Сабақтың мақсаты: «Әдептілік әдемілік»



Дата14.12.2016
өлшемі36,61 Kb.
#3832
түріСабақ
Мектеп: № 26 Күні:

Өзін-өзі тану

Тақырыбы: Әдептілік әдемілік

Құндылық: Сүйіспеншілік

Қасиеттер: Жақсы мінез-құлық

Мұғалім: Шакенова М.Е.

Сыныбы: 1

Оқушылар саны:

Сабақтың мақсаты:

«Әдептілік әдемілік» ұғымының мәнін ашу арқылы, оқушыларға сүйіспеншілік құндылығы туралы түсінік бере отырып, оны бала бойына дамыту.



Сабақтың міндеттері:

    1. Өлең, сурет, арқылы достықтың қандай болатынынт үсіндіру;

    2. Суретпен жұмыс, суретті салу арқылы ойын жетілдіру;

    3. Мейірімділікке,ұқыптылыққа, шығармашылыққа, тәрбиелеу.

Ресурстар: (материалдар және дерексөздер)

Сабақтың барысы:

5 "Т" ұстанымын еске түсіру

1. Тәртіп

2. Талап

3. Тыныштық

4. Тазалық

5. Татулық

Ұйымдасытру кезеңі. Сабақты жағымды күйге келтіру Оқушылардың құрал- жабдықтарын түгендеу

Тыныштық сәті. Нұрға бөлену:

Баяу әуен ойнап тұрады.

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға,
мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Рахмет.


Сыпайы сөздер айт.

Жағымды ой-пікір

  • Досына жақсы тілек айтады

Тақырыпты хабарлау: «Әдептілік- әдемілік»

Дос болайық бәріміз ән айту

Оқулықпен жұмыс 41 бет:

Суретпен жұмыс. «Мен әдепті баламын» тақырыбына әңгіме құрастыр
- Оқушылар әңгімелейді.

- Кітапханада

- Саябақта

- Асханады



Дәйексөз: «Сәлемдесу әдептілік бастауы» оқыту.

?

Мазмұнын ашу.


Дәптермен жұмыс:

  • Суреттерді боя «Әдептілік-әдемілік» атты әңгіме құрастыр.


Шығармашылық жұмыс, суретті боя.

Қорытынды:

Сыпайы сөздерді айт

Үй тапсырмасы: Оқулық 44 бетте өлеңді жаттау

Сабақтың қорытынды сәті

- Ал кәзір көзімізді жұмып, сабақтан алған әсерлеріңізді жүректеріңізге түйіп алыңыздар. Рахмет




Сабақ барысын талдау:


Каталог: uploads -> doc -> 1133
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
1133 -> Маңғыстау тұнған дария


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет