План урока Шет тілі (ағылшын тілі) Сабақтың тақырыбы/ Тема урока History of styles



бет4/7
Дата04.07.2017
өлшемі0,54 Mb.
#20686
түріУрок
1   2   3   4   5   6   7



Мемлекеттік нышан-белгілер

Байрақ

Қазақстан  Республикасының Мемлекеттік Байрағы – бұл тік төртбұрышты көгілдір түсті, ортасында 32 сәулесі бар шашыраған күн, оның үстінен қалықтаған дала қыраны бейнеленген  мата.  Байрақтың  тұтқасымен тұстас ұлттық өрнекті тік жолақ бар. Күн, сәуле, қыран және өрнек алтын түспен бейнеленген. 


Қазақстан байрағы, елтаңбасы және әнұранымен қатар, Қазақстан Республикасының ресми мемлекеттік нышан-белгісі боп саналады. Қазіргі қолданыста жүрген байрақ 1992 жылы қабылданды.
Байрақтың авторы — белгілі дизайнер және суретші, Қазақстан өнерінің еңбек сіңірген қайраткері Шәкен Ниязбеков.
Сол жағында ұлттық өрнегі, алтын күні мен қақ ортасында Қазақстан Республикасы бостандығының, тәуелсіздігінің және егемендігінің нышаны – қалықтаған қыран бейнеленген көгілдір байрақ. Оның тұтас бір түсті болуы – Қазақстан бірлігінің нышаны.
 

Елтаңба

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы көгілдір аспан аясындағы шаңырақ бейнелі, жан-жаққа күн сәулесіндей тарап жатқан уығы бар, мифтік аңыздағы дүлділ аттардың қанатымен көмкерілген. Елтаңбаның төменгі жағында “Қазақстан” деген жазуы бар.


Елтаңбада екі түс – алтын және көгілдір көк түс  басым.
1992 жылдың 4 маусымы  — Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының туған күні.
Еліміздің елтаңбасындағы шаңырақ — бұл Қазақстанда өмір сүріп жатқан барлық адамның ортақ үйінің бейнесі. Шаңырақтың беріктігі өз уықтарының мықтылығына байланысты болатыны сияқты, елдің бақыты онда тұратын әр адамның жайлы өміріне тәуелді.
Сыртқы түрі аспан күмбезіне ұқсас шаңырақ қазақтардың  тұрмыс-тірлігіндегі  ең кие тұтатын бір белгі іспетті.
Шаңырақ— туған үйдің, ал кеңірек ұғымда қарасақ, әлемнің, күллі ғаламның  нышан-белгісі. 
 Егемен Қазақстанның қазіргі елтаңбасы екі танымал сәулетшінің: Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлихановтың шығармашылық ізденістерінің нәтижесі боп есептеледі. 
Мәрелі конкурсқа  болашақ елтаңбаның  245 жобасы мен 67 сипаттамасы келіп түсті.


Әнұран
Мәтін сөзінің авторлары: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев
Әуен авторы: Шәмші Қалдаяқов

Алтын күн аспаны,


Алтын дән даласы,
Ерліктің дастаны,
Еліме қарашы!
Ежелден ер деген,
Даңқымыз шықты ғой.
Намысын бермеген,
Қазағым мықты ғой!

Қайырмасы:
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің - Қазақстаным!

Ұрпаққа жол ашқан,
Кең байтақ жерім бар.
Бірлігі жарасқан,
Тәуелсіз елім бар.
Қарсы алған уақытты,
Мәңгілік досындай.
Біздің ел бақытты,
Біздің ел осындай!

Қайырмасы:
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің - Қазақстаным!


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК НЫШАНДАРЫ.

ҚР Президентінің 1996 жылғы 24 қаңтарында Конституциялық заң күші бар Жарлығымен мемлекеттік рәміздер – Елтаңбаның, Жалаудың сипаттамалары мен оларды ресми пайдаланудың рет жөні бекітілді. ҚР Мемлекеттік Туы көгілдір түсті матаның ортасында алтын күн бейнесі мен ұшып келе жатқан дала қыраны - бүркіт және сабының бойына салынған ұлттық ою - өрнектер нақышталған тік жолақтан тұрады. ҚР Мемлекеттік Туының авторы - Шәкен Ниязбеков. Зеңгір көк аспан барлық халық үшін әрқашан бейбітшілік пен тыныштықтың белгісі болған. Елтаңба тану ғылымы геральдика тілінде, көк түс – адалдықтың, кіршіксіз тазалық пен бейкүнә пәктіктің нышаны. Ұлы даланың билейушілері Әмір Темір, Шыңғысхан өздерін тәңірден жаратылған Көк Аспанның ұлдары деп есептесе, Қытай императорларында «Аспан Ұлы» деген дәреже болған. Қазақстан аймағында көне заманнан бері Тәңірге – Көк Аспанға сену, оған табыну дәстүрі кеңінен тараған. Көк түстің мәдени семантикалық тарихына үңіле отырып айтарымыз: Мемлекеттік Тудағы көк түс Қазақстан халқының өз мемлекетін құру жолындағы ниетінің тазалығын және маңыздылығын білдіреді.

Өрнек – көркем бейнеленген әшекейлі кесте. Ерте кезде халық ою - өрнектің бойынан адамды зұлымдықтан желеп – жебеп, қорғайтын керемет күш көрген. Сондықтан да ою - өрнекке деген көзқарас ерекше болған.

Еліміздің Мемлекеттік Туын көркемдеу үшін арнайы жасалған өрнек қазақтың декоративті өнерінің нақыштарымен үйлесім тапқан. Күннің нұр шұғылалы алтын бейнесі – байлық пен берекенің, тыныштықтың нышаны. Сары түс – қымбат металдың, алтынның түсі. Жер шарының барлық халқы Күнге табынған. Күн – мәңгілік қозғалыстың, даму процесінің, үнемі өсу мен өшудің, өмір мен өлімнің, батыс пен шығыстың нышаны. Күн – уақыт өлшемі.

Ежелгі көк тәңірі Аспан мен Күнге жақындап, шарықтай ұшатын қыран бүркіт аса қасиетті де құдіретті.

Қанатты қыран кең дала биігінде жеке дара ұшады. Осыдан барып, бүркіт денесіне айбындылық, еркіндік, тәуелсіздік, бостандық, тәкаппарлық, биік ой – мақсат, маңғаздық, қырағылық тән.

Кең даланың көгілдір аспанында шарықтап ұшқан бүркіт дала халқының барлық халықтар мен ұлттарға құшағын жая ұмтылатын кеңдігін, көп ұлтты егеменді мемлекетіміздің бостандық сүйгіш рухани ерекшелігін бейнелейді.

Елтаңба «таңба» деген сөзден шыққан. Мемлекеттік Елтаңбаның авторлары – Жандарбек Мәлібеков пен Шота Уәлиханов. ҚР Мемлекеттік Елтаңбасының ең басты жүгін көтеріп, оған негіз болып тұрған – шаңырақ. Ол - елтаңбаның жүрегі.

Шаңырақ: «Отан - от басынан басталады» деген киелі ұғымға ие. Шаңырақ бейнесі – бүкіл қазақ елі үшін тіршіліктің, шексіз өмірдің нышаны.

Шаңырақ – киіз үйдің күмбезі, күн бейнесін, ал уықтары одан тарап жатқан алтын сәулелерді елестетеді.

Елтаңбаның композициялық құрылымының негізгі бөлігі жарты ай бітімдес мүйіздірі бар, қиял – ғажайып тұлпарлар. Олардың қанаттары бидай масақтары түрінде. Ат –елін қорғаған ердің қанаты. Әсем де айшықты мүйіздер жеті буыннан не бөліктен құрылған. Ол қазақ жеті атасын білу керек дегенді меңзейді.

Елтаңбаның маңдайшасына бес бұрышты жұлдыз салынған. Әр адамның өміріне бағдар беретін өз жұлдызы болады. Осындай жұлдыз мемлекетке де қажет. Біз де өз мемлекетіміздің жұлдызы жарық әрі биік болып, әрбір қазақстандық азамат сол жұлдыздың салған жолына сеніп, қиын уақытта оны бағдарға алып әрқашан жаңа жолға, болашаққа жетелейтініне сенім артуымыз қажет.

ҚР Президентінің 2006 жылғы 7 қаңтарында Конституциялық заң күші бар Жарлығымен мемлекеттік рәміз – Әнұранның мәтіні мен оны ресми пайдаланудың рет жөні бекітілді.

Сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев.

Музыкасын жазған Шәмші Қалдаяқов.

Әнұранның әуенінен Отанға деген сүйіспеншілік, Атамекенге деген шексіз берілгендік аңғарылса, сөзінен жан – дүниемізді танытар ұлттық қасиетіміз бен бейбіт пейіліміз, досқа ашық құшағымыз, еркіндікке құштар кең көңіліміз жақсы көрініс тапқан. Мемлекеттер басшыларының ресми кездесулері Әнұранның орындалуымен ашылады.



Каталог: uploads -> doc -> 0241
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0241 -> Сабақтың тақырыбы: Сәкен Жүнісов «Ақырғы бәйге»
0241 -> Сабақ мақсаты: Білімділік: қосу және азайту дағдыларын қалыптастыру, өзара байланысын еске түсіру
0241 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «№1 орта мектебі» мемлекеттік мекемесі «Travelling in Wonderland»
0241 -> Қазақша күрес – дәстүрлі ұлттық спорттық ойыны
0241 -> Жарлықтар Сабақтың мақсаты
0241 -> Жоба жұмысының тақырыбы: Қазақ әдебиеті пәнінен «Ш. Уәлихановтың зерттеулері»


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет