Пісіру қосылыстары. Шовтардың түрлері. Пісіру қосылыстарын есептеу



бет3/4
Дата22.12.2023
өлшемі0,65 Mb.
#198724
1   2   3   4
Байланысты:
т 34 тора 9,11-1

Айқастырып қосу. Бұлқосылыстарды әр түрлі қималы бұрыштық шовтармен орындайды: нормалдық (27.3,а-сурет), оның профилі теңбүйірлі үшбұрыш түрінде болады; ойық (27.3,ә-сурет), жауапты конструкцияларда айнымалы жүктеме әсер еткенде қолданылады, ойыс қосылыс бөлшектің шовы негізгі металына бірігеді және кернеу концентрациясы аз болады. Бұл қосылыстың бағасы да қымбат болады, себебі металл терең балқытылады және қосымша механикалық өңдеу жасалады; дөңес (27.3,б-сурет) – рационалды емес, өйткені кереудің үлкен концентрациясын тудырады; арнайы (27.3,с-сурет), профильдері теңбүйірлі емес тік бұрышты үшбұрыш болады, айнымалы жүктеме әсер еткенде қолданылады, өйткені кернеу концентрациясын елеулі төмендетеді.
Шовтың  катеті ретінде, қимаға енгізілген теңбүйірлі үшбұрышты шовтың катетін қабалдайды (27.3,ә-сурет). Көп жағдайларда  ның мәнін пісірлген бөлшектің


3-сурет. Бұрыштық шовтар.

Орналасуына байланысты бұрыштық шовтардың келесі түрлері болады: a)қарсы, яғни  күшінің әсеріне перпендикуляр орналасқан (27.4, а-сурет), ә) флангті, яғни  күшінің әсеріне пареллель орналасқан (27.4,ә-сурет), б) аралас, бұл қарсы және флангті шовтардан құралған (27.4,б-сурет).



4-сурет.Бұрыштық шовтармен айқастырылған қосылыстар.
Айқастырылған қосылыстарда созатын немесе сығатын күштердің центрден тыс әсерінен  июші момент пайда болады (27.4,а-сурет), бұл осы қосылыстардың айтарлықтай кемшілігі болып табылады.
5-сурет.Таврлық қосылыстар.
6-сурет. Түйістіріп қосу.
Таврлық қосылыстар. Пісірілетін элементтер өзара перпендикуляр жазықтықтарда орналасады. Қосылыс түйістіру немесе бұрыштық шовтар арқылы орындалады.

Пісіру қосылыстарын беріктікке есептеу
Пісіру қосылыстарының жұмысқа қабілеттілігінің негізгі критериі болып беріктік табылады. Беріктікке есептеу кернеу, пісірілген қосылыстың ұзындығы және қимасы бойынша бірқалыпты таралатындығы туралы болжам негізінде жасалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет