Пјн Информатика сынып 7в Дата


Жаңа тақырыпқа кіріспе(3-5 мин)



бет7/69
Дата05.02.2022
өлшемі1,25 Mb.
#18093
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   69
Жаңа тақырыпқа кіріспе(3-5 мин)

  • Жаңа тақырыпты түсіндіру(3-5 мин)

    Ақпаратты белгілі бір алфавит арқылы ұсынуды кодтау деп атайды.
    Бір ғана ақпаратты әр түрлі әдістермен (жолдармен) ұсынуға болады. Бір белгі тобынан екінші белгі тобына көшіру ережесін код деп атайды. Мысалы, мектепте оқитын оқушылар санын: тоғыз жүз алпыс жеті, 96710, 17078, 3С716, 11110001112,сияқ-ты жазуға болады, яғни қазақ тілі алфавиті де ондық , сегіздік , он алтылық және екілік санау кодында жазылады. Мұнда оқушылардың саны туралы ақпараттың өзі өзгермейді, тек оның жазылу түрі ғана әр түрлі.
    Ақпаратты сақтау, қабылдау , ұсыну және өңдеу әдістері іс жүзінде ақпараттың ұсынылу (кодталу) түріне байланысты болады.
    Ақпараттың кодталуы (кейде оны шифрлау деп те атайды) оның кері кодталу (декодталу- декодирование) процесімен тікелей байланысты.
    Кодтауға қолданылған алфавиттің әріптері неғұрлым аз болса,кері кодтау құрылғысы соғұрлым қарапайым болады. Техникада ақпаратты кодтау үшін, Морзе әліппесін – екілік алфавиттің телеграфтық кодының таңбаларын теруді қолданудың маңызы зор.
    Мысалы, XIX ғасырда ойлап табылған естелік телеграфтың көмегімен ақпарат жібергенде, жолдаушы түйіспені (контакт) ажыратып және қосып отыратын. Жал-ғасу жерін қосқанда (ұштастырғанда), қабылдаушының қағазында ұзындығы түйісу уақытының ұзақтығына байланысты сызық сызылатын , сонда сәйкес нүктелер мен сызықшалар шығатын.Мұндай хабарларды жіберу үшін, Морзе әліппесі пайдаланыл-ған .
    Екілік алфавит 0және 1 таңбаларымен ұсынылады, оларды жай екілік таңбалар деп те атайды. Ағылшын тіліндегі екілік таңбаны Binary digit сөзінен қысқартып, бит деп атайды. Бұдан кейін біз екілік белгінің бірін (0немесе1) бит деп атайды. Ақпаратты осы екі таңбаның көмегімен кодтау оларды сақтау мен жеткізу құрыл-ғыларының конструкциясын мейілінше жеңілдетеді. Екілік сандар алфавитінің қа-рапайымдылығы оның есптеуіш техникасында кең тарауына себеп болды. Ақпарат-ты екілік кодпен көрсету үшін , құрылғы екі күйді айыра білуі (тануы) керек, мыса-лы, 1 –құрылғыда ток барын , ал 0жоғын, немесе 1-жоғары кернеу , 0төмен кернеу екенін білдіреді.Екілік алфавит физикалық жүзеге асырудың қарапайымдылығынан басқа сенімділік пен үнемділік қасиеттеріне де ие.
    Егер екілік алфавит өте маңызды болса ,онда оның көмегімен таңбалы ақпаратты қалай ұсынуға болады? 0 және 1 белгілері төрт символды ғана таңбалауға мүмкін-дік береді, олар; 00, 01, 10, 11, бұл -өте аз. Тек орыс тілінің сөздерін кодтау үшін , тыныс белгілері мен цифрларды санамағанда ,33 символ қажет. Кез келген мәтіндік ақпаратты кодтау үшін , кемінде 200-ден астам символ қажет. Сондықтан символ-дарды кодтау үшін , 8 биттен, яғни 8 екілік таңбалардан тұратын тіркестерді (8нөл-дер мен бірлерден) қолдану қабылданған. 8 биттен тұратын кодты байт деп атайды. 8нөл мен бірлердің ,яғни 1 байттың көмегімен 256 символды кодтау болады;0000000, 00000001, 00000010, ...,11111111.
    Енді орыс алфавитінің әріптерін ғана кодтап қоймай, ағылшын, қазақ әріптерін де, цифрларды да, тіпті арнайы графикалық (псевдографикалық) таңбаларды да т.б. кодтайды. Символдардың кодталу комбинацияларының (тіркестерінің) жиынтығын кодтау кестесі деп атайды.
    Сергіту жаттығулары (2 мин)

    Каталог: uploads -> doc -> 02a5
    doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
    doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
    doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
    doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
    doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
    doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
    doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
    doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
    doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
    02a5 -> Сабақтың тақырыбы: Батыр Бауыржан өмірі-ұрпаққа үлгі


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   69




    ©www.engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет