ПОӘК 042-14. 01. 20. 168/02-2015 20. 05. 15 ж. №2 басылым


Геометриялық фигураларды латын алфавитінің әріптерімен белгілеу



бет8/13
Дата19.02.2017
өлшемі2,79 Mb.
#10589
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

Геометриялық фигураларды латын алфавитінің әріптерімен белгілеу

В

Сонымен қатар осы сыныпта геометриялық фигураларды әріптермен белгілеу енгізіледі. Бұл белгілеу фигураларды бір-бірінен ажыратуды, олардың элементтерін анықтауды жеңілдетеді. Фигураларды белгілеу үшін латын алфавитінің бас әріптері қолданылады. Кез-келген үшбұрышты, оның төбелері болатын нүктелердің әр қайсысын белгілеген әріптерді тізбектей қосып оқиды. Суреттегі үшбұрышты былай атауға және жазуға болады:



С

А

АВС, ВСА, САВ, ВАС, АСВ, СВА

Төртінші сыныпта оқушылар мүмкіндігінше транспортир, сызғыш және циркульді пайдаланып үшбұрыштарды салуы тиіс. Сол салуларды мынадай жұмыстармен жалғастырып орындаса, оқушылардың танымдылық белсенділігі арта түседі деп ойлаймын.

1-тапсырма.

Қабырғасы АВ = 4 см, САВ = 70, АВС = 50 болатын АВС сал.

Шешуі:


В

  1. АВ = 4 см кесінді сыз.

    С

  2. Төбесі А нүктесі, ал бір қабырғасы АВ болатын САВ = 70 бұрыш сал.

  3. Төбесі В нүктесі, ал бір қабырғасы ВА болатын АВС = 50 бұрыш сал.

    В

    А

  4. ұрыштардың екінші қабырғаларынын орта нүктесін С деп белгіле.

  5. С нүктесін А және В нүктелерімен кесінді арқылы қос.

- АВС үшбұрышының АС және ВС қабырғаларының ұзындықтарын өлше. Не байқадың?

- Үлкен бұрышқа қарсы үлкен қабырға жатады.

2-тапсырма.

Қабырғалары АВ = 6 см, ВС = 3 см, АВС = 130 болатын АВС сал.

Шешуі:


А

  1. АВС = 130 бұрыш сал.

  2. В нүктесінен бастап, ВА = 6 см болатын кесінді өлшеп сал.

  3. В нүктесінен бастап, ВС = 3 см кесінді өлшеп сал.

    В

    С

  4. А және В нүктелерін кесінді арқылы қос.

- АВС үшбұрышының ВАС және АСВ өлше. Не байқадың?

- Үлкен қабырғаға қарсы үлкен бұрыш жатады.

3-тапсырма.

Қабырғасы АВ = 4 см, САВ = СВА = 65 болатын АВС сал.

Шешуі:


С

  1. АВ = 3 см кесінді сыз.

  2. Төбесі А нүктесі, ал бір қабырғасы АВ болатын САВ = 65 бұрыш сал.

    В

    А

  3. Төбесі В нүктесі, ал бір қабырғасы ВА болатын АВС = 65 бұрыш сал.

  4. Бұрыштардың екінші қабырғаласынын орта нүктесін С деп белгіле.

  5. С нүктесін А және В нүктелерімен кесінді арқылы қос.

- АВС үшбұрышының АС және ВС қабырғаларының ұзындықтарын өлше. Не байқадың?

- Егер үшбұрыштың екі бұрышы тең болса, онда оның осы бұрыштарға қарама-қарсы жатқан қабырғалары да тең болады.

4-тапсырма.

Қабырғалары АВ = ВС = АС = 3 см болатын АВС сал.


С

Шешуі:

  1. АВ = 3 см кесінді сыз.

  2. Центрі А нүктесі, радиусі АС = 3 см болатын шеңбер сыз.

  3. Центрі В нүктесі, радиусі ВС = 3 см болатын шеңбер сыз.

    В

    А

  4. Екі шеңбердің ортақ нүктелерін бірін С деп белгіле.

  5. С нүктесін А және В нүктелерімен кесінді арқылы қос.

- АВС үшбұрышының бұрыштарын өлше. Не байқадың?

- Егер үшбұрыштың қабырғалары тең болса, онда оның бұрыштары тең және әр қайсысы 60 болады.

5-тапсырма.


А

Қабырғалары СА = СВ = 2 см, АСВ = 90 болатын АВС сал.

Шешуі:

  1. АСВ = 90 бұрыш сал.

  2. С нүктесінен бастап СА = 2 см болатын кесінді сал.

  3. С нүктесінен бастап СВ = 2 см болатын кесінді сал.

    В

    С

  4. А және В нүктелерін кесінді арқылы қос.

АВС үшбұрышының бұрыштары туралы не айтуға болады? Не байқадың? Егер үшбұрыштың бір бұрышы тік және екі қабырғасы тең болса, онда оның қалған екі бұрышы тең және әр қайсысы 45 болады.

Қорытындылай келгенде бастауыш сыныптарда геометриялық материал бөлек тақырып болып оқылмайды, ол арифметикалық және алгебралық материалдармен тығыз байланыста қарастырылады.

Үшбұрыштың элементтері жайында түсінік бірінші сыныпта, «3 саны және цифрі» деген тақырыпты оқығанда қалыптасады. Үшбұрыштың жеке түрлерімен (тең қабырғалы, тең бүйірлі, қабырғалары әр түрлі) оқушылар «көпбұрышты еркін өлшеммен салу» тақырыбын оқығанда танысады. Сол сабақта олар көпбұрыштың қабырғаларын өлшеу, оларды салыстыру және тұжырымдамалар жасауға үйренуі тиіс. Ал екінші сыныпта «көпбұрышты еркін өлшеммен сызу және оның элементтерін анықтау» тақырыбын оқу барысында оқушылар үшбұрыштарды сызудың рет - тәртібімен танысады және оның бұрыштарының түрлерін анықтау арқылы үшбұрыштың басқа да жеке түрлері (сүйірбұрышты, тікбұрышты, доғалбұрышты) болатынын анықтайды. Үшінші сыныпта кез-келген көпбұрыштың периметрін қосу және көбейту амалдарының қасиеттерін қолданып, әр түрлі тәсілмен табуға, оларды әр түрлі санды және әріпті өрнек түрінде жазуға ерекше көңіл бөлінеді. Ол геометрияның алгебра және арифметикамен байланысын көрсетеді. Төртінші сыныпта, «геометриялық фигуралар және олардың қасиеттері» деген тақырыпты оқыған кезде, транспортирді, сызғышты, циркульді қолданып үшбұрыштарды салуға ерекше көніл бөлінеді. Бұл материалды үйретудің негізгі бағыттарының бірі келесі сыныптарда математика және геометрия пәндерін оқуға дайындық жүргізу.

Сонымен бастауыш сыныптарда геометриялық материалды оқыту кезінде, оның планиметрия курсын оқуға дайындық екенін естен шығармаған жөн.



Лекция №14

Геометриялық мазмұнды есептерді шығару технологиясы
Мақсаты: фигураның периметрін, тік төртбұрыш пен шаршышың ауданын және тікбұрышты параллелепипед пен текшенің көлемін табуға берілген есептерді шығаруға үйрету технологиясын білу.


  1. Фигураның периметрін табуға берілген есептер

  2. Фигураның ауданын табуға берілген есептер

  3. Тік бұрышты параллелепипедтің және текшенің көлемін табуға берілген есептер

1. Фигураның периметрін табуға берілген есептер

Үшбұрыштың, төртбұрыштың, көпбұрыштың периметрі ұғымы олардың барлық қабырғаларының қосындысы ретінде екінші сыныпта енгізіледі.

Үшінші сыныпта геометриялық фигуралардың периметрін өрнек қүру арқылы жазуға үйрету жүзеге асырылады:

- Тік төртбұрыштың периметрін әр түрлі тәсілмен табумен көбейтудің үлестірімділік қасиетін енгізу барысында таныстыру;

- шаршының периметрін оның қасиетін білу негізінде табу;

- Күрделі геометриялық фигуралардың периметрін табу («М-3»,с.169, 170).



Тапсырма:

Суреттегі фигуралардың периметрін әр түрлі тәсілмен тап:

Шешуі:


    1. Қабырғасы 6см болатын шаршышың периметрін әр түрлі тәсілмен табамыз:

Р = 6 см + 6 см + 6 см + 6 см = 24 см

Р = 6 см ∙ 4 = 24 см

Жауабы: 24 см


    1. Қабырғалары 4см және 3см болатын тік төртбұрыштың периметрін әр түрлі тәсілмен табамыз:

Р = 4 см + 3 см + 4 см + 3 см = 14 см

Р = (4 см + 3 см) ∙ 2 = 14 см

Р = 4 см ∙2 + 3 см ∙ 2 = 14 см

Жауабы: 14 см




    1. Қабырғасы 3 см болатын теңқабырғалы үшбұрыштың периметрін әр түрлі тәсілмен табамыз:

Р = 3см + 3 см + 3 см = 9 см

Р = 3см ∙ 3 = 9 см

Жауабы: 9 см


    1. Қабырғалары 4 см, 4 см, 5 см болатын үшбұрыштың периметрін әр түрлі тәсілмен табамыз:

Р = 4 см + 4 см + 5 см = 13 см

Р = 4 см ∙ 2 + 5 см = 13 см

Жауабы: 13 см


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет