Пјнніҫ мақсаты: Стилистика жоәары оқу орындарыныҫ қазақ филологиясында кҙп жылдардан бері пјн ретінде ҙткізіліп келеді



Pdf көрінісі
бет5/50
Дата17.10.2022
өлшемі0,63 Mb.
#153337
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50
Байланысты:
Адамбаева Г.М. «Қазақ тілінің стилистикасы» пәні бойынша
«Алтын кітабы-2021», Менеджмент2
стилистикалық нормалар
болып табылады, яғни сӛз қолдану нормалары 
әдеби тіл нормасына сәйкес қалыптасады. Әсіресе, функционалды стилистикаға 
байланысты сӛз қолданудың тұрақтылығы бар. Мысалы, ауызекі сӛйлеу тілінде 
қарапайым сӛздер, диалектизмдер, жаргондар, бӛтен тілдік элементтер
«барғасын, кеп, боп»
т.б. тәрізді морфологиялық тұлғалардың мүмкін болса, 
жазба стильдерде олар нормадан тыс деп есептелінеді. Тілдің стильдік 
айшықтаулары, кӛркемдік құралдары кӛркем әдебиет стиліне тән, олар іс 
қағаздары мен ғылыми стильдерде қолданылмайды. Бұдан шығатын 
қорытынды: стилистикалық нормалар да тілде қалыптасады, олар әр стиль 



түрлеріне сай келуі керек. Мәселен, ӛткен шақ есімшенің 
–тін, -тын
және -
тұғын
болып екі вариантта кездеседі. Мұның алдыңғысы қатаң норма, яғни 
фунционалды стильдердің барлығында қолданылады, ал 
-тұғын
варианты, 
негізінен кӛркем әдебиет пен поэзия үшін норма. 
Жоғарыда айтылған ауызекі сӛйлеудің элементтері (қарапайым, диалект, 
дӛрекі сӛздер) әдеби тілдің лексикалық нормасынан тыс тұрады. Бірақ кӛркем 
әдебиет тілінде, кӛбінесе кейіпкер тілінде, шығарманың жанрлық сипатына 
қарай автордың ӛз баяндауында да қолданылуы норма болып табылады. 
Соңғысы стилистикалық нормалар ретінде танылады. 
Демек стилистика мен тіл мәдениетінің арақатынасын айқындау маңызды 
мәселеге жатады. Стилистиканың қарастыратын негізгі мәселелері жоғарыдағы 
айтылған жайлар болса, тіл мәдениетінің арқауы – тілдік құрылымның 
жарасымдылығы. Проф. Б.Н.Головиннің ӛте дұрыс атап кӛрсеткеніндей, тіл 
мәдениетінің ӛзіне тән 
дәлдік, дұрыстық, тазалық, байлық, мәнерлегіштік, 
қисындылық, әдептілік
тәрізді сапалары болады, ӛзіндік категорияларға ие Ал 
зерттеу хронологиясы жағынан стилистика мәселелерінің тіл мәдениеті 
мәселелерінен әлдеқайда ерте қолға алынғаны белгілі. Айталық, стилистиканың 
алғашқы элементтері ертедегі Греция мен Римнен, одан кейін Еуропа мен 
елдерінен бастау алғаны тіл тарихынан мәлім, ал тіл мәдениеті мәселелерінің 
қарастырылуы кейінгі жылдардың жемісі. 
Қысқасы, ӛзіне тән категориялары мен белгілері бола тұра, тіл мәдениеті 
тіл мәдениеті стилистикамен тығыз байланыста ғана дами алатын
стилистиканың жетістіктерін пайдалану нәтижесінде ӛсетін ғылым ғылым 
саласы болса керек. Тілдік құралдары орнымен, мақсатқа сай жұмсай білу – тіл 
мәдениетін арттыратыны сӛзсіз.
Әдебиеттер 
1.
Балақаев М., Жанпейісов Е., Томанов М., Манасбаев Б. Қазақ тілінің 
стилистикасы. А., 2006. 
2.
Жапбаров А. Қазақ тілі стилистикасын оқытудың методикасы. А., 1985. 
3.
Шалабай Б. Кӛркем әдебиет стилистикасы. А., 2000. 
4.
Шалабай Б. Қазақ тілінің стилистикасы. А., 2006. 
5.
Мұсабекова Ф. Қазақ тілі стилистикасының мәселелері (методикалық 
талдау) А., 1979. 
6.
Балақаев М. Қазақ әдеби тілі және оның нормалары. А., 1984. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет