Мақта

ІІІ-тарау




Тыңайту
Мақта егісіне минералдық тыңайтқыш енгізудің мөлшері жоспарланган өнімге, топырақтағы қоректік заттардың қорына, қолданылатын агротехникалық шараларға байланысты. Шитті мақтаның 1 тоннасы топырақтан 40-50 кг азот, 15-20 кг фосфор және 60 кг калий сіңіреді. Осы алынған элементтердің орны топыраққа органикалық және минералдық тыңайтқыштарды қолдану арқылы толтырылады. Мақта өсіп-дамуының алғашқы кезеңінде қоректік заттарды аз мөлшерде пайдаланады. Атап айтқанда, көктеп шыққаннан бүрлену кезеңіне дейін барлық пайдаланылатын азот пен фосфордың 3-4% -ын, ал калийдің небәрі 2-3%-ын сіңіреді. Аталған қоректік заттарды ең көп мөлшерде пайдаланатын кезең — гүлденуден жап-пай піскенге дейін. Осы уақыт ішінде азоттың 65-70%-ын, ал калий мен фосфордың 75-80% -ын пайдаланады. Мақтаны өсіргенде, осы көрсеткіштерге сүйене отырып, берілетін минералдық тыңайтқыштардың мөлшері мен мезгілін белгілеу керек. Берілетін барлық азот тыңайтқыштарының 25% -ын егін себер алдында, ал қалған 75% -ын тұқым себу кезінде және үстеме қоректендіру арқылы берген дұрыс. Негізінен оған фосфор тыңайтқыштарының 75%-ы күзде сүдігер жырту алдында, 25% -ы үстеп қоректендіру кезінде беріледі. Алайда, Мақта арал тәжірибе станциясында мақтаның жақсы дамуына және фосфор тыңайтқыштарының ең жоғарғы тиімділігіне жыртылған жерге 20-30 см тереңдікте фосфор тыңайтқышының жылдық мөлшерінің 60%-ын, ал егу алдында 10-12 см тереңдікке оның 40%-ын енгізгенде қол жетті. Егін себу кезінде тұқыммен бірге әр гектарға әсерлі заттар есебімен 15-20 кг түйіршікті суперфосфат сіңірген жақсы нәтиже береді. Оңтүстік Қазақстан облысы жағдайында ауыспалы егіске фосфор берудің мөлшері бірінші және екінші жылы әр гектарға 140-150 кг, үшінші жылы 130-140 кг, ал одан кейінгі жылдарда 120-130 килограмнан болу керек.
Азоттың фосфорға арақатынасы жоңышқа қыртысы және оның аударылған құйқасы бойынша 1:1,5, үшінші жылы 1:0,8, ал кейінгі жылдары 1:0,6-0,7 болуы керек. Алайда, әрбір танапта фосфор берудің мөлшерін анықтағанда агротехникалық картограммалардың көрсеткіштеріне қарай өзгертулер енгізген жөн. Мақта егісі өсу кезеңінде екі-үш рет үстеп қоректендіріледі. Екі рет үстеп қоректендірілген жағдайда тыңайтқышты шанақтану мен гүлденудің басында, ал үш рет қоректендіргенде — 2-4 нағыз жапырақ шыққанда, шанақтану кезеңінде және гүлденудің басында беру керек. Үстеме қоректендіру ретінде берілген тыңайтқыштарды мақта өсімдігі жақсы сіңіру үшін оларды тамырларға жақынырақ орналастыру керек. Бұл арақашықтық тамыр жүйесінің өсуіне қарай алыстай түседі. Мысалы, 2-4 жапырақша пайда болған кезде минералды тыңайтқыштар қатардан 12-15 см қашықтықта және мүмкіндігінше тереңдеу, ал шанақтану кезінде қатардан 15-18 см
6
қашықтықта 14-16 см тереңдікке енгізіледі. Үстеп қоректендіруді шілденің ортасына дейін аяқтау керек. Минералды тыңайтқыштардың тиімділігін арттыру тәсілдерінің бірі — оларды органикалық тыңайтқыштармен, әсіресе көңмен бірге беру. Көңді ауыспалы егісте жоңышқаны жыртқаннан кейін төртінші немесе бесінші жылы енгізген жөн. Оның мөлшері гектарына 20-40 тонна.
Топырақ өңдеу. Мақтадан жоғары және тұрақты өнім алудың маңызды шарттарының бірі — топырақ өңдеудің дұрыс жүйесін қолдану болып табылады. Ол күзде және көктемдегі егін себер алдындағы топырақ өңдеу жұмыстарынан тұрады. Күзде топырақты негізгі өңдеу тәсілі мақтаның алғы дақылдарына байланысты. Алғы дақыл жоңышқа қыртысы болған жағдайда жерді сыдыра жырту жоңышқаның көктеп кетуін тежейді. Жер ПЯ-3-35 соқасымен жыртылатын болса ғана оны сыдыра жыртқыштармен өңдеген дұрыс.








Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет